Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Отты жылдарда Отан үшін отқа түскен майдангерлердің қатарында
Менің атам-майдангер.
... Тілек біреу:енді соғыс болмасын,
Шешек атқан гүлдер басы солмасын.
Сан ұлттардың құшақтары айқасып,
Мәңгі бақыт жер жүзінде орнасын.
Мәжит Мұхтарұлы
Тамыры тереңге бойлаған алып бәйтеректей қазақ халқы өзінің
жүріп өткен бұралаңы мол тарихи жолында не көрмеді?!Шежіреге бай қазақ
даласының көргені қандай көп болса,түйгені де сондай мол.
Көз жіберіп тарихқа қағып таңдай,
Ғасыр сырын боламыз біз ұққандай.
Сол ғасырды жаратқан,жасандырған,
Шіркін-ай,мына біздің халық қандай?!-
деген жыр жолдарын оқыған сайын еркіндікті аңсап,дұшпандарына қарсы шыққан
қаһарман ерлеріміздің бейнесін көргендей боламын.
Кешегі Ұлы Отан соғысының сарғайып үлгермеген қатпарлы
парақтарына үңіліп қарасақ,ата-бабамыздың қанды қырғында қаймықпай соғысқан
ерлігіне тәнті боласың.Халықтың жүрегіне мұң мен қайғы ұялатқан,талай
боздақтардың қанын мойнына жүктеген,талай шаңырақты ортасына түсірген қанды
соғыс бейбіт өмірге бүлік әкелген еді.Бұл соғыс әрбір шаңырақтың жүрегін
жаралаған еліміздің қайғысы еді.Соғыс кенеттен басталғанымен Қазақстан
бүкіл Кеңес Одағы сияқты алғашық күннен бастап жұдырықтай жұмылып,бірлесе
тізе қосты.Қазақ елі басына күн туғанда жалғыз жанын шүберекке түйген
жауынгер халық екендігін айқын көрсетті.
Отты жылдарда Отан үшін отқа түскен майдангерлердің қатарында
Қабдір атамның есімі алтын әріппен жазылып,ел есінде мәңгі қалғанына
бүгінгі ұрпағы-шөбересі,мен-Қабдіров Мұқасан Жандосұлы ерекше тебіреніспен
әрі мақтанышпен шаттана айта аламын.
Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында менің атам Қабдір
Шүйінішқалиұлы да 1942 жылдың ақпан айында Кулагино селосынан 28 адам
майданға аттанған.Екі ай Камышин қаласында соғыс алдындағы әскерлік
жаттығу,миномет құрылысын меңгеру дайындықтарынан өткеннен кейін 93-
дивизияға жіберілген.1942 жылдың 2 мамырында ұрысқа қатысу үшін Рязань
қаласына жеткізілген. Ока өзені бойындағы Кашира, Серпухов,
Калуга,Тула,Могилев,Минск,Вильнюсті фашизм тырнағынан азат етуге қатысып,
үш рет жараланған,кейін взвод командирі болған.Ал 1945 жылы Неманды,Шығыс
Пруссияны азат етіп, 3 сәуірде елге оралған.
Құрсанып келіп,тұтқиылдан шабуыл жасаған неміс фашистеріне қарсы
халқымыз қайтпас қайсар өжеттіктің,ерлік пен елдіктің орасан үлгісін
көрсетіп,кейінгі ұрпаққа шынай тағылым етерліктей өнеге қалдырды.Бүкіл
адамзаттың табандылығы мен ерлігі,Отанға деген сүйіспеншілігі қатал соғыста
Жеңіске жеткізді.
Отанымызға аса зор қайғы мен қасірет әкелген,ананы жесір,баланы
жетім еткен, қаншама аға буын өкілдерін қыршын кетірген,аяулы аналарымыздың
өмірлерін солдырған алапат соғыстың біткеніне жарты ғасырдан асып
барады.Бүкіл ел «Бәрі де майдан үшін,бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен
жауға ұмтылған жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен
ерліктері санада мәңгі сақталады.
Ұлы Отан соғысына бастан-аяқ қатысқан Қабдір атам майданнан
келгеннен кейін тұралап қалған «Правда»,«Красин» колхозында өндіріс
жұмыстарын ұйымдастырып,елді аштық пен жалаңаштықтан қорғай білген еңбегі
үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1948 жылдың 28 шілдесіндегі Жарлығы
бойынша Социалистік Еңбек Ері атағымен марапатталып, Алтын Жұлдыз бен Ленин
ордені омырауына тағылды.1949 жылы Қазақстан Компартиясының ІV съезіне
делегат болып барған.Қанды соғыста ерлігімен,бейбіт өмірде еңбегімен көріне
білген қадірлі атама жерлес ақынымыз,өлкетанушы Мәжит Мұхтарұлы «Даңқты
аға» атты кітап жазуы,Есбол ауылында көше атын беруі үлкен құрметтің
белгісі деп білемін.
Өмір мен өлімді көзімен көрген майдангер атама жерлес ақынымыз
Самиғолла Ғалымұлының мына бір өлең шумағын арнағым келеді:
Адамдар сирек өзіңдей таза ар-жаны,
Сөзінің әркез ерекше еді-ай салмағы.
Шындықты айтып,өттіңіз тура тайсалмай,
Сіздер ғой мәңгі есінде елдің қалмағы.
Біз соғысты көрмеген ұрпақпыз.Бірақ та адамзатты қырып-жоятын
зұлмат жылдар зобалаңын кітап беттерінен,кино ленталарынан танып-
біліп,соғыс деген кеапатқа лағынет айтамыз.
Желбіреген жалауымыз,
Ұлы Отанның ұланымыз.
Бейбітшілік-қалауымыз,
Асқақтаған жыр-әніміз!-деп,біз асқақтата ән саламыз.
Бұл-жер бетіндегі бейбітшілік сүйгіш барша жұрттың жүрекжарды
тілегі.
Бұл-тәуелсіз елдің тілегі.
Мен Қабдір атамның және бүкіл майдангерлердің алдында ерліктеріне
бас ие отырып,тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын,бүгінімізді ертеңге
жалғайтын,қазақ елінің ертеңі мен болашағы үшін жауап беретін бүгінгі
ұрпағы екенімді азаматтық парызым деп түсінемін.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz