Қазақстанның жазықтары: Шығыс Еуропа, Тұран және Солтүстік Қазақ жазықтарын қайталау

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның жазықтары.

Сабақтың типі: Өткен сабақты пысықтап, қайталау.

Сабақтың әдістері: Топтық әдіс, ауызша сұрақ-жауап әдісі, көрнекіліктер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шығыс Еуропа жазығы, Тұран және Солтүстік Қазақ жазықтарының географиялық орны, геологиялық құрылысы, жер бедері, пайдалы қазбасы, климаты, өзендері, табиғат зоналары туралы оқушылардың білімдерін бекіту.

Дамытушылық: оқушылардың баяндай білу, есте сақтау, ойлау, картамен жұмыс істеу, шығармашылық дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Қазақстанның физикалық картасы, атлас, кескін карта, слайдтар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, жүру барысын айту.

Қазақстанның жазықтары

Шығыс Еуропа

жазығы

ІІІ. Топпен жұмыс.

1-топ: Шығыс Еуропа жазығы.

2-топ: Тұран жазығы.

3-топ: Солтүстік Қазақ жазығы.

Слайд арқылы тапсырмалар.

1-топ тапсырмасы. Шығыс Еуропа жазығы мен Солтүстік Қазақ жазығын салыстыру арқылы ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтау.

2-топ тапсырмасы. Тұран жазығы мен Солтүстік Қазақ жазығының геологиялық құрылысын сипаттау.

3-топ тапсырмалары. Солтүстік Қазақ жазығы мен Шығыс Еуропа жазығының климатын салыстырмалы сипаттама беру.

ІV. Кескін картамен жұмыс.

1-топ. 1. Шығыс Еуропа жазығының жер бедерін түсір.

2. Жазықтың ең биік нүктесі-Бесшоқы 556м, ең төмен жері-Қарақия ойысы-132м. төмен.

3. Пайдалы қазбалары.

2-топ. 1. Тұран жазығының жер бедерін кескін картаға түсіру.

2. Өзен, көлдері

3. Пайдалы қазбалары.

3-топ. 1. Солтүстік Қазақ жазығының жер бедерін кескін картаға түсіру.

2. Өзен-көлдері

3. Пайдалы қазбалары.

VІ. Шығармашылық жұмыс.

Әр ауданның экологиялық проблемаларына тоқталу. Үйге алдын-ала берілген тапсырма.

1. Егер мен Шығыс Қазақстан облысының әкімі болсам, экологияны жақсарту үшін не істер едім . . .

2. Өзіміз оқыған бір жазыққа жарнама жасау.

3. Наурызым қорығына сипаттама беру.

V. Қортындылау. «Сұлулықты сақтау, көркемділікті қорғау-өмір сүрудің сара жолы» деген нақыл сөзбен сабақты қортындылау.

VІ. Үйге: 1. Қазақстан жазықтары туралы қосымша мәліметтер жинақтау.

2. Жазықтардың өсімдігі мен жануарлар дүниесінен суреттер жинау.


Ұқсас жұмыстар
Шығыс Еуропа елдерінің экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайы
Кіріктірілген саяхат сабағы: Қазақстанның табиғат кешендерін қайталау және жүйелеу
Солтүстік жартышар материктері: Еуразия мен Солтүстік Американың физикалық-географиялық ерекшеліктері
8-сынып: Солтүстік Қазақ жазығының физикалық-географиялық сипаттамасы мен шаруашылық маңызы
Туған жер: Шығыс Қазақстанның ерекше қорғалатын аумақтары мен экологиялық тәрбиесі
Солтүстік жарты шар материктерін қайталау: ойындық қорытынды сабақ
9-сынып географиясы: Шығыс Қазақстанның экономикалық-географиялық және табиғи жағдайы - сабақ жоспары
Қазақстанның астаналары және үстеулерді қайталау
9-сынып: Қазақстанның физикалық және экономикалық географиясы - емтихан билеттері (1-30)
Еуропалық ынтымақтастық пен Еуропа Одағының құрылуы мен дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz