Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жаңа жылым

Төрлет, құтты Жаңа жыл!!!
Мұғалімнің құттықтау сөзі:
Құрметті ата - аналар, қонақтар және оқушылар. Жаңа 2014 жыл - "Жылқы
жылы" бәрімізге құтты болсын. Жаңа жыл тек қана денсаулық, отбасымызға
бақыт, жұмыста жаңа жетістіктер мен табыс әкелсін. Елбасымыз аман болып,
елімізде тыныштық болсын. Бүгінгі жаңа жылдық кештен жақсы әсер алыңыздар.
"Төрлет, құтты Жаңа жыл" атты мерекелік іс - шараны бастауға рұқсат
етіңіздер.
Екі жүргізуші ортаға шығады.
1 - жүргізуші:
Армысыздар, ардақты ағайын, ұлағатты ұстаздар!
2-жүргізуші:
Бармысыздар, замандас бауырлар, шабытты шәкірттер!
1 - жүргізуші:
Айнала қоршап шыршаны,
Шашылар шашу жыр әні.
Мынау әсем шыршаға,
Қош, келдіңдер, балалар! - дей отырып ортаға жаңа жылдық шыршаға келіп
отырған бүлдіршіндерді шақырайық.
2 - жүргізуші:
Төрлетіңдер, төрлетіңдер,
Шырша сәнін көріңдер.
Әсем ән мен би билеп
Күй - жырларын төгіңдер.
2 - жүргізуші: - Жаңа жылдық шырша мерекесіне қош келдіңдер, балалар!
1 - жүргізуші: - Жасыл шырша мерекесі сендер үшін, балалар!
1- жүргізуші: Балалар, бүгін сендерді жаңа жылмен құттықтау үшін мектеп
басшысы келіп отыр.
2 - жүргізуші:
Армысыз мектебіміздің басшы ағасы,
Жайнасын көңіліңіздің жасыл бағы.
Тамаша жаңалықтың бастауы боп
Мол болсын жаңалықтар тағы, тағы.
1 - жүргізуші:
Армысыз балалардың жақсы ағасы,
Қамқоршы жүргінің ер панасы
Біздер үшін бүгінгі ән менен күй,
біздер үшін бүгінгі сән менен сый, - дей отырып ортаға мектеп басшысын қол
соғып, қошеметтеп шақырайық.
2 - жүргізуші:
Балалар, директор ағайдан шырша шамын жағуды сұрасақ қайтеді?
Барлығы: Шырша шамы жағылсын! 3 - рет
Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат!
2- жүргізуші:
Құрметті халайық бүгінгі жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп,
алтындатқан шанасымен Аяз ата келе жатыр деген хабар алып тұрмыз. Балалар
жаңа жыл мерекесінің көркі Аяз ата емес пе! Аяз ата мен Ақшақарсыз жаңа жыл
бола ма?
1 - жүргізуші:
Дұрыс айтасың ендеше балалармен қосылып Аяз ата мен Ақшақарды ортаға
шақырайық.
Барлығы: Аяз ата, Ақшақар! 3 - рет
1 - жүргізуші:
Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар,
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар
Аяз ата келеді Ақшақармен
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
2- жүргізуші:
Айтыспай - ақ ән орындап, әнмен шақырайық.
Ән. Аяз ата (оқушылар бәрі айтады)
Аяз ата:
Амансыңдар ма, балалар!
Сәлеметсіздер ме қадірлі қонақтар!
Жаңа жылдарың құтты болсын
Денсаулықтарың мықты болсын
Аспандарың ашық, жұлдықдарың жарық болсын
Егеменді еліміз көркейе берсін
Жаңа жылда жаңа табысқа жетіңдер!
Аталарың сендерге
Асау желмен алысып
Шаршап келді алыстан
Ақша қар мен Ескі жыл
Олар да жүр қасымда
Өздеріңдей балалармен
Сағынысып табысқан.
Балалар: Сәлеметсіздер ме, Аяз ата, Ақша қар!
Аяз ата: Ал, балаларым біз Ақша қар екеуіміз алыс жолдан шаршап келдік.
Сендер ән айтып, би билеңдер, бізмалайық.
1 - жүргізуші:
Аяз ата қаншама жол жүріп келдіңіз. Мына орындыққа отырып дем алыңыз.
Ақша қар: Ән айтып, би билеген балаларға беретін тәтті кәмпитіміз бар. Ал,
босқа тұрмайық, көрсетіңдер өнерді, мен өзім бастап берейін.
(Ақша қар билейді. Меруерт - Жаңа жыл келе жатыр. Би)
Аяз ата: Балалар, осы Жаңа жылымыз қайда? Неге шақырмаймыз?
Ақша қар: Барлығымыз қосылып Жаңа жылды ортаға шақырайық.
Барлығы: Жаңа жыл! 3 - рет. Музыка ойнайды. Атқа мініп билеп келеді.
1 - жүргізші:
Асыға күткен Жаңа жыл!
Кел, Жаңа жыл, жаңа жыл!
Жаңа заман, жаңа ойлар
Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!
Аяз ата: Амансың ба, Жаңа жыл! Балалар биылғы келген жыл - Жылқы жылы.
Ал, Жаңа жыл!
Келген қадамың құтты болсын!
Сән әкелген жыл бақыт жылы болсын!
Береке, бірлік, татулық, ырыс жылы болсын!
Жалықтар достығы нығая берсін!
Елбасымыз салған сара жолмен үнемі алға дами берейік!
Темірлан:
Жылқы жылы жақсылыққа бағыттаған
Жылқымын мен жаңа жыл
Жаңа жылда барлығыңыз
Жаңа үміт таба біл!
Жылан жылының мерекесән
Мерекеге жалғаймын
Елде, жерде, табиғатта,
Бейбіт жолды қолдаймын.
Арым - ұят, жаным - халық
Қызметім де соларға.
Лаура:
келеді жылдар, келеді айлар ауысып,
Жылан жылы мен жылқы жылы да ауысып,
Береке бірлік бейбітшіліктің төрінде,
Тұрайық әр кез татулықпенен қауышып.
Ақша қар:
- Аяз ата, Ескі жылды шығарып салайық.
Аяз ата:
- Дұрыс айтасың, Ақша қар! Ал, Ескі жыл сен құтты жыл болдың. біз ризамыз
саған, Ескі жыл! Ал, сау бол, Ескі жыл!
Темірлан:
Ал, Ескі жыл, аман бол
Ізбасарың мен болам
Аман болсын деп тіле
Елім, жерім, кең далам.
Лаура:
Біздің елде өткен жылы
Жылан жылы тыныштық
Ал ұмтылдық біз есейдік
Жақсылыққа тырыстық
Ескі жылым жылан жылы
Қош аман бол көргенше.
2 - жүргізуші:
Ал, достар бізге реніш жоқ шығар. Құрметпен жылан жылын шығарып салайық.
Барлығы: Сау бол, Ескі жыл! 3-рет.
1 - жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алға тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың,
Көргендер де, көрмегенде арманда
Қуанышпен келді той боп жаңа жыл
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!
Ән: Жаңа жыл. Лаураның орындауында.
2 - жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшқтанып арайың
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,
Жаңа жылың құтты болсың ағайың.
Ән: Шырша жыры. 2 - сынып.
Лаура:
Ей, Жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым,
Жақсылықтың жаршысы да нұрысың
Адамдардың асқақтаған арманы
Ақындардың таусылмайтын жырысың.
Би қазақша: "Ұлдар" тобы 2 - 4 сынып.
2 - жүргізуші:
Армысың, аманбысың жаңа жылым
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Жылқы жылы келгенде сый ғып тартып
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
Ән. 3 - сынып "Шырша жыры".
Лаура:
Жаңа жыл - жаңа әннің тербелуі,
Жаңа жыл ақ арманның өрленуі,
Жаңа жыл партадағы лүпілдеген,
Кішкентай шәкірттердің ержетуі.
1 - сынып оқушылар өнерін тамашалау.
Ән. "Жасыл шырша жанында"
3 - сынып оқушылар өнерін тамашалау.
Елжан:
Жаңа жылда жаңа белден асамыз,
Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз.
Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен,
Жаңа жылда тағы да алға басамыз!
Би.
Лаура:
Бүгін бәріміз де өз өнерімізді ортаға саламыз деп келіскенбіз. Олай болса
жаңа жылды қарсы алып өз туындысынан шығарған ақын жігіттерімізді
шақырайық.
2 - сынып:
Думан:
Тоғай да,баулар да
Ақ күміс жамылды.
Дала да, таулар да,
Өзіңді сағыңды.
Асылан:
Жаңа жылым жол болсын,
Басқан қадам оң болсын,
Төрлет, төрлет Жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын!
Сырым:
Ақ қар жапты даланы,
Ақ жамылды айнала.
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға.
Думан:
Жаңа жылға арналады жаңа жыр,
Жаңа жылда шақырады бар өмір
Баөт болып жаңа жылым келді ғой,
Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл!
Асылан:
Кел, жаңа жыл, жаңа жыл,
Қарсы аламыз біз сені.
Ақ көңілмен, ақ пейілмен
Баршамыздың төрінде.
Сырым:
Сәлем беріп сіздерге,
Бар өнерді саламыз.
Өнерлі бала бар деп,
Әлемге жар саламыз.
1 - жүргізуші:
Келесі кезекте 1 - 3- сынып оқушылары өлеңдерін оқиды.
Ән. "Жас дәуірдің түлегіміз" Орындайтын: Нұрлан.
Елжан:
Мың бұралған ақ қайыңдай,
Қыздар шықсың ортаға.
Ал, ендеше қол соғайық,
Қошеметпен қарсы алайық.
Би: Ажар, Үміт, Лаура.
Лаура:
Жаңа жыл - туындаған жаңа армандар,
Жаңа жыл - шуылдаған жаңа ормандар.
Ал, мынау - мәңгібақи жаңа дүние,
О, сәлем, жаңа жылда жаңарғандар, - дей отырып, ортаға Алдар көсені,
сиқыршыны шақырайық.
Алдар - Темірлан:
Мен, Алдармын, Алдармын,
Шайтанды да алдармын.
Алдау деген түк емес,
Сиқыршыны да алдаймын, - деп екі қайтара әндетіп, сахнада жүреді.
(сол кезде сахнаға Сиқыршы шығады)
Сиқыршы - Асар - О, Алдеке көңілдісің ғой өзің?!
Темірлан: Неге көңілді болмасқа, бүгін бізде жаңа жылдың шырша мерекесі
өтіп жатыр. Сен қайдан жүрсің?
Асар: Мен бүгін өз сиқырымды бүлдіршіндерге көрсетіп, көңілдерін көтеруге
келдім.
Темірлан: Қандай сиқыр көрсетесің? Не арқылы?
Асар: Менде сиқырлы айна бар. Қарашы қандай әдемі! Айнаға қарап тұрып,
сиқырлы сөзді айтсаң бодды, не көргің келсе соны көруге болады.
Темірлан: Өзің білесің Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Әр ұлт өкілдерінің
достығы мен ынтымақтастығын жарастырып отырған - өзіміздің Елбасымыз. Сол
ұлттар достығының белгісі ретінде әр ұлт өнерін көрсете аласың ба?
Асар: Қай елді көргің келеді?
Темірлан: (ойланып тұрып) Үнділерді көрсете аласың ба?
Асар: Бәлі, сол да сөз болып па? Қазір (айнаға қарап)
Айнам, менің айнам,
Жаң - жағыңды жайнат.
Үнділердің өнерін
Осында әкеп сайрат
Суф, суф, суф.
Музыка қосылады. Ажар үнді биін билейді.
Темірлан: Тамаша, тамаша. Сенің айнаң шыныңда да сииқырлы екен. Енді
түріктің өнерін көрсетші.
Асар: Сөз боп па? Қазір (айнаға қарап)
Айнам, менің айнам,
Жаң - жағыңды жайнат.
Түрік халқының өнерін
Осында әкеп сайрат
Суф, суф, суф.
2 - сынып ұлдары түрік биін билейді.
Темірлан: Ой, ғажап екен. Енді қай халықтың өнерін көрсем болады? Өзіміздің
қазақ биін көрсетші.
Асар:
Айнам, менің айнам,
Жаң - жағыңды жайнат.
Қазақ халқының өнерін
Осында әкеп сайрат
Суф, суф, суф.
Лаура, Ажар билейді (қазақша)
Темірлан: Ой, ризамын, саған рахмет. Осы сиқырлы айнаңды маған сыйлап
кетші.
Асар: Жарайды, сыйладым саған айнамды. Қазақстандағы ұлттар достығы нығая
берсін. Мені басқа елдің балалары шырша маңында тосып отыр соларға барайын.
Темірлан: Рахмет, саған, сиқыршым. Алыс жолға аттанып барасың, жолың
болсын. Шығарып салайын.(екеуі сахнадан шығып кетеді)
1 - жүргізуші: Ал, балалар, сиқыршы мен Алдардың өнеріне ризасыңдар ма?
Бәрі: Ризамыз,ризамыз! Рахмет, рахмет.
Келесі көрініс: "Айлакер мысық"
ойын ойнау.
2 - жүргізуші:
Ендігі кезекте кішкентай бүлдіршіндердің өнерін көрсетеді. Аяз атаның
балаларға беретін базарлығы бар екен.
Аяз ата: Ал, балалар, біз Ақша қар екеуіміз тамаша дем алдық, ойнадық, би
биледік. Біздің баратын жерлеріміз көп. Сендер сияқты талай бүлдіршіндер
тағатсыздана тосып отыр.
Елжан: Иә, Аяз ата халқымызға бата бере кез келді ғой деймін.
Аяз ата: бата береді.
Жаңа жылдарың құтты болсын!
Денсаулықтарың мықты болсын!
Аспандарың ашық, жұлдыздарың жарық болсын!
Егеменді еліміз көркейе берсін!
Жаңа жылда жаңа табысқа жетіңдер! Әумин!
Ал, балалар біз Ақша қар екеуіміз аттанайық. Сау болыңыздар балалар!
Ақша қар: Сау болыңдар, балалар! Келесі жаңа жылда кездескенше.
Барлығы: Сау болыңыздар, Аяз ата, Ақша қар!
Елжан:
Бітуге қалды таяп - ай,
Не қыласың аяп - ай.
Қане, халқым, қол соқшы,
Жаңа жылда аямай.
Лаура: Жаңа жыл - жылқы жылы әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа
шуақ,табыс пен берекеғ қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым жылы
жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл
болсын!
Барлығы: Жаңа жыл құтты болсын!
Лаура: Құттықтау сөз ата - аналарға беріледі.
Сау болыңыздар.

Ұқсас жұмыстар
Келді жылым бақытым, Кемелденді уақытым
Жаңа жыл 2015
Жасыл шырша жанында
Жаңа жылдың жарқырайды шамдары
Тақырып - Наурыз мерекесі
Наурыздағы тілек туралы
Наурыз – жыл басы ( Тәрбие сағаты )
Наурыз авторы
Наурыз-жыл басы. Қош келдің, наурыз
Қыдыр ата
Пәндер