Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Бауырсақ ертегісіне саяхат
Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің қандай түрлері болады?
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың мәтін жайлы түсініктерін кеңейту.
2. Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, қызығушышылық,
шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Өзара ынтымақтастыққа , қайырымдылыққа, жылдамдыққа, алғырлыққа баулу.
Көрнекі- құралдар: интерактивті тақта, компьютер, Microsoft PowerPoint
презентациясы, дидактикалық материалдар, баян аспабы, тест, шығармашылық
тапсырмалар.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: интерактивті әдіс «Ертегілер еліне саяхат».
Пәнаралық байланыс: ән-күй, ана тілі мен математика.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық дайындық «Ортеке» әнін баян аспабына қосылып орындау.
ә) Ертегі кейіпкерлерімен (Қызыл телпек) сәлемдесу, танысу. Қызыл телпек
сыныпқа келгендегі бұйымтайын айтады.
б) Бағалау әдісімен таныстыру.
- Балалар, ертегі кейіпкері Қасқырды танисыңдар ма?
- Оның қолында Қызыл телпекке қажетті жетондар бар.Сендердің әрбір дұрыс
жауаптарыңа қасқыр 10, 20, 30 ұпайдан беріп отырады. Ал сендер жинаған
жетондарыңды Қызыл телпекке беріп қайырымдылық жасайсыңдар. Әрі жинаған
ұпайларыңа қарай өздерің де бағаланасыңдар.
II. Өткенді еске түсіру. «Мақтақыз бен мысық» ертегісіне саяхат.
Әр санның артында ертегі кейіпкері бейнеленген
|10 |20 |30 |
|30 |10 |20 |
|20 |30 |10 |
1. Сол жақтағы 10. (Мақтақыз)
- Дыбыс дегеніміз не?
2. Ортадағы 10. (Қыздар)
- Әріп дегеніміз не?
3. Оң жақтағы 10. (Құйрық)
- «Тосын сый»
4. Сол жақтағы 20. (Тауық)
- Төрт буынды сөз неше жолмен тасымалданады?
5. Ортадағы 20. (Мысық)
- Шаян сөзін жазып көрсет.
6. Оң жақтағы 20. (Дүкенші)
- Жуан дауысты дыбыстарды ата.
7. Сол жақтағы 30. (Тал)
- Жаңбыр сөзіндегі ұяң дауыссыз дыбыстарды ата.
8. Ортадағы 30. (Тышқан)
- Қарлығаш сөзінде қанша дауысты дыбыс бар?
9. Оң жақтағы 30. (Сиыр)
- Қант сөзінде қанша буын бар?
III. Жаңа сабақ. «Күн, Ай және Әтеш» ертегісіне саяхат.
- Балалар, кім бұл ертегіні әңгімелеп береді?
- Өздерің естігендей жоғарыдан құлаған әтештің құйрықтарында мәтін жайлы
мәліметтер бар. Әтешке ат қойып, құйрығындағы мәтін жайлы мәліметтерді
табайық.
- Ендеше, мәтін дегеніміз не?
- Мәтін мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен
құралады.
- Балалар, әтешке қандай ат қоямыз?
- Мәтін.
- Ал енді құйрығындағы мәліметтерді табайық.
Әтештің құйрығындағы мәтін жайлы мәліметтер:
1. Мәтіннің тақырыбы болады.
2. Мәтінге жоспар құруға болады.
3. Мәтіннің басы, негізгі бөлімі, соңы болады.
4. Мәтінге ат қоюға болады.
5. Мәтіннің әңгімелеу, сипаттау, пайымдау деген түрлері болады.
IV. Көңілді үзіліс
Күркіреді күн-күн...
Терезелер шың-шың
Жауды жаңбыр топ-топ
Шелек-шелек көп-көп
Жон арқаңды тос-тос
Күнбағыс тез өс-өс.
V. Дәптермен жұмыс. «Бауырсақ» ертегісіне саяхат.
- Балалар, дәптерімізді ашып, өзіміздің әдемі жазуымызбен Бауырсақты
Түлкіден құтқарып қалайық.
Көркем жаз.
Сөздік диктант. (Ертегі кейіпкерлерін жазу).
Ата, әже, бауырсақ, қоян, қасқыр, аю, түлкі.
«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісіне саяхат.
VI. Оқулықпен жұмыс. 168-жаттығу.
Тірек сөздерді пайдаланып ауызша әңгімелеу.
Ертегіден дәптерге үзінді жазу.
Дәптермен жұмыс.
Ерте заманда хайуандар өмір сүріпті. Олар жыл басы болуға
таласыпты.
VII. «Хайуандарды кезегімен үйлеріне кіргізу» ойыны.
169-жаттығу. Өлеңді түсініп оқу.
Есек құлақтас,
Ит сирақтас,
Түйе еріндес,
Жапалақ көздес,
Бұта түбі кеуегі,
Кеуегінде көжегі.
- Өлең не туралы?
- Қоянға өздігіңнен сипаттама беріп көр.
VIII. Шығармашылық тапсырма. «Қаңбақ шал» ертегісіне саяхат.
Бұл қай кезде болады?
Әр оқушыға жеке дидактикалық материалды таратып беремін. Олар бос тор
көздерге жыл мезгілдерінің атын тауып жазады. Қыс тақырыбына әңгіме құрап
жазады.
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс.
Үлгерімі төмен екі оқушыға а, л, м, с, т, н, б, к дыбыстарынан басталатын
сөз жазуды тапсырамын.
Жұмыстың бұл түрлерін сынып қонақтары бағалайды.
Жоғары баға – 30 ұпай, орта баға – 20 ұпай, төмен баға – 10 ұпай.
IX. Сабақты бекіту. «Жақсылық пен жамандық» ертегісіне саяхат.
Тестпен жұмыс.
1. Берілген үзінді мәтіннің қай түріне жатады?
Итбалықтың денесі сүйірлеу және жұмыр. Оның терісі қылшық
жүнді болып келеді.
А) пайымдау Ә) сипаттау
2. Мәтін дегеніміз не?
А) Ұзақ бір сөйлемді мәтін дейміз.
Ә) Екі не одан да көп өзара байланысқан сөйлем
3. Берілген үзінді мәтіннің қай түріне жатады?
Ара - бал беретін қанатты жәндік. Ол гүл шырынымен қоректенеді.
А) әңгімелеу Ә) пайымдау
4. Мәтінге ат қойыңдар.
Барыс - өте сақ және епті жыртқыш. Түсі көкшіл сұр, қара теңбілді
шұбар болады. Барыс көбінесе басын мәңгі қар басқан биік тауларда
мекендейді.
А) тау Ә) барыс
5. Берілген үзінді мәтіннің қай түріне жатады?
Біз сыныпты таза ұстаймыз. Өйткені, ол – біздің екінші үйіміз. Мұны
балалардың бәрі жақсы түсінеді.
А) пайымдау Ә) әңгімелеу
Жұптық жұмыс. Оқушылар тест кілтіне қарап отырып бір-бірінің жауаптарын
тексереді.
Тесттің кілті.
1. Ә
2. Ә
3. А
4. Ә
5. Ә
X. Оқушыларды бағалау. Оқушыларды жинаған ұпай санына қарай бағалап шығу.
XI. Қорытынды.
- Балалар, біз қандай ертегілер еліне бардық? Ол елдерден не үйрендік?
- Қанекей Қызыл телпекпен қоштасайық!
XII. Үйге тапсырма: 170-жаттығу.
Мәтіннің басқы бөлігін көшіріп жазу.
-----------------------
қатаң
ұяң
үнді
жіңішке
жуан
“Дауыссыз дыбыстар” ауылы
“Дауысты дыбыстар” ауылы
12. доңыз
11. ит
10. тауық
9. мешін
5. ұлу
6. жылан
7. жылқы
8. қой
4. қоян
3. барыс
2. сиыр
1. тышқан

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz