Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Бастауышым - балбұлағым туралы ақпарат
Ө. Жаңабаев атындағы орта мектебі
[pic]
[pic]
Ертеңгілік
4 «б» сыныбы
Кеген – 2011 жыл
Тақырыбы: Бастауышым – балбұлағым
Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған
білімнің
негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан
алғашқы ұстазымен
қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен
таныстыру,әр баланың
ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп,
білімге деген құштарлғын
арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға
тәрбиелеу.
Барысы:
Мұғалім:
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда .
Мал озбас, біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда –
деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң
мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің
ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Бастауышым - балбұлағым» атты
мерекелік ертеңгілігімізге қош келіпсіздер!!
Армысыздар, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар!
Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол,
осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз
білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып
бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Бесіктегі баланың, күлгенін көрген-бір бақыт.
Алдына түсіп ананың,жүргенін көрген-бірбақыт! – дегендей, бастауыш
сыныпты бітіруші түлектеріміз бүгін сіздер үшін бар өнерлерін көрсетіп,
тағы да бір бақытқа кенелтпекші!
Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4 «б» сыныбын ортамызға!
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.
Осынау кішкене бүлдіршіндерге деген ақ тілек, ақ ниетін білдіру үшін ортаға
мектебіміздің
............................................................................
............................................................................
......
және ата-аналар атынан ата-аналар комитетінің төрайымы Құрақбаева Ұлбосын
апайға сөз береміз.
Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4 «б» сынып оқушылары осыдан 4 жыл
бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт.
Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап бастарынан өткізген «Әліппемен
қоштасу», дәстүрлі Наурыз тойлары, «Әнші балапан», «Қыз сыны», «Көктем
аруы», «Кішкентай жігіт сұлтаны», «Күзгі балл», мәнерлеп оқу сайыстары мен
әртүрлі тақырыпта ұйымдастырылған көрмелер,сыныпаралық спорттық жарыстар,
ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.
Армандасаң да , қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені,
биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық
шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із
қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі
отыр.Ендеше, осынау балапандарымыз қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған,
білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген
ұстаздарына, ата- аналарына өздерінің 4 жыл бойы алған білімдері мен
өнерлерін көрсетуге дайын.Олай болса, ертеңгілігімізді бастайық!
Көрініс: «Қош бол, сүйікті бастауышым!!»
Ән: Армандастар!
Азамат:Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар , ұстаздарым қымбатты
Ботагөз:Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар
Мадияр:Армысыздар өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!
Ардақ:Армысың сен , алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!
Ән: Мектебім
Қанағат:Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше
сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық !
Айбек:Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
Мектеп деген білім кені , жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.
Бақыт: Мектебім- білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
Жансая:Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Ілияс:Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.
Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып , сан тарапқа тараған.
Мектебім- сүйікті мектебім,
Бауырыңда түлеймін , көктеймін.
Сен – бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып көктедім.
Мадияр:Мектеп – кеме , білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін ,
Азық етіп ер жетеміз.
Ботагөз: Қазағымның көп өнерлі жігіттері
«Үш жүз» деп ән шырқаған Ерболаттың
Әніне қойылған биін көріңіздер
Орындауында Мадияр, Азамат, Қанағаттың.
Ботагөз: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз
айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан,
бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан,
мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған
ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Мадияр?
Мадияр: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен
мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз
бекер айтпаған.
Ботагөз: Дұрыс айтасың Мадияр, ғылым иесі ғалым да , ел қорғаған батыр да
, тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті
шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
Мадияр: Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да,
данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз
өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!
Ботагөз: Ендеше, Қанет Қаракөздің орындауындағы «Ұстазым» әнін қабыл
алыңыздар!
Жұбан:Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып , мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,
Жирендік , ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.
Сырым:Жарық күннен жылы жүзің елестер,
Құлағымда өзің берген кеңестер.
Жанарымда алыс тартқан қара жол,
Көз жұмсам да көре тұғын белестер.
Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай ,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып біздерге,
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай
Тимур: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын
Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың , даналардың .
Өмірде сенің алар орыныңа ,
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.
Ербол: Күн кешегі жабырқау қайда қалған,
Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.
Мейірің ба , ұстаздық жүрегің бе?
Жан дүниесін баланың жаулап алған.
Нұр құйған санасына зейіндінің.
Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің.
Дарыттың адамдықты шәкіртіңе,
Дамыттың дарын отын бейімдінің.
Әлібек:Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Сағына әркез суреттерді парақтап.
Шәкірттерін жиі еске алатын.
Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан ,
Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.
Жатталады жан жүректе есіміңіз,
Адамның аяулы үні сияқтанған.
Ардақ: Не деген әсем жырлар десеңші!
Қанағат: Ия, мектебіміз бен ұстаздарымызға арналған жырлар таусылған ба?
Азамат: Ардақ,Қанағат дұрыс айтасыңдар! Олай болса, ұстаздардың құрметіне
сыныптасымыз Ботагөздің шығыс биін тамашаласақ қайтеді?
Ардақ: Әрине! Олай болса биші қыздарыңыз Дүйсенбай Ботагөздің орындауындағы
шығыс биін тамашалаңыздар!
Ардақ: Ұстаздар сіздерді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады .
Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден!
Азамат: Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді
зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.Енді міне
сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта
буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
Қанағат: Иә, міне сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз
сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.
Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !
Ардақ: : Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.
Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.
Қаракөз: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте- бірте үйренісіп.
Мектептің ережесін үйрендік кеп.
Альбина: Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,
«А»әрпін алғаш сеннен бастадым.
Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,
Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.
Гүлжанат: Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.
Арайлым: Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым,
Азық болар , мәңгі талай жылдарға.
Сұңқар: Бастауышым- бал бұлағым ,
Алдым сеннен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.
Бақыт: Бастауышым- балбұлағым
Лаулап жанған шам шырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның.
Ақжан: Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым- бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
Мадияр: Әрбір үйдің еркелері,наздары
Әрбір үйдің көктемідері, жаздары
Би билейді ортамызда жарқылдап
Сыныбымыздың ару ерке қыздары
Сынып қыздарының орындауында спорттық би
Ботагөз: Сыныптағы тағы бір ерекше жан
Породияның шебері
Сырым шықса ортаға,
Бүкіл сынып күледі.
Болашақ әртіс боларына
Ұстазымыз да сенеді.
Мадияр: Суан Сырымның орындауында «Нысана» әзіл-сықық театрының әртісі
Дәнекер Оразбайға келтірілген породия. Монолог «Грантқа түскен Дәнекер»
Көрініс: (ортаға қария (Ілияс) мен 5 оқушы шығады. Оқушылар қарияға
амандасып, одан ақыл сұрай келгендерін айтады)
Айбек:
- Ата, ата, арман деген не? - депті жігіт
- Арман дегеніміз - ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем
дейді, қыз көрікті болсам дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді.
Арманына адаспаған жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді депті қарт.
Бақыт:
Дос табу оңай ма? - депті қарт.
Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.
- Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Есіңде
болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала
боласың, депті қарт.
Арайлым:
- Үйдегі алтын қазығың кім? – депті қарт.
- Ата, үйдегі алтын қазық - бала, депті жігіт.
- Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық - ана. Ана ақылды болса, бала дана
болады. Ана — ақылшың, әке - қамқоршың, ағаң — қорғаушың, інің — сүйенішің,
қарындасың - қанатың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның
жақыны кем, - депті қарт.
Альбина:
Өмір сүру үшін не қажет? - депті қарт.
Ата өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет, - депті жігіт.
Жоқ балам, адамның өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су —
тіршілік, от - өмір, тұз - дәм, қыз - сән, ақыл өмірдің нәрін береді.
Жұбан:
- Адамға ақыл беретін кімдер? - депті қарт.
- Ата, ана тілі ғой ақыл беретін, -депті жігіт.
- Жоқ, балам, адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы. Ата — ана
ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Достықтың көзі ақылдан
басталады, - депті қарт.
Мадияр: Иә, қасиетті тіл, сөз шеберлігіне не жетсін?
Ботагөз: Әрине, тілдің құдіреттілігі сонша өткен ғасырларда өмір сүрген сал-
серілер ,ақын-жыраулар, түрлі шешендер мен билер, хандар мен сұлтандар,
тіпті қарапайым халықтың өзі сөз асылын біліп, ел мен елдің арасындағы
дауды еш соғыссыз шешіп отырған.
Қанағат: Тіпті сөзбен жеткізе алмаған ойын түрлі музыкалық аспаптар арқылы
да жеткізе білген. Мысалы, Қорқыт пен Ықылас бабамыз – қобызбен жеткізсе,
Құрманғазы атамыз бен Дина әжеміз – домбыраның құлағында ойнаған.
Ардақ: Бізде де Қорқыт пен Ықылас бабаларымыздың ізін басып келе жатқан
досымыздың бар екенін біреу білсе,біреу білмейді.
Азамат: Ия, көшіліктің оның кім екенін білуге асығып отырғанын сезіп
тұрмын. Ол – сыныбымыздың үлгілі оқушыларының бірі – Асқарбек Ербол.
Мадияр: Ендеше қарсы алыңыздар Асқарбек Ерболдың орындауында
............................................................................
.................................................
Азамат: Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады деген. Біздің сыныптағы
Сұңқардың өлең шығаратын қасиеті бар еді ғой. Ендеше, Сұңқарды ортаға
шақырып бір-екі өлеңін оқуын сұрайық!
Ардақ: Қазақ тілі пәнінен,
Білім алды балалар.
Сөйлемді, сөз таптарын,
Етістіктің шақтарын,
Жалғаулар мен жұрнақтар.
Ережесін жаттадым.
Қанағат: Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл- білім үйреткен.
Ана тілін оқыдық ,
Ерекше зор құрметпен.
Ана тілін сүйеміз,
Құрметпен бас иеміз.
Ана тілмен қоштасамыз,
Әдебиетпен достасамыз.
Ардақ: Азамат, Қанағат біз де сөз қадірін білетін оқушылармыз ғой.
Сыныбымыздағы көркем сөз оқудың шебері Тұрдәлі Мадиярға кезек берсек
қайтеді.
Тұрдәлі Мадияр: М.Мақатаев «Қырандар, қош болыңдар!» поэмадан үзінді
Қанағат: Ойланып есеп шығартып,
Төрт таңбаны білдірген.
Ғылымдардың патшасы,
Математика данасы
Ардақ: Ой жіберсең бәріне ,
Дүниетану пәніне.
Өмір сырын үйретер,
Пәннің жақсы бірі де.
Жер байлығы көп екен,
Игеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген ,
Дүниетану сабағы.
Азамат: Ең кішісі сыныптың,
Ең еркесі үйінің.
Оның даусы тұнып тұр,
Сыры бардай үнінің, - дей отырып, Исак Айбектің
орындауындағы тамаша әнді қабыл алыңыздар!
Мадияр: Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы
азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды
Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген .Алайда
ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!
Ботагөз:Дүниеге әкелген,ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем , еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
Мадияр: Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген
Ботагөз: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген
Мадияр: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің
ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк
болып жүруі де сол кісілердің арқасы.
Ән: «Анашым» орындайтын Тұрдәлі Мадияр
Ардақ: Айдында аққудай сылаңдаған
Біреулер күй, біреулер жыр арнаған,
Шықсын енді ортаға биші қыздар
Тал шыбықтай иіліп мың бұралған.
Испан биі: Орындайтындар: Болатбайқызы Жансая, Ханет Арайлым, Дүйсенбай
Ботагөз
Азамат: Ұстазым ғой әліпбиді үйреткен,
Көкейіме көрік беріп, гүл еккен.
Мені оқытып, өркенімді өсіріп,
Жалындатып, жанарымды нұр еткен.
Жадыраған жаздай жылы жаны бар,
Жақсылықтың шырағы боп жағылар.
Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған
Шәкіртіңнің жүрек сөзін қабыл ал.
Ботагөздің орындауында «Ұстазым» әні
Қанағат:Шексіз алғысымызды айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалай әр-
түрлі номинацияларда Сіздерді дипломдармен марапаттаймыз.
Азамат: “Ең сүйкімді және тартымды ұстаз” номинациясы бойынша мектебіміздің
директоры Кенетаева Сауле Сұлтанқызы марапатталады
Қанағат: “Ең білімді және сабырлы ұстаз ” номинациясы бойынша мектеп
директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Кәдірова Ғалия апай марапатталады
Азамат: “Қамқор және мейірімді ұстаз ” номинациясы бойынша мектеп
директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Қимаділова Айгүл апай
Марапатталады
Қанағат: “Ең шебер ұйымдастырушы және көңілді ұстаз” номинациясы бойынша
мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Стыбаева Мәрия апай марапатталады
Азамат: “Талапшыл және шығармашыл ұстаз” номинациясы бойынша мектеп
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жетібаева Динара апай
марапатталады
Қанағат: «Алтын қолды шебер ұстаз » номинациясы бойынша “Еңбекке баулу”
пәнінің мұғалімі Жарбасова Ұлдан апай марапатталады
Азамат: «Алтын қаламды шебер ұстаз » номинациясы бойынша “Бейнелеу өнері”
пәнінің мұғаліміБөкшінов Бақберген ағай марапатталады
Қанағат: «Орыс тілін меңгерткен ұстаз» номинациясы бойынша Орыс тілі
пәнінің мұғалімі Көнекбаева Гулнара апай марапатталады
Азамат: «Орыс тілін меңгерткен ұстаз» номинациясы бойынша Орыс тілі
пәнінің мұғалімі Чакаева Гулсара апай марапатталады
Қанағат: «Ең ардақты және аяулы ұстаз» номинациясы бойынша алғашқы
ұстазымыз Темешова Толқын апай марапатталады
Азамат: «Күміс көмей, жез таңдай ұстаз » номинациясы бойынша “Музыка”
пәнінің мұғалімі Қасымов Жасұлан ағай марапатталады
Қанағат: «Дені саудың – жаны сау » номинациясы бойынша “Дене тәрбиесі”
пәнінің мұғалімі Жақыпбайұлы Жанмұрат ағай марапатталады
Азамат: «Табиғатты тани білген ұстаз » номинациясы бойынша “Табиғаттану”
үйірмесінің мұғалімі Теңгебаева Айнұр апай марапатталады
Қанағат: «Біздің сүйікті дәрігер » номинациясы бойынша мектебіміздің
медбикесі Жанпейісова Гүлнара апай марапатталады
Азамат: «Тағамы ең дәмді аспаз» номинациясы бойынша мектебіміздің
аспазшысы Алмагүл апай марапатталады
Би: Танго Орындайтындар: Дүйсен Тимур және Берікқызы Ардақ
Мұғалім: Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,
Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.
Айналайын жап-жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.
Хор: «Біз - Отаннаң ұланымыз!»
Мадияр: Болса менің кішкене бір табысым,
Қорғағаным ұстазымның намысын.
Ұстазымша білсем деймін өмірді,
Ұстазымша болса деймін әр ісім.
Ботагөз: Өтті сенде қызық шағым.
Бастауышым - балбұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын!
Қош бол, қош бол,
Сүйікті бастауышым!
Қанағат: Құрметті қонақтар, осымен «Бастауышым - балбұлағым» атты кешіміз
аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.
Ардақ: Жұлдызыңды жақ! Бұл сөз тек сіздерге арналады, түлектер!
Ұстаздарыңыз, мектебіңіз соған тілекші. Жолдарыңыз босын, түлектер!
Азамат: Аттанарда ұрпағы бақ жолына,
Түссін деп тура нақ жолына,
Арнайы ақ матадан жол төседік,
Ырым ғып түлектердің Ақ жолына!
http://bilim.idhost.kz/addnews.html
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz