Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Зардапқа ұшырағандарды көзімен көргендердің айғақтары бойынша іздеу

«Бекітемін»

______________ ______________

Мектеп директоры

1. Сабақтың тақырыбы: Құтқару жұмыстарын орындаудың әдіс –тәсілдері
–жұмысқа бару бағытын және учаскені (нысанды) барлау

2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға құтқару жұмыстарын орындаудың әдіс
–тәсілдерін үйрету

3. Уақыты: 45 мин.

4. Өткізілетін орны: 11 сынып, БӘД бөлмесі.

5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.

6. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді,
амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 мин.

б) Негізгі бөлім – 22 мин.

Ғимараттар қираған жағдайларда зардапқа ұшыраған адамдарды іздеу адамдардың
тұрған орнын тауып анықтауға және жағдайын білуге,олармен байланыс
жасауға,қажет көмектің көлемі мен сипатын анықтауға бағытталған іс-
әрекеттің бүкіл жиынтығы болып шығады.Қиратқыш әсердің болған уақытында
(оның алдын алған уақытқа) байланысты ішінде қамалып қалатын неғұрлым
ықтимал тұстар мыналар: қиратқыш әсер кенеттен болғанда қираған жайлар мен
мен үйінділер астында.

Зардапқа ұшырағандарды іздестіру кезінде қажет шаралар :құтқару
жұмыстарының бүкіл учаскесін,соның ішінде үйінді басқа тұстарды ,жартылай
қираған және зақымданған ғимараттарды,олардағы үй-жайларды
(пәтерлер,жертөлелер,баспалдақ тұстары,шатырлар және т.с)мүмкіндігі болса
жетуі қиын жерлерді ,сондай-ақ жеке тұрған және қоса салынған қорғаныш
құрлыстарын түгел тексеру,зардапқа ұшырағандар тұрған жерлерді
анықтап,белгілеу,мүмкін болса,олармен байланыс орнату,адамдардың жағдайын
анықтау жатады.

Құтқару жұмыстарының учаскесін көзбен тұтас тексеру.

Учаскені (объектіні,ғимаратты) көзбен тексеру жүргізу үшін бөлінген бөлімше
байланыс және жеке қорғаныш құралдарымен,саперлік құралдармен,зардапқа
ұшырағандардың орнын белгілеу құралдарымен ,алғашқы медициналық көмек
құралдарымен жарақталады. Табылған (дауыс білдірген)зардап шеккендерден
қандай жағдайда тұрғандағы,жандарында не жақын жерлерде басқа адамдардың
бар-жоғы сұралады,оларға көрсетілетін қажетті көмектің (медициналық
көмектің) көлемі бүкіл тағайындалған аумақтағы іздеуді баяулатпайтын болса
және зардап шегушілердің жағдайы арнаулы бөлімшенің көмегін күтуге
мүмкіндік беретіндей болса тек өте-мөте қажет көмек қана көрсетіледі

Кинологиялық әдісі .

Іздеудің кинологиялық әдісі-зардап шекендерді арнайы үйретілген
иттердің көмегімен іздеу.Оны нұсқаушы кинолог пен иттен құралатын есептоп
жүзеге асырады.және иттердің иіс органдарының ерекше сезгіштігіне
негізделеді,олар тиісінше машықтандыру курсынан кейін өздерінің әрекетімен
(бөлекше үруімен,қыңсылауымен және т.б)иістің үйінді бетке шығып тұрған
жерлерін көрсете алады.

Зардап шеккендерді арнайы аспаптарды пайдаланып іздеу

Үйінді астынан адамды техникалық құралдардың көмегімен табу мүмкіндігі
олардың адамның өмірлік қаракетінің тыныс алу,жүрек
соғуы,қозғалысы,электромагниттік сәулеленуі секілді тән белгілерін
тіркеуіне негізделген. Аталған факторларіздеу аспаптарының адам бар
екенін білу әдісі бойынша сараланатынбірнеше түрін жасауға негіз бола
алады.

Зардапқа ұшырағандарды көзімен көргендердің айғақтары бойынша іздеу

Ғимараттар қираған жағдайларда зардапқа ұшырағандарды іздеудің бұл әдісі
зардапқа ұшырағандардың тұрған жерлері туралы өздері көрген (естіген)
немесе қиратқыш әсер кезінде олардың неғұрлым ықтимал тұрған жерлері туралы
ақпарат бере алатын адамдардан сұрастыруға саяды.

в) Қорытынды бөлім – 10 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

Бастапқы әскери даярлық пәнінің

ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________

Ұқсас жұмыстар
Диктант Қазақтың бас ақыны
Қызыққа толы әлем
Пікірталас бөлімі
Қылмыс және қылмыстық жауапкершілік
XX – ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ ИНТЕЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫНЫ
Зиянды әдеттерден аулақ бол
Радиобайланыс принциптері
Полигонның үні мәңгі өшсін!
"мен және менің ортам " тренинг сабақ 9-10-11 сынып
Ананы қара
Пәндер