М.Арын атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Экономика және бизнес арнаулы лицейінің математика сабағы: Түркістанға саяхат - логика мен есеп дағдыларын дамыту

Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын М. Арын атындағы

”Экономика және бизнес”арнаулы лицейі

Пән мұғалімі: Тулеметова К. А.

Сабақтың тақырыбы: “Түркістанға саяхат”

Мақсаты: 1. Білімділік. Оқушылардың білімдерін тереңдету, шығармашы-

лықпен жұмыс істеуге ынталандыру, білімге деген талпыныс, ізденістерін ояту;

2. Дамытушылық. Логикалық ой-өрісін, санасын, өз ойын

жүйелеуге, тез шешім қабылдауға дағдыландыру;

3. Тәрбиелік. Тапқырлыққа, зеректілікке, оқушы құзырлығын

арттыруға, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.

Типі: Білім мен білік дағдыларын жетілдіру, қайталау сабағы;

Түрі: Дәстүрлі емес, саяхат-сабақ;

Әдісі: Эвристикалық, сұрақ-жауап, иллюстрациялық, жандандыру;

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суретті плакат, карточкалар;

Пәнаралық байланыс: математика, информатика, тарих, жаратылыстану.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Балалар, бүгін біз өз білімізді шыңдап, Қазақстанның киелі жерлерінің бірі Түркістанға саяхатқа шығамыз.

«Түркістан саяхат» маршруты:

Талдықорған → Алматы → Тараз → Шымкент → Демалыс аялдамасы → Отырар → → Түркістан → Сергіту сәті аялдамасы.

Әр аялдама тапсырмаларын дұрыс орындап отырсақ, «Білімді мыңды, білекті бірді жығар» демекші, алған біліміміз тиянақты болса, қиналмай бара аламыз.

  • Сіздерге сәттілік тілеймін!

ІІ. “Алматы” аялдамасы.
Жанұяда төрт бала бар, олардың жастары 5, 8, 13 және 15. Балалардың есімдері: Анар, Болат, Дана, Ғалия. Егер қыздардың біреуі балабақшаға барса, Анар Болаттан үлкен болса және Анар мен Дананың жастарының қосындысы үшке бөлінетін болса, онда балалардың әрқайсысының жасын анықта?

ІІІ. “Тараз” аялдамасы.

1, 3, 5 - топтар
Ыдыстардың сыйымдылығы 7л және 5л. Осы ыдыстармен 6л суды қалай құйып алуға

болады?

Шешуі:

0
7
2
2
0
7
4
4
0
7
6
7л:
0: 0
7: 0
2: 5
2: 0
0: 2
7: 2
4: 5
4: 0
0: 4
7: 4
6: 5

2, 4 - топтар
Біреуінің сыйымдылығы - 5л, екіншісінікі - 9л болатын екі шелек қана бар. Өзеннен дәл 3л суды қалай әкелуге болады?

Шешуі:

0
0
5
0
4
4
5
0
5
5л:
0: 0
0: 9
5: 4
0: 4
4: 0
4: 9
5: 8
0: 8
5: 3

ІV. “Шымкент” аялдамасы.

3 оқушы тақтада карточкамен жұмыс

1-карточка (интерактивті тақтаға)

3, 4, 5 және 6 цифрларынан, бірінші

цифры екінші цифрынан артық және

тең емес екі таңбалы неше сан

құрастыруға болады?
2-карточка

Математикадан болған аудандық олимпиадада 6 оқушы, нәтижесінде бірдей балл жинап, жеңімпаз болды. Облыстық олимпиадаға осы жеңімпаз оқушылардан 2 оқушы жіберудің неше нұсқасы бар?

3-карточка

Орал, Қостанай, Павлодар, Ақтау және Тараз қалалары екі - екіден тікелей ұшатын әуе жолдарымен байланысқан болса, осы қалалардан ұшақтар бір-біріне тікелей ұшатын неше әуе жолы болуы мүмкін?

Осы кезде сынып оқушылары орнында өз бетімен жұмыс жасайды.

№1, 3, 5 - топтар

№9. 7 0; 1; 2 және 4 цифрларымен неше екі таңбалы жұп сандарды жазуға болады?

№2, 4 - топтар

№9. 10 Дәптерге үшбұрыш сызып, оның қабырғаларын қызыл, сары және жасыл түспен бояудың неше нұсқасы бар? Үшбрыштың әрбір қабырғасы әр түспен боялады және бір түс қайталанбайды.

V. “Демалыс” аялдамасы.

Топпен жұмыс

3 3 + 3 + 3 : 3 = 37

5 * 5 * 5 - 5 = 120

5 * 5 * 5 + 5 = 130

(5 + 5) * 5 + 5 = 55

7 7 7 : 7 + 7 * 7 = 160

VІ. “Отырар”аялдамасы.

Күшіктер мен үйректердің бастарының саны 17, ал аяқтарының саны 44. Қанша күшік, қанша үйрек бар?

Отырардан шыққан ұлы ойшыл, данышпан ғалым математик кім?

(Әл-Фараби)

VІІ. “Түркістан” аялдамасы.
“Сиқырлы шаршы” (Жұппен жұмыс) .

1, 3, 5 - топтар

Кез келген бағытта сандардың қосындысы 21-ге тең болатындай етіп, 3, 4, 5, 6, 8, 9 сандарын бос тор көздерге орналастырыңдар.

10
3
8
10: 5
3: 7
8: 9
10: 6
3: 11
8: 4

2, 4 - топтар

Кез келген бағытта сандардың қосындысы 24-ке тең болатындай етіп, 6, 7, 9, 10, 11, 12 сандарын бос тор көздерге орналастырыңдар.

11
4
9
11: 6
4: 8
9: 10
11: 7
4: 12
9: 5

VІІІ. “Сергіту сәті” аялдамасы.

Бір шаруаның қасқыры, ешкісі, капустасы болады екен. Оларды өзеннің арғы жағына алып өтуі керек. Егер шаруа болмаса олар бірін-бірі жеп қояды. Сұрақ: Оларды бір-біріне жегізбей өзеннің арғы жағына қалай алып өтуге болады?

ІХ. Деңгейлік тапсырмалар.

Сыйлықтар.

А-деңгей.

А-1. Жұлдызшаның орнына цифрларды қойып, есепті шығар:

А-2. Сынып оқушылары екі-екіден жұптасып сап түзеп келеді. Оқушылардың бірі алдына қарап, тоғыз жұпты санады, содан соң артына қарап, жеті жұпты санады. Барлығы қанша оқушы сап түзеп келеді?

“А-3”. Квадратты 6 квадраттарға бөл.

В-деңгей.

“В-1”. Ұзындығы 9 см, ал ені 4 см болатын тік төртбұрышты квадрат құруға болатындай тең екі бөлікке бөл.

“В-2”. Жұлдызшаның орнына цифрларды қойып қалпына келтір.

“В-3”. Бес оқушы 100 дәптер сатып алды. Омар мен Әли 52 дәптер, Әли мен Жанат 43, Жанат пен Арман 34, Арман мен Асқар 30.


Ұқсас жұмыстар
Әліппе - білім бастауы: Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің 1 А сыныбының әліппені меңгеруін мерекелеу
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің ғылыми-зерттеу жұмысы мен кадр даярлау сапасы
Үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің 3 А сыныбына арналған Сынып көшбасшысы интелектуалды білім сайысының бағдарламасы мен бағалау парағы (2012-2013 оқу жылы)
Логика (Экономикалық математика): 1-4 сыныптарға арналған авторлық таңдау курсының күнтізбелік-тақырыптық жоспары
Адамгершілік - жан қазынасы: дарынды балаларға арналған сабақ жоспары
Логика әлемі (факультатив): Қиялды дамыту және арифметикалық ойлау дағдыларын қалыптастыруға арналған сабақ жоспары
Ойнайық та, ойлайық: математика сабағында топтық сайыс арқылы логикалық ойлау мен ауызша есеп дағдыларын дамыту
2-сыныпқа арналған математикалық КВН: ойлау қабілеті мен есеп дағдыларын дамыту
5-сыныптар арасындағы ХХІ ғасыр көшбасшы интеллектуалдық сайысы: үш тілде лексика мен ойлау қабілеттерін дамыту
Қызықты есептер: логикалық ойлауды және есеп дағдыларын бекітуге арналған жарыс сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz