7-сыныпқа арналған ИБТ қолданылатын ойын түріндегі алгебра сабағы: Бірмүшелер және көпмүшелер

Түсінік хат

Сынып: 7

Пән: алгебра

Тарау: Бірмүшелер және көпмүшелер.

Тақырып: Бірмүшелер және көпмүшелер.

Технология: ИБТ қолдану арқылы ойын түрінде.

Оқулық авторы - А. Әбілқасымова, В. Корчевский, А. Абдиев, З. Жұмағұлова. Алгебра: Жалпы орта білім беретін мектептің 7 сыныбына арналған оқулық. - Алматы: Мектеп, 2012.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар - компьютер және интербелсенді тақта

Мультимедиялық өнім (медияөнім) :

MS PowerPoint

Презентация

Сабақта медиөнімді қолданудың мақсаты - жұмыс жасау кеңістігін ұйымдастыру, танымдық әрекеттерін дамыту.

Қалай әрекетке асады (уақыты және орыны) - бекіту және дамыту кезеңінде.

Ойын телевидениялық «Өз ойыным» бағдарламасының элементтерінен тұрады.

Сабақтың презентациясы Power Point бағдарламасы арқылы өткізіледі. Ойын алдында жауаптардың дұрыстығын және ұпай санын есептеп отыруға әділ қазылар алқасы сайланады. Соңында әділ қазылар алқасы нәтижесін шығарады.

Жүргізуші ойында болатын сұрақтардың 4 категориясын атайды:

  • Дәреженің қасиеті;
  • Бірмүшелер;
  • Теориядан
  • Көпмүшелер.

Әрбір категория әр түрлі деңгейдегі 5 сұрақтан тұрады. Әрбір дұрыс жауап үшін топар 100-ден 500-ге дейін ұпай алады. Ойнаушы сұрақтың қатегориясын және «құнын» таңдайды. Жүргізуші сұрақты оқиды. Ойлауға немесе есептеуге сұрақтың қиындығына байланысты 1 -ден 3 минутқа дейін уақыт беріледі. Қай топтың ойыншысы бірінші қол көтерсе, сол топ сұраққа жауап беруге құқылы болады. Егер ол дұрыс жауап берсе және оны негіздей алса, онда топтың ұпайына сұрақтың «құны» қосылады. Егер ойыншы дұрыс жауап бермесе топтың ұпайынан сұрақтың «құны» азайтылады. Егер бір де топ дұрыс жауап бермесе, онда жауапты жүргізуші айтады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Алгебра: Жалпы орта білім беретін мектептің 7 сыныбына арналған оқулық. - Алматы: Мектеп, 2012


Ұқсас жұмыстар
7-сынып: Бірмүшелер мен көпмүшелерді бекітуге арналған ойын сабағы
Бірмүшелер және көпмүшелер тарауы бойынша 16 сағаттық орташа мерзімді жоспар: сабақтар тізбегі мен педагогикалық тәсілдер
7-сыныпқа арналған алгебралық бөлшектерге қолданылатын амалдар: қайталау және жинақтау сабағы
Алгоритм құруда қолданылатын ойын түрлері
Геометриялық фигураларды салыстыруға арналған ойын түріндегі даму сабағы
7-сынып математикасы: Дәреже, көпмүшелер және геометрия - орта мерзімді жоспар
Математикадан қайталау сабағы: ойын түріндегі ашық сабақ жоспары
7-сынып Алгебра: Бірмүшені көпмүшеге көбейту тақырыбындағы сабақ жоспары
7-сыныпқа арналған факультативтік алгебра: таңдаулы курс бағдарламасы (34 сағат)
7-сыныпқа арналған Бүтін көрсеткішті дәреже тақырыбындағы алгебра сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz