Жарық құбылыстары

Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы Бескөл ауылы
«Парасат» мектеп-лицейі
«ФИЗИКА МЕН ӘДЕБИЕТТІҢ ТАҢҒАЖАЙЫП ӘЛЕМІ»
Факультативті курс 7-8 сынып
Құрастырған:
«Парасат» мектеп-лицейінің физика пәні мұғалімі
Айтымов А. Б.
Түсініктеме хат
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «ұлттық және бүкіл азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталғын білім алу үшін қажетті жағдалар жасау» деп көрсетілген. Бұл жағдайда оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктері мен танымдық белсенділіктерін және практикалық қабілеттерін арттыру, саралап оқыту, профильдік оқытуды жалғастыру шаралары жүзеге асырылуы тиіс. Әрбір оқушының қызығушылығы мен қабілетін ескеру, оқу материалдарының мазмұнын оқушының өмір тәжірибесіне жақындату, оның өз бетінше оқу және ізденушілік қызметін кеңейтетін жағдайлар туғызу, білім сапасын арттырудың бір тәсілдері болып саналады. Осыған орай орта буын оқушыларына «Физика мен әдебиеттің таңғажайып әлемі» атты факультативті курсы жасалып отыр. Бұл жобаның тағы бір тиімді жағы информатика пәнімен кіріктірілсе оқушылардың потенциалы дамиді. Сындай кіріктірілген курстар оқушыларды қоршған ортаны белсенді тануға, логикасын дамытуға Эпитет, метафораларды психологиялық тұрғыдан өмірдегі, табиғаттағы көп құбылыстар эмоционалдық деңгейде толығымен қабылданады. физикалық құбылыстарды орта буын оқушыларына әдебиеттегі бейнелеулер арқылы түсіндіру өте дұрыс деп есептеп, осы курсты мектеп жоспарына енгізуді жөн көрдім. Көптеген физикалық түсініктермен заңдарды эмоционалды түсіндіруге поэзия өзінің жарықтығымен ашықтығымен үлесін қосады.
Оқушылардың психологиялық қабылдау сызбасы
Жаңашылдығы және өзектілігі: Орта буын сыныптарының әдебиет материалдарын қарастырып, және сабақтарына қатысып оқушылардың қойып отырған сұрақтарын өзіме белгілеп отырдым. Солардың үштен біреуі физикалық құбылыстарға байланысты болды. Әсіресе эпитеттер, метафораларды, салыстырмалы тіркеулерді талдағанда, әдебиетші мұғалімнің ғылыми тұрғыдан түсініктеме беруі қиынға түсетініне куә болдым. Сондықтан оқушылардың кейбір сұрақтарына үстірт жауап берілетін болды. Менің ойымша, бала өз сұрағына бірден қанағаттанарлық жауап алмаса, екінші ретте бұл сұраққа жауап іздемейді, қызығушылығы төмендейді.
Сабақтарда физика мұғалімдері бұл әдісті жие қолданады, бірақ жүйелі түрде физикалық құбылыстарды көркем бейнелеу әдістер арқылы ешкім талдаған жоқ.
Курстың мақсаты:
Әдебиеттегі көркем бейнелеу арқылы оқушыларға шығармашылық ойлау деңгейлерінде ғылыми тұрғыдан физиканың ұғымдарын және құбылыстарын түсіндіру.
Курстың міндеттері.
- Оқушылардың танымдық деңгейін арттыру;
- Физика пәніне және нақты ғылымдарға қызығушылығын арттыру;
- Оқушыларды физикалық құбылыстарымен таныстыру;
- Физикалық құбылыстар туралы мағлұматтар жинау;
- Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту;
- Әр оқушының ғылыми тілінде сөйлеу қабілетін толық ашу
- Берілген шығарамада физкалық құбылысты тауып, физика пәнінің қай
бөліміне жататынын анықтау, оған талдау жасап түсіндіру
- Ізденіс жұмыс арқылы білімдерін толықтыру;
Болжау.
Әдеби шығармалардағы физикалық құбылыстарды орта буын оқушыларына сабақ барысында, үйірме сабақтарында қолданып талдаса оқушылардың физика пәніне табиғаттың құбылыстарын толығырақ меңгеруге ынталары артады.
Бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты ғылыми тілмен қарапайым түрде физикалық құбылысты жеңіл түсіндіруді көздейді
Қолданбалы курсты оқытуда ең басты әдістемелік жүйе элементі алда күтілетін нәтижелер, мен бағалау болып табылады.
Оқушылар курсты арнайы құрылған бағыт бойынша теориялық мәлеметтерді блоктап оқып берілген тапсырманы орындау арқылы бағаланады.
Ағымдық бақылау тәжірибелік сабақтарда оқушылардың ауызша жауаптарынан құралады және мына пунктермен бағаланады
- Физикалық құбылыстың түрін анықтау
- Физикалық терминдерді қолдану
- Құбылыстардың байланыстарын ашу
- Болып жатқан процесті түсіндіру
Бұл курстан оқушы не алады?
Болып жатқан физикалық процесті, теория жағынан түсіндіре алады, олардың дұрыстығын заңдылық салдарына сүйеніп тексере алады, сабақ үстінде ғылыми терминдермен сөйлеу қабілеті дамиды сөздік қоры баиды.
Курсты бітірген соң оқушылар мектепшілік ғылыми жоба жазып қорғайды.
Осының нәтижесінде физикаға оқушылардың қызығушылығы арта бастады.
Әдебиет пәнінің мұғалімі мен физикалық дұрыс емес әңгіме құрастырып оқушы дұрыс емес жерлерін тауып дұрыс жауабын түсіндіріп беру керек.
Қолданылатын әдістер
Мұғалім алдына қойған мақсатты шешуде кез келген оқыту әдістері мен технологияларын қолдана алады.
Бағдарламаның мазмұны және құрылымы
Курстың әр бір бөлімін қарастырғанда теориялық білімдерін практикада қолдана білуге баулу.
Кіріспе 1
Курстың мақсаты мен міндеттері. Қарастырылатын сұрақтар мен жалпы құрылымы. Қойлатын талаптар
Механика 4
Қозғалыс . Бірқалыпты қозғалыс, бірқалыпсыз қозғалыс, қисықсызықты қозғалыс анықтамалары болу жағдайлары қарастырылады. С. Сейфулин «Автомобиль» Мұқағали Мақатаев «Күн ауысып барады»; Жылдамдық денелердің түрлі жылдамдықпен қозғалуы соның себебінен туындайтын жағдайлар. А. Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға»; Күш. Күштерді қосу. Күш деген ұғыммен таныстыру бір денеге бірнеше күштің түсуін қарастыру. Қадыр Мырза Әли «Күрес» Д. Крылов «Аққу, щортан, және рак»; Тербелістер мен толқындар. Тербеліс. Дыбыс. Тербеліс пайда болу шарты, тербеліс кезінде дыбыстың пайда болуын қарастыру. Жиілік, период, амплитуда. Қадыр Мырза Әли. «Бірі жоқ зіркілдеген зеңбіректің»; Дыбыс қассиеттері. Тон, жаңғырық. Қадыр Мырза Әли «Мұрат -мүде пернесі»; Мақал мәтелдерді талдау қазақ халқының, күшке, жылдамдыққа, қозғалысқа, дыбыс құбылыстарына байланысты мақалдарды физика тұрғысынан түсіндіру.
Жылу құбылыстары 5
Диффузия. Зат құрылысы, молекулалардың қозғалысы туралы мағлұмат беру. Қадыр Мырза Әли Адамын «Ауыл атамекен пернесі»; Заттың агрегаттық күйлері. Заттың үш күйі сұйық, газ, қатты денелер қассиеттері. Қ. МырзаАли «Табиғат жаратылыс пернесі»; Жылу берілу түрлері, жылу өткізгіштік конвекция, сәулелену. Қ. МырзаАли «Табиғат жаратылыс пернесі»; Булану және конденсация. Булану процессі кезіндегі физикалық жағдайлар, қайнау, конденсация, сублимация ұғымдары. Абай «Қыс» «Күз» Баллар әдебиеті Сұлтан Қалиұлы«Бұлт деген не?»; Мақал мәтелдерді талдау жылу құбылыстарымен байланысты мақал мәтелдерді физикалық тұрғыдан түсіндіру.
Жарық құбылыстары 5
Жарықтың түзу сызықты таралуы. Жарық көздері, жарық сәулесі жарық жылдамдығы, туралы ұғымдарды қарастыру. «Орман, орман-сыңсып тұрған ой қалың» Қадыр Мырза Әли; Жарықтың шағылуы, түскен сәуле, шағылған сәуле екі орта, айналар, шағылу заңы. Абай «Желсіз түнде жарық ай». Мағжан Жұмабаев «Батқан күн, атқан таңның жыры»; Жарықтың сынуы. Түрлі орта үшін сәуленің таралу жылдамдығы, М. Мақатаев «Райымбек! Райымбек» Қ. МырзаАли «Табиғат жаратылыс пернесі»;
Қорытынды сабақ 1
Өздік жұмыс арқылы білімдерін бағалау, пікір алмасу.
Жазғы демалыс уақытында мұғаліммен жұмыс
Оқу- тақырыптық жоспар Аптасына 1 сағат барлығы 17 сағат
Күнтізбелік жоспар
Практикалық
жұмыс
Лекция
Практикалық жұмыс
Қадыр Мырза Әли «Адамын Ауыл атамекен пернесі»
«Қалампыр сіңген балғынға»
Жарық құбылыстары.
Жарықтың түзу сызықты таралуы.
Физика 8
«Орман, орман-сыңсып тұрған ой қалың» Қадыр Мырза Әли
Физика 8
Абай «Желсіз түнде жарық ай». Мағжан Жұмабаев «Батқан күн, атқан таңның жыры» Абай «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы»
Физика 8
М. Мақатаев «Райымбек! Райымбек» Қ. МырзаАли «Табиғат жаратылыс пернесі»
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz