Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Семсері бол, Отанның қынабында

Тақырыбы : Ауылына карап, жастарын таны
Мақсаты : Туған ауылымыздың тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімен
таныстыру.Жас жеткіншектердің ауылдың мәдени құндылықтарына,
игіліктеріне, мүліктеріне деген оң көзқарастарын қалыптастыру бағытында жұмыстар ұйымдастыру. Елжандылыққа, тазалыққа, тәртіпке баулу.

Көрнекілігі : <<Берекелі Бейнеу>> видеоролигі, суреттер

Қолданылатын әдістер: сұрақ-жауап, көркем сөз оқу, баяндама тыңдау

Түрі : дөңгелек үстел

Сабақтың жүрісі : 1. Ұйымдастыру. Студенттермен сәлемдесіп, сабақта жоқ студенттерді түгендеу.

2. Видеоролик тамашаланады.
Е.Раушанов <<Бейнеуді көргендегі ой>> . Оқитын _________________

Қызығушылықтарын ояту мақсатында сұрақтар қойылады:

А) Бейнеу ауданы қай жылы құрылды?
ә) Қазіргі таңда ауылымызда қанша мектеп бар?
Б) Бүгінгі күні аудан орталығында қанша балабақша бар?
В) Қандай колледждер бар?
Г) Ауданда қандай өндіріс орындары бар?
Ғ) Ауыл көшелерінде орналасқан қандай мәдени ескерткіштерді білесіңдер?

3. Ендігі кезекте баяндамашыға сөз береміз. Баяндама <<Берекелі Бейнеу>> Баяндамашы :
Куптлеуова Гулсара

Өлең _______________________________________________________________________

4. Халқымызда <<Отан отбасынан басталады>> деген де мәнді сөз бар. Отанды сүюге, туған елге деген құрмет сезімі жанұядан бастау алады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): <<Барлығың жауаптысыңдар. Елбасы еліне жауапты. Отағасы жанұясына жауапты. Әйел жанұядағы дүниеге жауапты. Малшы малына жауапты. Әркім өз қарамағындағылардан жауапқа тартылады>> деген. Олай болса, балаға жастайынан жақсы тәрбие берумен туған елге құрметтеуді жанын қорғағандай дінін, отанын қорғау секілді құндылықтарды үйретуге де, отағасы жауапты болғаны. Бұл жөнінде Жүсіп Баласағұн бабамыз <<Бала нені көрсе жастан ұядан, өле-өлгенше соны таныр қиядан>> деген. Туған елге деген құрметті, патриоттық рухты өз ата-анасынан көре алмаған бала болашақта өзіне бала кезден таныс емес сезімді жатсынады.

Олай болса, көпшілігіміз ата-анамыз.Мына сұрақтарға жауап беріп қарайықшы:
1. Үйіңіздің ауласында қанша түп ағаш егілген?
2. Тұрмыстан шыққан қоқыс, қалдықтарды не істейсіңіз?
3. Балаңызды көктем сайын аудан бойынша өтетін сенбіліктерге жібересіз бе?
4. Үй маңын қанша уақытты тазалап тұрасыз?

5. Отанға деген сүйіспеншілік халық игілігіндегі мүлікті көздің қарашығындай көру, талан-таражға салмау, кісі ақысына көңіл бөлу, ел мүддесіне жұмыла жұмыс істей білуді де қажет етеді.
Хазірет Омар (р.а.) бірде сырттан бір кісі келгенде, дереу барып алдында тұрған май шамды ауыстырған екен. Әлгі кісі оның мәнін сұрағанда, <<Мен бағана мемлекет ісін қарап отыр едім, енді жеке ісімді қарайтын болғаннан кейін өз май шамымды жақтым>> деп жауап бергені тарихтан мәлім. Бұл хазіреті Омардың ел басқарып тұрған халифа кезінде мемлекет меншігіндегі затқа қаншалықты жауапкершілікпен қарағандығын көрсетеді. Сахабаларымыздың қай қайсысы да адалдығын осылай дәлелдей білген. Өйткені, олар ақыретте осы дүниеде істеген істерінің бәрі үшін сұрақ барына нық сенген. Ол сұрақтың оңай болмасын да тереңнен сезінген. Сондықтан да Алланың алдына ешкімнің ақысын жеместен маңдайлары жарқырап баруды қалаған. Бұл бүгінгі біздер үшін де ой салуы тиіс. Сол себепті қандай да бір ел мемлекет мүлкіне зор жауапкершілікпен қарайтын, мемлекет мүддесін өз мүддесінен жоғары қоя білетін, арды ақшадан биік қоятын ерлер көбейгенде ғана гүлденетіні белгілі. Бұл біз үшін қазіргі таңда ауадай қажет қасиет болып отырғаны баршаға аян.
Олай болса, мына сұрақтардың төңірегінде ой өрбітіп көрейікші :
1. Ауыл көшелерінен қандай тәртіпсіздіктер мен бей-берекетсіздіктерді
байқап жүрсіңіз?
2. Қазіргі жастарға көңіліңіз тола ма?
2. Жастарды қоғам мүлкіне, көшелердегі ортақ игіліктерімізге құрметпен қарауға,
көшені ластамай, барды бүлдіріп, сындырмай ұстауға тәрбиелеу үшін қандай жұмыстар жасауға болады деп есептейсіз?

Қорытынды . <<Ауыл көркі -- өз көркің>>, <<Ауылына қарап - азаматын таны>> деген сөздердің түп төркіні әр елді мекеннің ажары оның әрбір тұрғынына, ондағы үлкенді-кішілі кәсіпорын-мекемелердің ұжымдарына қатыстылығын қапысыз аңдатып тұрғанына баршамыз қанықпыз.
<<Отан отбасынан басталады>> дейтін болсақ, барлығымыз отанды сүюді өз отымыздың басынан бастайық. Ауылдың әр тұрғыны өз үйіміздің маңына ағаш отырғызып, айналадағы қоқыстарды өртеп, тазалауға отбасы мүшелерімен, әсіресе балаларымызбен бірлесе атқарайық. Алдымыздағы көктемде, сенбіліктер ұйымдастырып, үй жанына әрқайсымыз,оның ішінде балаларымыз да өзіміздің атаулы ағашымызды егейік. Көшеде өзіміз көзіміз көрген келеңсіздіктерді жоюға, болдырмауға ауылдың елжанды азаматшалары ретінде атсалысайық!

Әр студент бір-бір шумақтан мәнерлеп оқиды:
Оңай сөз ғой Отанды сүйем деген,
Не тындырдың <<басымды иемменен>>?
Оңай сөз ғой, құрбым-ау, оңай сөз ғой
Отан үшін күйемін, өлем деген.

Өлім деген ерліктің қорегі ме?
Өлмей-ақ қой, өлімнің керегі не?
... Егер Отан сыңсыған орман болса,
Жапырақ боп жармасқын терегіне.

Самалы бол Отанның салқындаған,
Сандуғаш бол, сайратсын алтын далаң.
Семсері бол, Отанның қынабында
Сертке ұстаса селт етпей жалтылдаған.

Шетсіз, шексіз, қиырсыз, ұлы дала,
Шуақ болып шашылмай жылына ма?
Сүй Отанды! Шыныңмен сүйіп өт те,
Гүл боп қадал ойына, қырына да.

<<Жүз толғанып, күніне мың ойласам>>,
Ақ басты алып анаммен шырайласам.
Қалай оны сүйем деп айта аламын,
Бірге күліп, қуанып, мұңаймасам?!

...Оңай сөз ғой Отанды сүйем деген
Іс тынбайды <<жанамын, күйемменен...>>
Өгей әке емес қой Отан деген,
Отанды мен Атамдай иемденем!

Ұқсас жұмыстар
Ардақты ағаларға шын көңілден
Алтын сөз
Әдепті бала
Өнерлі өрендер кеші
Хор Жойылсын соғыс
Бастауышым-балбұлағым жайлы
Отбасы қоғам мүшелері екендігін ұғындыру
Президенттің өмір жолы
Кішкене баланы
Тәуелсіздік күні
Пәндер