Тарих сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекеті мен құзыреттілігін қалыптастыру

Тарих сабағында оқушылардың танымдық іс-әрекетін, құзыреттілігін қалыптастыруда АКТ-ны пайдалану.

Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебі

І-санатты тарих пәнінің мұғалімі Ж. М. Шакирова

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Қазіргі білім саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларды меңгермейінше сауатты, жан - жақты білгір маман болу мүмкін емес. Жаңа ақпараттық технологияны меңгерту мұғалімнің зейін - зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани т. б. көптеген ұстаздық қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Мұғалім алғаш жаңа ақпараттық технологияларды оқып үйренеді, екіншіден меңгереді, үшіншіден тәжірибеде қолданады, төртіншіден оны дамытып нәтижесін көрсетеді.
Соның ішінде компьютерлік технологияны қолданудың жеке тұлғаны қалыптастырудағы оның шығармашылық мүмкіндіктерін арттырудағы атқарар

ролін қазіргі заман талаптары өзі анықтап отыр.

Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютерде оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену - бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан, ұстаз - мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі - жаңа технология негіздері болып табылады. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беруде мына технологияларды пайдаланса олар:

  1. сандық теледидар
  2. ғаламтор ресурстары
  3. теледидар бағдарламалары
  4. ұтқыр қондырғылар
  5. ұялы телефондар
  6. компьютер
  7. интерактавті тақта
  8. электронды оқулық

оқушылардың қызығушылығы білімге деген ынтасы ізденімпаздық қасиеті арта түсері анық.

Оқушылардың құзыреттілігін арттыру негізінде педагогикалық технологияларының бірі - оқытудың компьютерлік технологиясын өз тәжірибеңде қолданып келемін. Оқытудың компьютерлік технологиясын пайдалану мен үшін оқу процесін жаңа оқу - әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуге және оқушылардың шығармашылық қабілетін ашуға мүмкіндік береді. Сондықтан оқушылардың құзыреттілігін арттыру мақсатында тарих сабақтарында АКТ-ны пайдаландым. Ақпараттық технологияны оқу процесіне енгізу арқылы оқушы:

  1. Шығармашылық, интеллектуалдық қабілетін дамытады.
  2. Өз білімін өмірде пайдалана біледі.
  3. Компьютер мен жұмыс жасай алады.
  4. Логикалық ой-өрісін дамытады.
  5. Жан - жақты білім алады
  6. Есте сақтау қабілетін дамытады. -

Өз жұмысымда мен көптеген электрондық ресурстарды қолданамын: мультимедиялық бағдарламалар, интернетте табылған материалдар, интерактивті тестілер, бағдарламар. Олар сабақты турліндіреді және қызықты етеді, балаларды әр турлі жаңа технологияларды пайдалануға үйретеді.
Интернетте біз оқушылармен жобаларымызға турлі керекті ақпаратты табамыз: мұражайлар жөнінде, дәстурлі жерлерді, елдерде болып жатқан оқиғаларды. әлемдегі экологиялық жағдайларды, ұлттық мерекелерді және т. б.

Интерактивті тақта - басқаруға мүмкіндік беретін экран, көп функционалды, сабақ барысында қолданатын қажетті құралдардың бәрі кіреді, атап айтқанда;
- Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі - түсті, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды.
-Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады.
- Сабақта Aktiv Vote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады, бұл программаны мен 10-11 сыныптарды ҰБТ-ға даярлаған кезде сабақта жиі пайдаланып отырамын. Сонымен бірге өз қатенді тап, жоқ сөздердің орнын толықтыр, есте сақта, сәйкестендәр деген тапсырмалар жиі беріп отырамын.

Мысал ретінде айтсам Интерактивті тақта арқылы картамен жұмыс жасау кезінде 8 - сыныпта «Ішкі Бөкей Ордасындағы И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс» атты тақырыпта картадан көтерісшілер өткен жерлерді шартты белгілермен бегілеп көрсет, немесе 7 сыныпта «Франктер империясы» тақырыбында Франктер империясының шекарасын ( VIII-IXғғ) мен 843 ж Верден келісім шартыннан кейін қандай болды салыстыр, және қортынды жаса. Жаңа сабақты түсіндіруде пазл жинау әдісі де өте тиімді суреттерді кесіп оларды құрастыру мысалы: Кенесары Қасымұлының суретін құрастырып ол туралы өз ойларын айту. 8 сыныпта «Абылай хан» тақырыбы бойынша интервью жасау, оны жаңа сабақ бастамас бұрын, жақсы оқитын оқушыға алдын ала беріп бейнетаспаға түсіріп алып келуін сұрайсыз. Ол Абылай хан туралы өте қызықты мәлімет жинақтап келеді.

Электронды оқулықты пайдаланудыңда мүмкіндіктері өте көп. Электронды оқулықтарындағы тапсырмаларды орындау, тест жұмыстары, картамен жұмыс, бейнефильмдерді көру арқылы оқушылардың өз бетінше білім алуға ынтасын, қызығушылығын байқадым.

Мен «PINACLE», «VIDEOSTUDIO» бағдарламалары арқылы 6 сыныпта өтілген «Ежелгі тас ғасыры» тақырыбына әр түрлі анимацияларды, эффекттерді пайдаланып, бейне ролик жасадым.

Біздің мектепте ғаламтор тек информатика кабинетінде болғандықтан оқушыларым ұялы телефон арқылы «Opera Mini», «Opera Mobile» Java бағдарламасы арқылы «Google» іздеу сайтынан «Википедиядан» мағлұматтарды алып, талдау жұмысыyн жүргізеді. Ғаламтор поштасы арқылы үй тапсырмасын талдау, түсінбеген сұрақтарды талқылау, қателерін түзеу жұмыстарын оқушыларым бір-бірімен байланыста болып жүргізеді.

Тапсырма ретінде 8 - сыныпты үш топқа «Кіші жүздің ханы Әбілқайыр» туралы «Википедиядан» қызықты мағлұмат алып баяндама жасау, ол оқушының сабақтың үстінде қызықты мағлұмат алып оны өз сыныптастары арасында талқыға салып, бір-біріне көмектесіп ой бөлісіп, зерттеп қосымша материал жинақтауына көмектеседі.


Ұқсас жұмыстар
Физика пәнінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру
Математика сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру
Информатика сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен электрондық оқулықтарды қолдану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру
Білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың маңызы және оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде педагогтардың және оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру
Математика сабағында оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру: сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдану
Ағылшын тілі сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып оқушылардың құзыреттілігін дамыту тәжірибесі
Тарих сабақтарында ойын және ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру
Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану
Мектептегі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және педагогтардың АКТ құзыреттілігін арттыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz