Ядролық жарылыс кезіндегі жергілікті жердің, атмосфераның жерге жақын қабаттарының және объектілердің радиоактивті зақымдануы

«Бекітемін»

мектеп директоры

  1. Сабақтың тақырыбы:Ядролық зақымдау ошағы және оның сипаттамасы, ядролық зақымдау ошағындағы қирау аумағы және олардың сипаттамасы, ядролық жарылыс бұлтының ізінен пайда болатын зақымдау аумағы және оның радиациялау деңгейі, сәулелену мөлшері, радиациялау деңгейі және оларды өлшеу бірлігі туралы жалпы түсінік
  2. Сабақтың мақсаты:Оқушыларға ядролық жарылыс кезіндегі жергілікті жердің, атмосфераның жерге жақын қабаттарының және объектілердің радиоактивті зақымдануы туралы түсінік беру.
  3. Уақыты:45 мин.
  4. Өткізілетін орны:11 сынып, БӘД бөлмесі.
  5. Көрнекілік құралдар:АӘД оқулығы, плакаттар.
  6. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі - 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі - 10 мин.

  • Ядролық жарылыстың радиациясы дегеніміз не?
  • Сәуле ауруының қанша дәрежесін білесіңдер?
  • Өткір радиацияны қалай әлсіретуге болады?

б) Негізгі бөлім - 20 мин.

Ядролық жарылыс кезіндегі жергілікті жердің, атмосфераның жерге жақын қабаттарының және объектілердің радиоактивті зақымдануы.

Жергілікті жердің, атмосфераның, жерге жақын қабаттарының, әуе кеңістігінің, су мен басқа да объек-тілердің радиоактивті зақымдалуы ядролық жарылыс бұлтынан радиоактивті заттардың түсуінен болады.

Ядролық жарылыс кезіндегі радиоактивті зақымданудың негізгі көздері: ядролық жарылғыш заттардың (плутоний - 239, уран - 235, уран - 238) бөліну өнімдері және осыдан барып топырақтың ядролық зарядтың бөлінбейтін бөлігімен активтелінуі.

Ядро қаруы жер бетінде жарылған алғашқы кезде радиоактивті бөлшектер жалындаған шардың ішінде болады. Ол шар бу мен түтіннің қоршауында жоғары көтеріледі де, бірнеше секунд өткен соң будақталған буға айналады. Жоғары қарай көтеріліп бара жатқан ауа өзімен бірге жерден топырақ бөліктерін қоса жоғары көтеріп әкетеді. Топырақтың мұндай бөлшектері радиоактивті болып қалады. Олардың ішіндегі ең ірі бөлшектері тікелей жарылыс болған ауданның өзіне түседі. Басқалары бұлттың ішінде қалады да, ауа ағынымен ілесіп, жарылыс орталығынан жүздеген километр қашықтыққа таралады. Жер бетіне біртіндеп жауып радиоактивті заттар радиоактивтік із деп аталатын радиациялық өңір түзеді.

Қауіптілік дәрежесі бойынша радиоактивті із шартты түрде төрт аймаққа бөлінеді:

А аймағы - орташа зақымдану. Радиоактивті заттардың толық ыдырағанға дейінгі сәулелену дозасы аймақтың сыртқы шекарасында Д=40рад, ішкі шекарасында Д= 400 рад. Оның көлемі бүкіл із ауданының 70-80%-ын құрайды.

Б аймағы - күшті зақымдану. Сәулелену дозасы сыртқы шекарасында Д= 400рад, ішкі шекарасында Д=1200 рад. Оның көлемі бүкіл із ауданының 10%-ын құрайды.

В аймағы - қауіпті зақымдану. Радиоактивті заттардың толық ыдыраған кездегі сәулелену дозасы аймақтың сыртқы шекарасында Д=1200рад, ішкі шекарасында Д=4000рад. Оның көлемі бүкіл із ауданының 8-10%-ын құрайды

Г аймағы - төтенше қау!пті аймақ. Радиоактивті заттардың толық ыдыраған кездегі сәулелену дозасы аймақтың сыртқы шекарасында Д=4000рад, ішкі шекарасында Д=7000рад.

Бұл аймақтардың сыртқы шегіндегі радиация деңгейлері жарылыстан соң 1сағаттан кейін-8; 80; 240 және 800рад/сағ болады, ал 10сағаттан кейін-0, 5; 5; 15; және 50рад/сағ болады.

Зақымданған жерден сәулелену дозасын төмендету дәрежесі.

Тасалар: Тасалар
Бәсеңдету күші: Бәсеңдету күші
Тасалар: Дезактивизацияланған ашық саңылаулар, орлар, оқпаналар
Бәсеңдету күші: 20
Тасалар: Бүркемеленген саңылаулар
Бәсеңдету күші: 40
Тасалар: Паналар
Бәсеңдету күші: 1000
Тасалар: Бір қабатты ағаш үйлер
Бәсеңдету күші: 3
Тасалар: Бір қабатты тас үйлер
Бәсеңдету күші: 10
Тасалар: Екі қабатты тас үйлер
Бәсеңдету күші: 20
Тасалар: Үш қабатты тас үйлер
Бәсеңдету күші: 40
Тасалар: Көп қабатты тас үйлер
Бәсеңдету күші: 70
Тасалар: Бір қабатты үйдегі подвалдар
Бәсеңдету күші: 40
Тасалар: Екі қабатты үйдегі подвалдар
Бәсеңдету күші: 100
Тасалар: Көп қабатты үйдегі подвалдар
Бәсеңдету күші: 400
Тасалар: Автомобильдер
Бәсеңдету күші: 2
Тасалар: Бронетранспортерлер
Бәсеңдету күші: 4
Тасалар: Танкілер
Бәсеңдету күші: 10

в) Қорытынды бөлім - 12 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Ядролық жарылыс кезіндегі радиоактивті зақымданудың негізгі көздерін атаңдар.
  • Радиоактивті зақымдану қалай пайда болады?
  • Жер үстіндегі ядролық жарылыстан радиоактивтік іздің түзілуі туралы айтыңдар.

Бастапқы әскери даярлық пәнінің

ұйымдастырушы оқытушысы:


Ұқсас жұмыстар
Бір қабатты тас үйлер
Осы заманғы шет мемлекеттері әскерлерінің жаппай жою қаруы
Ядролық жарылыстың зақымдау әрекетінің сипаттамасы
Ұрыс даласындағы жауынгердің жылжу тәсілдері
Мотоатқыш бөлімше
Атом ядросының физикасы
Қазақстандағы экологиялық мәселелер
Бақылаушы жауынгер
Осы заманғы шет мемлекеттері әскерлерінің жаппай жою қаруы . Жарықтық сәулелену
Қорғаныстағы жауынгер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz