Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Студент достар

Қаржауова Базаргүл
Арнаулы пән оқытушысы
Маңғыстау облысы
Бейнеу селосы
Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі

Тақырыбы: Қош бол, студенттік кездер-ай!
Мақсаты: Колледж бітіруші түлектерді жаңа өмірге басқалы отырған қадамдарымен құттықтап, ақ жол тілеу.
Мұғалім:
Құрметті ұстаздар бүгінгі менің тобымда өткізіліп отырған <<Қош бол, студенттік кездер-ай>> атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер. 4жыл бойы ащы мен тұщыны бірге татып жүрген студенттермен таныс болыңыздар.
1-жүргізуші: Студент қой еліміздің қаны, жаны
Студенттік кезден басталады бәрі-бәрі
Бүгінгі қоштасу салтанатына
Шырқалсын Қазақстан әнұраны
2-жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер-әз жандар
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар
1-жүргізуші: Бізді үйреткен білімге жалықпастан,
Рахмет ұстазыма көзімді ашқан,
Біз-шәкірт, біз-Отанның болашағы,
Өмірдің басқышына қадам басқан,
Ән: <<Ұстазым>>
2-жүргізуші: Ұшырса да бұл өмірде сан құсын,
Ұстаз-ғалым толастатпас мәңгі ісін,
Тыншымайтын асыл жандар аяулы,
Тыңдаңыздар студенттердің алғысын.
1-жүргізуші: 4 жыл бойы студенттік өмірге қанық болған студенттеріміздің өлеңдеріне кезек берейік:
Жанболат: Студент сөздігі мен тарих намасы.
Студенттік өмір - соғыс пен бейбітшілік
Екілік - қырсызға қамшы
Үштік - үміт шоғы
Төрттік - тәңір сыйы
Бестік - бақыт құсы
Куратор - студенттің өгей шешесі
Ректор - күн құдайы
Декан - жан құзыры
Пар - ұзақ уақыт қаңтарылу
Аудитория - ұйықтайтын орын
Зачет - ұйықтамай өтілетін түн
Емтиханда отырған студент - жанталаса қаруланған мемлекет
Емтихан тапсыру - табада тірідей шыжғырылу
Сессия - қияметтің қыл көпірі немесе қатерлі кезең
Курстық жұмыс - жан беріп жан алмасу
Сәлемдеме - аңқылдап жеткен ақ жарма
Шпаргалка - жедел жәрдем
Оқу орны - жастардың сән үйі
Лекция - отты жылдар шежіресі
Үзіліс - бармысың бауырым іздеудегі жан құрбым
Кітапхана - білім кафесі
Оқу залы - тапқаныңды кеміру
Абаномент - білім бюросы, немесе ломбард.
Қоңырау - сүйкімді симфония
Сокурсник - Ұяластар
Стипендия - аштық арашасы
Диплом - тіршілік тірегі немесе өмірлік наның
2-жүргізуші: Мұхтар ақынның ізімен жазылған <<Сен жыладың>> өлеңіне құлақ түрейік
Айтолған: Сен жыладың...
(Мұхтар ізімен).
Сен жыладың студент,
Көп оқыдым деп, лексияның барлығын.
Қонбады деп, миыма еш бір сабағың,
Сен жыладың, бір қатты соққы алдым деп.
Бақытсыз болып қалдым деп,
Жә - жә жарар!
Өткен лекцияң оралар ма?!
Қарау керек студент саған алға,
Қолыңдағы пакет па, әлде портфель ма?!
Көтер қане, қолыңды қалай бұның,
Мұз боп еріп кеткен бе бар білімің?
Көтер қане қолыңды,
Уақытыңды босқа өткізіп пе едің?
Тағдырың неге сыр айтты сараң,
Оқудың барлық сәтсіздіктерін,
Бақытсыздық деп кім айтты саған?
Кім айтты саған?!
Бестік қойылмайды деп,
Екілік жойылмайды деп.
Қате жазған лексияң,
Штрих пен түзелмейді деп.
Кім айтты саған?!
Мұғалімнің бәрі мейірбан арайлы деп,
Мұғалімнің бәрі өтірікті қалайды деп.
Оқудан шығармайды,
Асылды қорлатпайды деп.
Қиналып бекер алаңдадың - ау,
Ойыңды шығар өріске.
Өзің - ақ, айтшы.
Оқуда мына, жеңілудің бәрі жеңіс пе?!
Студентке арман жеткізіп пе еді,
Өз сорын өзі жеңбесе.
Оқудың барлық сәтсіздіктері,
Бақытсыздық емес ендеше,
1-жүргізуші: Маржаным терең жасырын
Ағады өмір асығып
Тарамда тарам жолдармен
Тарыдай кеттік шашылып-демекші кетерімізде білім нәрімен сусындатқан ұстаздарымызға арнап, шын жүректерімізден шыққан естелік өлеңдерімізді арнаймыз.
(слайд көрсетіледі)
Сұлтан ағайға: Колледждің әркез тірегі,
Шапағын шашып жүреді,
Сұлтан ағай біздерге,
<<Адал бол!>> дейді үнемі.
Гүлбаршын апайға: Күллі өмірін студенттерге арнаған,
Гүлбаршынды ардақтамас барма жан?
Колледжден шықпасада қыс-жазы
Жемісі оның биіктерді шарлаған.
Шынарай апай: Адалдықпен сіңген оған ар, иба
Бұл кісіге жан жете ма дариға
Химиядан қиналмауды үйреткен,
Мың алғыс Шынарайдай апайға
Серік ағайға: Білімімен таныс болған талайға
Ағайларға баға беру оңай ма?
Баулыған тек темірдейін тәртіпке
Мың рахмет Серік сынды ағайға.
Ақкенже апайға: Ақылды бол, адал бол,
Білімді сен адам бол.
Деп үйреткен ұстазым
Ақкенже апай аман бол.
Сәуле апайға: Білім десе бойымызда тұрар күш,
Шәкірттері шеттерінен тіл алғыш,
Талай рет тентектікті кешірген
Сәуле апай өзіңізге мың алғыс
Жайгүл апайға: Жайгүл апай көп ойлады бала қамын
Нұрлансын атқан әр бір таңың
Ғаламды жадыратқан күн секілді
Баланы аялаған алақаның
Орынбасар ағайға:Бала десе ойламайды өз қамын,
Көрсем дейді күнге де қол созғанын
Орынбасар ағай шын жүректен тілейді
Шәкіртінің өзінен де озғанын
Көркем апайға: Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың
Келеді менің ұстазыма ұқсағым
Көркем апай қарапайым қашанда
Құрметтейміз өзіңізді ұстазым
Лаззат апайға: Алабөтен айрықша еді талғамың,
Алғыс пенен абырой болды алғаның
Барша студент еліктейді тек соған
Орны бөлек Лаззат апайдың
Айнұр апайға: Теңейміз біз кейде оны жұлдызға,
Үлгі тұтып келешек жас ұл-қызға
Халқымыздың салт-дәстүрін жаттатқан
Жан жете ме жайсаң апай Айнұрға
Асемгулапайға: Еңбегін колледж үшін аямаған
Асемгул апай шәкірттерін аялаған
Компьютердің қыр-сырын меңгерем деп,
Панаңда барша студент саялаған.
Назым апайға: Тілейміз біз амандық пен бақытты,
Тілейміз біз қуаныш пен шыттықты
Білім алған Назым ұстаздан
Біздей шәкірт шынындада бақытты
Зәуреш апайға: Студенттерді мәпелеп аялаған,
Достарынан бар көмегін аямаған.
Бүгінде ортамызда Зәуреш апай
Біздерден білімін еш аямаған.
Айгерімапайға: Математиканың қыр-сырын танытты
Есеп шешіп, бағындырды уақытты
Білім алған Айгерімдей ұстаздан
Біз секілді студенттер бақытты
Бисенбай , Нұрлыбай ағайларға:
Бұл ағайлар-жігіттердің сұлтаны
Бір басына өнерлері көп-дағы
Құрметтейді спорт сүйер бар бала
Нұрлыбайды, Бисенбайды, Ерланды.
Ағила апайға: Өнеге мол өзінде,
Өсиет көп сөзінде
Көңілінің хошын-ай
Көп студенттің досындай
Ағила апай осындай
Айгүл апайға: Валейболда дес бермейді басқаға
Колледж туын асқақ ұстап шықты алға
Онымен қоса ағылшынды үйреткен
Тілегіміз шексіз Айгүл апайға
Базаргул апайға: Екінші анамдай боп сен келесің
4 жыл бойы ақыл-білім бергенсің
Осы отырған балдары біздің апайдың
Ұмытпайды жарқын жүзді бейнесін
Білім, өнер бәріне бар талабы.
Әрқашанда ашық жарқын қабағы
Базаргүл апайдың күлімдеген жанары,
Мәңгі, мәңгі, мәңгі есімде қалады.

2-жүргізуші: Біздер әлі өтелмеген парызбыз
Сары дала сайрап жатқан сан ізбіз
Аттарыда аталмаған ұстаздар,
Алдарыңда мәңгілікке қарызбыз
1-жүргізуші:Енді көңілімізді сергітіп алу үшін, студенттер мен мұғалімдер арасында қызықты бір диалогтар ұйымдастырсақ. Дәл қазір ортаға 3 мұғаліммен, 3 студент шықсыншы. Енді сіздерге тапсырма. Мына 3карточкада тапсырмалар бар. Осы тапсырмаларды мұғалім студент болып, студент мұғалім болып орындап шығуларыңыз керек.
1. <<Сабаққа кешігіп келген студент>> тақырыбында диалог құрастырыңыздар
2. <<Сабақ барысында ұйықтап жатқан студент>> тақырыбында диалог құрастырыңыздар
3. <<Сабаққа дайындықсыз келген студент>> тақырыбында диалог құрастырыңыдар
(Ойын ойналды)
2-жүргізуші:<<Достарым>> әні
4жыл бұрын нұрға толы жанымыз
Арман қуып келген едік бәріміз
4күндей боп 4жыл өтті қоштастық
Қоштасуға арналады әніміз

Достар, достар кетсекте біз есейіп
Бар қызығын өмірдің бір кешейік
10жыл өтсін, жыл20, 100жыл өтсін
Амандықпен әрқашан жүздесейік, кездесейік
1-жүргізуші: Студенттер барлығымыз мұғалімдік мамандықты меңгеріп әр мектепке мұғалім болып бару ойымызда бар. Мұғалім-өзіміз білетіндей кез келген тосын жәйттан шыға білуі керек. Енді сіздерге сондай қабілеттеріңізді тексеру үшін бірнеше сұрақтар қойғымыз келіп отыр.
1. Сіздің сыныбыңызда бір қиын оқушы бар. Ол мұғалімдердің айтқанын тыңдамайды. Ол оқушыға қандай шара қолданар едіңіз?
2. Сіз сабақ өткізіп жатқан сыныпта екі бала сөзге келіп қалды. Ақыр аяғы төбелеске ұласып кетті. Бұл екі оқушыға айтар сөзіңіз
3. Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болу керек пе?
4. Сабақта ұйықтап қалған оқушыны оятасыз ба?
5. Сабаққа жиі кешігіп келесіз бе?
6. Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?
7. Сабақта анекдот айтқан кезіңіз болды ма?
2-жүргізуші: Жаңағындай жағдайларда ұстаздар сіздер студенттерге қандай ақыл-кеңес айтар едіңіздер?
1-жүргізуші: Ендігі кезекте сөз кезегін студенттерімізге ақжол тілеу үшін 4 жыл бойы кураторымыз болып келе жатқан Базаргулапайға берсек.
(Базаргул апай сөз сөйлейді)
2-жүргізуші: Студент достар!
Естіледі бүгін назды асыл ән
Ешбір жан жоқ ойға түсіп жасыған,
Қиналса да, қабақ шыту білмеген
Студенттер қуанышы тасыған.
1-жүргізуші: Жаса жарқын, жас білімгер ендеше.
Сендер үшін бүгінгі күн мереке,
Бәрі-бәрі саған ғана жарасар.
Ойын-сауық, әзіл-қалжың, келеке
2-жүргізуші: Өтер қыс та, өтер көктем, өтер күз
Бір күндері тарап-тарап кетерміз
Қанша алыс қиыр шетте жүрсек те,
Сағынысып, еске алысар ма екенбіз?
1-жүргізуші: Қуаныңдар, жасымаңдар бұл күнде,
Жоқ қой сеннен бақытты жан өмірде
Шаттық жолы студенттік кездер-ай
Әр бір бұл күн, ыстық біздің жүректе
2-жүргізуші: Белгілі бір мамандық иесі атанып, өмір жолына енді ғана қадам басқалы отырған біздер осы уақытқа дейінгі білім беріп, тәрбиелеген ұстаздарымыздың сенімін ақтаймыз деген үміттемін. Барлығымыз сіздер сияқты білікті маман болатындығымызға сенеміз
1-жүргізуші:Бүгінгі колледж бітіруімізге орай өткізіліп отырған <<Қош бол, студенттік кездер-ай>> атты тәрбие сағатымызды студенттердің қоштасу әнімен аяқтасақ.
Ән: студенттердің қоштасу әні
2-жүргізуші: Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге үлкен рахмет сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Қызықты көңіл, студенттік өмір Студенттерді мереке тарихымен таныстыру
Қызықты көңіл, студенттік өмір!
Құрметті студенттер
Жаңа келген оқушы
"есірткі - адамның қасы, аурудың басы."
Студенттерімізге қошемет
Xxi ғасыр көшбасшысы. жоспар
Денсаулық - зор байлық Студенттерді зиянды әдеттерден сақтандыру
Сізде еріктілер қатарында бола аласыздар
Аяз ата
Пәндер