Наурыз думан: бастауыш сыныпта ұлттық салт-дәстүрлерді оқытуға арналған мерекелік сабақ сценарийі

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

№8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Серикова Салтанат Тілекқызы

Сабақтың тақырыбы: Наурыз думан

Мақсаты: Оқушылардың наурыз мерекесі жөніндегі білген - түйгендерін толықтыру, мерекедегі айтылатын ұлағатты салт - дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: « Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» мақал - мәтелдер, жұмбақтар, ұлттық киімдер, құрақ көрпеше, бесік.

Жүргізуші: Құрметті оқушылар! Наурыз мерекесі құтты болсын!Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады.

1 -оқушы : Бүгін күн - түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді,

Соны тойлар ел енді.

Жүргізуші : 22 наурыз күн мен түн теңелетін күн. Ендеше күн мен түннің әңгімесін тыңдайық.

Күн : Сәулесі мол күнмі

Түн : Жұлдызы мол түнмін.

Екеуі : Бірдей болып бізде

Теңелеміз бүгін

Түн : Ал ертен күн ұзақ

Күн : Түн қысқарар бірақ

Екеу і: Ұйқы қанбай қалып,

Жүрмеңдер тек жылап

2 - оқушы : Өмір бағы жайнасын,

Бақта бұлбұл сайрасын

Өркендесін тіршілік,

Өсіремін бір шыбық

3 - оқушы: Тыныш болсын даламыз,

Таза болсын ауамыз!

Түгел болсын нуымыз,

Тұнық болсын суымыз.

Би: Келді наурыз жар салып,

Би билейік, ән салып

Жылда келсін Ұлыс күн

Тұрайық есен қарсы алып.

Хор: «Жау, жау, жаңбыр»

Жүргізуші: Тойды одан әрі « Бесікке салу» ырымымен жалғастырсақ деген тілек бар.

Үйдің ішінде дастархан жаюлы. Қыз - келіншектер кәде - жораларым, шашуларын алып келіп жатыр. Келгендер: Сәбидің бауы берік болсын!

Үйдегілер: Төрлетіңдер, төрлетіңдер!

Дастархан басындағы әңгіме:

Апасы: Баланы бесікке салайық. Баланы алғашқы бөлеу ұрпақ өсірген үбірлі - шүбірлі қадірмен апаға тапсырылатын ырымы бар. Ендеше Гүлназ апа сіз көпті көрген, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған қадірменді апасыз. Бесікке сіз салыңыз, мына қыз - келіншектерге сіздің жолыңызды берсін.

Гүлназ апа: Кәне, бесікті әкел. Бесік - өмірге жаңа келген періште сәбидің ақ отауы, оны ер жеткенде ардақ тұтар асыл бұйымы, мұны білген абзал.

Балалар : Апа мына бесік тесік қой.

Жамал апа: Ол әдейі жасалған тесік. Бұл тесік балаларға алаңсыз ұйқы сыйлайды. Алдымен тыштырма жасайық. / тыштырма ырымы түбектің тесігінен «тышты ма?» деп тәтті тағамдар өткізіп, балаларға үлестіріледі/Бұл жас нәрестенің ішкі ағзалары ауырмасын дегендігі.

Гүлназ апа енді отқа табыну ырымдары бар деп, от жағып бесікті бәле - жәледен аластайды. Аластап болғаннан кейін, нәрестені бесікке бөлейді.

Әжесі : Ал Гүлназ мынау сенің сыйың. Гүлназ апаға және оның немерелеріне көйлек жабдық сияқты сый тартылады.

Әжесі бата береді:

Сәбиіміз сүйкімді болсын,

Өнер білімге икемді болсын,

Бәйтеректей бойшаңданып,

Өрен, өршіл, өркенді болсын!

Жақсы жолды таңдасын,

Жамандықтан тәлім алмасын!

Апасы: - Ал енді, қызым бесік жырыңды айтып, сәбиіңді ұйықтата қой.

Гүлназ апа : Сәби бесікте жатқанда анасының ұлағатты әнін естіп бойына тәрбиелік, рухани ана тілінде қабылдайды.

Қыз - келіншектер: Рахмет сіздерге . Бүгін біз сіздерден көп нәрсе үйрендік.

Әжесі: Біз сіздерге көп нәрсе үйретеміз, сіздер балаларыңызға үйретіп отырыңыздар. Сонда ата - бабамыздың қалған қазақтың әдет - ғүрпы, дәстүрі, мәдениеті, тілі өлмейді.

Ал балалар! Біз бүгін көп дүниені білдік.

Хор: « Ақ дидарлы анашым»

Ойын ұйымдастыру.

Жүргізуші: Құрметті көрермендер, бүгінгі біздің кешіміздің мақсаты- Ұлтымыздың салт - дәстүрін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғарту. Осымен ұлыстың ұлы күніне арналған Наурыз думан атты кешіміз аяқталды. Жылдан жылға аман - есен жете берейік! Келіп тамашалағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар.


Ұқсас жұмыстар
Армысың, әз Наурыз: ұлттық мейрам мен салт-дәстүрлерді оқытуға арналған тәрбие сағаты
№5 Айгөлек МКҚК 2011-2012 оқу жылы Наурыз - көктем, жыр-думан мерекелік іс-шарасының сценарийі
13 жас - алғашқы мүшел: мектептегі ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау сценарийі
Бастауыш сыныпқа арналған Наурыз - Ұлыстың ұлы күні тәрбие сағаты: салт-дәстүрлер, мерекелік іс-шаралар және ұлттық дастархан
Мектептегі Әз-Наурыз мерекесінің сценарийі: флешмоб, ұлттық сайыстар және салт-дәстүр
Бастауыш сыныптарға арналған Наурыз ертеңгілігі: ұлттық салт-дәстүрлер мен ойындар
Армысың, әз Наурыз: Наурыз салт-дәстүрін таныстыруға арналған танымдық ойын сценарийі
6В сыныптың 13 жас мүшел тойы: ұлттық салт-дәстүр мен Наурыз мерекесінің сценарийі
Ата салтым - асыл қазынам: ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрлерді меңгертуге арналған ашық тәрбие сағаты
Қош келдің, Наурыз! Білімдік-тәрбиелік мерекелік сабақ-сценарийі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz