Массалардың төменде

Тақырыбы:
А деңгейі (5 балл)
В деңгейі ( 6 балл)
С деңгейі ( 6 балл)
Тақырыбы:: Заттың массасы
А деңгейі (5 балл):

Массалардың төменде берілген мәндерін кг арқылы өрнекте:

0, 003 г = кг

5, 6 т = кг

0, 7 ц = кг

4890 г = кг

В деңгейі ( 6 балл): Роликті коньки киген екі бала бір-бірінен кері итеріліп, қарама-қарсы жаққа қарай сәйкес 2 м/с және 5 м/с жылдамдықпен сырғанап кетті. Бірінші баланың массасы 35 кг. Екінші баланың массасы неге тең?
С деңгейі ( 6 балл):

Арбалардың массалары 1 кг және 3 кг, олардың жылдамдықтары нөлге тең. Өзара әсерлескенде үлкен арба 15 см/с жылдамдыққа ие болды.

Кіші арба қандай жылдамдыққа ие болады?

Тақырыбы:: Заттың тығыздығы
А деңгейі (5 балл): Массасы 5 кг, ал көлемі 2*10 -4 м 3 металдың тығыздығы қандай?
В деңгейі ( 6 балл): Бөлменің өлшемі: ұзындығы 3 м, ені 2, 5 м, ал биіктігі 2 м. Егер осы бөлмедегі ауаның тығыздығы 1, 3*10 -3 г/см 3 болса, онда бөлмені толтырып тұрған ауаның массасын қандай?
С деңгейі ( 6 балл): Қандай да бір тетіктің көлемінің ¾ бөлігі алюминийден және ¼ бөлігі қорғасыннан жасалған. Осы тетік жасалған материалдың орташа тығыздығы қандай?
Тақырыбы:: Гук заңы
А деңгейі (5 балл): Қатаңдық коэффициенті 100 Н/м серіппені 0, 01 м-ге созатын күш неге тең?
В деңгейі ( 6 балл): Гук заңы орындалатын жіңішке спираль серіппе тірекке вертикаль бекітілген және 150 Н күш әрекетінен 60 мм-ге ұзарған. Серіппеге қосымша 120 Н күш түсірілді. Серіппенің ұзаруын табыңдар.
С деңгейі ( 6 балл): 320 Н күштің әсерінен амортизатордың серіппесі 9 мм-ге қысылды. 1, 6 кН күш түсірілгенде осы серіппе қанша миллиметрге қысылады?
Тақырыбы:: Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштер
А деңгейі (5 балл):

Денеге бір түзудің бойымен бір бағытта үш күш әрекет етеді:

F 1 = 75 Н; F 2 = 100 Н; F 3 = 85 Н. Олардың теңәрекетті күші неге тең?

В деңгейі ( 6 балл):

Массасы m білеуге әсер ететін шамалары мен бағыттары бойынша олардың теңәрекетті күшін анықтаңдар. Ол күш қай жаққа бағытталған?

а) 15 Н 10 Н ә) 8 Н 18 Н

С деңгейі ( 6 балл):

Горизонталь бағытта қозғалып келе жатқан автомобиль 1, 25 кН тартылыс күші, 600 Н үйкеліс күші және 450 Н ауа кедергісі әрекет етеді.

Теңәрекетті күш неге тең?

І нұсқа

ІІ нұсқа

Тақырыбы:
А деңгейі (5 балл)
В деңгейі ( 6 балл)
С деңгейі ( 6 балл)
Тақырыбы:: Заттың массасы
А деңгейі (5 балл): Дене 50 г, 150 г, 200 г, 30 г жүктер жиынтығымен теңестірілген. Дененің массасы қандай?
В деңгейі ( 6 балл): Роликті коньки киген екі бала бір-бірінен кері итеріліп, қарама-қарсы жаққа қарай сырғанап кетті. Бірінші баланың массасы 42 кг, ал екінші баланың массасы 35 кг. Соқтығысқаннан кейінгі бірінші баланың жылдамдығы 5 м/с болса, екінші баланың жылдамдығын анықта.
С деңгейі ( 6 балл):

Арбалардың массалары 2 кг және 5 кг, олардың жылдамдықтары нөлге тең. Өзара әсерлескенде үлкен арба 12 см/с жылдамдыққа ие болды.

Кіші арба қандай жылдамдыққа ие болады?

Тақырыбы:: Заттың тығыздығы
А деңгейі (5 балл): Цилиндрдің массасы 365г, көлемі 50 см 3 . Оның тығыздығын тап. Ол қандай заттан жасалған?
В деңгейі ( 6 балл): Құм өндіру карьерінде тәулігіне 5000 м 3 құм өндіріледі. Осы құмды тасу үшін жүк көтергіштігі 65 т қанша теміржол платформасы керек?
С деңгейі ( 6 балл): Массасы 21 т төртосьтік теміржол платформасына көлемі 19 м 3 болатын гранит артылды. Жүгімен қосқанда платформаның массасы қанша болды?
Тақырыбы:: Гук заңы
А деңгейі (5 балл): F серп = 3 Н күштің әсерінен 0, 06 м-ге ұзарған болса, серіппенің қатаңдығы қандай?
В деңгейі ( 6 балл): Резеңке таспаның қатаңдығы 3, 5*10 4 Н/м. Егер таспаға 10 кН күш әрекет ететін болса, онда ол қандай шамаға созылады?
С деңгейі ( 6 балл): Жіңішке серіппе тірекке Гук заңы орындалатындай бекітілген және оның қатаңдығы 2, 5*10 3 Н/м. Серіппеге қандай да бір күш әрекет еткенде, ол 72 мм ұзындыққа созылады. Оған қосымша 120 Н күш түсірілді. Серіппенің ұзаруын табыңдар.
Тақырыбы:: Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштер
А деңгейі (5 балл): Салмағы 400 Н болатын бала жоғары көтерілген қолында салмағы 100 Н кір ұстап тұр. Бала жерге қандай күш түсіреді?
В деңгейі ( 6 балл):

Денеге бір түзудің бойымен үш күш әрекет етеді: F 1 = 20 Н; F 2 = 100 Н; F 3 = 80 Н. Теңәрекетті күш неге тең?

Төрт шешімі бар

С деңгейі ( 6 балл): Денеге бір түзудің бойымен үш күш әрекет етеді: F 1 = 15 Н; F 2 = 20 Н; F 3 = 35 Н. Теңәрекетті күш неге тең?

ІІІ нұсқа

Тақырыбы:
А деңгейі (5 балл)
В деңгейі ( 6 балл)
С деңгейі ( 6 балл)
Тақырыбы:: Заттың массасы
А деңгейі (5 балл): Массалардың төменде берілген мәндерін килограмм арқылы өрнекте: шыбынның қанаты 0, 005 г; доп 350 г; автомобиль 1, 5 т
В деңгейі ( 6 балл): Кішкене екі арбаша бір-біріне соғылып, қарама-қарсы жаққа қарай сырғанап кетті. Бірінші арбашаның массасы 0, 35 кг, ал екінші арбашаның массасы 0, 56 кг. Соқтығысқаннан кейінгі бірінші арбашаның жылдамдығы 2 м/с болса, екінші арбашаның жылдамдығын анықта.
С деңгейі ( 6 балл):

Арбалардың массалары 1 кг және 3 кг, олардың жылдамдықтары нөлге тең. Өзара әсерлескенде үлкен арба 15 см/с жылдамдыққа ие болды.

Кіші арба қандай жылдамдыққа ие болады?

Тақырыбы:: Заттың тығыздығы
А деңгейі (5 балл): Фарфордың тығыздығы 2300 кг/м 3 , көлемі 5*10 -5 м 3 . Фарфордан жасалған дененің массасын табыңдар.
В деңгейі ( 6 балл): Бетонды плитаның бетінің ауданы 7, 5 м 2 , ал биіктігі 40 см. Бетонның тығыздығы 2200 кг/м 3 . Оның массасы қандай?
С деңгейі ( 6 балл): Автомабильдің двигателі 100 км-ге 10 кг бензин жағады. Егер автомабильдің жанармай багіне 60 л бензин сиятын болса, онда ол жанармай толтырғаннан кейін қанша жол жүреді?
Тақырыбы:: Гук заңы
А деңгейі (5 балл):

Серіппенің қатаңдығы 6*10 3 Н/м.

Оның серпімділік қасиеті сақталатын шектік ұзындығы 15*10 -3 м. Серпімділік күші неге тең?

В деңгейі ( 6 балл): Гук заңы орындалатын жіңішке спираль серіппе тірекке вертикаль бекітілген және 150 Н күш әрекетінен 30 мм-ге ұзарған. Серіппеге қосымша 120 Н күш түсірілді. Серіппенің ұзаруын табыңдар.
С деңгейі ( 6 балл): Жіңішке серіппе тірекке Гук заңы орындалатындай бекітілген және оның қатаңдығы 2, 5*10 3 Н/м. Серіппеге қандай да бір күш әрекет еткенде, ол 72 мм ұзындыққа созылады. Оған қосымша 120 Н күш түсірілді. Серіппенің ұзаруын табыңдар.
Тақырыбы:: Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштер
А деңгейі (5 балл): Денеге бір түзудің бойымен қарама-қарсы бағытта екі күш әрекет етеді. F 1 = 20 Н; F 2 = 55 Н. Олардың теңәрекетті күшін табыңдар.
В деңгейі ( 6 балл):

Массасы m білеуге әсер ететін шамалары мен бағыттары бойынша олардың теңәрекетті күшін анықтаңдар. Ол күш қай жаққа бағытталған?

а) 50 Н 80 Н ә) 15 Н 25 Н

С деңгейі ( 6 балл): Дененің қандай да бір нүктесіне әрекет ететін екі күштің шамасы модулі бойынша 7 Н және 12 Н. Неліктен олардың теңәрекетті күші 19 Н немесе 5 Н болуы мүмкін?

Ұқсас жұмыстар
Оқушыларды түгендеп, сабаққа зейінін аудару
Жел,негізгі түрлері және себептері, ауа массалары
Доңғалақтарды теңгерімдеу
Денелердің өзара әрекеттесуі Масса және денелердің массасын өлшеу
Автомобильдің тарту - экономикалық қасиеттерін диагноздауға арналған стендтер
Дене массасын азайту
Аяқты қозғалтпай
Ілулі тұрған заттарға қолын тигізіп секіру
Теңге - тәуелсіздік символы
Тұздардың жіктелуі мен алынуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz