Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қойдың пірі

Ана тілі.
Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік туралы сабақ. А. Тоқмағанбетов.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға өлеңнің мазмұнын түсіндіру, идеясын ашу.
Төрт түлік туралы түсінігін кеңейту; түлік туралы жан-жақты мағлұмат беру;
малдың жасына қарай аталуын білу;
2. Өлеңді нақышына келтіріп оқыту, рөлге бөліп оқуды үйрету, ой-өрісін,
сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Халықтық кәсіпті танып, оны бағалай білуге үйрету. Туған жерге деген
сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың құрал-жабдығы: интерактивті тақта.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, түсіндіру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
a) Оқушыларды түгендеу, кезекшілік.
ә) Психологиялық дайындық.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ. (Слайд)
1. Келеді бір жануар, үстінде бір тауы бар. (Түйе)
Түйенің пірі? (Ойсылқара)
2. Көкке шаншып құйрығын,
Келеді шауып жүйрігім. (Жылқы)
Жылқының пірі? (Қамбар ата)
3. Басында мүйізі бар,
Үстінде киізі бар. (Сиыр)
Сиырдың пірі? (Зеңгі баба)
4. Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
Қойдың пірі? (Шопан ата)
5. Басында таяғы бар, Төрт аяғы бар,
Сегіз тұяғы бар, Иегінде сақалы бар. (Ешкі)
Ешкінің пірі? (Сексек ата)
-Міне, балалар, алдарыңда төрт түлік тұр. Олардың қасында төлдері бар.
Көктем мезгілінде төрт түлік те төлдейді. Төлдері келесі көктемге дейін
өсіп, үлкен мал болады.
Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы – Асқар Тоқмағамбетовтың «Түлік
туралы сабақ» өлеңі. (Слайд арқылы авторды көрсету).
Асқар Тоқмағамбетов (1905-1983) қазіргі Қызылорда облысы, Тереңөзек
ауданында дүниеге келді. Көрнекті ақын, әрі жазушы. Оның «Батыр Әлия»,
«Ажалды жеңген алыптар», «Берлин көшесінде». т.б. өлеңдер жинағы, «Жыр
күмбезі» тарихи романы бар. А. Тоқмағамбетов – қазақ поэзиясында поэма
жанрын өрнектеуде жемісті еңбек еткен адам.
Қазақ халқы көшпелі болған. Төрт түліктің жайымен жазда жайлауға, қыста
қыстауға көшкен. Малдың еті, сүті тамақ болған. Терісінен, жүнінен әр түрлі
бұйымдар жасаған. Мал – халықтың байлығы. Қала халқын мал өнімдерімен
ауыл қамтамасыз етеді. Малшы еңбегі өте ауыр. Жазда ыстықта, қыста суықта
мал соңында жүреді.
Оқулықпен жұмыс.
a) Оқушыларға өлеңді мәнермен, дауыстап оқыту.
ә) Рөлге бөліп оқыту.
б) Өз сөздерімен түсінгенін айтқызу.
Топпен жұмыс. Жарыс. (Әке шешелеріміз қалай еркелетеді?)
1. Қошақандар тобы: Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер.
a) Сиырлының үйі – айран
Сиырсыздың үйі – сырдаң.
ә) Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл-көсір.
б) Малды бақсаң сиыр бақ,
Сүт кетпейді шарадан.
в) Қойдың сүті – қорғасын.
2. Ботақандар тобы: Қазақ халқы төрт түлікті қалай қастерлеген? (Бағып-
қаққан, жақсы жайылым. т.б.)
3. Құлыншақтар тобы: Төрт түлік мал туралы тыйым сөздер.
a) Малды теппе. ә) Малды басынан ұрма. б) Ақты баспа.
в) Түйенің астынан өтпе. г) Атқа теріс мінбе. ғ) Малды үркітпе, қарғама.
Топтастыру стратегиясы. Кестемен жұмыс. Оқушылардың әдемі, сауатты, көркем
жазуын қадағалау. Төрт түліктің жасына қарай атаулары.
Жылқы: құлын, жабағы, тай, құнан, дөнен, бесті.
Түйе: нарбота, нартайлақ, бота, тайлақ.
Сиыр: бұзау, баспақ, тайынша, дөнежін, құнажын.
Қой: қозы, марқа, кепе, тоқты, саулық.
Ешкі: лақ, марқа лақ, шыбыш, туша, серке.
Төрт түлікке байланысты ұлттық ойындарды білеміз бе? (Бәйге, аударыспақ,
қыз қуу, көкпар, теңге алу, т.б.)
Бұл ұлттық ойындар қай түлікке байланысты? (Жылқы)
«Бәйге» ойынын ойнау. Сұрақтарға жауап беру.
1. Бәйгеге шабатын баланы кім дейді? (Шабандоз)
2. Қазақ халқы амандасқанда неге «Мал-жаның аман ба?» дейді?
(Малды ерекше қадірлеген, қастерлеген).
3. Төрт түліктің адамға пайдасы (көлік, сүті, еті, жүні, терісі).
4. Шығармашылық жұмыс.
Өлеңнің соңғы екі жолы аяқтау. Ұйқастарын табу.
Түйе боталап, қой қоздап,
IV. Қорытынды.
Балалар, бағанадан бері төрт түлік туралы түсініктер алдық.
Төрт түлікті малды көбейтіп, өсіріп баға білсек, еліміз төрт түлік малға
бай ел болады.
Үйге тапсырма.
1. Мәнерлеп оқу, рөлге бөліп оқуға үйрену.
2. Төрт түлік мал туралы мақал-мәтелдер жаттау, жұмбақтар жазу.
Бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Төрт түлік жайлы
Төрт түлік және оның төлдері
Тақырып Төрт түліктің кеңесі
Сүрлеу тәсілі
Қойдың пайдасы
Тақырып Шебердің қолы ортақ
Төрт түлік туралы жырлар Қой
Төрт түлікті қадірлеуге баулу
Төрт түлігім ырысым жайлы ақпарат
"наурыз мейрамы, қазақ халқының ауыз әдебиеті, шешендік өнері" ашық сабақ 5 сынып
Пәндер