Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сабақты қорытындылау, балаларды мадақтау

Сабақтың тақырыбы: Алтын күз
Сабақтың мақсаты: балалардың күз туралы түсінігін кеңейту,
Алтын күздің ерекшеліктері туралы
әңгімелеу. Суреттер бойынша әңгіме
құрастыру арқылы балалардың тіл
байлығын дамыту. Құстарға қамқорлық
жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: күз көрінісі бейнеленген суреттер, геомет-
риялық пішіндер, жеміс-көкөністер,
үнтаспа.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, дидактикалық ойын,
сұрақ- жауап.
Сабақтың барысы: - Балалар, бүгін біздерге қонақтар келіп
қалыпты.Олай болса, барлығымыз
орнымыздан тұрып амандасайық.
Қуан, шаттан алақай!
Қуанатын күн туды,
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Иә, дұрыс айтасыңдар, күз мезгілі. Ал, күзде неше ай бар, қазір қай ай?

- Ендеше балалар, барлығымыз көзімізді жұмып, күз мезгілін көз алдымызға елестетейікші.
Тыныштық сәті ( жәй музыка ойналады)
-Күз мезгілі. Таңертең ата-анаңызбен балабақшаға келе жатырсыз.
Айналаға қарасаңыз , ағаштардың жапырақтары сарғая бастаған, жерде де қызыл- сары жапырақтар төгіліп жатыр. Бір кезде жаңбыр жауып кетеді. Адамдардың кейбіреуі қолшатыр ұстап барады.
-Ал, балалар көзімізді ашайық, күз мезгілі көз алдарыңа елестеді ме? Қанша күн суық болса да, әр мезгілдің өзіндік бір жылылығы, кереметтері болады екен.
Алтын күз туралы, ерекшеліктері туралы әңгімелеу.
-Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
-Балалар, сендер күз туралы тақпақтар білесіңдер ме?
Балалардың тақпақтарын тыңдау.
Суреттер бойынша әңгіме құрастыру( сұрақ-жауап арқылы)
Ғажайып сәт: - Балалар, біреу есік қағып тұрғандай ма, қалай өзі?
Есікті қағып <<Алтын күз>> кіреді.
-Сәлеметсіздер ме, балалар!
-Сәлеметсіз бе, балалар бізге <<Алтын күз>> келіп қалыпты.
-<<Алтын күз>>: - Балалар, манадан бері сендердің мен туралы айтып жатқан әңгімелеріңді, тақпақтарыңды анадайдан естіп келе жатырмын. Менің сендерге арнаған бір тапсырмам бар.
- Күзде құстардың бәрі бірдей ұшып кетеді ме?
-Қалып қойған құстар тоңып қалмау үшін оларға ұя жасап, жем шашуымыз керек. Олай болса, балалар мына геометриялық пішіндерден ұя құрастырайық.
( Пішіндерді көрсетіп түрін, түсін атау, орналасу ретін түсіндіру)
Жылы жаққа ұшпайтын,
Біздің жақта қыстайтын.
Құстар жүрсе жуықта,
Жем шашуды ұмытпа.
Балалар, орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық!
Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
-<< Алтын күз>> сіздің тағы да тапсырмаңыз бар ма балаларға?
<< Алтын күз>>:- Балалар, сіздерге арнаған бір ойыным бар.
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Дидактикалық ойын: <<Көкөністер мен жемістерді жина>>
Ойынның шарты: араласып кеткен көкөністер мен жемістерді айырып, екі себетке бөліп салу, аттарын атау.
<< Алтын күз>>:- Өте жақсы балалар, мен сендерге ризамын. Енді
мен кетейін. Сабақтарыңды жақсы оқып,
тәртіпті болыңдар. Сау болыңыздар!
Сау болыңыз!
Балалар, сендерге << Алтын күздің>> ойындары мен тапсырмалары ұнады ма?

Сабақты қорытындылау, балаларды мадақтау.

Ұқсас жұмыстар
Х дыбысы және әрпі
5 саны және цифры. Бесбұрыш
Дәптермен жазу
Ойлан,тап
Балалардың сабаққа дайындығын тексеру
Дауысты дыбыс
Менің Астанам
Жапырақтың суретін салу
Сан есім туралы ақпарат
Мектепалды тәрбиешілеріне көмек
Пәндер