Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қажылықтың парыз болу шарттары

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы
№8 орта мектептің тарих пәні мұғалімі
Тұманшаева Алия Абылқызы

Тобы 9 сынып

Пән Дінтану

Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы Ислам діні, Қажылық
Сабақ мақсаты ,
Білімділік: Ислманың негізгі бағыты қажылық жөнінде түсіндіру оқушыларға
Тәрбиелік: Мәдениеттілікке, тәртіптілікке, тәрбиелікке, тазалыққа
тәрбиелеу
Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта

Сабақ барысы Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақ
Қорытындылау
Үйге тапсырма
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу
Оларды түгендеу
Сабақты бастау
Үй тапсырмасын Үйге берілген тапсырманың мазмұнын сұрау
сұрау Сұрақ беру арқылы, жауап алу.
1. Құран сөзінің мағынасы қандай
2. Құранда қанша сүре бар
3. Құран қалай пайда болды

Жаңа сабақ А. Ислам дініің негізгі бағыттары
жоспары Б Қажылық

Жаңа сабақ:

Қажылықтың парыз болу шарттары
1. Мұсылман болу. Қажылық Ислам шариғатының амалы болғандықтан, оны
орындайтын адам ең алдымен мұсылман болуы шарт.
2. Балиғатқа толу.
3. Ақыл-есі бүтін болу. Ғибадаттың кез келген түрінің парыз болуы үшін
пенденің балиғат жасына толуы және ақыл есінің бүтін болуы шарт.
4. Азат болу. Қажылықты өтеу құлдарға, тұтқындарға, бас бостандығынан
айырылғандарға парыз емес.
5. Қажылық амалдарын өтеуге денсаулығы жарамды және қаражатының жеткілікті
болуы. Өйткені Аллаһ тағала қажылықты жағдайы жетіп, шамасы келетіндерге
ғана парыз еткен. Аллаһ тағала: «Оның жолына шамасы келген адамдарға Аллаһ
үшін Үйге (Қағбаға) қажылық жасау міндет», – деген («Әли Имран» сүресі, 97-
аят).

Қажылық сапарына аттануға шаманың келуі екі түрлі болады:
1) қаржысының жетуі мен денсаулығының жарамды болуы,
2) қажылыққа баруға кедергі келтіретін бөгеттердің болмауы.
Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Бір кісі Пайғамбарға (с.а.с.)
келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Қажылықты не парыз етеді?» – деді. Ол
(с.а.с.): «Қаражат және түйе», – деп жауап берді», – деген (әт-Тирмизи).
Қаражат – қажылыққа барып қайтуға жететін орташа қаражат. Түйе – қажылық
сапарында мінетін көлік.
Кімде-кімнің қажылық айларында өзінің негізгі қажеттіліктерінен артық,
қажылықтың шығынына және артында қалған отбасына қайта оралғанша жететін
қаражаты болса, оған қажылық жасау парыз.

Шаманың келуіне қатысты үкімдер:
1. Егер ақыл-есі бүтін, балиғатқа толған мұсылманда қажылық айларында
(шәууәл, зул-қағда және зул-хижжаның алғашқы он күні) өзінің қажеттілігінен
артық қажылыққа барып қайтуға жететін қаражаты болса, оған қажылық жасау
парыз болады. Ондай адам қажылықты дәл сол жылы жасамаса да, оның
парыздығы мойнына жүктелген міндет болып қалады.
2. Қажылық парыз болғаннан кейін, оны өтемейінше, ол адамның мойнынан
түспейді.
3. Қажылықтан қайтқаннан кейін сәлем бере келген қонақтарға кететін шығын
және қажылықтан әкелген сый-сияпаттар қажылық шығынына жатпайды.
4. Шамасы келу қажының орташа шығынымен есептеледі. Мысалы, қажыдан төрт не
бес жұлдызды қонақүйде тұру талап етілмейді. Қажылыққа автокөлікпен баруға
шамасы келетін адам автокөлікпен, ұшақпен баруға шамасы келетін адам
ұшақпен бара алады.
5. Қажылыққа бару үшін баспанасын сату немесе оны арзан баспанаға
айырбастап, үстінен қалған ақшаға қажылық жасауды шариғат талап етпейді.
Бірақ кімде-кім осылай істеуді шешсе, оған тыйым салынбайды. Алайда ол өзі
қажылыққа кеткенде оған отбасының қажеттіліктерін қамтамасыз етіп кету
шариғатта міндеттелетінін естен шығармауы қажет.
6. Кімде-кімнің екі баспанасы болса және одан басқа парыз қажылығын өтеуге
ақшасы болмаса, екі баспананың бірін сатып, қажылыққа баруы қажет.
7. Кедейге біреу немесе өзінің туған баласы не әкесі қажылыққа баратын
қаражатын беруіне болады.
8. Зекеттің ақшасын кедейге қажылық жаса деп беруге болмайды. Себебі зекет
адамдардың өмірлік қажетіліктерін өтеуі үшін міндеттелген. Ал қажылыққа
бару кедейге міндет емес. Дегенмен кедей бір мұсылманға садақа не сый
ретінде қаражат беріп, оны қажылыққа жіберуге болады.

Қорытындылау: Ислам діні қай ғасырдан бастап пайда болды?
Қажылық дегеніміз не?
Қажылықты қандай адамдар атқара алады?

Үйге тапсырма Осы тақырыптың мазмұнын айтуға дайындалып келу

Ұқсас жұмыстар
Құрбан шалудың пайдалары
Имандылық - жарасады ұл-қызға 8 сынып
Менің отаным - тәуелсіз Қазақстан
Діннің қоғамдағы ролі
Жасасын халқым
Адамды адам ететін де,сұлтан ететін де иман
Ойын - балалар үшін күрделі әрекет
Әскери бөлімнің жауынгерлік туы.жауынгерлік туының саптағы жағдайы 10 сынып
Сәлем түзелмей
Топ жетекшісінің бағалауы
Пәндер