Құрметті отбасымыз

Солтү стік Қазақстан облысы
Ғ. Мүсірепов атындағы аудан
Салқынкөл орта мектебі
Бар халықтық балалар күніне арналған
«Мен және менің отбасым»
атты спорттық жарыстың жоспары
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі:
Лапенов Бауыржан Сахиұлы
2012 - 2013 оқу жыл
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғ. Мүсірепов атындағы аудан
Салқынкөл орта мектебінің
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Лапенов Бауырдан Сахиұлы
Тақырыбы:«Мен және менің отбасым» атты отбасылық спорттық ойын
Өтілетін жарыстың мақсаты:
- Отбасы мүшелерінің денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.
- Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
- Салауатты өмір салтын насихаттау.
Қолданылатын құралдар: эстафеталық кедергілер, доп (үлкен, кіші), шарик, қасық, үлкен ыдыс, гимнастикалық төсеніш, таяқшалар және т. б.
Сайыстың барысы: Спорт залында көңілді музыка ойнап тұрады.
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті спорт сүйер қауым! Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағарламада халықтың денсаулығын нығайту - мемлекетіміздің бірінші кезектегі атқаратын міндеті екенін атап көрсеткені баршамызға белгілі.
Салауатты өмір салтын ұстану - осы іс шараның бір баспалдағы.
Жалпы дене шынықтыру шәкірттердің ғана емес, ересектердің де күш - қуатын өсіріп, олардың денсаулығын шыңдап, қан тамырларының жүйелі жұмыс жасауына ықпал етеді.
«Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі» Т. Карлейль
Таза ауа, спорт болсын дәріміз.
Еңбек етіп келгенінше әліміз,
«Алға» - деген бір - ақ мақсат ұстанып,
Сайысқа аттанайық бәріміз!
Ал енді спорт заңы бойынша әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.
1. Оқу ісінің меңгерушісі: Сатубалдинов Р. И
2. Салқынкөл орта мектебінің кітапханашысы: Ибитаев Б. Б
3. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі: Сактаганов С. Т
4. Бастауыш сыныбының дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі: Муканова Г. С
Отбасылар отыр сынға түскелі,
Сыналмақшы ептілік пен күштері.
Әрбірінің жігер - күші жалындап,
Жеңіс сәтін тағат таппай күткелі.
«Спорт» десе таза біздің арымыз,
Сайысатын отбасыларды бүгінгі
Қарсы алайық қошаметпен бәріміз.
Ортаға сайысқа түскелі тұрған төрт отбасын шақырайық:
№1 топ: «Сайыпқырандар» (Раманюктар отбасы)
№2 топ «Жігер» (Байгазиндер отбасы)
№3 топ «Жұлдыздар» (Лапеновтер отбасы)
№4 топ «Тарлан» (Залатаревтер отбасы)
Төрт топ жүріп өтіп, ойын алаңына барып орналасады.
Жүргізуші: « Мен және менің отбасым » атты спорттық ойынымыз 10 турдан тұрады. Өз бақтарын сынағалы тұрған әр топ дөңгелене тұрып, сергіту жаттығуларын бастайды. Олар өздерінің топ аттарымен, төсбелгілерімен және ұрандарын таныстырып өтеді.
Жүргізуші: Құрметті жарысқа түскелі тұрған бәсекелестер, отбасылар, әділқазы алқалары және сайысымыздың қонақтары! Сайысымыздың әр бөлімімен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Сайысымыз 10 турдан тұрады.
Олар:
- Эстафеталық жарыс( допты кеудеге қысып жүріп өту)
- Повар ойыны(ұсақ картопты екі қасықпен қазанға тасу)
- Сынық көпірден өту(екі картон қағаздың көмегімен белгілі жерге жетіп, қағазды қолына алып артқа қарай )
- Үй көмекшісі(берілген кішкентай доптарды сыпырғышрен сыпырып, барып, артқа қолына жинап жүгіру)
- Кенгуру(допты екі аяқ арасына қысып секіріп келу)
- Капитандар сайысы кім жылдам?(әр топтың капитандары балаларының кішісін арқалап кедергілерден жүгіріп өту керек)
- Кім шапшаң картоп отырғызу(кішкентай күрек, тырманы белгілі жерден алып, біржерден екінші жерге картоп отырғызу)
- Қаппен жүгіру(әр топтан бір ойыншы қапты киіп белгілі жерге дейінбарып шешіп кейін қарай жүгіріп келіп келесі ойыншыға береді)
- Қиын жолдан өту(әр топ ұзын трубаның арасынан өтіп, алға домалап кедергіні айналып келеді)
- Арқан тарту. (екі топ аркрнның екі жағынан ұстап тартады. )
![]()
Жүргізуші: Ал, құрметті спорт сүйер қауым, асыға күтіп отырған боларсыздар, бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздары анықталды.
Қорытынды сөзді әділқазылар алқасына беру.
Құттықтау.
Жеңіске жеткен командаларды марапаттау.
Жүргізуші:
Құрметті отбасымыз!
Бір тілек айтарымыз,
Берекелі заман болсын,
Шәкіртеріміз аман болсын!
Жиырма бірінші ғасырда,
Ашық аспан астында,
Денсаулықтарыңыз мықты болсын!
Жанұяларыңыз қуанышқа толсын!
Бүгінгі « Мен және менің отбасым » жарысын,
Осымен аяқтаймыз!
Мейрамдарыңыз құтты болсын! Рахмет.
![]()
Ойын түрлері.
- Эстафеталық жарыс.
- Повар ойыны.
- Сынық көпірден өту.
- Үй көмекшісі.
- Кенгуру.
- Капитандар сайысы кім жылдам?.
- Кім шапшаң картоп отырғызу.
- Қаппен жүгіру.
- Қиын жолдан өту.
- Арқан тарту. .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz