Органикалық заттардың ерекшеліктері: орта мектептегі химия сабағының жоспары

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

№8 орта мектептің химия пәні мұғалімі

Уалиева Гүлшат Жанболатовна

Сабақтың тақырыбы : Органикалық заттардың ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Бейорганикалық қосылыстарды еске түсіре отырып, органикалық заттарға түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ғылыми көзқарасын арттыру

Тәрбиелілік: Оқушыларды шығармашылыққа баулу

Сабақтың көрнекілігі : Тірек -сызбалар, таблицалар

Сабақтың әдісі : СТО технологиясы

Сабақтың түрі : Дамыта оқыту

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылықты ояту

Сөзжұмбақ «Қай ғалым »

Ізделінді сөз: Швед ғалымы И. Я. Берцелиус

  1. Тақтаға жазатын құрал атымен аталатын элемент (бор)
  2. Н2SiO3- қышқылдың аталуы (кремний)
  3. Тіс жуғыш паста құрамындағы элемент (фтор)
  4. Алақанда еритін металл (цезий)
  5. Құрылыс материалы (цемент)
  6. Ең жеңіл металл (литий)
  7. Азот қышқылының тұздары (нитрат)
  8. Радиоактивті элемент (уран)
  9. Кремний қышқылының тұздары қалай аталады? (силикат)

2. Мағынаны ашу (Жаңа сабақ)

1.

Мысалдар келтіріңдер .

2.

2. Оқулықпен жұмыс.

№2. №3. №4. Жаттығуларды орындап, түсіндіріңдер.

3. Өз бетінше орындайтын танымдық тапсырмалар .

Берілген бірнеше заттарды қайсысы органикалық заттар, қайсысы бейорганикалық заттар екенін айырып жазыңдар:

Киім, тамақ, ет, сүт, алма, жүзім, шалбар, көмір, мұнай, май, шокалад, тұз қышқылы, калий оксиді, глюкоза, фруктоза, су, натрий, көмір қышқылы, сұйық май, күдіргіш калий, вазелин.

  1. Ой тұжырымдамасы:
  1. Өсімдіктер мен жануарлар денесінен табылған заттар органикалық заттарға жатқызылды. Ол органикалық заттар тірі организмен әсерінен пайда болады. Кейін органикалық заттар жасанды жолмен алына бастады.
  2. Оргнаикалық заттардың ерекшеліктері: Құрамында санаулы ғана элементтер (С, Н, О, N, S, т. б) кіреді.
  3. Құрамы бірдей, құрылысы әртүрлі заттар түзе алады.
  4. Бейорганикалық заттар 100 мыңнан асса, органикалық заттар өте көп, 18млн -дай болады.

ІІІ. Кіріктірілген бөлім.

Рефлекциялық - бағалау кезең.

Білімді бекітуге арналған тест- сұрақтар

1. « Органикалық химия » терминін алғаш енгізген ғалым.

а) И. Я. Берцелиус ә) М. В. Ломоносов б) Д. И. Менделеев

2. « Органикалық » деген термин қандай сөзден шыққан.

а) көміртек ә) организм б) өнімдер

3. Органикалық қосылыстар саны бейорганикалық қосылыстардан аз ба, көп па?

а) аз ә) көп б) орташа

4. Органикалық қосылыс қандай элементтен тұрады?

а) натрий, калий ә) көміртек, сутек б) көмірқышқыл газы

5. Органикалық заттардың құрамына мына элементтердің қайсысы кіреді?

а) Ca, S, N, C, Mg ә) C, H, O, N, S б) Zn, Ba, C, O, H, S

ІV. Бағалау.

Тапсырмалар
Мұғалім берген ұпай
Оқушылар жинаған ұпай
Баға
№: 1
Тапсырмалар: Қызығушылығын ояту
Мұғалім берген ұпай: 15 ұпай
Оқушылар жинаған ұпай:
Баға:
№: 2
Тапсырмалар: Тірек-сызбамен жұмыс
Мұғалім берген ұпай: 5 ұпай
Оқушылар жинаған ұпай:
Баға:
№: 3
Тапсырмалар: Оқулықпен жұмыс
Мұғалім берген ұпай: 10 ұпай
Оқушылар жинаған ұпай:
Баға:
№: 4
Тапсырмалар: Тест
Мұғалім берген ұпай: 5 ұпай
Оқушылар жинаған ұпай:
Баға:
№: 5
Тапсырмалар: Барлығы
Мұғалім берген ұпай:
Оқушылар жинаған ұпай:
Баға:

35 ұпай-«5»

30 ұпай - «4»

25 ұпай-«3»

V. Үйге тапсырма
§ 40. Органикалық заттарға мысалдар жазып, түсіндіріңдер.


Ұқсас жұмыстар
Органикалық заттардың ерекшеліктері: 9-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Органикалық заттардың ерекшеліктері мен маңызы және органикалық қосылыстардың химиялық құрылысы мен изомериясы
10-сынып жаратылыстану-математика: Органикалық және бейорганикалық заттардың байланысы - сайыс сабақ
Органикалық химия: аминдер, аминқышқылдары, химиялық құрылыс теориясы және гомологтар мен изомерлер
Битабарова Х.И. құрастырған стехиометрия және органикалық химия есептері мен шешімдері
10-сынып биология пәні: Жасушаның құрамындағы органикалық заттар бойынша орта мерзімді жоспар
Химия сабағының үлгі-жоспары: Галогендер (9-сынып)
Ғасырдың алхимиктері: С.Сейфуллин атындағы мектептегі интеллектуалды химия шоуы
Химиялық қару: қолдану қағидалары, улы заттардың зақымдау ерекшеліктері және қорғану әдістері
Органикалық қосылыстардың жіктелуі, номенклатурасы және изомериясы: технологиялық сабақ картасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz