Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ару - Ана өмірдің асылдары, Жайнасын көңілімнің жасыл бағы

Тақырыбы: Ана - тіршілік тірегі.
Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қайырлы күн асыл аналар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды - дей келе ортаға 8А - сынып оқушыларының сіздерге арналған тартуларын қабыл алыңыздар.
Оқушылар аналарға арнап өздері шығарған 1-2 шумақ өлеңдерін айтады.
Жүргізуші: Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар. - дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жаманова Ұлболсын Серікбайқызына беріледі
(директордың орынбасары сөз сөйлейді)
Жүргізуші: Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,- деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Қасым Баян мен Аипова Заринаның орындауында << >> атты әнін қабыл алыңыздар
Жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, - дей отырып келесі кезекті 8 сынып қыздарынан құралған бишілер тобының << >> биіне береміз.

Жүргізуші: Ана деген - бастауы ұлылықтың
Ана деген - рәмізі сұлулықтың
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын
Олай болса Айтолқынды қарсы алайық
Дауысына сүйсініп тамсанайық
Ерке қыздың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!
Ән: Орындайтын: Алимова Айтолқын
Жүргізуші: Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын апалардың баласы бар. Ортаға 8 сынып оқушыларының 50 жылдан соң кездесуі атты көріністі қабыл алайық.

Жүргізуші: Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары, - Утегенов Алиханның орындауында ана жайында өлең.
Жүргізуші: Бұралып Бағжан біздің билеген де,
Шығыстың асқақ әні тербегенде
Қол соқпай дәті шыдап тұра алар
Құрбылар айтыңдаршы қандай адам -<<Шығыс>> биі ортада оқушылар.

Жүргізуші: Ана - барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Құрметті қонақтар, біздің <<Ана - тіршілік тірегі>> атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.

Ұқсас жұмыстар
8 наурыз
Аналар мерекесіне құттықтау айт
Ана махаббатымен әлем тербелген..
Аналардың мейрамы
Ана қымбатты жан
Ана тіршілік тірегі
Тақырып Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
Ұлы жеңіске – 65 жыл Ер есімі –ел есінде
"супер мама" сайысы
Сыйынар ем ана деген тәңірге ( Ашық сабақ )
Пәндер