Компьютерлік графика: түрлері, бағдарламалары және негізгі ұғымдар бойынша тест

Тест 1-нұсқа
- Компьютерлік графика қолданылу әдісіне қарай қанша топқа бөлінеді?
A) 4
Б) 3
В) 2
Г) 5
- Екі өлшемді графика түрлерін атаңыз?
A) Растрлық
Б) Векторлық
В) Растрлық және векторлық
Г) Растрлық, векторлық және фракталдық
- Геометриялық фигуралардан тұратын графика түрі?
A) Растрлық
Б) Векторлық
В) Фракталдық
Г) Үшеуі де
- Adobe Photoshop бағдарламасы қай графика түріне жатады
A) Растрлық
Б) Векторлық
В) Фракталдық
Г) Растрлыққа және векторлыққа
- Есептеу жұмыстарын жүргізуге арналған графика саласы?
A) Растрлық
Б) Іскерлік
В) Фракталдық
Г) Ғылыми
- Әр түрлі кескіндерді компьютер көмегімен алуды қарастыратын информатика саласы?
A) Мәліметтер базасы
Б) Мәтідік редакторда
В) Компьютерлік графикада
Г) Компьютерлік желіде
- Пиксель сөзінің мағынасы:
A) сызық
Б) нүкте
В) теңдік
Г) доға
8. Векторлық графикаға жататын бағдарламаны көрсетіңіз
A) Adobe Photoshop
Б) CorelDraw
В) Photofinish
Г) Adobe Image Ready
Тест 2-нұсқа
- Компьютерлік графиканың негізгі бөлімдері?
A) Растрлық
Б) Векторлық
В) Фракталдық
Г) Екі өлшемді және үш өлшемді
- Пиксельдерден тұратын графика түрі?
A) Растрлық
Б) Векторлық
В) Фракталдық
Г) Үшеуі де
- Негізі математикалық формулалар болып саналатын графика түрі?
A) Растрлық
Б) Векторлық
В) Фракталдық
Г) Үшеуі де
- Ғылыми есептеулер жүргізуге мүмкіндік беретін графика саласы?
A) Растрлық
Б) Іскерлік
В) Фракталдық
Г) Ғылыми
- Мультфильмдер мен компьютерлік ойындар жасауға арналған графика түрі?
A) Растрлық
Б) Іскерлік
В) Фракталдық
Г) Көркемдік
- CorelDraw қай графика түріне жатады?
A) Растрлық
Б) Векторлық
В) Фракталдық
Г) Үшеуі де
- Растрлық графиканың негізгі кемшілігі неде:
A) Түс қанықтылығы байқалады
Б) Бейнені үлкейткенде сапасы төмендейді
В) Бейнені кішірейткенде сапасы төмендейді
Г) Бейненің түсі анықталады
- Расторлық графикаға жататын бағдарлама түрін көрсетіңіз:
A) Adobe Photoshop
Б) CorelDraw
В) Micrografx Draw
Г) Adobe illustrator