Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Алғашқы сабақ. Сабақтың тақырыбы

Алғашқы сабақ. 6 «Ә» сынып.
Сынып жетекші Жантілеуова Б.

Сабақтың тақырыбы: ҚР мемлекеттік нышандары – ел мақтанышы.
Мақсаты:
Білімділігі: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру. Тәуелсіздік жолында құрбан
болған қазақ халқының ерлігімен таныстыру.
Тәрбиелілігі: Туған жерді, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл,
адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу.
Дамытушылық: жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу қабілетін
дамыту.
Тәрбиелік: азаматтық, елжандылық, Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік,
Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайдтар, Қазақтан Респібликасының мемлекеттік рәміздері: Ту,
елтаңба, Гимн. Н.Ә. Назарбаевтың портреті, кітаптар көрмесі.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері болады. Оған Ту,
Елтаңба және Әнұран жатады. Қазақстан Республикасының азаматтары сондай-ақ
елімізде тұрып жатқан кез келген адам Мемлекеттік туды, Елтаңбаны және
Әнұранды құрмет тұтуға міндетті. Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану
тәртібі Конституциялық Заңмен белгіленеді.
1992 жылдың 4 маусымы – тарихи күн. Сол күні Республика жоғарғы кеңесі
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы мен елтаңбасын
бекітті.
Қазақстан Республикасы:
Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен елеулі,
Әнұранымен айбатты.
Егеменді еліміздің елтаңбасынан кең байтақ отанымыздың өткен тарихы
бай дәстүрі, салт санасымен жасампаз рухы толық танылады. Ел таңба
ортасында шаңырақ тұр, шаңырақта, яғни біздің бейбітшіл отанымызды
қорғау үшін шаңырақтың биік болуы ойластырылған.
Егеменді еліміздің Елтаңбасынан кең-байтақ Отанымыздың өткен тарихы, бай
дәстүрі, салт-санасы мен жасампаз рухы толық танылады. Онда нелер
бейнеленгеніне назар аударайық. Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр.
Шаңырақты, яғни біздің бейбітшіл Отанымызды қорғау үшін, шаңырақтың биік
болуы ойластырылған. Қазақта:«Шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік
болсын» деген тілек-сөз бар. Елтаңба авторлары Жандарбек Мәлібекұлы мен Шот-
Аман Ыдырысұлы Уәлихан осы сөздерді басшылыққа алған. Елтаңбаның екі
жағында да қанатты пырақ бейнеленген. Жылқы малы, жүйрік ат қазақта
ерекше бағаланған. Тіпті оның шаруашылықты дамытуда, бостандық жолындағы
күресте де маңызы болғанын тарихтан білеміз. Пырақ- мал шаруашылығының
басым болғанын аңғартатын жиынтық бейне. Бұл тұста біздің Отанымызды
қорғау, оның іргесінің берік болуы ойластырылған. Осы мақсатта жеті буыннан
тұратын мүйіз таңдалған. Жеті буын бір жағынан іргесі бүтін елдікті, ата
дәстүрін қастерлеу дегенді аңғартады. Жалпы, қазақ мүйізді қастерлеген.
Пырақтың қанаты бір қарағанда бидайдың бауланған сәтін еске салады.
Жоғарыда дәл ортада бес бұрышты жұлдыз бейнеленген. Қазақтың сан ғасырлық
тарихында жұлдыздың қаншалықты маңызды болғаны белгілі. Ел жұлдызды
қастерлейді. Оның атымен байланысты мақал-мәтелдер көп.

Енді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына назар аударайық. Бәйгеден
озып шыққан бұл тудың авторы- алматылық Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков. Ту
неліктен көк түсті? Бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі ортақ. Жер шары
ұлттарға, мемлекеттерге және басқаларға бөлінгенмен, жоғарыдан айқара
ашылған аспан ешқашан бөлінбеген, бөлінбейді де. Ал Күнге келетін болсақ,
ол да баршаға ортақ. Күн сәулесі бәріне нұрын шашады, сәулесін төгеді. Оның
жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Сондықтан да Күннің
тудан орын алуы лайық. Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі,
қасиетті құс деп есептеген. Тудан қыранның орын алуы тәуелсіздік алған
Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.
Бұлармен қатар тудан қазақтың ою-өрнегін байқаймыз. Мұның өзі Тудың
ерекшелігін-қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді. Егер
де Туға тұтас зер салсақ, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды
ойластырылғаны байқалады. Ол: Көк жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі,
астында қияға қанат қаққан Қыран-тыныштықтың, баянды өмірдің белгісі, ал ою-
өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады
2006 жылы 7қаңтар-Парламент палаталарының бірлескен отырысында халық
қалаулылары «ҚР мемлекеттік нышандары туралы» ҚР Президентінің
Констетутциялық заң күші бар Жарлығына өзгеоістер енгізу туралы ҚР
Конститутциялық Заңының жобасын екінші оқылымында қабылдады. Ол бойынша
Мемлекеттік әнұранды тік тұрып, оң қолымызды жүрегісміздің тұсына қойып
айтатын болдық. Халық қалаулыларының басым көпшілігі осы ұстанымды ұстап
дауыс берді. ҚР жаңа мемлекеттік Әнұраны болып Ж.Нәжмеденовтың сөзіне
жазылған Ш.Қалдяқовтың «Менің қазақстаным» атты әні қабылданды.
Н.Ә.Назарбаев әнұран мәтінінің соавторы болды.

ҚР Әнұранын орындау.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұраны
Сөзін жазған – Жұмекен НӘЖІМЕДЕНОВ, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған – Шәмші ҚАЛДАЯҚОВ

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Сабақты қорытындылау
«Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық-біз жақсы өмір сүргіміз келді,
біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен бұрын балаларымыз бен немерелеріміздің
лайықты өмір сүруін қолдадық. Бұған сіздер мен біздер өз ғұмырымыздың біраз
жылдарын арнадық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз бүгінгідей биікке
көтерілдік»

Қазақстан Республикасының Президент жолдауынан

Үйге тапсырма:
ҚР мемлекеттік рәміздерін құрметтеу, сыйлау, қорғау

Ұқсас жұмыстар
Геометриялық прогрессияның алғашқы n-ші мүшесінің қосындысы
Суйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек
Қазақстанда алғашқы адамдардың пайда болуы, адамдар тобыры - алғашқы адамдардың қоғамдық ұйымы туралы білу
Асептик және антисептик шаралары
Арифметикалық прогрессияның жалпы мүшесінің формуласын анықтау
Ауызша есептер шығару
Ежелгі грекиядағы олимпиада ойындары. 6 сынып
Қазақстан жеріндегі ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (vi-xi ғғ)
Жараланған кездегі алғашқы медициналық көмек
Алғашқы қоңырау. Ашық сабақ
Пәндер