Былдырты - құтты мекенім: өлке тану пәні бойынша тәрбие сағаты

Қ. Б. Қансұлтанова.

Бұлдырты жалпы білім беретін орта мектебінің бірінші біліктіліктілік санатты, ІІІ деңгейлік курс және PIZA бағдарламасы бойынша сертификатталған физика пәні мұғалімі. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Бұлдырты ауылы.

Тақырыбы: «Бұлдырты-құтты мекенім».

C:\Users\asus)\Desktop\булдурта\ABZAL-ZKO@MAIL..jpg

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың отансүйгіштікке, туған жерге, елге деген махаббаттарын ояту, ел тарихын білуі, әрі шығармашылық қабілетін дамыту, ауыл өмірін сезіне білуге, қоршаған ортаны білуге, оны қорғай білуге тәрбиелеу, оқушылардың шығармашылық қабілетін, ойын жүйелі айта білуге, еліне, жеріне деген алған әсерлерін еске сақтауын дамыту.

Сабақтың түрі: өлке тану сабағы.

Көрнекілігі: Стендтер, ауыл көркі рефераттар, шақырылған қонақтар.

Сабақтың өту барысы. D:\булдурта\1315f909e89.JPG

Біздің ауыл халқы жақсы, қонақжай

Малы семіз, түгән тарса, шығар май.

Ұл-қыздары келеді өсіп бақытты

Шыңға біткен шырақтаған шынардай.

D:\булдурта\Det sad.jpg " Бұлдыртым"

«Бұлдыртым» деген ерекше мекен, ел екен,

Мыңғырған малға мың жылдық азық жер екен.

Ел-жұрттан бұрын еңсесін ерте тіктеген

Ел жанды халқы, еңбекқор екен.

Қаланың көркін, ауылға бүгін көшірген, D:\булдурта\ABZAL-ZKO@MAIL.RU.jpg

Түрлі ісіменен, тұрмысыменен көсілген.

Қызмет орны, ғимараттары көрікті,

Қаладан айтшы дер едің оның несі кем.

Мүмкін мұндай тілекке қалу қосылмай, D:\булдурта\Фотои.jpg

Үлгі алу керек, жарқ ету керек жасындай.

Көргендер бүгін тамсанып кетіп барады,

Ауылдың бәрі болса деп шіркін осындай!

D:\булдурта\Булдурты өзенi.jpg

Тәрбие сағатының құрметті қонағы ауыл әкімі өз сөзінде "Құрметті оқушылар, ұстаздар, ата-аналар!Адамның қайнар көзі-ауыл. Бұлдырты жері 1924 жылдан бері тарихқа бай, құтты мекен. Бұл ауыл «Бұлдырты» өзенінің жағасында орналасқан. Ол жердің шөбі шүйгін, суы тұнық, ауасы таза.

Ауылдың бұлтпен таласарлық тауы болмаса да, шексіз жазық даласы бар. Елбасы Н. Ә. Назарбаев «2003-2005 жылдарын ауыл жылдары» деп жариялаған кезде, ауылымыз бірталай түлеп қалды. Ауылымыз облыстағы үздік ауылдардың бірі. Ауылды көгалдандыру, тазалыған сақтау мақсатында жарияланған республикалық байқаудың қорытындысында Бұлдырты ауылдық округі ҚР Денсаулық сақтау тарапынан «Таза ауыл» атты арнайы грамотамен марапатталды"-деп әңгімелеп берді.

«Ауылым»

Ыстық маған қыста ақ бораны, жазда құйын дауылың

Ыстық неткен нөсірлеткен, сіркіреп қткен жауының.

Жайлауың шүйгін, алқабың-астық жайнаған

Дархан далам, құтты мекен-Бұлдырты менің ауылым

Не жетер оның кәусардай таза суына

Несібелі елдің ырысы деп ұғам мұны да.

Шалғай шықсам шарқ ұрып, сағынып кейін асығам.

Ауылдың сәні ақ қанқан үйлер ақтаған

Әрбір үйде көр сен бақшасын баумен баптаған.

Көшесі жасыл, теректер сая көрікті

Еңбекқор халқым барына бүгін мақтанам.

Өтеді өмір жалғасып мұра ұрпаққа ертең ауысып

Сайраған құстың үнінен бөккен бау іші

Шаттық күйін шалқыта тартып тұрғандай

Бозала таңнан тартылған диірменнің дауысы.

Тәрбие ісі меңгерушісі: ˮ ауылымызға арналған тәрбие сағаты керемет әсер қалдырды.

Сіздердің болашақта қалаған мамандықтарының иесі болып, осы ауылды әлі де көркейтуге үлес қосады деп сенемінˮдесе,

ата-аналар атынан Қажимова Бақыт өз сөзінде ˮ Біріншіден осындай мәні бар тәрбие сағатын ұйымдастырған Құралай Бұзаубаққызына және оқушыларға көп рахмет айтамын.

Сабақтарыңды жақсы оқып, ауылымызға үлес қосыңдар, бір-бірлеріңе арқа сүйер сүйеніш болып, бір-біріңе көмектесіп, жүріңдерˮ-деп сөзін аяқтады.

Тәрбие сағатын қорыта келе, ауылдың болашағы жастар, яғни сіздер, құрметті оқушылар, сіздердің қолдарыңда. Сол үшін білім шыңына талаптануларың керек. «Ырыс алда-ынтымақ» дегендей, барша ауыл тұрғындары келешекке үлкен сеніммен көз тастап, ауылымыздың сәулеті асқан, дәулеті тасыған, рухани дамыған, берекелі де, мерекелі құтты мекенге айналдыруларың қажет, -деп сынып жетекші Құралай Бұзаубаққызы тәрбие сағатын қорытындылады.


Ұқсас жұмыстар
Тәрбие сағаты: Ақжайық - ару мекенім: Орал қаласының тарихы мен мәдени-рухани мұрасы
Қош бол, құтты Әліппем: 1-сыныптың ашық тәрбие сағаты
Өзін-өзі тану пәні бойынша 5б сыныбына арналған ашық тәрбие сағаты - Ауылым алтын бесігім: Ақдала ауылының тарихы мен патриоттық тәрбиесі
Ән-саз пәні бойынша ашық тәрбие сағаты: Ұстазым менің ұстазым (Ақжігіт балабақшасы, мұғалімі Ерболатова Сәуле)
Даярлық «Б» тобының ашық тәрбие сағаты: Өзін тану арқылы айналадағы заттарды тану
2-сынып Өзін-өзі тану сабағы: Біз өсіп жатқан өлке - сүйіспеншілік пен отансүйгіштікке тәрбиелеу
Өзін-өзі тану елінің көшбасшылары сайысының тәрбие сағаты мен бағдарламасы
4-сынып тәрбие сағаты: Өзін-өзі тану арқылы адамгершілік пен адалдықты тәрбиелеу
Ашық тәрбие сағаты: Ән-саз пәні - Анаға арналған әндер (Ақжігіт балабақшасы, 2015)
Туған өлке: Маңғыстау (Форт-Шевченко) тарихы, рухы және мәдени мұрасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz