Сабақтың тақырыбы Презентацияны демонстрациялау

Сабақ жоспары

План учебного занятия

Күні_ 25. 10. 13 Пән_ Техникалық оқыту құралдары Тобы_ ТК-11-9

Дата Предмет Группа

Оқытушының Т. Ә. А. ___ Омарбеков Медет Боранбаевич

Ф. И. О. преподавателя

I. Сабақтың тақырыбы___ Презентацияны демонстрациялау. Сілтеме .

Сабақтың типі аралас сабақ

1. Мақсаты Презентацияны демонстрациялау және сілтеме жасауды үйрету

2. Міндеттері

Задачи

а) білімдік _ Бағдарламаның негізгі мүмкіндіктері туралы айту және қосымша

_ ақпаратпен білімдерін толықтыру.

ә) тәрбиелік __ Компьютермен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа баулу.

б) дамытушылық __ Өз ойын жүйелей жеткізе алуға дағдысын

қалыптастыру ___

II. Күтілетін нәтиже:

Ожидаемые результаты:

а) оқушылар білу керек __ PowerPoint бағдарламасымен әр түрлі тақырыпта презентация жасау _

ә) оқушылар игеруі керек __ Презентация демонстрациялауды игеру

б) оқушылар меңгеруі керек PowerPoint бағдарламасымен еркін жұмыс істеуді __ меңгеру

III. Сабақтың әрбір кезеңдерінің әдісі мен тәсілдері __ түсіндіру, сұрақ-жауап,

демонстрациялау, интерактивті тақтаның мүмкіншіліктерін пайдалану

IV. Құралдар: _ Интерактивті тақта, компьютер, тест, үлестірмелі тапсырмалар

Сабақ барысы

Ход урока

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, оқушыларды түгендеу, сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру, қауіпсіздік ережесін айту, бағалау парағын тарату

  1. Өткен сабақты қайталау
  1. Тест сұрақтары(6 оқушы)

1. PowerPoint бағдарламасын қандай әмірлер көмегімен іске қосамыз?

А) Жұмыс үстелі - Бастау - Microsoft PowerPoint

В) Тапсырмалар үстелі - Баптау - Басқару үстелі - Microsoft PowerPoint

С) Бастау - Бас мәзір - Іздеу - Microsoft PowerPoint

Д) Бастау - Бас мәзір - Бағдарламалар - Microsoft PowerPoint

2. PowerPoint дегеніміз не?

А) компьютердің қор көздерін басқаратын жүйелік бағдарлама

В) кодтық кестелерді өңдеуге арналған қолданбалы бағдарлама

С) кестелік түрдегі деректерді өңдеу кезінде компьютердің қор көздерін басқаратын құрылғы

Д) презентацияларды әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы

3. PowerPoint бағдарламасы терезесінде қандай батырма мәтіндік блокты кірістіруге арналған?

А) Қаріп

В) Тік төртбұрыш

С) Жазу

Д) Сопақ

4. PowerPoint не үшін қажет?

А) ақпаратты есте сақтау және қабылдау тиімділігін артыруға арналған презентацияларды жасау

В) формулалық өрнектерді есептеу тиімділігін арттыру мақсатымен кестелер жасау

С) сызбалық нысандары бар мәтіндік құжаттар жасау

Д) қолда бар ақпаратқа кеңінен қатынауды қамтамасыз ету мақсатымен Интернет беттерін жасау

5. PowerPoint бағдарламасының презентациясын қамтитын файлдың кеңейтімін көрсетіңіз.

А) . pps

В) . ppt

С) . jpg

Д) . gif

6. Бір файлға жинақталған слайдтар нені құрайды?

А) көрсетілім

В) кадрлар

С) суреттер

Д) презентация

7. PowerPoint бағдарламасы презентациясының Слайдтарды көрсетуді бастау әмірін қай батырма орындайды?

А) F3

В) F7

С) F5

Д) F4

8. PowerPoint презентациясы дегеніміз не?

А) компьютерде әзірленген слайдтар жиынтығы

В) электрондық кестені өңдеуге арналған қолданбалы бағдарлама

С) кескіндер, көркемсуреттер және диаграммалар жиынтығынан тұратын мәтіндік құжат

Д) слайдтар көрсетілімін басқаратын компьютер құрылғысы

9. PowerPoint бағдарламасы презентациясының слайдтары көрсетілімін қандай перне үзеді?

А) Esc

В) Del

С) Tab

Д) Enter

10. PowerPoint бағдарламасы презентациясына диаграмманы қою әмірі:

А) Кірістіру - Диаграмма

В) Пішім - Диаграмма

С) Файл - Диаграмманы үстеу

Д) Өңдеу - Диаграмманы үстеу

Бағалау парағына баға қою

2. Үлестірмелі тапсырмалар (4 оқушы)

№1

1. Microsoft Office пакетінің Power Point бағдарламасы не үшін қажет?

2. Презентация неден құралады?

3. - батырманың аты және колданылуы

№2

  1. PowerPoint-тың негізгі міндеттері?
  2. Power Point презентациясы дегеніміз не?
  3. - батырманың аты және колданылуы
  1. -батырманың аты және колданылуы

№3

  1. PowerPoint бағдарламасы презентациясының Слайдтарды көрсетуді бастау әмірін қай батырма орындайды?
  2. Power Point бағдарламасының терезе элементтері
  3. -батырманың аты және колданылуы

№4

  1. Power Point бағдарламасының қандай мүмкіндіктері бар?
  2. Power Point бағдарламасы қалай іске қосылады?
  3. Power Point бағдарламасының 5 негізгі режимдерін көрсететін 5 батырманы ата.

Бағалау парағына баға қою

3. Берілген үй тапсырмасын тексеру

Ұлдарға - «Құрал-жабдықтар» туралы презентация жасау

Қыздарға - «Киім» туралы презентация жасау

Бағалау парағына баға қою

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы «Презентацияны демонстрациялау. Сілтеме. » Яғни біз бүгінгі сабақта жасаған презентациямызды демонстрациялауды және сілтеме жасауды өтеміз.

Демонстрациялау дегеніміз - презентацияны әрдайым көрсету режимінде сақтау. Презентацияны көрсетудің қарапайым әдісі слайдты көрсету басынан немесе ағымдық слайдтан көрсету әмірін орындау арқылы жүзеге асырылады.

«Демонстрацияны баптау» әмірінде презентацияны демонстрациялау 3 режимнен тұрады:

  • Баяндамашының басқаруымен яғни баяндамашы өзінің презентациясын тікелей өзі басқарады.
  • Пайдаланушының басқаруымен яғни пайдаланушы арнайы терезеде берілген барқару батырмаларымен презентацияны өз еркінше басқарады.
  • Автоматты түрде яғни презентация автоматты түрде жүргізіледі.

Осымен қоса әртүрлі өзгерулер жасауға болады.

Егер сіз презентацияны әзірлеуді аяқтап, оны көрсетуге дайын болсаңыз және бірден көрсетілімді толық бейне бетке шығарғыныз келсе мына әрекеттерді жүзеге асырамыз

Office басқаша сақтау PowerPoint көрсету батырмасын басамыз

4. Өзіндік жұмыс. Өздерінің үйде жасап келген презентацияларына уақыт қою, демонстрациялау.

Сілтеме дегеніміз графикалық немесе мәтіндік нысанды бір рет басу арқылы қажетті бетке ауысу. Сілтемені кез-келген нысаналарға қоюға болады. Мәтіндік сілтемелер негізінен көк түске боялады, тінтуірдің батырмасын мәтіндік сілтемеге апарсақ түсі өзгереді немесе асты сызылады.

Сілтемені қою үшін алдымен презентациямызды сақтап алып, берілген нысананы белгілеп, келесі әрекеттерді орындаймыз:

Кірістіру сілтеме(Ctrl+K) батырмаларын шертеміз

Сілтеме қою терезесі ашылады. Байланыстыру жолынан (В поле Связать ) осы құжатта батырмасын таңдаймыз ( местом в документе )

Слайдтардан керекті бетті таңдап аламыз. ОК батырмасын басамыз

Сонымен қоса, сілтеме арқылы интернетке де шығып, кез келген құжаттарға, суреттерге, бейнефильмдерге де қоюға болады.

5. Өзіндік жұмыс . Осы алған білімдеріңізді бекіту үшін өздеріңіз үйден жасап келген презентацияларыңызға сілтеме қоямыз.

Бағалау парағына баға қою

  1. Өткен сабақтардан алған білімдерін Бекіту

Тест сұрақтары

  1. Презентацияны көрсетудің қарапайым қандай әдістері бар?

А) басынан көрсету және ағымдық слайдтан көрсету

В) pоwer батырмасын басу

С) F4 батырмасын басу

Д) Esc батырмасын басу

  1. Презентацияны көрсету неше режимдерден тұрады?

А) 4

В) 5

С) 3

Д) 2

  1. Көрсетілімді бірден толық бейне бетке шығару үшін қалай сақтаймыз?

А) Office басқаша сақтау Презентация PowerPoint

В) Office басқаша сақтау PowerPoint көрсету

С) Office → С ақтау

Д) Office басқаша сақтау

  1. Сілтеме дегеніміз не?

А) Графикалық немесе мәтіндік нысанды бір рет басу арқылы қажетті бетке ауысу

В) ақпаратты қабылдаудың және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен презентацияларды жоспарлау, жасау және өңдеу.

С) қызықты суреттермен, сызбалармен және эффектілермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды.

Д) әртүрлі баяндамалар жасаған кезде, жобаларды, идеяларды, суреттеп, таныстыруға арнап презентациялар құрғанда көпшіліктің зейінін, ойын көрсетіліп тұрған нәрсеге аударуға үлкен мүмкіндік береді.

  1. Сілтеме қою үшін қандай әрекеттер орындаймыз?

А) Кірістіру →сурет батырмаларын шертеміз

В) Кірістіру →клип батырмаларын шертеміз

С) Кірістіру →фигуралар батырмаларын шертеміз

Д) Кірістіру →сілтеме(Ctrl+K) батырмаларын шертеміз

  1. Презентацияның түрлі нысандардан құралатын бөлігі қалай аталады?

А) сурет

В) слайд

С) кадр

Д) бет

  1. PowerPoint бағдарламасында жасақтама мен қалыптар . . . арналған.

А) электрондық кестелерді кірістіруге

В) сызбалық кескіндерді кірістіруге

С) слайдтарды безендіру амалдарын оңайлатуға

Д) айрықша слайдтарды әзірлеуге

  1. PowerPoint бағдарламасы презентациясына суретті кірістіру әмірі:

А) Пішім - Сурет - Файлдан

В) Кірістіру - Сурет - Суреттер (жинағы)

С) Кірістіру - Нысан

Д) Пішім - Сурет- Суреттер (жинағы)

  1. PowerPoint бағдарламасы презентациясына диаграмманы үстеу әмірі:

А) Кірістіру - Диаграмма

В) Пішім - Диаграмма

С) Файл - Диаграмманы үстеу

Д) Өңдеу - Диаграмманы үстеу

  1. PowerPoint-тың негізгі міндеті?

А) қызықты суреттермен, сызбалармен және эффектілермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды.

В) әртүрлі баяндамалар жасаған кезде, жобаларды, идеяларды, суреттеп, таныстыруға арнап презентациялар құрғанда көпшіліктің зейінін, ойын көрсетіліп тұрған нәрсеге аударуға үлкен мүмкіндік береді.

С) Графикалық немесе мәтіндік нысанды бір рет басу арқылы қажетті бетке ауысу

Д) ақпаратты қабылдаудың және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен презентацияларды жоспарлау, жасау және өңдеу

Бағалау парағына баға қою

Өзіндік жұмыс «Сілтеме қою»

Семантикалық карта

Бағдарлама-лар
Мәтіндік процес-сор
Электрон-ды кестелер әзірлейді
Ақпаратты қабылдау-дың және есте сақтаудың тиімділігін арттыруға
Амал-дық жүйе
Есептеулер жүргізу үшін қолданыла-ды
Компьютерлердің аппараттары мен бағдарламаларына қатынасу мүлде мүмкін емес
Презента-ция жасауға арналған . . .
Мәтіндерді енгізуге, түзетуге, пішімдеуге арналған . . .
Бағдарлама-лар: Windows
Мәтіндік процес-сор:
Электрон-ды кестелер әзірлейді:
Ақпаратты қабылдау-дың және есте сақтаудың тиімділігін арттыруға:
Амал-дық жүйе:
Есептеулер жүргізу үшін қолданыла-ды:
Компьютерлердің аппараттары мен бағдарламаларына қатынасу мүлде мүмкін емес:
Презента-ция жасауға арналған . . .:
Мәтіндерді енгізуге, түзетуге, пішімдеуге арналған . . .:
Бағдарлама-лар: MS Word
Мәтіндік процес-сор:
Электрон-ды кестелер әзірлейді:
Ақпаратты қабылдау-дың және есте сақтаудың тиімділігін арттыруға:
Амал-дық жүйе:
Есептеулер жүргізу үшін қолданыла-ды:
Компьютерлердің аппараттары мен бағдарламаларына қатынасу мүлде мүмкін емес:
Презента-ция жасауға арналған . . .:
Мәтіндерді енгізуге, түзетуге, пішімдеуге арналған . . .:
Бағдарлама-лар: MS Excel
Мәтіндік процес-сор:
Электрон-ды кестелер әзірлейді:
Ақпаратты қабылдау-дың және есте сақтаудың тиімділігін арттыруға:
Амал-дық жүйе:
Есептеулер жүргізу үшін қолданыла-ды:
Компьютерлердің аппараттары мен бағдарламаларына қатынасу мүлде мүмкін емес:
Презента-ция жасауға арналған . . .:
Мәтіндерді енгізуге, түзетуге, пішімдеуге арналған . . .:
Бағдарлама-лар:

MS Power

Point

Мәтіндік процес-сор:
Электрон-ды кестелер әзірлейді:
Ақпаратты қабылдау-дың және есте сақтаудың тиімділігін арттыруға:
Амал-дық жүйе:
Есептеулер жүргізу үшін қолданыла-ды:
Компьютерлердің аппараттары мен бағдарламаларына қатынасу мүлде мүмкін емес:
Презента-ция жасауға арналған . . .:
Мәтіндерді енгізуге, түзетуге, пішімдеуге арналған . . .:

Бағалау парағына баға қою


Ұқсас жұмыстар
Слайдтарды демонстрациялау
Слайдтар режимі
PowerPoint және презентация. Терезелік интерфейс және Power Point-ты баптау
Оқушылардың тапсырмаларын тексеру
ПРОГРАММАЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІ
В1 есебі
Информатика пәнінен 6 сыныпқа арналған сабақ жоспарларының топтамасы
Слайд туралы
Математикалық және жараталыстынау. 10 сынып
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz