Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Шаршының периметрі

Математика
Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табудың әр түрлі
тәсілдері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табудың әр түрлі
тәсілдерін үйретумен оқушылардың қабілеттерін, математикалық тілін дамыту.
Дамытушылық: Оқушылардың белсенділіктерімен бірге оларды шапшаңдыққа,
ұқыптылыққа, мақсатына жетуге ұмтылдыру, қиялын дамытуға әсер ету.
Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Типі: Жаңа білімді меңгерту.
Әдіс – тәсілі: түсіндіру, талдау, іздену, ой – қозғау.
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Көрнекіліктер: ойын «Кім жылдам?», «Ойлан, тап!», құрастырма «Пирамида»,
слаидтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, бүгін сабағымыз ерекше. Бізге қонақтар келіп отыр. Бүгінгі
сабақта бар білгенімізді ортаға салайық. Барлығымыз сабаққа қатысып, толық
сөйлеулерің сұралады.
- Қазір бізде математика сабағы. Математикаға дайын болу үшін біз не
айтамыз?
Психологиялық сәт:
Қайырлы күн, достар!
Бүгінгі күн, міне,
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең бестіктер болсын!
ІІ. Өткенді қайталау.
«Ойлан, тап!» ойыны арқылы көбейту кестесін ауызша айтып, еске түсіру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Тақырыппен таныстыру. «Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табудың
әр түрлі тәсілдері».
2. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
- Бүгін сабағымызда фигуралардың периметрін әр түрлі тәсілмен табуды
үйренеміз.
3. – Балалар, барлығымыз тақтаға назар аударамыз. – Қандай фигуралар
берілген?
- Тік төртбұрыш (шаршы)
- Тік төртбұрыштың қандай қасиетін білеміз?
- Қарама – қарсы қабырғалары тең.
- Шаршының қандай қасиеттері бар?
- Төрт қабырғасы тең.
- Фигураның периметрін қалай табушы едік?
- Оның барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосу арқылы.
4. 1см 1см
3см

- Тік төртбұрыштың периметрін тап.
Р=3см+1см+3см+1см=8см
- Неліктен осы тік төртбұрыштың периметрін былай табуға болады?
(3см+1см)*2=8см. (түсіндіру)

5. №2 (ауызша). Шаршының периметрін тап. 1см (Слаид)

1см
2) Түсіндіру. 1см *4=4см.
3) Слаид бойынша ережесін оқу, талдау.

6.
| Тік төртбұрыштың периметрін табу |

| 2 |

| ? |

|Ұзындығы |

| Ені |

*

| Шаршының периметрі |

| Қабырғаларының |
|ұзындығы |

| 4 |

*

7. – Дұрыс. Енді балалар осы түсінгендерімізді дәлелдеу үшін біз
тапсырмалар орындаймыз.
- Алдымызда қандай үлкен мереке келе жатыр?
- 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні.
- Дұрыс. Қазақстанды осы 20 жылдық ішінде бүкіл әлем таныды. Қазақстан өз
дамуына жаңа серпілістер жасап, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына
қосылуына меже тұтып отыр
- Еңселі елулікке ену үшін біз қандай болуымыз керек?
- Білімді болуымыз керек.
- Еліміздің негізгі тірегі, яғни сендер – білімді де білікті, дарынды
болуларың керек.
- Балалар пирамида дегеніміз не? Пирамида әлемдегі жеті кереметтің біреуі
екен. Аңыз әңгімелер бойынша тастан қаланған ең биік пирамида «Хеопс»
пирамидасы екен. Оның биіктігі 150 метрге жуық. Ол Египетте орналасқан. Бұл
жайлы сендер 4 сыныпта дүниетану пәнінен оқып білесіңдер.
- Біз бүгінгі сабағымызда «Болашақ баспалдағын» құрып, туымызды тігуіміз
керек. Сонда біз 50 елдің қатарына қосылуға үлесімізді қосқан боламыз.
1 тапсырма. №3.
Алдымен бірінші баспалдаққа көтерілу үшін оқулық берілген. №3 тапсырманы
орындаймыз.
IV. Түсінгендерін тексеру.
- Ал бірінші баспалдаққа көтерілу үшін оқулықта берілген №3 тапсырманы
орындаймыз.

Ұзындығы – 15см Ш: Р=5+3+5+3=16см Р=(5+3)*2=16см
Ені – 3см Ж: Р=16см Р=16см
Р-?

№4. Шаршының периметрін алдымен қосу амалы арқылы, содан соң көбейту амалы
арқылы тап.

3см
3см

Ұзындығы – 3см. Ш: Р=3+3+3+3=12см Р=3см*4=12см
Р=? Ж: Р=12см Р=12см

Сергіту сәті
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Артқа қарай бір қадам.
Жоғары – төмен қарайық,
Орнымызды табайық.

- Екінші баспалдаққа көтерілу үшін оқулықтағы №5 тапсырманы орындайық.
1) 18:6=3 Ж: 3 асхана аспабы қойылды.
2) 20:2=10 Ж: 10 шағым қант салынды.
- Енді келесі баспалдаққа көтеріду үшін №6 тапсырманы ІІІ қатар жарыса
орындайық.
100-(35:7)+5=100 200-(56:8)*8=144 600:6+9*10=10

- Келесі тапсырманы орындау үшін не істейміз?
- Әріпті өрнекті, санды өрнектерге айналдырамыз.

4 * 2 =8 6 * 2=12 10 * 2=20 30 * 2=60
12 : 2=6 12 : 4=3 12 : 3=4 6 : 3=2

Келесі тапсырманы орындау үшін кітаптағы №8 есепті шығарайық.
- Берілгенін оқимыз.
- Есепте не белгілі?
- Әр қайсысы неше текшеден алды?
- Жұмсалғаны белгісіз.
- Есепті қалай шығарамыз?
- Қысқаша белгілеп.
- Дұрыс.

1) Т-42 Ш: 42-(3*4)=30
І.т 3б-4тек.алды Ж: қалғаны 30 текше
Қалғаны- ?

- Келесі баспалдаққа көтерілу үшін оқулықтағы №10 тапсырманы орындайық.

1км – 260м = 740м 3ц – 160кг = 140кг 1м – 36см =
64см

Қалдықпен бөлуді орында және тексер:
І қатар ІІ қатар ІІІ қатар
15 : 2 = 7 (1қалд) 25 : 3 = 8(1қалд) 17 : 2 = 8(1қалд)
7 * 2 +1 = 15 8 * 2 + 1 = 17 8 * 2 + 1 =17

29 : 4 = 7 (1қалд) 22 : 3 = 7(1қалд) 33 : 4 = 8(1қалд)
7 * 4 + 1 = 29 7 * 3 + 1 = 22 8 * 4 + 1 = 33

Бекіту. Бүгін сабақта не үйрендік? Сабақ ұнады ма?
Шаршының, тік төртбұрыштың периметрлерін қалай табуға болады?
V. Қорытынды.
- Біз бүгін біліміміздің арқасында өз пирамидамызды құрып , шыңына
туымызды тіктік, мақсатымызға жеттік.
Үйге тапсырма: №12 есеп. (түсіндіру).

Ұқсас жұмыстар
Тіктөртбұрыштың периметрін есептеу. математика пәні, 3 сынып
Тіктөртбұрыш және шаршының ауданы. санның квадраты. 3- сынып
Шаршы салу және оның периметрін табу
Тік төртбұрыш тобы
Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға ауызша бөлуді пысықтау
Математика. Дұрыс көпбұрыштар
Төртбұрыштың бұрышы нешеу
Мәндері бойынша санды өрнектерді салыстыру
Шамалардың арасындағы тәуелділік
Үйге тапсырмалар
Пәндер