Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сайыскерлеріміздің сайысқа түсу реті

Ақмола облысы
Зеренді ауданы
Шағалалы орта мектебі
Бегалина Асель Сұлтанбекқызы
begalina1979@mail.ru
тел.87774757312

Мемлекеттік тілдің үздігі
(орыс өкілдері оқушыларымен өтікізілген сайыс )
І жүргізуші Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді жан екен деп төрге озар.
Қай тілде де сөйлесең де дұрысы,
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.
Қайырлы күн, қасиетті қазақ тілінің жанашырлары! 22-қыркүйек Қазақстан
халықтарының тілдері мерекесіне орай-оқушылардың тіл байлығын,тілге деген
қызығушылығын,құрметін,сүйіспеншілігін арттыру мақсатында өткізілгелі
отырған «Мемлекеттік тілдің үздігі» атты байқауға қош келдіңіздер.

ІІ жүргізуші: 22-қыркүйек күні бүкіл Қазақстан халқы бірлік пен берекенің
үлкен мейрамын тойлайды.Ол-тілдер мерекесі. Түрі,тілі,діні бөлек
болғанымен жүрегі «Қазақстан-туған жерім,Отаным» деп 130-дан астам ұлт
өкілдері бір ауыздан жар салуда.

І жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық ,
Білімді өрендерге тамсанайық .
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,
Әділ қазы алқасын таныстырайық .

ІІ жүргізуші: Байқауымызды бастамас бұрын сіздерді оның өту барысымен
таныстырып өтейін.Сайысымыз бес кезеңнен тұрады:
І. «Кел,танысайық»
ІІ . «Мақал –сөздің мәйегі»
ІІІ. «Мықты болсаң жаңылдырып көр»
ІҮ. «Көңілі ояу, көзі ашық»
Ү. «Жалғасын тап»

І жүргізуші: Таразылап талқылар,
Алдыңда тұр асқан сын.
Ортаға шық, ұландар
Байқауымыз басталсын.

ІІ жүргізуші: Сайыскерлеріміздің сайысқа түсу реті:

І жүргізуші: Сайысымыздың бірінші кезеңі «Кел,танысайық». Қазір алдын-ала
белгіленген нөмір бойынша рет-ретімен әрбір сайыскер өзін таныстырып
өтеді.Таныстыру барысында сайыскерлеріміздің дауыс ырғағына, мәнерлеп оқу
шеберлігіне, дыбысты дұрыс айтуына көңіл бөлінеді.

II жүргізуші: Сайысымыздың екінші кезеңі «Мақал –сөздің мәйегі» .
Сайыскерлер ұсынылған тақырыптардың біреуін таңдап алып,сол тақырыпта мақал-
мәтел айтып жарысады. Әр дұрыс айтылған мақалға бір ұпайдан беріледі.
(сайыскерлер сахнада тұрады) (Отан, Оқу – білім, Достық, Еңбек туралы
5мақал)

І жүргізуші: Танымдық та,тағылымдық та мәні бар,
Одан ұқсаң, ұтқырлық та
табылар.
Өзге сөзге лезде өзгеріп
кетеді,
Болсаң егер жаңылысар,
жаңылар.
Зеректерді
зеріктірмес,жаңылтпас,
Зеректер де жаттауға оны
жалықпас.
Қызықтырар,тұтықтырар
тіліңді,
«Бұл не ?» десең,бұл-кәдімгі жаңылтпаш.

Сайысымыздың үшінші кезеңі «Мықты болсаң жаңылдырып көр».
Бірінші нөмірлі ойыншы бір жаңылтпаш айтады, ал екінші нөмірлі ойыншы сол
жаңылтпашты қайталайды да, өз жаңылтпашын келесі ойыншыға айтады

ІІ жүргізуші: Жандары қаламайтын аласаны,
Шәкірттер алда талай бел асады.
Әлемге қазақ халқын танытатын,
Осылар еліміздің болашағы.

Сайысымыздың төртінші кезеңі «Көңілі ояу, көзі ашық». Бұл сайыс 4
тапсырмадан тұрады.
Әрбір сайыскерге 5 сұрақтан қойылады.Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан
беріледі.(сайыскерлер сахнада тұрады)

1. тапсырма
8- сынып 1.Зере Абайға кім болады? (Әжесі)
2.Бір тәулікте неше сағат бар? (24 сағат)
3.Наурызда пісірілетін басты тағам (Наурызкөже)
4.Тұрлаулы мүшелерге не жатады? (Бастауыш пен баяндауыш)
5.Туда не бейнеленген?

9- сынып 1.Жүз жасаған ақын кім? (Жамбыл Жабаев)
2.Қазақ тілінде жалғаулардың неше түрі бар? (4)
3.Жаңылтпаш қалай айтылады? (Жылдам)
4.Қазақстан Республикасының рәміздері қашан қабылданды? (1992 жылы)
5.Абай Құнанбаев кім?

10- сынып 1.Абайдың неше қара сөдері бар? (45 сөзі бар)
2.Ш.Уәлихановтың шын аты қандай? (Мұхамедқанафия)
3.Тышқаннан қорқатын аң (Піл)
4. «Жұмбақтас» қайда орналасқан? (Бурабайда)
5.Елтаңбада не бейнеленген?

11- сынып 1.Ахмет Яссауидің кесенесі қайда қаланған? (Түркістан қаласында)
2.Қазақстанның бірінші астанасы? (Орынбор)
3.Жұрнақтардың неше түрі бар? (2)
4.Сөйлем неден құралады? (Сөзден)
5.Еліміздің ең биік тау шыңы (Хан Тәңірі)

2.тапсырма
Қ А З А Қ С Т А Н сөзінен сөздер құра.

Қаз, ақ, қазақ, ас, ат, ана, зат, нақ, сақ, сақа, тана, сана, қас, қан,
тас.

3.тапсырма
Мына сөздерді қазақшаға аудар.
Пресная – Тұщы
Растение – Өсімдік
Множество – Алуан
Учебные принадлежности – Оқу құралдары
Территория – Аймақ
Времена года – Жыл мезгілдері
Независимое государство – Тәуелсіз мемлекет
Эпоха – Дәуір
Космос – Ғарыш
Музей – Мұражай
Уровень – Деңгей
Трудности – Қиындық
Нехватка воды – Су тапшылығы
Ответственность – Жауапкершілік
Водохранилища – Су қоймасы

4.тапсырма
Сын есімдерге зат есімдердің лайықтысын тіркеп жаз.
Өнерпаз Сөйлем
Түйініді Бала
Әуесқой
Суретші
Басыңқы Ой
Күрделі Етік
Қызыл
Тақырып
Тершең Кітап
Қызық Адам
Сұйық Есімдік
Сұраулы Май

І жүргізуші: Қазақ тілі аса бай тіл, икемді тіл.Қалай исең,солай майыса
береді.Орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға,тас қашап, ағаш
оюға болады.Бұл тілден май тамады десе де сияр. Халықтың тіліне, жырына
құлақ салсаң, не бір алуан шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте
тоймайсың.

Сайысымыздың бесінші кезеңі «Жалғасын тап».
Әр сайыскерге бір өлеңнің бірінші жолы оқылады, ал сайыскер өлеңді әрі
қарай жалғастырып айтуы керек.

8- сынып: «Кел, балалар, оқылық...»

9-сынып: «Ғылым таппай мақтанба...»

10-сынып: «Ақ киімді денелі ақ сақалды...»

11-сынып: «Желсіз түнде жарық ай...»

ІІ жүргізуші: Далаң үшін,қызба қан халқың үшін,
Жырың үшін кеңейткен жан тынысын.
Саған, Қазақстаным ғашықпын
мен,
Әншіл,сәншіл,бәйгешіл халқың үшін.

І жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл
шықты.
Білім мен тапқырлықтың
жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз
мықты.
Сайысымыздың қорытындысын шығарып, мемлекеттік тілдің үздігін анықтау
үшін сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі.

ІІ жүргізуші:
Қазақстан Республикасының Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біз бүкіл
қазақстандықтардың басын біріктіретін фактор – қазақтардың туған тілін
дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз керек»,- деген болатын. Олай
болса:
Ана тілім – қазақ тілім туған тіл,
Қасиетті тіліміздің мәнін біл.
Ана тілін құрметтеңдер адамдар
Заманға сай өзге тілдің бәрін біл,-
деген тілекпен біз сіздермен қоштасамыз.

Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік тілдің үздігі (өзге ұлт өкілдері оқушыларымен өтікізілген сайыс )5-7сыныптар
Сөз бастау қиынба
Кезек Мақалдар сайысында
Өнер- өмір жемісі
Математикалық сайыстың барысы
АК-74 автоматының арналу мақсаты, ұрыстық қасиеттері. Автоматты толық емес бөлшектеу мен жинастыру реті
Ғажайыптар әлемі танымдық сайыс
«қыз – еркем, қылығымен көркем!»
Аспан әлемінің білгірі
Жігіт сұлтаны туралы ақпарат
Пәндер