Мектеп психологы

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген ауылы
«Өжек Жаңабаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы: ҰБТ-ға сеніммен барайық
(Тренинг сабағы)
Мектеп психологы: Алматай Қ.
ҰБТ-ға сеніммен барайық
Мақсаты: Оқушылардың өзін тану арқылы, өзіндік бағалауын қалыптастыру, стрессті жеңуге жол көрсету.
Міндеті:
- Өзіндік сенімін болуға баулу.
- Өзіндік бағалауын анықтау.
- Стресті жеңуге жол көрсету
- Оқушыларға ҰБТ-ні сенімді тапсыруға дайындау.
Сабақтың түрі: психопрофилактикалық сабақ
Құралдар: ҰБТ-ға байланысты салынған плакат, шарлар, ақ қағаз, қалам, тест парақшасы.
Тренингтің барысы:
Психолог: Құрметті мектеп түлектері, сіздер Қазақстанның болашағысыздар, болшақ бүгіннен басталады! Сіздер кеше ғана бүлдірішін бала, қызыл шақа балапан болсаңдар, міне бүгін дүбірлі додаға қатысуға дайын, жарауы жеткен сайгүліктей ауыздықпен алысып тұрсыңдар. Алдарыңда үлкен болашақ, ұлы мақсат, міндет күтіп тұр. Асар белестерің, шығар биіктерің көп болсын. Кім еңбектенсе, соның бағы жанады. Халқымыз айытпақшы «Талаптыға нұр жауар! » деген емес пе? Бақтарың жансын.
Тренингтің кезеңдері.
- Психологиялық дайындық, ұйымдастыру
- «Мен қалаған есім»
Оқушылардың өзін жайлы сезінуін қалыптасытыру, ойынға соңына дейін белсенді қатысу мақсатында жүргізіледі.
Тренинг ережесі: Ортаға 12 оқушы шығып, шеңбер құрып тұрады. Оқушылар өзінің жақындарының, өзін қалай шақырғанын ұнатады?
- Ата-анаңның қалай атағаны ұнайды?
- Сыныптастарыңның қалай атағаны ұнайды?
- Мұғалімнің қалай атағаны ұнайды?
- Достарыңның қалай атағаны ұнайды?
Релексация, Өзіңді солай атағанда қалай сезіндіңдер? Бұдан кейін сыныптастарыңның өзіңді солай атауын қалайсың ба? Мұғалімдерден өзіңді солай атауын сұрағың келмей ма? Оқушылар орнына отырады.
ІІ. Ойынды бастау кезеңі
Дембо - Рубинштейн әдістемесі бойынша өзіне сенімділігін бағалау.
- «Өзіңді - өзің бағалау» тесті
Түсіндірме: Оқушыларға тест парақшасы беріліп, шыкала бойынша толтыру ұсынылады. Дембо - Рубинштейн әдістемесі бойынша өзіне сенімділігін бағалау. Кезкелген Адам өз қабілеттілігін, мүмкіндігін, мінезін т. б. қасиеттерін өзінше бағалайды. Адам сапасының өсу деңгейі әр түрлі, ол адамзат қоғамында ең төменгі дәрежеден, ең жоғары нүктеге дейін бағаланады, сендер төмендегі берілген 7 қасиет бойынша өзіңіздің қасиеттеріңізді 100 балдық шкала бойынша бағалаңыз және әрбір шкалада қасиетіңіздің байқалу деңгейін белгілеңіз. Осыдан кейін әр шкала бойынша балдарды қосыңыз және 7 санына бөліп, орташа арифметикалық мәнін табыңыз.
- Денсаулық;
- Ақыл, қабілет;
- Мінез;
- Бақыттылық;
- Ұқыптылық;
- Ішкі дүниесі;
- Сенімділік.
Өзін - өзі бағалау деңгейі төмен
Сіз өзіңіздің мүмкіндіктеріңізді тым төмен бағаламайсыз. Сырт көзге көріне бермесе де, өзіңізге өзіңіз сенбейсіз. Сіздің мүмкіндіктеріңіз сіз ойлағаннан жоғары
Өзін - өзі бағалау тепе - тең
Сіз өзіңізді жеткілікті реалистік тұрғыда бағалайсыз және өзіңіздің бағаңызды жақсы білесіз
Өзін - өзі бағалау аса жоғары
Сіз өзіңізді және мүмкіндіктеріңізді асыра бағалауға бейімсіз. Бұл адамдармен қарым - қатынаста белгілі қиындық тудыруы мүмкін.
- «Мен кіммін» әдістемесі
Мақсаты: Оқушылардың «Кеше кім»?, «Бүгін кім?», «Ертең кім?» болатынын түсіндіре отырып, өзінің кімге сәйкестендіретіндігін анықтау.
Алдыға 12 оқушы шығып шеңбер құрады, бір шетінен бастап өзінің кім екендігін айтады. Психолог жеткізе алмаған оқушаларға жетелейді, бәрі айтып біткен соң олардың айытқан сөздеріне қортынды жасайды.
- «Стрессті қалай жеңуге болады?»
Ойын барысы: Ортаға 12 оқушы шығады. 1. Оқушыларға шар үлестіріледі, психолог, оқушылардың бір шетінен «Сендердің қандай жағдайда жындарың келеді?» деген сұрақ қояды. Оқушалр сол сәттерімен бөлісіп шарды үрлейді, әр бір оқушының айытқан сөзінен кейін шар үрлене береді, шар үлкейе береді, үйге барсам ата-анам ұрсады, мектепке келсем сынып жетекшім оқушылар алдында сынайды, осы сөздердің бәрі айтылады, оқушылар үлкен болып шыққан шарды жарады. Сосын оқушыларға екінші шар үлестіріліп, психологтың алдынғы сөзді қайталануы бойынша үрленіп, үлкейеді, «Ата-анам мені үнемі жақсы болсын дейді сол үшін, ұрсады, мұғалімім мені болашақта жақсы азамат болсын дейді, сол үшін сынайды»деген сөздерден кейін оқушалар шардың желін ақырындап шығара бастайды. Шардың ішінде желі қалмайды.
Релексация: « Бұл ойыннан қандай ой түйдіңдер?» оқушылар өз ойын айтады.
ІІІ. Ойынды аяқтау
Ортаға барлық оқушы шығып, шеңбер құрып тұрады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz