Мектепте Алғашқы қоңырау салтанатты жиынын өткізу туралы

Бұйрық №
28. 08. 2013 жыл. Шыбышы ауылы.
«Бестөбе орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі бойынша
Мектепте «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынын өткізу туралы
Райымбек аудандық білім бөлімінің « » . . . 2013 жылғы № . . .
бұйрығына сәйкес, мектепте 2013-2014 оқу жылын бастау және «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынын ұйымшылдықпен өткізу мақсатында б ұ й ы р а м ы н:
1. Мектепте 2013-2014 оқу жылының басталуына сәйкес, «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны 1-қыркүйек күні сағат 10-00-де өткізілсін.
2. «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынын өткізудің іс-шара жоспарын /№1 қосымша/, сценариін /№2 қосымша/ әзірлеп, бекіттіру директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Г. Мыңбаеваға міндеттелінсін.
3. Салтанатты жиын өтетін орынды безендіру, музыкалық аппаратурамен қамтамасыз ету, Мемлекеттік Рәміздердің Ереже талаптарына сай орналасуын қадағалау педагог-ұйымдастырушы Б. Әлиевке міндеттелінсін.
4. 1-қыркүйек- Білім күні «Қазақстан-2050 стратегиясы: Бір халық, бір ел, бір тағдыр» тақырыбы аясында ашық тәрбие сағаттарын ұйымдастырып өткізу барлық сынып жетекшілеріне міндеттелінсін.
5. Мереке күні оқушылардың өмір қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтау, қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау, құқық бұзушылық әрекеттерді болдырмау және алдын алу мақсатында мұғалімдер кезекшілігін ұйымдастыру педагог-ұйымдастырушы Б. Әлиевке міндеттелінсін.
6. Мерекелік шараның қорытындысы туралы аудандық білім бөліміне жазбаша хабарлама беру директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Г. Мыңбаеваға міндеттелінсін
7. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау, басшылық жасау директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Г. Мыңбаеваға міндеттелінсін.
Мектеп директоры: Ұ. Д. Жарқынбек
«Бестөбе орта мектеп» мемлекеттік
мекемесі директорының 28. 08. 2013 ж.
№ . . . бұйрығына №1 қ о с ы м ш а
«Бестөбе орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі бойынша
«Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынын өткізудің іс-шара
Ж О С П А Р Ы
Әлиев Б
Сұраншиева Ұ
Үскібаев Қ
Сынып жетекшілері
Абдикеримова Н
Абдраймова Г
Әлиев Б
Умбеталиева С
Іс-шараны әзірлеген :
Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары: Г. Мыңбаева
«Бестөбе орта мектеп» мемлекеттік
мекемесі директорының 28. 08. 2013 ж.
№ . . . бұйрығына №2 қ о с ы м ш а
«Бестөбе орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі бойынша
«Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынын өткізудің
С Ц Е Н А Р И І
Тақырыбы: «Сыңғырла, күміс қоңырау»
Мақсаты:
1. «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынын ұйымдастырып өткізу.
2. 1-сынып оқушыларын мектепке қабылдау.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1, 7, 9, 30, 40, 44 баптарына тоқтала отырып, «Қазақстан-2050 стратегиясы: Бір халық, бір ел, бір тағдыр» тақырыбы аясында ашық тәрбие сағаттарын өткізу.
3. Оқушыларға азаматтық-патриоттық тәрбие беру.
Безендіру:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздері, қабырға газеттері, қанатты сөздер, шарлармен жалаушалар ілу, музыкалық аппаратурамен қамтамасыз ету,
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Мектеп оқушыларын сапқа тұрғызу.
Қонақтарды қарсы алу, орналастыру.
Жүргізуші:
Армысыздар, Қадірменді қонақтар, мектеп оқушылары!
Барша баланың бойына білім нәрі мен тәлімді тәрбие дәнін себетін мезгіл- 2013-2014 жаңа оқу жылының басталуына арналған «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынына мерекелік көңіл күймен қош келдіңіздер!
Тарихы терең Тәуелсіз еліміздің еркін өмір көшіндегі тарих қойнауы Қазақстан-2050 стратегиясын жүзеге асыруда жаңалығы мен жетістігі мол оқу жылымен толыға түскей деген асқақ арманымызға қол жеткізуге бағытталған БІЛІМ КҮНІ мерекелеріңіз құтты болсын!
Әскери жетекші:
Мектеп түзеліңдер! Тік тұрыңдар!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде ортаға енгізілсін! /Ту көтеру мектептің озат оқушыларына тапсырылады. Әскери жетекші мектеп директорына мәлімдеме береді. /
Жүргізуші:
Көкбайрағым көк жүзінде қалқыған,
Әнұраным - әуелеген шалқыған.
Қазақ елін бес құрлыққа танытқан,
Елбасы да өткен ұстаз алдынан, - дей отырып, салтанатты жиынды ашу үшін сөз мектеп директоры . . . беріледі.
Мектеп директоры:
Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар және мектеп оқушылары! 2013-2014 оқу жылының басталуына арналған «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынын «ашық» деп жариялаймын!
/Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады. /
Мектеп директоры:
Биылғы жыл Қазақстандықтар үшін ғаламдық жетістіктерге жетуге жол ашатын, білім беру үрдісінде елеулі өзгерістер мен жаңалықтарға толы жыл болмақ. Елбасы Н. Ә. Назарбаетың Қазақстан Халқына арнаған «Қазақстан-2050» стратегиялық Жолдауында және де «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда білім жүйесін одан әрі дамыту жаңа кезеңге аяқ басты. Білім көрсеткішін халықаралық рейтингі деңгейіне көтеру, педагогтардың ұстаздық қасиетінің жоғары болуы, әлемдік білім кеңістігінде бәсекеге қабілетті білімді де тәрбиелі жеке тұлға дайындау, нәтижеге бағдарланған білім жүйесін жетілдіру бүгінгі таңдағы барлық ұстаздың басты міндеті. Сондықтан да әр оқу жылы ұстаздар қауымына жас ұрпақ алдында мол жауапкершілікпен жұмыс жасауды міндеттейді. Елбасы ұсынған «Қазақстан-2050 стратегиясы» аясында ұстаздар мен шәкірттердің жаңа оқу жылында толайым табыстарға жетіп, жетістіктер көкжиегінен көрінуіне үміт артамыз!
Тәуелсіз қазақ елінің Ата Заңы аясында шәкірттеріміз тегін білім алуымен қатар, міндетті білім қоры есебінен Бейсенқұл Алтынай, Тұрлан Ақерке, Бақберген Бағлан сынды оқушыларымыз «Көктал» және «Ақкөл» жазғы сауықтыру лагерінде тегін демалып қайтты. Негізгі мектепті бітіруші түлектеріміз Бейсенқұл Нұргелді, Асыл Айсұлу, Шалмұханбет Шағала өз таңдаулары бойынша медициналық колледждің білім грантына ие болды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz