Ғабит Мүсіреповтің Жапон балладасы әңгімесін талдау: атом апаты, адамгершілік пен бейбітшілік тәрбиесі

Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтің «Жапон балладасы» әңгімесі.

Сабақтың мақсаты: 1) әңгімелердің тақырыбын айқындап, идеялық мәнін ашу, маңызын түсіндіру; 2) оқушылардың қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, тіл байлығын дамытып, өз ойларын еркін жеткізе білуге, мәнерлеп оқуға жаттықтыру; 3) оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, адалдыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру.

Қолданылатын көрнекілік: буклет, слайд, тірек-сызбалар, Ғ. Мүсіреповтың шығармашылық жинағы, үнқабылдағыш.

Сабақ түрі: жаңа әдеби шығарманы меңгеру сабағы.

Әдіс-тәсіл: интерактивтік әдіс (пікірлесу, сұрақ-жауап, талқылау)

Сабақ барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысы, даярлығы тексеріліп, назарлары сабаққа аудартылады.

2 . «Қандай іске кіріссең де таза қолмен кіріс». Үй тапсырмасы бойынша Ғабит Мүсіреповтің «Автобиографиялық әңгімесіне» талдау жұмыстары жүргізіледі.

а) Бір оқушы тақтаға Ғабит Мүсірепов туралы сызба сызады.

ә) Екінші оқушы «Автобиографиялық әңгімеде» жазушының суретіндегі сүйікті ұстазы Б. Өтетілеуов туралы тірек-сызбаны сызады.

3. «1945 жыл Қас қағым сәттегі алапат».

1945 жылғы 6 және 9-тамыздағы Америка Құрама Штаттарының II дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Жапонияны тізе бүктіру мақсатындағы Хиросима, Нагасаки қаларына атом бомбасын тастағаны жөнінде мұғалімнің кіріспе әңгімесі тыңдалады.

(Үнқабылдағыштан мұңды саз естіледі) .

1945 жыл 6-тамыз. Таңертеңгі 8 сағат 15 минут. Хиросима.

1945 жыл 9-тамыз. Нагасаки.

Бомба күші 20 мың тонна тринитротолуола.

Апат отының ыстықтығы - 300 000 градус.

Екі қалада 300 мыңнан астам адам 2 секундта қырылып қалды. Әлі күнге дейін радиоактивтік сәуле өткен адамдардың балалары, немерелері ауруға шалдығып өмірімен қоштасуда.

а) «Жапон балладасы» - атом апаты туралы шығарма.

б) «Арқаның әңгімесі»

Бірінші қатарға алдыңғы сабақта «Арқаның әңгімесін» оқып келу тапсырылған. Оқушылар әңгіме мазмұнын қысқаша көркем әңгімелейді. Адамның арқасының суреті . . .

в) «Көздің әңгімесі».

Екінші қатар «Көздің әңгімесін» мазмұндап әңгімелейді. «Көздің үлкейтілген суреті тақтаға ілінген) .

г) «Тастың әңгімесі».

Үшінші қатар «Тасытың әңгімесін» әңгімелейді. «Ескерткіш қара тас столдың үстінде!.

4. Сынып жұмыс «Терең сыршыл сезімталдықпен жазылған туынды».

Мәтін бойынша жұмыс.

Сұрақтар мен тапсырмалар.

5. «Қазақстан - бейбітшілікті сүйетін ел».

а) Семей полигонының жабылуы.

Олжас сүлейменовтің «Невадв-Семей» қозғалысын ұйымдастыруы.

ә) Кейіпкер адамзат баласына қандай тілек тіледі? (Мәтін бойынша теріп жазу) .

6 . «Бейбітшілік - халық ұраны».

а) «Ақ көгершін» әні орындалады.

ә) Мұғалім сабақты қорытады.

б) Оқушылар білімі бағаланады.

7. «Адамзат, атом апатынан сақтан!» Үйге осы тақырыпта шағын ойтолғау жазып келу.


Ұқсас жұмыстар
7-сыныпқа арналған Ғабит Мүсіреповтің Ананың анасы әңгімесін талдау сабағы
7-сынып әдебиеті: Ғабит Мүсіреповтің Ананың анасы әңгімесін талдау сабақ жоспары
Ғабит Мүсіреповтің Ананың анасы әңгімесін талдау: Блум таксономиясына негізделген сабақ жоспары
Ғабит Мүсіреповтің аналар тақырыбындағы әңгімелері бойынша оқырмандар конференциясы
8-сынып, 2 сағат: Ғ. Мүсіреповтің Ананың анасы әңгімесін талдау сабақ жоспары
7-сынып: Ғабит Мүсіреповтің Ананың анасы әңгімесі бойынша сабақ жоспары
Ғабит Мүсіреповтің шығармашылығы мен рухани мұрасы туралы ашық сабақ
3-сынып: Ғабит Мүсіреповтің Қазақ солдаты романынан Ана құшағында үзіндісін оқу, талдау және тәрбиелеу сабағы
Ғабит Мүсіреповтің Жаңа достар шығармасына арналған қазақ тілі мен әдебиеті сабағының жоспары
4-сыныпқа арналған ашық сабақ: Ғабит Мүсіреповтің Ана құшағында әңгімесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz