Интеллектуалдық ойын Зерде: 1-2 сыныптарға арналған мақсаттар мен кезеңдер

Интеллектуалдық ойын « Зерде»

Мақсаттары: 1) Есептеу біліктілігі мен дағдыны қалыптастыру, сөздік қорын молайту, шығарма бойынша шығармашылық белсенділігін, көркемдік талғамын арттыру;

2 ) ойын арқылы есте сақтау, жүйелі логикалық қабілеттерін дамыту, пікір айтқызу;

3 ) ұжымда достық қарым-қатынасты, ұйымшылдылықты тәрбиелеу.

Алғысөз.

Құрметті балақайлар! Интеллектуалдық ойынға қош келдініздер! (1слайд) .

Интеллектуалдық ойын «Зерде» бастауыш сыныптардың білімдерін тексеру, негізі 1- 2 сынып оқушылардың. Ойынға екі топ қатысады.

І топ - Ғалымдар

ІІ топ - Жұлдыздар

Топтардың басшылары Кішкінбаева Айнұр және Сапабек Әлішер.

Ойынды кім бірінші бастайтын білу үшін, « Сулифа» деген ойынды ойнаймыз.

І кезең « Білгенге маржан» ( 2 слайд)

6 кітап шығады ( 3 слайд) . Әрбір кітаптағы сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар ( 4 - 9 слайдтар) .

ІІ кезең « Әліппе» ( 10 слайд)

Тапсырма: Бір әріп беріледі, сол әріптен басталатын сөздерді жазу. Адамның аты- жөні, су, қала аталарды есептелмейді. Мысалы « Қ» әріпі.

( 11- 12 слайд)

ІІІ кезең « Қурастырма сурет» ( 13 слайд )

Тапсырма: Суреттің тек қана бір бөлшегі шығады, қандай сурет бейнеленгенді табу.

Жауабы болмаса бір көмек сөз айтылады содан кейін бір ұпай алынады, екінші көмек сөз - екінші ұпай.

Аюдың суреті шығады ( 14 слайд)

Музыкалық үзіліс (15 слайд) « Қара жорға» би билеу.

ІV кезең « Математика» ( 16 слайд) .

Тапсырма: Математика амалдары беріледі. Амалдарға « қосу» немесе "азайту» деген белгілерді айту.

І топқа арналған амалдар шығады. ( 17- 18-19 слайдтар)

ІІ топқа арналған амалдар

V кезең « Мақалдарды жалғастыр» (20 слайд)

Тапсырма: Мақалдардың бастауы шығады, келесі бөлегін жалғастыру.

І топқа 5 мақал (21-22-23 слайдтар)

ІІ топқа 5 мақал ( 24-25-26 слайдтар)

VІ кезең « Сөзжұмбақ» (27 слайд)

Тапсырма: Сиқырлы сандыққа бір затты жасыру, жұмбақты шешіп ол затты айту.

І топқа . Күміс алмұрт тілі бар,

Сыңғырлаған үні бар.

Шақыратын білімге

Сағатты бар, күні бар. ( қоңырау)

ІІ топқа. Бар білімнің бастауы,

Бар ғылымның бастауы

Жас балаға нұр шашқан,

Қандай кітап тіл ашқан ( әліппе)

VІІ кезең « Қызықты грамматика» ( 28слайд)

Тапсырма: Бір сөз беріледі, сол сөзден бірнеше сөз шығару.

Сөз « Саңырауқұлақ» (29слайд)

Қорытындылау ( женімпаздарды құттықтау, сыйлық беру)

Жарайсыңдар! (30слайд)

Пайдаланылған әдебиет:

1. Интеллектуалдық ойының телебағдарламасының версиясы.

2. Қызықты математика Ә. Б. Ақпаева, Л. А. Лебедева;

3. Қызықты грамматика

4. Қазақ мақал-мәтелдері Ө. Тұрманжанов. 1993 жыл.

5. 777 жұмбақтар Алматы 2010 жыл.


Ұқсас жұмыстар
Зерде интеллектуалдық ойыны: бастауыш сыныптарға арналған бағдарлама, мақсаты мен кезеңдері
ЗЕРДЕ интеллектуалдық ойын-сайысы: география пәні бойынша турлар мен тапсырмалар
6-7 сыныптар арасындағы Менің елім - Қазақстан интеллектуалдық сайысы: мақсаттар, кезеңдер және тапсырмалар
Интеллектуалдық сайыс Зерде: сабақ жоспары
Бастауыш сынып оқушыларына арналған Зерде интеллектуалдық ойыны: мақсаты, құрылымы және кезеңдері
7-сыныптарға арналған Ғажайып информатика жұмбақтар әлемінде интеллектуалдық ойын жоспары
Білімді мыңды жығар: бастауыш сыныптарға арналған интеллектуалдық ойын-сабақ
Зерде білім сайысы: 6-сыныптарға арналған музыка пәні сабақ жоспары
Сыныптан тыс математикалық сайыс Зерделілер мен зейінділер: мақсаттар, кезеңдер және тапсырмалар
Математикалық Бинго интеллектуалдық ойыны: ұйымдастыру, мақсаттар және кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz