Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру

Оқытуда инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану

Жағыпарова Данагүл Дәулетқызы
«Түркістан» көпсалалы медицина колледжі
Математика пәнінің оқытушысы

«Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес,
ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер»

Ж. Аймауытов

4. Қазіргі кезде еліміздегі білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік
білім беру кеңістігіне ене бастағанда, біздер пән оқытушылары да, заман
талабына сай педагогика теориясы мен оқу –тәрбие үрдісіндегі елеулі
өзгерістерді қабылдай отырып, өз сабағымызда жаңа педагогикалық
технологияларды пайдалануымыз керек. Дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман
талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін оқыту
тәжірибесі көрсетіп отыр. Мемлекетіміздің рухани және әлеуметтік дәрежесі
қазіргі таңда білім деңгейімен бағаланады. Жас ұрпақты осы талапқа сай
тәрбиелеу үшін ХХІ ғасырдың оқытушысы қандай болуы керек? Бұл -
арнайы мамандандырылған, өз пәнін жетік меңгерген, оқушылардың кез-
келген тосын сауалдарына жауап қайтара алатын ұстаз болуы шарт.
Ол үшін оқытушы үнемі ізденісте болып, өз білімін жетілдіріп
отыруы қажет. Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей оқытушының
шеберлігіне байланысты болады. Инновациялық процесс – жаңаны пайдалану
идеяларынан туындайды. Инновациялық оқыту – білім берудің ерекше түрі.
Математика пәні оқушылардың қызығушылығы мен тапқырлығын, логикалық
ойлау қабілетін дамытады, шығармашылық белсенділігін арттырады. Біз
ақпарат ғасырында өмір сүріп жатырмыз. Ақпарат заманында ғылым мен
техниканың соңғы жетістіктері қолданылатын саласының рөлі арта түсті.
«Жүз рет есіткенше, бір рет көрген жақсы» - дегендей біз ақпараттың
көп бөлігін көз арқылы қабылдаймыз. Сабақты оқушы жақсы түсінуі үшін
көрнекілігіміз де мол болған жөн. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері
баланы оқытуда видео және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға
мүмкіндік береді. Осыған байланысты сабақта интерактивті тақта арқылы
ойын элементтерін пайдалану студенттердің ой-өрісін, танымдық
белсенділігін арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады.
Алайда ойынды үнемі оқу процесінде пайдалануды ұзақ уақыт созуға
болмайды. Ойын белгілі-бір уақытта жүзеге асырылып, сабақ кездеріне
нұқсан келтірмей жымдасып жатуы керек.
Студенттің жеке тұлғасын, рухани әлемін, ынтасы мен қабілетін дамыту
бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі. Көп жағдайда студенттердің өз
күшіне сенімін арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту, олардың білім
алуының сапасын жақсарту мақсатында және шектеулі уақытты тиімді пайдалану
үшін «Өзін-өзі жетілдіру» әдісін қолданған тиімдірек болады.
Бұл әдісте:
- Оқушы жаңа тақырыпты өз бетімен, алдын-ала дайындалып, ізденіп
келеді;
- Оқушы өз бетімен жұмыс жасауға үйренеді;
- Кітапханамен, интернетпен байланысып, білімдерін толықтырып
отырады;
- Ізденуге, үйрене білуге құштарлықтары артады;
- Жаңалық ашып отырады, жаңа ақпарат жинақтайды;
- Оқушы өз білімін өзі шыңдайды.
Ұлы ойшыл, қытай философы Конфуцийдің «Естігенді ұмытпаймын, көргенді
есте сақтаймын, ал өз ақыл-ойыммен істеген ісімді түсінемін» деген сөздері
осыны дәлелдей түспек.
Жас ұрпаққа жан-жақты білім беру әрбір оқытушының басты міндеті.
Қай әдісті пайдалансақ та, алға қойған мақсат біреу. Ол оқу бағдарламасының
материалдық мазмұнын оқушы бойына сіңіру.

Тригонометриялық функциялар.
Тригонометриялық теңдеулерді шешу

Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық функциялар. Тригонометриялық
теңдеулерді шешу.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі. Тригонометриялық формулаларды пайда-
ланып, тригонометриялық теңдеулердің шешімдерін таба білу.
Дамытушылығы: Студенттердің өз бетінше білім алу дағдысын және
танымдық шығармашылық белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойын айта білуге, ұжымдық
ауызбіршілікке баулып, дүниетаным шеңберін кеңейту. Студенттердің жеке
тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, шағын топта жұмыс істеуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Өтілген тақырыпты пысықтау.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, интерактивті әдіс, өзін-
өзі жетілдіру әдісі.

Пән аралық байланыс: Астрономия, медицина, музыка, физика, геометрия.
Сабақты өткізуге қажетті құрал-жабдықтар:
1. Интерактивті тақта
2. Тапсырмалар жазылған флипчарттар
3. Тест тапсырмалары
4. Сергіту сәті
5. Ортақ бағалау парағы
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Оқушылардың сабаққа
дайындықтарын тексеру
3.Сабақтың мақсатын хабарлау
Оқытушының кіріспе сөзі 2-3 мин.
Оқытушы бүгінгі өтілетін тақырыпты айтып, тақырыптың маңыздылығын
түсіндіреді. Сабақтың барысына тоқталып, оқушылардың білімін тексеру
кезеңіне қысқаша тоқталады.
А) Топ студенттерін үш топқа бөледі. Әр топтан бір-бір топ басшы
сайланады. Әр топ басшы өз тобы оқушыларының ұпайларын есептеп отырады.
В) Тапсырмалар үй тапсырма сұрақтары бойынша интерактивті тақтадан
деңгейлік тапсырмалар арқылы таңдалады. Әр оқушы таңдаған сұрағына жауап
береді, есептер шығарады.
С) Егер жауап толық болмаса, онда кез-келген оқушы оны толықтырып,
ұпай ала алады.

Тригонометрия сөзі гректің үшбұрыш өлшеу
деген сөзінен шыққан. Тригонометрияға қатысты көптеген ұғымдар бұдан
екі мың жыл бұрын белгілі болған. Ал синус ұғымының тарихы әріден
басталады. Косинус одан кейін келеді. Косинус деген латынның
толықтауыш синусы деген сөз тіркесінің қысқарған түрі.
Тангенстер көлеңкелердің ұзындықтарын анықтау жөніндегі есептерді
шығарумен байланысты болады.

Оқушылардың өтілген тақырыпты қалай меңгергендерін байқау үшін әр
топқа үш деңгейден тұратын сұрақтар беріледі. Олар сұрақтарды интерактивті
тақтадағы ұяшықтар арқылы таңдайды.

1 топ: Синустар тобы
2 топ: Косинустар тобы
3 топ: Тангенстер тобы

І деңгей тапсырмалары:

1. Синус дегеніміз не?
Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы дегеніміз – сүйір бұрышқа
қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы.
2. Бірлік шеңбер дегеніміз не?
Бірлік шеңбер дегеніміз – радиусы бірге тең болатын шеңбер.
3. Косинус дегеніміз не?
Косинус дегеніміз іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы.

4. Cинус пен косинус функциясының периоды неге тең?
Cинус пен косинус функциясының периоды 2π-ге тең.
5. Тангенс дегеніміз не?
Тангенс дегеніміз – іргелес жатқан катеттің қарсы жатқан катетке
қатынасы: мұндағы анықталмаған
6. Тангенс пен котангенс функцияларының периоды неге тең?
Тангенс пен котангенс функцияларының периоды π-ге тең.

ІI деңгей тапсырмалары:

1. Синус функциясының қасиеттерін айтып беріңіз: y=sin x

1) тақ функция
2) периоды:
3) (нақты сандар) 4)
5) өсу аралығы:
6) кему аралығы:
7) таңбасы: І, ІІ-ширекте: оң; ІІІ, ІV-ширекте: теріс

2. Косинус функциясының қасиеттерін айтып беріңіз: y=cos x

1) жұп функция
2) периоды:
3)
4)
5) өсу аралығы:
6) кему аралығы:
7) таңбасы: І,ІV-ширекте: оң; ІІ,ІІІ-ширекте: теріс
3. Тангенс функциясының қасиеттерін айтып беріңіз: y=tg x
1) тақ функция
2)
3)
4) периоды:
5) өсу аралығы:
6) кему аралығы: жоқ

ІІI деңгей тапсырмалары:

І. Синустар тобына: ІІ.
Косинустар тобына:


ІІІ. Тангенстер тобына:

Сергіту сәті (тақырыпқа байланысты сөзжұмбақ құрастыру)

Оқушыларға 3 нұсқада тест сұрақтары таратылады. Сұрақтардың дұрыс жауаптары
соңынан интерактивті тақтада көрсетіледі. Топ оқушылары тесттерді бір-
бірімен ауыстырып тексеріп, бағалау эталоны арқылы бағалайды.

Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма беру.

Студенттердің білім деңгейлерін бағалау парағы арқылы бағалау, оны
интерактивті тақта арқылы оқушыларға көрсету.

Оңтүстік Қазақстан облысы,
Түркістан қаласы.

-----------------------
Жаңалық ашып отырады, жаңа ақпарат жинақтайды

«Өзін-өзі
жетілдіру» әдісінің
тиімділігі

Оқушы өз білімін өзі шыңдайды

Ізденуге,
үйрене білуге құштарлық-тары артады

Кітапханамен, интернетпен байланысып, білімдерін толықтырып отырады

Оқушы өз ортасынан,
мұғалімнен,
ата-анасынан көмек сұрайды

Оқушы өз бетімен жұмыс жасауға үйренеді

Ұқсас жұмыстар
Мазмұндама жинағы
Төрт сөзден
Мамандық сөзіне анықтама беру
Мақта таяқшаларымен балықтың суретін салу
Балалардың рахат табатын мекені тек өзен жағасы
Paint графикалық редакторы тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру
Әнші ақындар шығармашылығы
Үшбүрыштың биіктігі, медиана және биссектрисасы
Арыстан мен тышқан
Тақырып Баскетбол ойыны
Пәндер