Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қазақстан астанасы - АСТАНА қаласы



Сабақтың тақырыбы: Менің елім- Қазақстан!

Сабақтың мақсаты: а) ҚР- туып өскен жеріміз, Отанымыз, бұл жерде қазақ
халқы ертеден тұрып келеді.Қазақстан- ата-бабамыздан мұра боп қалған
болашақтың , тату-тәтті өмір , ынтымақ пен бірліктің елі деген түсінік
беру.
ә)Елін,жерін құрметтейтін жаны таза ,
адамгершілігі мол, өз Отанын қорғайтын, сүйетін азаматты тәрбиелеу.
Б) Ой-өрістерін, тіл
байлықтарын дамыту.

Сабақтың түрі:Аралас

Әдіс-тәсілдері:Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап , мәнерлеп оқу.
Көрнекілігі:Суреттер, нақыл сөздер, плакат. Электронды оқулық, бейне сюжет,
слайд
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа психологиялық
даярлау.

Отбасылық көрініс: -оо алақай! Мереке дейді ғой қандай мереке әке?
- Иа балам, тәуелсіздік мерекесі
Шешесі: егеменді еліміздің мерекесі
Қызы: отанымыздың мерекесі
Бала: ал Отан деген не?
- деп сұрайды үйдің ең кішкентай баласы.
- сөйтіп баланың сұрағына отбасы мүшелері жауап беріп жатты.
3. Кіріспе бөлім: (Электронды
оқулықпен жұмыс)

Туған жеріміз туралы кім айтады екен. /Тана мырза туралы әңгімелеу/

-Қазақстан Республикасы- біздің туып өскен жеріміз, Отанымыз. Бұл жерде
қазақ халқы ертеден тұрып келеді. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз
Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни
біз үшін!
Қазіргі кезде ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте
өмір сүріп жатырмыз, білім алуға мол мүмкіндігіміз бар. Қазақ халқы
еркіндікке жету үшін- қаншама қиындықты басынан өткізді. Мыңдаған жылдық
тарихы бар,
-Ендеше бейне сюжетке назар аударайық.
Мұғалім: Балалар Тәуелсіздік бізге оңай келді ме?
- Ал ендеше сендер отанымыз туралы не айтар едіңдер
1-оқушы
Тапталмасын деп қазақтың кек -ары
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары.
Топты бастап шықты Ләззат алаңға
Толған еді 16-ға небәрі,
Қаһарман қыз, ғажап қыз-
Ұрандады Ләззат қыз.
2-оқушы
Күнәдан таза басым бар
Қазақ деген атым бар.
21-де жасым бар
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар,
Қайрат деген атым бар.
3-оқушы
Қадамың бар баспаған,
Асуың бар аспаған.
Халқың жетсін мұратқа,
Ей, бас қала – Астанам!
4-оқушы
Тың жылдарды бастаған,
Жалған атын тастаған.
Қайта түлеп құлпырған,
Ей, бас қала -Астанам!

5-оқушы
Шырқап көкке аспан -ән,
Болашаққа бас қадам.
Қазақ рухын биіктет,
Ей, бас қала-Астанам!

Қырқасын гүл көмкерген
Отанымның от демі.
Менің байтақ өлкемнен
Көркем өлке жоқ тегі!

Атады әрбір таң күліп,
Шашып алтын шапағын.
Жер бетінде мәңгілік
Жасайды ұлы Отаным!

Келе жатыр керім күн
Халық сүйіп қалаған.
Ата Заңын елімнің
Құрметтейді бар адам.

Әркім тілін сүйеді,
Қадірлейміз мұны біз.
Қазақ тілі киелі-
Мемлекеттік тіліміз.

Желбірейді шалықтап
Қазақстан жалауы.
Көкте қыран қалықтап,
Қанат қағып барады.

Бейнелеп сан ғасырды
Елтаңбасы елімнің,
Таратады хас үлгі
Киесіндей жерімнің.

Барша халық таныған
Біздің үміт тілекті.
Шырқалғанда әнұран
Шаттық кернер жүректі.

Сұрақ-жауап: 1. Біздің Отанымыз қай республика?
\ слайд/ 2 ҚР өз тәуелсіздігін қашан жариялады?
3. ҚР елордасы қай қала ?
4. ҚР кім басқарады?
5. Тәуелсіз мемлекет атану үшін қандай нышандары
болу керек? (авторларын еске түсіру )
6. 30 тамыз күні қандай мереке аталып өтіледі?
Қазақстан өз тәуелсіздігін 1990 жылы 25 қазанда Мемлекеттік Егемендік
Декларациясын қабылдап жариялады. Ал 1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР
Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды. 1995 жылдан бастап Қазақстан астанасы-
АСТАНА қаласы.Мемлекет – адамдарды біріктіретін үлкен отбасы.
КОНСТИТУЦИЯ - мемлекеттің негізгі Заңы. Бұл Қазақстан азаматтарының қоғамда
өмір сүру ережелері , Тәуелсіз Қазақстанның негізгі тұңғыш Конституциясы
1993 жылы 28 қаңтарда, ал жаңа Конституция 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.
Ата заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы- Президент. ҚР тұңғыш президенті –
Н. Ә. Назарбаев. Ә рбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері
бар. ҚР мемлекеттік рәміздеріне- Ту, Елтаңба, Гимн жатады.Мемлекеттік
рәміздерді құрметтеу - әрібір азаматтың міндеті.
Қазақстанда 16 миллионнан аса халық тұрса оның 130 әр- түрлі ұлт
өкілдері. Әр халықтың тілі мен салт- дәстүрлері бар.Ал мемлекеттік тіл –
қазақ тілі.
Қазақстанның табиғатты тамаша ,байлығы мол, жері көз жеткісіз ұлан-
ғайыр.Біздің мемлекетімізде табиғатты қорғау үшін көп жұмыстар жүргізілуде.
Отанды сүю- табиғатқа қамқорлықпен қарау, туған жерді бағалап сақтау.
Қорытынды бөлім:
Бала:
-Оо енді мен Отанды былай деп айтам /Мәнерлеп айту/
Топтастыру
Патриот болу үшін қандай жақсы қасиеттерді игеруіміз керек ? батыл,
ержүрек, адал, шыншыл,

5. Мақал – мәтелдер жатқа айту,
Отан- елдің анасы,
Ер елдің анасы.
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

уған жердің қадірін
Шетте жүрсең білерсің.
Ең бастысы- біз Қазақстан деген ортақ үйімізде Әніміз де, сәніміз де
жарасып, ынтымақ пен бірліктің нәтижесінде тату- тәтті өмір сүріп жатырмыз.

Хормен Отан әні айтылады.

6. Үйге тапсырма: « Менің Қазақстаным!» шығарма жазу, сурет салу.

Ұқсас жұмыстар
Астана қаласы еліміздің төртінші астанасы
Білесің бе, елорданың тарихын?
Қазақ жері ұлан - байтақ
Үшінші астанасы қай қала
Менің елім - Қазақстан жайлы ақпарат
Жұлдызды қала - астана
Қазақстан қалалары
Менің елім - Қазақстан
Астана - арман қала. сыныптан тыс шара
Астана-менің көзіммен
Пәндер