Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Францияның бірігуі

Дарынды балаларға арналған
Қостанай қазақ-түрік лицей-интернатының
тарих пәні мұғалімі
Елеуова Асем Ауезханқызы

Тақырып: § 13. XI-XV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ФРАНЦИЯ

Сабақтың мақсаттары:
1.Француз жерлерінің бірігуі, XI Людовик және оның корольдік өкіметті
нығайту жолындағы қызметі, сонымен қатар Франциядағы абсолюттік монархия
туралы түсінік беру үшін жағдай жасау.
2.Оқушыларды карта және кескін картамен жұмыс жасауға, тақырып бойынша өз
ойларын қорыта білуге, тарихи ойлауды қалыптастыру.
3.Дүние жүзі тарихы, көркем әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін және
қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: карта, хронологиялық кестелер, суреттер, карточкалық
тапсырмалар
Сабақтың барысы:
I. Ұйым.кезеңі
- Сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың және кабинеттің сабаққа дайындығын
тексеру
- Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын жариялау

II. Үй тапсырмасын тексеруге арналған тапсырмалар мен сұрақтар:
1.Бір орталыққа бағындырылған мемлекеттің құрылуына кімдер мұқтаж болды?
2.Қолөнер мен сауданың дамуына кімдер зиян келтіріп отырды?
3.Корольдер неге қала тұрғындарымен одақтасты?
4.Монархия деген не?
5.Еуропа елдеріндегі өкілетті билік түрлері қалай аталады?

Кім бірініші ұғымдарға сипаттама береді?
Ұғымдар: Сейм, кортес, парламент, бас штаттар, монархтар, монархия,
коммуна, жәрмеңкелер

III .Жаңа сабақ: Тірек конспект

XI ғасырда Франция жері 14 ірі феодалдық жер иеліктерінен құрылды. Олар
Бургундия, Анжу, Нормандия, Бретань, Аквитания, Тулуза, Шампань
т.б.герцогтар мен графтықтарға бөлінді.
XI ғасырда Францияда король иелігі – домен- Сена өзені бойындағы Париж,
Лувр, Орлеан қалаларымен шектелді.
Нормандия – темір мен тұз;
Шампань мен Бургундияда- шарап;
Фландрияда – шұға матасы өндірілді.
Сословие – праволары мен міндеттері бірдей атадан балаға мирас етіп
отыратын адамдар тобы болды. Францияда 3 сословие болды:
1 сословие – дінбасылар
2 сословие – дворяндар
3 сословие – жай халық.
Король II Филипп Август (1180-1223) ағылшын корольдерінің Франциядағы
иеліктері – Нормандияны, Анжуды, Аквитанияның біраз бөлігін тартып алып, өз
доменіне қосты. Күрес нәтижесінде Француз корольдігінің доменіне Тулуза
графтығы да қосып алынды.
Король II Филипп Август(1285-1314) тұсында үкімет күшейіп, Шампань
графтығын өзіне қосып алды. Қосымша қарды үшін дін иелерінде салық
салынып, қарсы шыққан Рим папасы Банифатси VIII тұтқындалып, папаға қарсы
күресте сословиелерден қолдау табу мақсатында Филипп IV 1302 жылы бірінші
рет бас штаттарды шақырды.
IV Көркем Филипптің тұсында король иелігіне Шампань аймағымен, оңтүстіктегі
Наварра қосылды.

Францияның бірігуі

ЖҮЗ ЖЫЛДЫҚ СОҒЫС(1337-1453)
Соғыстың шығу себеі Франциядағы ағылшын иеліктері үшін болды.
Фландрия – негізгі тартыс аумағы болып, ағылшындар теңіз флотында Ла-
Манштан өтіп, Нормандияны жаулап алды. 1346 жылы Креси түбіндегі шайқаста
француздар жеңіліп қалды. Кале портын басып алып, өздерінің тірегіне
айналдырды. Мылтық дүміне орнатылған және кеме бауды керетін механизмі бар,
темір садақ: Арбалет. 1356 жылы Француз королі Иоанн Добрый Пуатье
түбіндегі шайқаста тұтқынға түсті.
Салық артуы нәтижесінде 1358 жылы мамырда Солтүстік Францияда Жакерия деп
аталатын стихиялық шаруалар көтерілісіне себеп болды. Көтеріліс басшысы:
Гильом Каль болып, феодалдар көтерілісті аяусыз басып, басшысын азаптап
өлтірді.
1356-1358 жылдар аралығында Париж қаласының тұрғындары салықтың артуына
байланысты көтеріліске шықты. 1360 жылы уақытша бітім болып, екі жақ
соғысқа одан әрі дайындалды. Соғыстың алғашында аздаған жеңіске қол
жеткізген Француз феодалдары, өзара қырқысып, жеңіле бастады. Францияның ең
күшті феодалы Бургун герцогы Англия королінің жағына шығып кетіп, Ағылшын
королі Парижге Бургун герцогының көмегімен кіріп, өзін Францияның королімін
деп жариялады. 1415 жылы Азенкур шайқасында француздар жеңіліп, Француз
рыцарьлары талқандалып, ағылшындар елдің бүкіл солтүстігін басып алды.
1420 жылы Англия мен Франция арасында бітім жасалды. Франция өз
тәуелсіздігін жоғалтып, біріккен ағылшын-француз королдігінің бір бөлігі
болды.

Жүз жылық соғыстың картасы

Тапсырма №1. Жүз жылдық соғыстың хронологиялық кестесін құру

|Мезгілі |Тарихи оқиға |Қорытынды |
| | | |
| | | |

Жанна Д'Арктың соғысқа қатысуы

17 жасар Жанна Д'Арк басшылығында ұлт-азаттық күрес өршіді.
1429 жылы Жанна Д'Арк 200 күн қоршауда болған Орлеанды босатты.
1430 жылы Компьен түбінде Жанна Д'Арк тұтқынға түсті.
1431 жылы 17 шілдеде Руана қаласында Жанна Д'Арк инквизиция сотының
шешімімен өртенді.

100 жылдық соғыстың аяқталуы
1453 жылы Бордо түбіндегі шайқаста француздар жеңіске жетіп, Англия королі
бітім сұрады, тек Кале порты ғана ағылшындар қолында қалды. Бірігуге қарсы
феодалдар «менің Францияны сүйетінім соншалық, тіпті онда біреу емес, алты
патша болуын қалар едім» деген фразаны көп айтатын Бургон герцогі Баьыл
Карлдың басшылығнда одақ құрды.
Францияны біріктіру VII Карлдың баласы XI Людовиктің тұсында (1461-1483)
аяқталды.
«Бүйі» лақапты XI Людовик батыл Карлмен он жылдан астам уақыт күресті:
1477 жылы батыл карл қаза тапты;
XV ғасырдың аяғында Францияның бірігуі аяқталды. Бір орталықтанған
мемлекеттің негізі қаланды;
Біртұтас француз тілі қалыптасты.

1337-1453 жылдар аралығындағы шайқастар

|№ |Шайқас болған жер |Жылы |Нәтижесі |
|1 |Креси маңы |1346 |Француздар жеңілді |
|2 |Пуатье |1356 |Француздар жеңіліп,|
| | | |король тұтқынға |
| | | |түсті |
|3 | |1369 |Ағылшындар жеңілді |
|4 |Азенкур |1415 |Француздар жеңілді |
|5 |Орлеан |1428-1429 |Ағылшындар жеңілді |
|6 |Компьен |1430 |Жанна тұтқынға |
| | | |түсіріліп, өртелді.|
| | | |1431 |
|7 |Бордо |1453 |Ағылшындар жеңілді |

Жакерия.1358ж

Шығармашылық тапсырмалар

1.Оқушылар әр шайқас бойынша өз ойларын айтып, қорытындыны дәптерге жазалы.
2. Жанна Д'Арк туралы рефераттарды талдау.
IV. Бекіту Тест шешу

1.Францияда сословиелік-өкілдік орган- Бас штттар пайда болды:
А.1137ж
В.1265ж
С.1453ж
Д.1302ж
Е.1337ж
2.Пуатье түбіндегі шайқас болған жыл:
А.1356
В.1386
С.1366
Д.1376
Е.1346
3.Жүз жылдық соғыста жеңімпаз ел:
А.Англия
В.Болгария
С.Франция
Д.Германия
Е.Ресей
4.Франциядағы тәуелді шаруалар:
А.виландар
В.сервтер
С.жак
Д.қаралар
Е.бедуиндер
5.100 жылдық соғысқа себеп болған Англия мен Франция арасындағы бөлісе
аламаған аумақ:
А.Лотарингия
В.Фландрия
С.Пуатье
Д.Орлеан
Е.Шампань
6.100 жылдық соғысның бас кейіпкері, шіркеу соты оны сиқыршы деп айыптады:
А.Людовик XI
В. Филипп II Август
С. Жанна Д'Арк
Д.Людовик XV
Е.Көркем IV Филипп
7.Францияның бірігуі осы кісінің тұсында аяқталды:
А.Людовик XI
В. Филипп II Август
С. Жанна Д'Арк
Д.Людовик XV
Е.Көркем IV Филипп
8.Жакерия көтерілісі болған жыл:
А.1356
В.1358
С.1366
Д.1376
Е.1346
9.Франция өз тәуелсіздігін жоғалтып, Біріккен ағылшын-француз королдігінің
бір бөлігі ғана болып қалған жыл:
А.1356
В.1386
С.1420
Д.1376
Е.1415
10.Франция мен Англия арасындағы соғыс қай жылдары болды?
А.1180-1223
В.1285-1314
С.1337-1453
Д.1422-1461
Е.1461-1483

Қорытынды. Бағалау. Үй тапсырмасы: 60-65.

Ұқсас жұмыстар
Франция. Француз жерлерінің бірігуі
Герман парламенті
Жаңа тарихтың негізгі мазмұны. Жеке елдерде өндірістің капиталистік жолмен дамуының ерекшеліктері
Ағылшын парламенті
Сан аралықтарының бірігуі
Қазіргі дүние жүзі тарихы. 9-сынып
Италия мемлекеті. халқы. шаруашылығы
Бос жиынның белгіленуі
Испанияның бірігуі
Тақырыбы. біріккен сөз
Пәндер