Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы

§1. Қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы
Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларды XVIIIғасырдағы қазақ қоғамының әлеуметтік кұрылымының
ерекшеліктерімен таныстыру, оқушылардың назарын әлеуметтік топтар
арасындағы қатынастарға аудару, қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтың рөлін
көрсету;
- Бұрынғы алған деректермен жұмыс істеуге, көтерілген мәселе бойынша
деректерге сүйене отырып, талдау жасауға үйрету;
- Туған өлкенің тарихына құрметпен қарауға, еңбек-қорлыққа мақсат коя
білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: карта, «Қазақ қоғамының әлеуметтік қүрылымы» схемасы
(кесте), терминологиялық сөздік.
Жаңа материалды бұрынғы өткен тақырыпты қайталай отырып оқыту (білімді
бекіту).
Негізгі ұғымдар: қоғамның әлеуметтік құрылымы, әлеуметтік теңсіздік, класс,
иерархия, конфессия, адат, құн, құрама, тархан, төлеңгіт, кұл, диалект.
Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:
1. Қазақтардың саны мен орналасқан жерлері.
2. XVIIIғасырдағы қазақ қоғмының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері.
Қазақстан аумағындағы тайпалардың орналасуы мен Қазақ хандығындағы
әлеуметтік құрылым жөнінде оқушылар 7-сыныптағы Қазақстанның орта ғасырлар
тарихы курсынан таныс болғандықтан, бұл жөнінде алдын ала сұрап, естеріне
түсірген жөн.
№1 тапсырма. Картамен жұмыс.
1. Төмендегі жүздердің құрамына қай тайпалардың кіргенін естеріңе
түсіріңдер.
а)Ұлыжүз:
ә) Орта жүз:
б) Кіші жүз:
2. Картадан орналасқан аумақтарын көрсетіңдер:
а) Ұлы жүз –
ә) Орта жүз -
б) Кіші жүз -
3) XVIIIғасырда Қазақ хандығы қандай мемлекеттермен шекаралас болды?
Олармен қарым-қатынасына тоқталыңдар.
Оқушылардың жауабын тыңдап болғаннан кейін жаңа сабақты түсіндіруге болады.
Бұл жерде Қазақ хандығының осы кездегі саяси дамуының ерекшеліктерін,
казақтардың басқару жүйесін міндетті түрде айту керек. Сонан кейін
оқушыларды деректермен жұмыс істету және оларды талдау жасай отырып, өз
ойын айтқызу мақсатында тапсырма беріледі (өздігінен жұмыс).
№2 тапсырма:
- Оқулықтағы тақырыпты пайдалана отырып, XVIIIғасырдағы қазақ коғамының
әлеуметтік кұрылымының ерекшеліктерін бейнелейтін кесте (схема) кұрыңдар.
Берілетін жауаптар үлгісі:
XVIIIғасырдагы Қазақ хандығы халқының әлеуметтік кұрамы феодалдық қоғамның
классикалық құрылымын көрсетеді:
1. Феодалдар каласы (тобы): 2. Шаруалар класы (тобы): IШыңғысханның
ұрпақтары - Қарапайым малшылар, (хандар мен сұлтандар); егінші
шаруалар;
- Рулық және тайпалық - Егінші шаруалар. ақсүйектер;
- Қожалар, имамдар, қажылар;
- Патриархалды-феодалдық ақсүйектер өкілдері (бектер, байлар, батырлар).
№3 тапсырма. Сөздікпен жұмыс. Тақырыпты оқып шығып, төмендегі терминдердің
анықтамасын айтыңдар:
1. Құрама5. Төлеңгіт
2. Қожа6. Құн
3. Құрылтай7. Адат
4. Ханталапай8. Тархан
№4 тапсырма:
- Қазақстан тарихы бойынша хрестоматия материалдарын пайдалана
отырып, әр топ (класс) өкілдерінің қандай міндеттері мен кұқықтары болғанын
атап көрсетіңдер.
Онан әрі мұғалім сабақты төмендегідей етіп жоспарлайды:
1. Хан сайлау дәстүрі.
2. Сұлтандар әулетінің артықшылықтары.
3. Қожалар мен олардың қазақ қоғамындағы рөлі.
4. Қазақтар қандай еңбегі үшін тархан атағын алған?
5 Әлеуметтік мәртебесі - қоғамның ерікті мүшесі.
6. Төлеңгіт деген кімдер?
7.Қазақ қоғамындағы құлдардың жағдайы.
Жаңа сабақты бекіту үшін берілетін сұрақтар мен тапсырмалардың үлгісі:
1. Картадан Қазақ хандығының аумағын және оның ішіндегі әр жүздің
орналасқан жерлерін көрсетіңдер.
2. XVIII ғасырда Қазақ хандығы қандай мемлкеттермен шекаралас болды?
3. Осы кезеңдегі Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы жөнінде не айта
аласыңдар?
4.Оқулықтың 13-бетіндегі құжатпен жұмыс (Г.Н. Потанин). Таңдамалы
шығармаларының үш томдығы. Тарих, этнография және фольклор жөніндегі
еңбектер. Павлодар, 2005, 3-том, 30-31-беттер).
Үйге тапсырма:
1. XVIII ғасырдағы қазақ қоғамының таптық құрылымының ерекшеліктеріне баға
беріңдер (Хрестоматия. КоншинН. «Павлодардан Қарқаралыға дейін»).
2. Халықтың кейбір топтарының қандай артықшылықтары болды? Сендердің
ойларыңша неліктен?

Ұқсас жұмыстар
"Абылай хан.."
Абылай кім
Үндістандағы феодалдық қатынастар
8-сынып. Қазақстан тарихы
Орыс жерінің мәскеу төңірегіне бірігуі
Сарматтардың шаруашылығы
Қыпшақ хандығы 7-сынып
Қоныстандыру саясатының мақсаты
Сақ топтарының аты
Сұлтанмахмұт Торайғыров. Шығамын тірі болсам, адам болып өлеңі
Пәндер