Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Табиғат пен адам тұтастығын көрсететін теңеулерді жалғастырып жазыңдар

Уақыты--------------------
Тақырыбы: Мөлдір бұлақ-жасыл құрақ
Мақсаты: оқушылардың адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік туралы түсініктерін дамыту.
Міндеттері: оқушылардың табиғаттың тұтастығы туралы ұғымдарын кеңейту.
оқушыларды табиғатты сақтау,аялау сезімднрін дамытуға ықпал ету.
Табиғатқа сүйіспеншілікке,мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: ауди кассета,суреттер,кітаптар.
Шаттық шеңбері
Мұғалім оқушыларды шеңберге шақырады.Оқушылар мұғаліммен,бір-бірімен сәлемдеседі.Балалр қосылып <<Аралдан ұшқан аққулар>> әнін шырқайды.

Аралдан ұшкан аққулар Сөзі Ш.Саривтікі
Құстардың қайда базары
Тарқаған түсіп ажары
Жаралы жүрек жандардай
Төмендеп теңіз назары
Бұлттардай жүзген ақ ала
Жападан жалғыз шағала
Қоштасқан қайран Аралмен
Қайғылы мұңды жағада

Ойланайық пікірлесейік

Табиғаттың адам өміріндегі маңызы қандай?
Табиғат пен адам арасындағы үйлесімділік дегенді қалай түсінесіңдер?
Табиғатқа өз қарым-қатынастарыңды қалай білдіресіңдер?
Мәтінмен жұмыс
Ақселеу Сейдімбектің
<<Бетбақдала>> әңгімесін оқу ұсынылған.Әңгімені оқу барысында оқушылардың табиғатқа қарым-қатынас туралы білімдері арта түседі.Өйткені әңгімеден оқушылар адамның табиғатқа қарым-қатынасына көп нәрсенің байланысты екенін біледі.Мұнда <<Жер шүйгін.Оты-суы мол,ғажайып бір өңірде төрт түлік малын мыңғыртқан,төртқұбыласы сай бір ел болыпты,құнарлы өлкенің байтақ төсі байлық пен берекенің,бақыт пен қуаныштың ұйытқысысияқты>> деген даланың неліктен ақырында << Гүлі мен құрағын,орманы мен тоғайын өрт шалған даланың да сұрақы қашқан:малдың да реңі тайған:шүйгін дала быт-шыт болып,жері тозып,елі босқан>> деуінің өзі табиғат тұтастығының өрескел бұзылғанын хабардар етеді.Әрине бұған адам баласының өзі кінәлі болуы өкініш әкеледі.Әңгіме мазмұнынан оқушылар табиғатқа сұйіспеншілікпен қамқорлықтың,табиғатты аялау,сақтаудың қаншалықты маңызды екеніне көз жеткізеді.
Тапсырма Оқушылар үш топқа бөлінеді.әр топ оздерінің тобын қорғайды.
Табиғат тұтастығын сақтау жөнінде ұсыныстар айтып ,оның мәнділігін дәлелдеңдер.
Ұсыныстарды әр түрлі үлгіде,яғни сызба ,жоба,кесте,сурет берілуіне болады.
Жаңа ақпарат
Жер бетіндегі өлі және тірі табиғат бір-бірімен тығыз байланыста,өзара ұйлесімді тіршілік етеді.Осы тіршіліктегі тепе-теңдік бұзылса,табиғатқа апатқа ұшырайды.Оның зияны адам баласының өміріне қауіп тудырады.Сондықтан табиғат заңдылықтарын бұзыуға болмайды.
Дәптермен жұмыс
1 тапсырма
Табиғат пен адам тұтастығын көрсететін теңеулерді жалғастырып жазыңдар

2 тапсырма
Жасыл-достарға арнап достық тілік жазыңдар.
3 тапсырма
Құстарға,жыртқыш аңдарға,құрт-құмырсқаларға арнап
<<Мен сені қорғаймын....>> атты шағын әңгіме жазыңдар.
Жүректен жүрекке
Оқушылар кезекпен шеңбер бойына жиналып,ұсынылған сөйлемді өз ойларымен жалғастырып айтады.
oo Мен үшін табиғат маңызды,өйткені

Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіздік монументі өлеңімен танысу
Қызғыштың тапсырмасы
Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу
Кешкі дөң басында
Етістіктің көсемше тұлғасы
Абай лирик ақын
Ә. Тәжібаев Толағай ертегісі. Тіл дамыту
М.жұмабаев батыр баян 8-сынып
Жансүгіров Жетісу суреттері
Табиғаттан нәр алып
Пәндер