Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Activote тестілеу құрылғыларын дайындау

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі

Сарыағаш аудандық білім бөлімі

№89 Л. Жолдасов атындағы жалпы орта мектебі

Баяндама

Activstudio бағдарламасында тест сұрақтарын дайындау.

Activote тестілеу құрылғылары көмегімен тест қабылдау.

Орындаған: информатика пәні мұғалімі Тұрсынбаев Т.

Лесбек Батыр ауылы

2011 жыл.

Пікір.

Тұрсынбаев Талғат Қайназарұлы Сарыағаш ауданы Л. Жолдасов атындағы
№89 жалпы орта мектебінің «Информатика және ЕТ негіздері» пәні мұғалімінің
«Activstudio бағдарламасында тест сұрақтарын дайындау. Activote тестілеу
құрылғылары көмегімен тест қабылдау» тақырыбына жазылған баяндамасы
әдістемелік бірлестік отырысында қаралып өте құнды деп бағаланды.
Бұл баяндаманың құндылығын төмендегіше айқындауға болады:
- баяндама жаңа технологиялар жетістіктерін, соның ішінде – интерактивті
тақта, Activstudio бағдарламасында жұмыс істеу, тест қабылдау
мақсатында Activote тестілеу құрылғыларын пайдалану жан-жақты
көрсетілген;
- бұл баяндаманы көптеген мұғалімдер, олар компьютер құрылғысымен жұмыс
істеуді толық меңгермеген болған жағдайда да, Activstudio
бағдарламасында тест сұрақтарын дайындау, Activote тестілеу
құрылғылары көмегімен күнделікті сабақта оқушылардан тест қабылдауды
меңгеруде әдістемелік нұсқаулық ретінде пайдалануларына болады;
- сонымен қатар мұғалім әр бір сабағын оқушылар үшін тартымды,
білімділік, тәрбиелік деңгейі жоғары түрде өтуге мүмкіндіктер
жаратады.

Әдістемелік бірлестік отырысында қаралған бұл баяндама әдістемелік
бірлестік мүшелері тарапынан аудандық тамыз педагогикалық оқуларына
ұсынылып отыр.

Әдістемелік бірлестік жетекшісі: Г. Байдуалова

Жоспар.

1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім:
І. Тест сұрақтарын дайындау.
ІІ. Activote тестілеу құрылғыларын дайындау.
ІІІ. Тест қабылдау.
3. Қорытынды.
4. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып
табылатын мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде
ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да
елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті
қүру еніп, көкейкесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы
мәлім.
Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік,
дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Мектептің білім
беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын
арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді
тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі
мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық
мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше
бағыттарға бөлуге болады:
- оқу үрдісінде ақпараттың технологияларды пайдалануды іске асырудың
жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау;
- оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды
пайдаланудың әдістемесін жасау;
- мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде
пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;
- оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық
технологияларды пайдалануға үйрету;
- мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту.
Оқу үрдісінде компьютер, интерактивті тақта және мұнда орнатылған
Activstudio бағдарламасы мен Activote тестілеу құрылғылары оқып-үйрену
нысаны ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың
мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді. Мұның өзі
ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға
мүмкіндік береді. Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, интерактивті тақта
білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың
саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт
тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру
тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.
Бүгінгі таңда мектептің білім беру жүйесін ақпараттандыру, жаңа
құрылғыларды оқу үрдісіне енгізу жағдайында өзіндік қайшылықтардың да орын
алып отырғанын айту қажет. Мәселен, мектептерде әлі де болса интерактивті
тақталар мен тестілеу құрылғыларының саны жеткіліксіз, барлық пән
мұғалімдерінің бағдарламашылармен тікелей жұмыс істеу мүмкіншілігі
шектеулі.
Сондықтан білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен
оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану
арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру керек. Мұның өзі мынадай
оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі:
- оқу үрдісін дербестендіру. Мәселен, бұл баяндамада Activstudio
бағдарламасында тест сұрақтарын дайындауға және дайындалған тест жинақтарын
Activote тестілеу құрылғысымен тестілеу жүргізу кеңінен ашылып, тек қана
информатика пәні мұғалімдеріне ғана емес, барлық пән мұғалімдері түсіне
алатындай етіліп ашылып жазылған;
- нақты әрекетке негізделген кері байланысты қамтамасыз етеді.
Мәселен, тестілеу құрылғысын сабақта пайдаланған әрбір оқушы өзінің білімін
бақылауға, тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады;
- материалды меңгеру жылдамдығын арттыруға болады.
Ғылыми педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді және мектеп
тәжірибесін оқып-үйрену мен талдау негізінде ақпараттық технологияларды
мектептің оқу үрдісіне енгізу үшін кешенді ақпараттық білім беру жүйесін
құру қажеттілігі туындады. Бұл жүйенің негізін ақпараттық технологиялар
құрайды. Енді оқытудың ақпараттық технологияларының мәнін ашып көрсетейік.
1. Компьютерлік және ақпараттық сауаттылық. Компьютерлік сауаттылыққа
электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеу білігін жатқызуға болады.
Ақпараттық сауаттылық ақпаратты алудың, қайта жасаудың, жеткізудің,
сақтаудың және пайдаланудың негізгі ережелерін білуді көздейді.
2. Оқу үрдісінде компьютерді, мұнда орнатылған түрлі қолданбалы
бағдарламаларды, қосалқы құрылғыларды пайдалану оқушылардың өзіндік
жұмыстарын ақпараттық-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге де елеулі
өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.
Activstudio бағдарламасының тест сұрақтарын дайындау қосымшасы,
Activote тестілеу құрылғыларының жетістіктері мыналар болып табылады:
- шұғыл кері байланысты қамтамасыз етеді;
- дәстүрлі тестілеуден айырмашылығы – көрнекіліктігі, тартымдылығы;
- тест сұрақтарын дайындауда бірнеше түрлі нұсқаларды қолдану
мүмкіндігі («Ия/Жоқ», жауаптар саны тест сұрақтарын дайындаушы мұғалімнің
қалауымен қойылуы) оқытудағы ең бір қиын мәселелерінің бірі
«біркелкіліктен» сақтандырады, яғни әр бір келесі тестілеу ерекше бір
үлгіде жүргізілуі оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра түседі;
- жоғарыда айтылғандай «жауаптар саны тест сұрақтарын дайындаушы
мұғалімнің қалауымен қойылу» мүмкіндігін деңгейлеп оқыту процесінде де
қолдануға болады – тесттер сыныптың белгілі бір тобы үшін құрылған болуы
мүмкін және әрбір оқушыға дербестік тұрғыдан қатынас жасауға мүмкіндік
беріп, олардың өз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді;
- белгілі бір бөлімдер бойынша дайындалған тест сұрақтары әр бір
бөлім, тарау соңында оқушылар алған білімдерін тексеріп отыру мүмкіндігі
туады.

Негізгі бөлім.

Тест сұрақтарын дайындау.

Activote тестілеу құрылғыларымен тест қабылдау негізгі екі кезеңнен
тұрады. Бірінші кезең – жалпы тест сұрақтарын дайындау алу. Екінші кезең –
Activote құрылғыларын тест қабылдауға дайындау және олардың көмегімен тест
жүргізу.

Бірінші кезең.
1. Activstudio бағдарламасын іске қосамыз. Экранда №1 сүрет ашылады.

№1 сүрет. Добро пожаловать в Activstudio сұқбат терезесі.
Бұл стандартты терезе. Командалар орналасуы Activstudio бағдарламасы
орнатылған компьютерлерді осы үлгіде болады. Тек Открыть последний
флипчарт: қатарындағы файлдар тізімі сіздің компьютеріңізде өзгеше болуы
мүмкін.

2. Осы терезеден батырмасын шертеміз.
3. №2 сүретте көрсетілген Мастер вопросов терезесі ашылады. Мастер
вопросов қосымшасын пайдаланып түрлі үлгідегі тестілерді
дайындауымызға болады. Сонымен қатар жауап нұсқасы Ия/Жоқ, Дұрыс/Қате
үлгісінде болатын сауалнамаларды да құрастыруымызға болады. Жауаптар
саны неше нұсқадан тұратынын – екі нұсқа, үш нұсқа,,, алты нұсқадан
тұратынын да өзіміз тағайындаймыз.

№2 сүрет. Мастер вопросов терезесі.
Мастер вопросов қосымшасы бізге тест сұрақтарын дайындау, өңдеу және
сақтау сияқты мүмкіндіктер береді. Бұл қосымша бірнеше қадамнан тұрады.
Әр қадамда біз өзімізге қажетті параметрлерді енгізіп отыруымыз керек.

Бірінші қадам:
№2 сүретте көрсетілген терезе. Бұл қадамда біз төмендегі әрекеттерді
жасауымызға. қатарына қанатбелгі (птичка) қою немесе қоймау. Егер
қанатбелгі орнатсақ сынып оқушыларынан тест қабылдау алдында интерактивті
тақтада тест сұрақтарының титул беті ашылады. Бұл бетте біз Название
(тест аты – қай пәннен, тақырыптан және т.с.с.) және Описание
(түсініктеме - қай сыныптан тест қабылдануда, тест қабылданатын күні және
т.с.с.) қатарларына жазған мәліметтеріміз көрініп тұрады. Ал қанатбелгі
орнатылмаған жағдайда – тест сұрақтары сақталған файлды ашсақ экранда
бірден тест сұрақтарының біріншісі ашылатын болады.
Осы қатарларды толтырып болған соң Далее батырмасын шертіп екінші
қадамға өтеміз.

Екінші қадам:
Екінші қадам терезесі №3 сүретте көрсетілген:

№3 сүрет. Мастер вопросов екінші қадам терезесі.

Екінші қадамда біз:
а) Тип вопроса командасының астындағы үшбұрыш белгішені шертіп ашылған
нұсқалардан бірін таңдаймыз. . Сұрақтарға жауап беру 7 түрде болуы
мүмкін. Ия/Жоқ, Дұрыс/Қате 2 нұсқадан дұрысын таңдау, 3 нұсқадан дұрысын
таңдау, т.с.с. 6 нұсқаға дейін. Егер біз Множественный выбор 4 қатарын
таңдасақ терезенің оң жағындағы жауап нұсқалары қатарынан E және F
нұсқалары алынып тасталады.

б) Правильный ответ командасының астындағы үшбұрышты шертіп енгізіліп
жатқан сұрақтың дұрыс жауабы қай нұсқаға жазылатынын немесе жазылғанын
көрсетуіміз керек (яғни, бұл әрекетті сұрақты жазбай тұрып та, жазып
болған соң да орындауымызға болады). Ескертіп кететін жайт – сұрақтар
терілгенде автоматты түрде Правильный ответ қатарында Нет жауабы
орналасып тұрады. Оны дұрыс нұсқаға өзгертіп қоюды ұмытпаңыз.

в) Тайм-аут қатары. Қанатбелгі орнатылмаған жағдай - ,

қанат белгі орнатылған жағдай –

.
Тайм-аут командасы көмегімен сұрақтарға жауап беруге жіберілетін
уақытты орнатуымызға болады. Ол үшін қанат белгіні орнатып Сек.
командасының алдына пернетақта көмегімен жауап беруге қанша уақыт
берілетінін енгізуіміз керек. Тест алу барысында белгіленген уақыт өткен
соң Жауап беріп үлгермеген оқушыларға қосымша уақыт бересіз бе?
тақырыбында сұраныс терезесі шығады. Бұл сұранысқа Ия немесе Жоқ деп
жауап беруімізге болады. Ия десек тест жалғасады, Жоқ деген жағдайда
экранға нәтиже шығарылады. Жауап беріп үлгермеген оқушылардың жауаптары
қате деп есептелінеді. Айтып өтетін жайт Тайм-аутты бір рет таңдасақ
болды ол барлық сұрақтар үшін сақталынады, әр сұраққа жеке-жеке тайм-аут
орнату қажет емес.
г) Компоновка. Сұрақтардың экранда орналасуының схемасы. Сұрақ және
жауаптардың орналасу схемасын таңдау үшін Использовать эту схему
расположения для всех вопросов қатарына қанатбелгі орнатып
схемалардың бірін (айналдыру жолағын пайдаланыңыз!) таңдаймыз.

д) Сұрақтарды Вопросы командасындағы 1 саны жазылған қатарға тышқанды бір
рет шертіп енгіземіз. Сұрақ енгізіліп болған соң Ответы на вопросы
қатарына жауап нұсқаларын енгіземіз. Естен шығармау керек – дұрыс жауап
нұсқасы Правильный ответ қатарына орнатқан нұсқамен бір болуы керек.
е) Бірінші сұрақты енгізеп болған соң Новый вопрос батырмасын шертеміз.
Бірінші сұрақтың астында 2 цифры пайда болады. Оның қатарын шертіп екінші
сұрақты енгізе бастаймыз. - мына сұретте бірінші сұрақ енгізіліп
болып Новый вопрос батырмасы шертілген жағдай көрсетілген.
ж) Проказать библиотеку батырмасын шерту арқылы компьютер жадында
сақталған тестілеріңіз болса оларды көшіруге болады.

№3 сүрет. Мастер вопросов терезесі

№3 сүретте төмендегі параметрлер енгізілген және екінші сұрақ жазылып
біткен жағдай көрсетілген:
Тип вопроса – Множественный выбор 4;
Правильный ответ – С;
Тайм-аут – 20 сек.
Компоновка – экрандағы бірінші схема таңдалған.
з) Далее батырмасын шертеміз.
Үшінші қадам:
Бұл қадам терезесі №4 сүретте көрсетілген. Үшінші қадамда тест
сұрақтары флипчарт түріне аударылып интерактивті тақтада көрсетілу
параметрлері тағайындалады.
Бірінші – фондық түс немесе сүрет.
Фондық түс немесе сүретті орнату үшін Стили страницы флипчарт ішкі
бетіндегі Без стиля страницы қатарындағы қанатбелгіні алып тастаймыз.
. Қанатбелгі орнатылып тұрса фондық түс ретінде ақ түс таңдалынады.
Яғни интерактивті тақтада сұрақтар және жауаптар нұсқасы ақ фон үстінде
жазылып көрсетіледі.
Екінші – шрифт, шрифт өлшемдері мен түсі.

Шрифт типін таңдау үшін Шрифт командасы астындағы үшбұрыш белгішені
шертіп қажетті типті таңдаймыз. Түсін Цвет командасы жанындағы қара
түспен боялған төртбұрышты шертіп ашылған Палитрадан қажетті түсті
орнатамыз. Шрифт өлшемін оң жақ беттегі жоғары және төмен бағытталған
стрелкаларды шерту арқылы тағайындаймыз.

№4 сүрет. Мастер вопросов қосымшасының 3 қадам терезесі.
Ескерту. Қазақ әліпбиіне тән, латиницада кездеспейтін Ә, Ң, Ғ, Ү, Ұ,
Қ, Ө, Һ әріптері сұрақтарды құрастырғанда жазыла береді, тек тестілеу
флипчарты қосылғанда олардың орнына ? белгішесі пайда болады. Сондықтан
Далее батырмасын басудан алдын шрифт типін таңдап алуымыз қажет (үнсіз
келісім бойынша мұнда - №4 сүретте көрініп тұрғандай – Arial типі
таңдаулы болады). Өзіміз жиі қолданатын Times New Roman шрифт типін
таңдасақ бұл кемшілік жойылатын болады.

Далее батырмасын шертіп төртінші қадамға көшеміз.
Төртінші қадам:
Ұшінші қадамды орындап Далее батырмасын шертсек экранға құжатты
сақтау сұқбат тезесі шығады. Бұл терезеде құрастырған тест сұрақтарымызға
ат беріп оны сақтап қоямыз. Автоматты түрде бұл құжатқа .flp кеңейтілуі
беріліп ол Мой мастер вопросов қапшығына (бумасына, папкасына)
сақталынады. Тест алардан алдын ол құжатты оңай тауып алу үшін Жұмыс
үстеліне жарлығын (ярлык) орнатып қойсаңыз өзіңізге қолайлы болады.

Тест сұрақтарын құрастыру кезеңі аяқталады.

Activote тестілеу құрылғыларын дайындау.

Екінші кезең.
Activote құрылғыларын дайындау.
Activote тестілеу құрылғылары чемоданынан әлі алынбаған жағдайдан
бастап қарастырайық. Чемоданға - 32 (отыз екі) құрылғы, USB-кабель, екі
кілт және құрылғыларды жүйелік блокпен байланысуын қамтамасыз ететін
Flash дискі салынған. Чемоданнан тестілеу құрылғыларын бірме-бір алып
Activote жазуы жоғарыда деп есептесек төменгі жағында please pull out tab
before use сөздері жазылған клеенка немесе скотчты жаймен жұлып аламыз.
Жоғарыда орналасқан қызыл және жасыл стрелкалы конверт белгішелері (бұдан
кейін - индикаторлар) жанып өшеді – бұл құрылғы батареялары жарамды
екендігін білдіреді. Абай болыңыз. Скотч жыртылып қалдықтары құрылғы
ішінде қалып кетсе онда бұрағыш (отвертка) көмегімен құрылғыны ашып
қалдықтарды шығаруымызға тура келеді. Және де бір ашқанда барлық
құрылғылардың скотчатарын алып тастауға асықпаңыз – мүмкін Сізге 20-25
данасыда жеткілікті болатын шығар қалғандарын істетуге асықпаңыз. Құрылғы
батареялары «отырып» қалған жағдайда оларды ауыстыруға болады.
Activote тестілеу құрылғыларын тіркеу.
Тестілеу құрылғысын тіркеу үшін ең алдымен чемоданнан алынған флеш-
дискіні жүйелік блоктағы USB портқа орнатамыз.
Activstudio бағдарламасының алғашқы бетінен Конфигурировать ішкі бетін
ашамыз. (№5 сүрет).

№5 сүрет. Добро пожаловать в Activstudio сұқбат терезесінің
Конфигурировать ішкі беті.
Осы терезедегі Установить Activote қатарындағы Регистрация устройств
командасын шертеміз. №6 суреттегі Регистрация устройств сұқбат терезесі
экранға шығады. (терезе өңделіп берілген, ұзындығы кішірейтілген).

№6 сүрет. Регистрация устройств сұқбат терезесі.

Бұл сұқбат терезесінде Зарегистрировать батырмасын шертеміз. Шерткен
кезде экранға төмендегі №7а сүретте көрсетілген Зарегистрированные
устройства терезесі пайда болады.

№7а сүрет. Зарегистрированные устройства сұқбат терезесі.

Бұл терезеге біз неше құрылғы тіркемекшіміз соның санын енгізуіміз қажет.
Бірақ бірден 20 немесе одан да көп құрылғыны жазбастан бірме-бір
тіркегеніміз дұрыс болады. Яғни бұл терезеге оң жақтағы цифрлардан шерту
арқылы 1 санын енгізіп ОК батырмасын шертеміз. №7ә сүретте көрсетілген
терезе пайда болады.

№7ә сүрет. Зарегистрированные устройства сұқбат терезесі екінші бет.

Бұл терезеде жазылған үш қадамды бірме-бір орындап шығамыз.
1. Алау сүреті салынған сары түсті ортаңғы батырманы басулы күйде ұстап
тұрамыз.
2. Қызыл және жасыл индикаторлар жанғанға дейін ол батырманы басулы күйде
ұстаймыз.
3. Индикаторлар жанған соң сұқбат терезесінің төменгі оң жағында
бейнеленіп тұрған әріптер қатарын құрылғыдағы сәйкес индикаторларды
басамыз. Әр әріпті басқан кезде құрылғыдағы қызыл индикатор жанған
күйі ал жасыл индикатор жанып, өшіп тұрады. №7ә сүреті бойынша біз ABF
қаріптерін теруіміз керек.
Егер барлығын дұрыс орындасақ бұл терезе жауылып №6 сүретте
көрсетілген терезе ағымдағы болып шығады. Тек енді терезенің оң жақ
бетіндегі Устройства қатарының астында 1 саны, ал Имя устройства
қатарының астында А 1 сөздері пайда болады.
Енді екінші құрылғыны тіркеу үшін осы амалдарды басынан қайталаймыз –
Регистрация устройств сұқбат терезесінде Зарегистрировать батырмасын
басамыз ашылған терезеде 1 санын енгіземіз, кейінгі терезе ашылғанда
құрылғыны алып ортаңғы индикаторды басулы күйде ұстап индикаторлар
жанғанша күтеміз, индикаторлар жанған соң терезеде көрсетілген латын
қаріптерін құрылғы көмегімен тереміз. Осылайша келесі және келесі
құрылғыны, қаншауы қажет болса сонша рет қайталаймыз. Әр құрылғы
тіркелгенде осы әріптер өзгеріп тұрады.

№8 сүретте 10 құрылғы тіркелгеннен кейінгі көрініс көрсетілген.

№8 сүрет. 10 Activote құрылғысы тіркелгеннен кейінгі Регистрация устройства
терезесінің көрінісі.

Тіркеу біткен соң Регистрация устройства терезесіндегі Тест
батырмасын шертіп әрбір құрылғының дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тексеріп
шығамыз. Тест батырмасы басылғанда Устройство және Имя устройства
бағаналарындағы жазулар қызғыш түске боялады. Осы кезде біз әр бір
құрылғыны кезекпен алып A, B, C, D, E, F индикаторларын кезегімен басып
шығамыз (ортаңғы, қызыл және жасыл индикаторларды баспаймыз). Индикаторлар
басылғанда жасыл және қызыл индикаторларлар жанып өшіп тұрады. Соңғы F
индикаторы басылған соң сол құрылғыға сәйкес қатардың түсі алдыңғы қалыпқа
келеді. Егер барлық құрылғы дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көзіміз жетсе енді
ОК батырмасын шертіп бұл терезеден шығып кетуімізге болады.
10 құрылғыны тіркедік (бұл қалауыңызша 15, 20 құрылғы да болуы мүмкін
- сынып оқушылары санына қарай).
Әрбір оқушыға тестілеу құрылғысын бекітуді екі жолмен орындауға
болады:
1 жол – тестілеу бастардын алдында оқушылардын аты-жөнін енгізу арқылы;
2 жол – сынып тізімін пайдалану арқылы.
Бұл екі жолдын екіншісі тиімді – мұнда сынып журналын алып барлық
оқушыларды алдын ала енгізіп, сақтап қоямыз. Және тестілеу бастарда сабаққа
қатысып отырған оқушыларды ғана тіркеуден өткіземіз.
Бірінші жолды таңдағанда біз уақыттан ұтыламыз - әр оқушының аты-
жөнін жазып шығу – сабақта тиімсіз пайданылған уақыт есебіне қосылып
кететін болады.
Сонымен, сынып тізімдерін алдын ала қалай жасап аламыз:

Сынып тізімдерін жасау:
1. №5 сүретте көрсетілген терезеден – Управление группами пользователей
командасын таңдаймыз. Экранға төмендегі терезе шығады:

№9 сүрет. База данных пользователей Activote жұмыс терезесі.
Бұл терезе екі бөліктен тұрады: оң жақ бөлік – оқушылар тізімін енгізу
бөлігі, сол жақ – Енгізілген оқушылардың жалпы тізімі.
Оң жақ бөліктің жоғарғы бетінде орналасқан Ішкі беттердің атын өзіміз
қалауымызша өзгертуімізге болады. Мысалы: Папка 1, Папка 2 ішкі беттерін
тестілеу құрылғыларын пайдаланатын мұғалімдер атымен өзгертеміз, ал
Подпапка 1, Подпапка 2 ішкі беттерді сол мұғалім сабақ өтетін сыныптардын
атымен (7А, 8Б,.., т.с.с) өзгертіп қоямыз.
Әрбір папканың ішінде бірнеше подпапка бар.
Папка немесе Подпапка атын өзгерту стандартты түрде өткізіледі –
мәтінмәндік мәзірден Переименовать командасын таңдаймыз.

2. Оқушылар тізімін жазып болған соң Файл => Сохранить как ...
командасын орындап өзімізге белгілі болатын атпен сақтап қоямыз.

Тестілеу құрылғаларын пайдаланушы оқушылардың деректер базасын осылай
құрамыз. Және мұны алдын ала дайындап қойсақ өзімізге көп жеңілдіктер
береді.

Тест қабылдау.
Енді алдын ала құрып, сақтап қойған тест сұрақтары жазылған
құжатымызды ашамыз. Құжат ашылғанда Activstudio бағдарламасы іске қосылады.
Экранда Тест сұрақтарын құрастырғанда Титул беті деп сақтаған бетіміз
ашылады.
Егер алғаш рет тестілеу өткізіп жатқан болсаңыз Сіздің
бағдарламаңыздың Құрал-саймандары қатарында Activote құрылғысы бейнеленген
құрал - болмауы мүмкін. Оны Құрал-саймандар панеліне шығаруды
төмендегіше іске асырамыз.

№10 сүрет. Activstudio бағдарламасының құрал-саймандар панелі.

1. Құрал-саймандар қоймасы (Хранилище инструментов) батырмасын басамыз.
Ол батырма Құрал-саймандар панелінде мына түрде беріледі - ,
немесе Добро пожаловать в Activstudio терезесінің Настройка профиля
қатарында - командасы ретінде берілген. Осы командалардың бірін
орындағанда экранға №11 сүретте көрсетілген терезе пайда болады.

№11 сүрет. Хранилище инструментов терезесі.

Хранилище инструментов көмегімен өзімізге қажет болған құралды
Activstudio бағдарламасында Құрал-саймандар панеліне орналастырып қоюға
болады.
2. Хранилище инструментов терезесінің Специальные инструменты бөлімінен
құралын тауып оны тышқан көмегімен іліп алып №10 сүретте
көрсетілген Құрал-саймандар панеліне алып барып орналастырамыз.

Тест сұрақтары сақталған файлымызды жүктеген кезімізде экран бетіне
№12 сүреттегі терезе пайда болады.

№12 сүрет. Сеанс Activote терезесі.

Бұл терезе көмегімен тестілеу жүргізудің екі түрін таңдауымызға
болады. Именованный режим – бұл режимді әр бір құрылғыға ат беріледі, яғни
оны қолданып отырған оқушының атын енгізіп қоюымызға болады. Анонимный
режим – бұл режимді құрылғылар А1, А2,...А10 түрінде сақталып тұрады. Режим
демонстрации – пунктін таңдасақ компьютер автоматты түрде тестілеуді қосып
демонстрация түрінде көрсетіп береді. Қазірде Activote тестілеу құрылғылары
А1, А2,,,, А10 түрінде сақталып тұр. Енді оларды әр оқушының атымен
өзгертіп қоюымызға болады. Ол үшін осы терезеде біз Именованнй режим
қатарына белгіше орналастырып Пользователи батырмасын шертеміз. Бұл
батырманы шерткен кезде экранға №13 сүретте көрсетілген терезе шығады.

№13 сүрет. Распределение устройств между пользователями терезесі.

Бұл терезе екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлік (жиі қолданамыз) –
жоғарғы. Біз бұл бөлікті таңдап әрбір оқушыға өз құрылғысын бекітіп
береміз. Назначьте устройства. ... сүр түсті қатарын шерткенде №14 сүретте
көрсетілген терезе пайда болады:

№14 сүрет. Распределение устройств между пользователями 2 терезесі.
(терезе өңделіп, кішірейтіліп берілген).
Бұл терезенің оң жақ бетіндегі Устройства қатарының төменгі жағында қазір
неше құрылғы тіркелгендігі көрсетіліпп тұр. Енді осы құрылғылардың әрбірін
жеке оқушыға бекітіп шығуымыз қажет.

№14а сүрет. Распределение устройств между пользователями терезесінің
көрінісі.
Құрылғыларды әрбір оқушыға бекітіп шығу үшін – Открыть командасын
шертеміз. Осы кезде Распределение устройств между пользователями терезесі
үстінен Загрузите файл базы данных пользователей Activote сұқбат терезесі
ашылады (№14ә сүрет). Бұл терезені біз Отмена батырмасын басу арқылы жауып
тастаймыз және алдыңғы Распределение устройств между пользователями
терезесінде екінші рет Открыть батырмасын шертеміз. Осы кезде алдын ала
сынып тізімдерін жазып, белгілі атпен сақтап қойған файлдарымыздың аты
шығады (№14б сүрет).

№14ә сүрет. Загрузите базу данных пользователей Activote сұқбат терезесі
(1)

№14б сүрет. Загрузите базу данных пользователей Activote
сұқбат терезесі (2)

Қажет сыныптың тізімі ашылған соң тіркеген құрылғылар санына қарай (ол
сабақта қатысып отырған оқушылардың санына сәйкес болатындығы анық)
терезенің сол жақ бетіндегі оқушылар аты-жөнін шертіп батырмасын
басып тіркеуді жүргіземіз. Бұл №14в сүретте көрсетілген.

№14в сүрет. Распределение устройств между пользователями терезесі.
(Оқушыларға құрылғыларды бекіту кезеңі).

Барлық қатысып отырған оқушыларды таңдап болған соң Распределение
устройств батырмасын шертеміз. Шерткен кезімізде экранға кесте шығады бұл
кестеде өзіміз енгізген оқушылардың аты-жөні және 3 әріпті код көрсетілген.
Олар қызғыш түспен боялып тұр. Енді әрбір оқушы өз аты қатарында жазылған 3
әріпті кодты құрылғысы көмегімен тереді. (Ескерту – 3 әріпті кодты оқушы
бірден тере береді, тіркеу жүргізгендегідей ортаңғы батырманы басып ұстап
тұрудың қажеті жоқ.). Әр оқушы өз кодын тергіп болғанда ол жазылған
қатардың қызғыш түсі өшіп жасыл түске боялады. Бұл – құрылғы сол оқушыға
тіркелді деген сөз. Барлық оқушылар орындап болған соң терезенің төменгі
жағындағы <= Назад батырмасын шертеміз. Жоғарыдағының барлығы дұрыс
орындалса Распределение устройств между пользователями терезесінің
көрінісі №14г сүреттегідей болып өзгереді.

№14г сүрет. Распределение устройств между пользователями терезесінің
құрылғыларды әр оқушыға бекіткен соңғы көрінісі.

Құрылғыларды әр оқушыға бекітіп болған соң және де олардың дұрыс
жұмыс істеп тұрғандығын тексеріп шығуымызға болады. Ол үшін осы терезедегі
Тест батырмасын шертеміз. Тексеруді жүргізу үшін жоғарыда айтылғандай әр
бір әріп жазылған индикаторларды А әрпінен бастап бірме-бір кезегімен басып
шығамыз. Тексеріп болған соң Выход батырмасын шертеміз.
Экрандағы Сеанс Activote терезесі мына көрініске ие болады. (№15
сүрет).

№15 сүрет. Сеанс Activote терезесі оқушылар тіркелгеннен соң көрінісі.

Бұл терезеде ОК батырмасын шертеміз. Оны шерткен кезде терезе бетін
Добро пожаловать в Activstudio терезесі жауып қалуы мүмкін. Оны тышқан
көмегімен экранның төменгі жағына сырып қоямыз.

Енді тестілеуді де бастасақ болады. Әр тест сұрағы бөлек бетте
ашылады. Келесі бетке ауысу үшін Құрал-саймандар панелінің астыңғы жағында
- бағыттағыштары бар. Олардың ішінен жоғарғысын шертіп отырамыз.
Бағыттағышты бір рет шертеміз – экранға сұрақ шығады. Жылдам түрде құралдар
ішінен - белгішесін шертеміз – осы белгіше шертілген соң ғана
оқушылар Activote құрылғыларын іске қосулары мүмкін, яғни дұрыс деп тапқан
нұсқаларын құрылғыдағы индикатор арасынан басады. Соңғы оқушы жауап берген
соң экранның жоғарғы сол жақ бұрышына орналасқан - батырмалардан Стоп
(қара түсті төртбұрыш) батырмасын шертеміз. Экранға оқушылар көрсеткен
нәтиже шығарылады.

№16 сүрет. Оқушылар көрсеткен нәтижелер терезесі.

Бұл терезенің жоғарығы қатарында нұсқалардың дұрысы жасыл түске боялып
тұрады. Терезедегі сәйкес қатарды шерту арқылы мынадай мәліметтердің
тізімін көре аламыз.
1. Ответы А-Ғ – неше оқушы қай нұсқаны дұрыс деп белгілеген (график
түрінде);
2. Кто-что ответил – қай оқушы қай нұсқаны таңдаған (кесте түрінде);
3. Правильно Неправильно - №16 сүретте көрсетілген көрініс;
4. Общий счет - әр оқушы қанша дұрыс жауап берген (кесте түрінде);
5. Краткий обзор – оқушылардың жауаптары (тізім түрінде);
6. Время ответов - әр оқушы жауап беруге қанша уақыт жұмсаған (кесте
тізім түрінде);
7. Показать проценты - әр оқушы неше пайыз дұрыс жауаптар бергені (кесте
тізім түрінде);

Айта кететін жайт: тест жауаптары 4 нұсқадан тұрады, ал оқушы
индикаторлардан Е немесе F әріптерін басса онда оның аты жазылған қатар
қара түске боялады және біз Стоп батырмасын басқан кезімізде Бір немесе
бірнеше оқушы жауап берген жоқ. Оларға мүмкіндік береміз бе? тақырыбында
сұраныс терезесі шығады. Егер Ия деп жауап берсек – ол оқушы қайта жауап
бере алады, егер Жоқ десек оның жауабы Белгісіз (Неизвестно) тізіміне
қосылып кетеді.
Бұл тест құрастыру уақытында Тайм-аут орнатпағандағы жағдай. Ал егер
біз Тайм-аут орнатып, белгілі уақыт енгізген болсақ – сол уақыт біткен
соң тестілеу тоқтатылады да егер үлгермеген немесе жоқ нұсқаны басып
қойған оқушылар бар болса жоғарыда көрсетілген тақырыпта сұраныс терезесі
шығады. Ол терезеге өз қалауымызбен жауап береміз.

Қорытынды.

Activstudio бағдарламасы, сонымен қатар Activote тестілеу құрылғылары
бүгінгі күндегі ІТ-технологиялардың ең басты жетістігі деп айта алмаймыз.
Өйткені бұл құрылғылардың шет мемлекеттерде пайда болғанына бірнеше жылдың
көзі болып қалған. «Ештен кеш жақсы» демекші бұл жаңа технологиялық
жетістікті ауылды аймақтарда оқыту процесіне қосудың өзі үлкен бір жетістік
санаймын және бұл білім беру жүйесінің 12-жылдық білім үлгісіне көшу
процесін жеңіл өтуге мүмкіндік жарататын негізгі бір амал бола алады.
Оқушыларға білім беруде біз әлемдік инновациялық дамудың шеңберінен
шетте қалмауға тиіспіз және оның жетістіктерін тек бақылап қана отырмай
өзіміз сондай жаңалықтарды аша алатын шәкірттерді дайындауымыз қажет.
Өйткені әлем қазір информациялық қоғам табалдырығында тұр. Ондай қоғамда
информацияны тарату, сақтау жөне өңдеу жүйесі аса маңызды рөл атқарады.
Уақыты келгенде әлемдік байланыс жүйесі сияқты әлемге ортақ информациялық
орта пайда болып, олар адамзат баласы жинаған информациядан кез келген
адамның өзіне қажетті информацияны алуын қамтамасыз етеді.
Дүниежүзілік тарихтың мойнағында үш ірі ағын тоғысатыңдай: технология
ағыны, информация ағыны және осының бәрін жасаған және олардың бәріне
қызмет етуші адамдар ағыны. Белгілі мөлшерде информациялық тұрғыда
бұрынғыдан жаңа, анағұрлым зор өркениет туралы айтуға болады. Бұл
өркениетте мыңжылдық тарихы мен дәстүрі бар кәсіптер көз алдымызда жойылып,
бұрын белгісіз жаңа мамандықтар пайда бола бастайды. Адамдардың қызметі мен
міндеттері де, олардың еңбектерінің сипаты да өзгеруде. Адамдар
қатынасында, басқару мен ұйымдастыру түрлерінде де үлкен өзгерістер болып
жатыр.
Күнделікті сабақтарды интерактивті тақта, түрлі тестілеу, зертханалық
тәжірибелерді жүргізу құрылғыларымен ұйымдастыру оқушылардың білімді, жан-
жақты қалыптасқан, тәрбиелі азаматтар болып шығуына кепілдік береді. Бұл
азаматтар келешекте тәуелсіз мемлекетімізге қызмет етіп, жоғарыда айтылған
қызмет етуші адамдар ағынын құрап Қазақстан Республикасында жаңа
инновациялық ІТ-технологияларының дамуына өз үлестерін қосатын болады.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. «Информатика негіздері». Ғылыми әдістемелік журнал.
2. Диск «ИнформатикА». Электронная версия газеты «Информатика». Россия.
3. «Әдіскер мұғалім» республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық
журнал, 2007 жыл.
4. Мухамбетжанова С.Т., Жартынова Ж.Ә. Интерактивті жабдықтармен жұмыс
жасаудың әдіс-тәсілдері: Әдістемелік құрал,- Алматы, 2008 ж.
5. Сагимбаева А.Е. К вопросу контроля знаний в условиях применения
интерактивного оборудования //Бюллетень центра информатики и
информационных технологии в образовании. – Выпуск №4. -* Москва, 2008
г.
6. Е. Бидайбеков, А. Сағымбаева. Теест құрудың бір критериі. –
Информатика Физика Математика, №3, 1997 ж.
7. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы орта білім
жүйесін ақпараттандыру жөніндегі Мемлекеттік бағдарламасы. – Алматы,
22 қыркүйек 1997 ж. №3645 Өкім.

Ұқсас жұмыстар
Фотографияларды өңдеу
Анатомия пәнінің оқытушысы
Алгоритмнің жазылу формалары
Пернелер тобы
Вирусқа қарсы программалар
Компьютерде ақпаратты ұсыну тәсілдері
Формативты бағалау
Ы.Алтынсарин.Дүниеде жамандық неден
Windows қосымшалары
Менің сабақ кестем
Пәндер