Металдар химиясы

Келісемін Бекітемін
К. Мыңбаев орта мектебінің
директоры рахматуллин А. Б.
Металдар химиясы
Пән мұғалімі: Қасымбекова А. И.
Кәрім Мыңбаев орта мектебі
Түсінік хат
«Қайда қарасақ та, қайда көз жіберсек те көретініміз - химия ғажайыптары»
- деп ұлы ғалым А. М. Ломоносов айтқандай бізді қоршаған орта химия саласымен тығыз байланысты. Химия шаруашылықтың барлық салаларында, күнделікті тұрмысымызда кеңінен қолданылатындықтан «металдар химиясы» үйірмесінің оқушыларға берері мен үйретері мол.
«Металдар химиясы» үйірмесі зерттеушілік бағыт алады, сондықтан оқушылардың білімдерін іс-жүзінде қолданудың маңызды әдістерімен таныстыруды және оқушылардың қазіргі заман техникасына, өндіріске деген қызығуын дамытуды көздейтін, экологиялық білім беретін қолданбалы курстарға жатады. Сонымен қоса бұл үйірмеде теориялық материалын сәтті игертудің тиімді жолдарының біріне химиядағы типтік есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру мен меңгерту жатады. Бүгінгі таңда тәуелсіз мемлекет алдында тұрған негізгі мақсаттардың бірі - дүниежүзілік білім әлеміне ену болып отыр. Бұл салада білім беру ісінің мазмұнын жаңа бағытқа бұрып, құрылымдық жүйесін жаңарту, өзгерістер енгізу - білім реформасын жүзеге асыру алғышартта тұрғаны баршамызға аян. Сондықтан да мектеп қазіргі уақытта талап етіп жатқан жас жеткіншектерге деген әлеуметтік тапсырысты қанағаттандыруды қажет етсе, бүгінгі мұғалімнің шеберлігі, мәдениеті, психологиялық-педагогикалық жүйеде ғылыми ізденістер басты бағытта болып отыр. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев білім мекемелерінің 3 съезінде: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да оларға жүктелген міндет ауыр болады», - деген сөзі еріксіз еске оралады. Демек, Егеменді Қазақстанның болашақ потенциалын оқытып-тәрбиелейтін мұғалімнің шығармашыл, жан-жақты білімді, парасатты, мейірімді, сезімтал, интеллектуалды, мәдениетті, ғылыми зерттеуші, ізденімпаз болуы - заман талабы. Бұл қасиеттерге ие болу үшін мұғалім үнемі ізденіп, кәсіби шеберлігін жетілдіріп отыруы тиіс.
Баладан ата - анадан кейінгі ақыл - ой, адамгершілік, эстетикалық, сана - сезімдік дене тәрбиесі мен ұлттық тәрбиені сіңіруші адам - педагог. Ал жаңа заманның тарихын жазатын, кезінде қателескен, бұрмаланған тұстарына әділ баға беретін, толықтыратын бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан да елімізде жүріп жатқан өзгерістердің мәнін әділ пайымдау бәрінен бұрын жастарды тәрбиелеп жатқан педагогтарға үлкен жауапкершіліктер жүктейді.
Білім беру ісінде ұстаз басты әрі шешуші тұлға. Ұстаздың білімділігі, абырой-беделі оның шәкіртінен көрінеді. «Шәкірттің жақсы болмағы, ұстазынан» деп халық тегін айтпаған. Ұстаз ұғымы - мағынасы кең, мәні терең, тарихи ұғым. Адамзат баласының дамуында білімнің қажеттілігі сол білімді таратушы, жеткізуші ұстаздың қажеттілігімен бірдей маңызға ие болған. Сондықтан әр ұстаз өз пәнін жетік білумен қатар, жас ұрпаққа сапалы білім бере білуі тиіс.
Мақсаты: келесі міндеттерді орындау көмегімен оқушылардың химия ғылымына деген қызығушылығын арттыру :
- химиядағы талдаудың заманауи ғылыми әдістерін меңгеру;
- оқушыларды ғылыми-зерттеу жобалары жұмыстарына тарту;
- оқушылардың ғылыми жобаларын байқаулар негізінде мемлекеттік бағдарламаларға ұсыну.
Міндеттері:
1. Оқушылардың танымдық құзыреттіліктерін арттыру;
2. Пәнге деген сүйіспеншіліктерін ояту;
3. Салауатты өмір салтын қалыптастыру;
Күтілетін нәтижелер:
Оқу барысы кезінде балалар химиядан терең білім алады, бейорганикадан есептер шығаруды, металдардың қасиетімен, әртүрлі типтік реакциялар үшін физикалық және химиялық көрсеткіштерді есептеуді үйренеді, зертханалық химия практикумын меңгереді, өзінің жеке жобасын жүргізуді үйренеді, сонымен қатар оқушыларда мектеп конференциялары деңгейіндегі жобалар баяндамасын оқумен тәжірибе жинау мүмкіндігі болады.
Тақырыптық жоспар
34 сағат
2-3
(6-7)
өндіретін аудандар
3-4
(15-16)
1-2
(21-22)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz