Абылай кім

Абылай хан

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Абай орта мектебінің
тарих пәнінің мұғалімі Альжанова Алия Ондасыновна

Сабақтың тақырыбы: Абылай хан
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың Абылай хан туралы алған білімдерін қайталап, бекіту.
Оның жүргізген саясатының елімізде бүгін жүргізіп отырған
саясатпен сабақтастығы мен үндестігін ашу.
Дамытушылығы: Тарих сахнасынан қазақ халқын құрып кету қаупінен сақтап
қалған, үш жүздің басын біріктірген Абылай ханның қағамдағы,
тарихтағы орнына оқушылардың назарын аудара отырып, осы
бағыттағы қосымша әдебиеттерді, тарихи деректерді тиімді
пайдалана білу, өз бетімен жұмыс істеп, өз ойын еркін жеткізе
алу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды елім деп өткен тұлғалардың ерлігін дәріптеуге,
тарихымызды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтыңтың материалды-
техникалық жабдықтары: Карта, Абылай хан портреті, тірек конспектісі,
кестелер, интерактивті тақта, Венн диаграммасы
Пәнаралық байланыс: Құқық, Әдебиет, География
Сабақтың түрі: Қайталау, қорытынды сабақ.
Сабақтың әдісі: Пікірталас, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, жеке
жұмыс, ойын.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. (оқушылардың сабаққа қатысуын
түгендеу.
Оқушылар 3 топқа бөлінеді.

2. Кіріспе сөз. Мұғалім.
«Абылай - тарихи тұлға» тақырыбындағы қайталау сабағын өткізгенде, қазақ тарихындағы ең ауыр жылдар Жоңғар шапқыншылығы кезеңі туралы өткен тақырыпты еске түсіріп, Абылай хан туралы алған білімдерін бекітіп, қазақ-жоңғар соғысын қорытындылауды басты мақсат еттім. Сонымен қатар Абылай ханның 18 ғ. жүргізген саясаты мен бүгінгі билік басындағылар жүргізіп отырған саясаттың сабақтастығын, үндестігін ашуға тырыстым. Абылай хан өмір сүрген уақыт - қазақ қоғамының саяси құрылымы мен ата -бабамыздан келе жатқан этноқауымдық бірлестігінің тағдыры еріксіз дағдарысқа ұшыраған кезең. Бұл саяси ахуал Жоңғария тарапынан болған шапқыншылықтарды былай қойғанда, Ресей мен Цин империяларының қазақ еліне қарсы жүргізген сыртқы саясаттарының нәтижесі еді.
3. 1) 15 ғ. негізін қалаған Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы қандай болды
Хан (сұлтандардан сайланды) Шыңғыс ұрпағы
Хан кеңесі (сұлтан, би, батыр)
Имам, қожа, батырлар, билер, би соты.
2) Ханның қандай билігі, өкілеттігі болды
Хан

Жоғарғы өкімет

Азаматтық, соттық, әкімшілік, әскери

Мәмілегерлік қатар
3) Хан әрқашан сұлтандардан, яғни Шыңғыс ұрпақтарынан сайланған, ал сұлтанның жағдайы қандай болды
Сұлтан
Салықтардан босатылды
Ұлыс билеушісі
Әскер қолбасшысы хан тағына үміткер

4) Би
Ру ақсақалы атқару билігі
хан кеңесшісі құқық таратушы
5) Байлар, батырлар, көшпелі малшылар
4. Ал енді бүгінгі сабағымыздың тақырыбына байланысты келесі тапсырма:
«Абылай кім?» деген сұраққа жауап берейік.
сұлтан
хан
Абылай батыр
қолбасшы
саясаткер
мәмілегер
реформатор
Олай болса балалар, бүгін сынып 3 топқа бөлініп отыр.
Абылай - реформатор
Абылай - көреген саясаткер
Абылай- дарынды қолбасшы деген топтар өз бағыттарын қорғағысы келіп отыр. Келесі кезекті осы топтарға берейік. (әр топ 5 адамнан жұмыс істейді) .
1. Әр топ Абылай бірінші кезекте реформатор ма, жоқ, көреген саясаткер, әлде дарынды қолбасшы болды ма деген сұраққа жауап береді, әр команда өз көзқарасын қорғайды. (проблемалық сұрақ қойылады) .
Қалған екі топ сұрақ қоюға дайындалады. Өз көзқарастарын тарихи деректермен, қосымша мағлұматтарды пайдалану арқылы қорғайды, пікір таластырады.
2. Кім жылдам тест сұрақтары қойылады (әр топқа 6 сұрақтан, сұраққа жауап берген топқа жұлдызшалар беріледі) .
3. Абылай хан туралы аңыз әңгімелер дайындап келу. (әр топ 1 аңыз әңгіме) .


Ұқсас жұмыстар
Абылай хан билігі тұсындағы қазақ хандығы
Абылайхан жайлы білім беру
"Абылай хан.."
Абылай ханға Бөгенбай батырдың өлімін естірткен қай жырау
Абылай хан (1711-1781жж). 5 сынып
Абылайдың хандығы туралы
Абылайдың есімі
Абылайдың хандығы
Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы
Ана тілі оқулығындағы Абылай хан шығармасымен байланыстыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz