Бастауыш сыныпқа арналған қазақ тілі сабағы: Наурыздың тарихи маңызы және Сәкен Сейфуллиннің Наурыз туралы өлеңі

Ахметова Мереке Тәжібайқызы

Жезқазған қаласы, №1 орта мектебі

бастауыш сынып мұғалімі

Ана тілі

Тақырыбы : Наурыз Сәкен Сейфуллин

Мақсаты:

Білімділік:

Наурыз-жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.

Дамытушылық : Оқушыларды өлең, мақал-мәтел арқылы тілдік қорларын дамыту, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін дамыту.

Тәрбиелік: Қазақ халқының салт-дәстүрән, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: наурыз мерекесіне арналған суреттер, Сәкен Сейфуллин портреті, бағалау парақшалары т. б

Сабақ түрі :жаңа сабақ

Сабақ әдісі :сұрақ-жауап, көрнекілік, талдау-жинақтау, СТО стр.

Сабақ барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды « Шаттық шеңберіне » тұрғызып, бір-біріне тілек айту.

Мұғалім : бүгінгі сабағымыздың мақсаты:

Наурыз-жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.

Бүгін біз топпен жұмыс жасаймыз. Сондықтан 3 топқа бөлініп отырамыз

І топ Наурыз

ІІ топ Сәуір

ІІ топ Мамыр

Топ басшыларын сайлап аламыз.

Ітоп ұраны :

Наурыз - шаттық әніміз

Салтанатты сәніміз

ІІ топ ұраны

Сәуір болмай-тәуір болмас

ІІІ топ ұраны

Көктем шуақты болсын!

Күні қуатты болсын!

Топ басшылары бағалау парақшалары арқылы өз топтарын бағалап отырады.

Сабағымызды: Жұмыла көтерген жүк жеңіл деген ұстаныммен бастамақпын. Себебі сендер бүгін топпен жұмыс жасамақсыңдар.

Бүгінгі сабағымыз мынадай бөлімдерден тұрады.

І. Қайталау-сөз анасы

ІІ. Ой түбінде алтын бар, ойлай білсең табылар.

ІІІ Білгенге маржан-білмеске арзан

ІV. Ойға түстім ойландым.

V. Сәулең болса кеудеңде.

Олай болса сабағымызды бастайық.

І бөліміміз бойынша Қайталау-сөз анасы . (Үй тапсыпрмасын сұраймын) .

Қосымша тапсырмаларын сұраймын

Ітоп Наурыз туралы мақал-мәтел жаттау.

ІІ топ Наурыз көже туралы реферат жазу

ІІ топ Наурыз туралы өлең шумақтарын жаттау.

2. Білімдерін жан-жақты тексеру.

Көктем айларына қандай айлар жатады екен?

Табиғатта қандай өзгерістер болады?

3. Жаңа сабаққа даярлық кезеңі

ІІ Ой түбінде алтын бар, ойлай білсең табылар .

Мына суреттен не көріп отырсыңдар? Естеріңе не түсті соны алдарыңдағы дәптерге түсіріңдер?

Балалар біз бүгін Сәкен Сейфуллиннің «Наурыз» өлеңімен танысамыз.

3Тірек-сызба арқылы Сәкен Сейфуллин туралы мәлімет беру

Ақын, жазушы, қоғам қайраткері

Сәкен Сейфуллин қазақ әдебиетіне жаңа түр, күрескерлік идея, жанды бейне, көркем образдар әкелген ақиық ақын, ірі қоғам қайраткері, әдебиет зерттеушісі, жазушы-драматург.

Ол 1894 жылы 15 қазанда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында туған.

Сәкеннің жан-жақты білім алуы, азаматтық көзқарасының қалыптасуы Ақмоладағы приходская школада, қалалық үш кластық училищеде, 1913-1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқуымен тығыз байланысты.

1914 жылы жиырма жастағы семинарист Сәкеннің "Өткен күндер" атты өлеңдер жинағы Қазанда басылып шығады.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, 1917 жылғы Қазан төңкерісі Сәкен өмірінде, оның азаматтық тағдырында ерекше орын алады.

Оқулықпен жұмыс

-оқушылардың тізбектей оқуы

Өлең не туралы?

Көктемде қандай өзгешеліктер, табиғат құбылстары болады екен?

3. Жаңа білімді меңгерту .

ІІ Білгенге маржан, білмеске арзан деп аталады. Бұл бөлімде топпен жұмыс түрлерін жүргіземіз.

І топқа өлеңге сүйеніп, Наурыз айында болатын табиғаттағы өзгерістер туралы айтып беріңдер.

ІІ топ өлеңде адам кейпіндегі бейнеленген табиғат құбылыстарын мына үлгі бойынша жазып шық.

Жаз -құшақтайды, беттен сүйеді.

Сусумаңдайды, былдырлайды.

Құстарсұңқылдайды

Малжадырайды.

ІІІ топ Әр шумақты жеке-жеке оқып екі өлеңнің ұқсастығын табыңдар

С. Сейфуллин «Наурыз»
М. Дулатұлы. «Наурыз»
С. Сейфуллин «Наурыз»:

Адам да, мал да жадырап жүр

Келіпті жылдың құсы

Жаз шығып, кеткен қысы

М. Дулатұлы. «Наурыз»:

Мал мен жануар қуанып жүр

Жазбен келген құстар жүр

Жаз болды міне

4. Ойға түстім ойландым

Балалар мына сөйлемді оқып жіберейікші.

Наурыз-жыл басы

(осы тақырып бойынша біз ойымызды жазамыз) . Балалар мына тақырып бойынша әр оқушы үш сөйлемнен жазамыз. . Бос орынға жұбы жазып, болғасын өзі алып қабырғаға қарап оқиды. Болғасын редакциялап а «втордың орындығына» келіп оқиды.

5. Жаңа білімді қорытындылау.

Зерделі сөзге зер сал. (Кубизм)

І топ Суреттеңіз

ІІ топ Қолданыңыз

ІІ топ Салыстырыңыз

5. Бағалау. Сәулең болса кеудеңде


Ұқсас жұмыстар
6-сынып қазақ әдебиеті сабағы: Сәкен Сейфуллиннің Наурыз өлеңі
Сабақ жоспары: Сәкен Сейфуллиннің Наурыз өлеңі - әдеби талдау және ұлттық тәрбие
5-сыныпқа арналған кіріктірілген әдебиет сабағы: Сәкен Сейфуллиннің Ақсақ киік өлеңін талдау
Сәкен Сейфуллиннің Наурыз өлеңіне арналған әдебиеттік оқу сабақ жоспары
Сәкен Сейфуллиннің Ақсақ киік өлеңі бойынша сабақ жоспары
Сәкен Сейфуллиннің Туған ел өлеңіне арналған ана тілі сабағы: мақсаттар мен әдістемелік жоспары
Сәкен Сейфуллиннің Туған ел өлеңі: туған жерге сүйіспеншілік пен табиғатты қорғауға тәрбиелеу
Наурыздың тарихи-ұлттық және тәрбиелік мәні: бастауыш сыныптарға арналған сынып сағаты
Интерактивті әдебиет сабағы: Сәкен Сейфуллиннің Сыр сандық өлеңін оқу және талдау
Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен өлеңдері: қазақ әдебиеті пәніне арналған ашық сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz