Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Әбілғазы хан
Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары
Қазіргі кезде оқушылар білімін жоғары дейгейде қалыптастыру, Қазақстан
тарихы пәнінен ҰБТ-ға дайындау мұғалім міндеті болып табылады. Сондықтан
жаңа әдістерді пайдалану, меңгеру бірден бір қажет. Бұл әстемелік құралдың
мақсаты – оқушыларға тарих пәнінен терең білім беруге, жеке жұмыстар арқылы
оқушылардың сабаққа белсенділігін артыру, шығармашылықпен ізденіс
қабілетінің дамуына ықпал ететін қосымша құрал болады. Білім және ғылым
министірлігінің стандартты білім мазмұнына сай жазылды.
Қазақстан тарихын оқып білу, жоғарғы оқу орнына емтихан тапсыру үшін
ғана қажет етіп қоймай, өмірлік қажеттілік деп қарау керек. 11 жылдан бері
жоғарғы оқу орындарына талапкерлерді дайындау, орта мектепті бітіру,
тестілеу арқылы жүзеге асырылып келеді. Оның ішінде оқуға түсу үшін тест
тапсыратын негізгі пәндердің бірі Қазақстан тарихы. Сондықтан бұл пәнді
оқытатын мұғалімдергеде үлкен жауапкершкілк жүктеледі. Қазақстан тарихы
пәні бойынша ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары және хронологиялық
даталарымен жұмыс істеу мұғалімнің шығармашылығы, жаңа технологияларды
пайдалану арқылы оқушының білім сапасын жоғары болуына тікелей жауапты
негізгі тұлға.
11 сынып көлемінде мектеп бағдарламасын меңгеріп қана қоймай, өз
бірімдерін қорыта білуге үйрету. Ол үшін оқушылардың тест тапсырмалары мен
жұмыс істей алатын білім жүйесін икемділігін және дағдысын қалыптастыру.
Сұрақтарға нақты жүйелі түрде жазбаша жауап бере білуге және қорытынды
жасай білу қажет. Тарихи оқиғалар бойынша айтылатын түрлі көз қарастарды
салыстырып өздігінше тұжырым жасауы, өз пікірін дәлелдеуі тиіс. Оқушылар
алған білімдерін әр қашан практикалық жұмыстарда пайдалану керек.
Мұғалімдер өз қалауынша ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдарын және
хронологиялық даталармен жұмыс істеуде шығармашылық түрде қолдана алады.
ҰБТ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі бекіткен
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, оқу бағдарламаларына
және оқулықтарына сәйкес Ұлтық тестілеу орталығы әзірлеген тест
тапсырмаларының негізінде өткізіледі. Олардың мазмұны көрсетілген шеңберден
шықпайды. Тест тапсырмаларын құрастыруда Қазақстан тарихы пәнінің негізгі
мазмұны мектеп бағдарламасының шеңберінде: тарихи уақыт, тарихи кеңістік,
тарихи оқиғалардың картада оқшаулануын қамтиды.
Қазіргі білім беру жүйесі моделін құрастыруға жаңа бағыттар мен
көзқарастарды талап етеді. Білім беру технологияларының басты мақсаты білім
беру сапасын арттыру, оқушылардың білімін, біліктілігін, дағдыларын
қалыптастыру болып табылады. Осы негізде білімнің сапасын арттыру жолдары
білім беру мазмұнын, оқыту формасы мен әдістерін дамыту арқылы жүзеге
асады.
Білім берудің сапасын арттыру мен сапалы білім беру жүйесін құру
мақсатында 2004 жылдан бастап республикамызда Ұлттық бірыңғай тестілеу
енгізілген болатын. ҰБТ-ң басты мақсаты бірыңғай тапсырмалар арқылы білім
сапасына бақылау орнату, талапкердің білімін бағалауда әділ болу. ҰБТ білім
беру мекемелерінің қызметін обьективті бағалауға нақты рейтинг көрсеткішін
белгілеуге оқытушы мен оқушының жоғары нәтижелерге жетуге ұмтушылығын
туғызады.
Қазір Қазақстан тарихы пәнінен оқушыларды ҰБТ-ға да\ярлауда тарих пәнін
оқушыларға меңгертудің тиімді, ұзақ еске сақтауды қалыптастыратын жолдарын,
әдіс-тәсілдерін ойлап табудамыз.
Мен де 11 жыл бойы ҰБТ енгелі жоғары сынып оқушыларын тестке даярлап
келемін.
Қазақстан тарихы аса күрделі қайшылығы мол, есте сақтауға қиын соғатын
пәндердің бірі. Оқушылардың ҰБТ тапсырар кезде
хронология, мәдениет - қоныстар, айлардан қателіктер жіберіп жататыны
белгілі. Кейбіреулерде теріс түсінік қалыптасқан: пәнді тест тапсырған
кезде жаттап алсан болды – деген, бірақ ҰБТ тапсырған кезде ана жауап та
дұрыс, мына жауап та келетін сияқты көрініп шатасып жататындар қаншама. Бұл
жерде мақсат сол жаттағаныңды ұмытпай есте сақтай білу, ұмытпау.
ҰБТ-ға дайындық мектептерде негізінен сабақ үстінде жүргізетіні
белгілі. Мұғалім жалпы білім бере отырып және тақырыптық, тараулық,
тоқсандық т.б. сынақ тесттер алу арқылы оқушылармен дайындық жұмыстарын
жүргізеді.
Бүгінгі таңда оқушылардың ҰБТ-ға дайындалуының негізгі үш әдісі
қалыптасқан:
Біріншісі, дәстүрлі әдіс, яғни оқушының мұғалімнің тақырыпты
әңгімелеу, баяндау немесе дәріс оқуы арқылы дайындалуы.
Екіншісі, оқушының өз бетімен оқып, іздену әдісі;
Үшіншісі, оқушы тек қана дайын тесттерді жаттаумен шектеледі.
Бұл әдістердің тиімділігі мен тиімсіздігін айту қиын, себебі үш топтың
ішінде жоғары және төмен ұпай жинаған оқушыларда кездеседі. Сондықтан бұл
мәселені шешуде мұғалімнің негізгі мақсаттарының бірі ҰБТ-ға дайындықты
бір жүйеге келтіре отырып, тиімді жолдарды табу болып табылады. Сондай
жолдардың бірі менің ойымша мақсаты, міндеті, жоспары жүйелі түрде
құрылған, оқушылардың қызығушылығын арттыратын, әртүрлі әдіс-тәсілдерді
қолданцу арқылы жүргізілетін қосымша сабақтар.
Ойлау дағдысы, интеллектуалдық ептілік, білім мына көрсеткіштерден
тұрады:
1. Негізгі ойды бөліп ала білуі
2. Қысқаша жоспар құра білуі
3. Терминдермен, құжаттармен жұмыс істей білуі
4. Мазмұнын және өз көзқарасын айта білуі Басқа оқиғалармен
байланыстырып,салыстыру, өмірмен байланыстыру. Тестке дайындық барысында
құрастырылатын тапсырмалардың шегі жоқ, мұғалімнің қиялына байланысты
әртүрлі әдіс-тәсілдер, көрнекіліктер қолдануға болады сондай-ақ кесте
толтыру, анаграмма, чайнворд, сызбалар, хронологиялық даталар т.б. Дәуір,
ғасырларды түсіндіргенде уақыт сызығын міндетті түрде қолданып, ал
ережелерді, сол ереже бойынша қазақ жері қандай әкімшілік сатыға бөлінгенін
түсіндірген кезде картаны қолданған жөн. Карта, суреттер арқылы елестету
оқушылардың есте сақтау қабілеттерін шындайды, тарихи диктант, кестенің екі
бөлігін сәйкестендіру, бағыттық сызықты қою терминмен жұмыс тапсырмалары да
тестке дайындық барысын жеңілдетеді.
ҒЫЛЫМИ ӘДІСТЕМЕЛІК деген сабақ процесіне оқушының жан-жақты араласа
білуі, мүғалімнің басшылығымен зерттеу жұмысымен айналысуы, өзінің өмірге
деген жеке көзқарасын білдіруі, әр проблеманың бірнеше варианттық шешу
жолдарын анықтай білуі .Сондықтан педагогикада әсіресе тарих, биология тағы
басқа пәндерді оқытуда тірек сигналдар мен әр түрлі танымдық ойындарды
пайдалану жақсы көрсеткіштерге жетіп, оқушыларға өмірлік ұстаным
қалыптасуына көп үлес қосуда.
Өмірлік дағды, құзыреттілік
* Зейін қойып тыңдау *Адамгершілік тұрғыдан баға беру
* Айналасындағы адамдармен дұрыс қарым –қатынас жасау
* Жанжалдарды дұрыс шеше білу * Ситуацияларды зерттей білуі
* Шұғыл шешім қабылдай білу * өмірде өз орнын табу, кәсіпті дұрыс таңдау.
Қазақстан тарихынан қалай жақсы білім көрсетсек, осы мәселелер
мұғалім, ата-ана, оқушыны мамыр айында ҰБТ тапсыру кезінде емес 1
қыркүйектен бастап толғандыруы керек. Түсіндірмелі тест жұмысын жүргізу
барысында сұрақ оқылғаннан соң бәрі белгілейді, бір оқушы түсіндіріп
отырады, қате болса түзетеді. Бұл тест барысында көру және есту арқылы
барлық оқушы талдау барысын тыңдап отырып есте сақтайды. Тесті сатып
алып сынақ жүргізеді, тек сол кітапшамен жаттанды түрде дайындалып
оқулықтағы материалға үстірт қарау белең алған. Оқушының жаттау қабілеті
жоғары, ол дайындық барысында пән бойынша мың сұрақтың жауабын жатқа
біледі, сол сұрақтар түскен жағдайда барлығы 125 бал жинауы айдан анық.
Сұрақтарды сәл өзгертсе оқушы мағынасын жете түсінбей уақытты бос өткізіп
алады. Оқу жылы ішінде тестілеудің барлық түрін мұғалім алмастырып
пайдаланса, жақсы нәтижеге қол жеткізетіні сөзсіз, оқушылардың ойлау
қабілетін де арттырып функционалдық сауаттылығын дамытады.
Оқушыларды тестке даярлауда қолданатын әдіс-тәсілдеріммен бөліскім келеді.
Оқушыларды тестке дайындау барысында тапсырмаларды оқушылардың қиналмай
жаттап ұмытпаулары үшін мен ең алдымен тест тапсырмаларын мағынасына қарай
іріктеп, салыстыра оқытып, жаттатамын. Бұл жерде оқытудың екі тәсілі бар. 1
– жалпы тас дәуірінен бастап қазіргі таңға дейінгі тапсырмаларды ретімен
оқыту, 2 – жалпы тест тапсырмаларын салыстыра отырып, іріктей отырып
мағынасына қарай жаттату. Теорияны толық меңгертіп болғаннан кейін мен
қайталау жұмыстарына және оларды түрлендіріп өткізуге мән беремін.
Тестке дайындық барысында оқушыларда екі дәптер болады, бір дәптер
тақырыптарды қайталауға, екінші дәптер қайталау жұмыстарына арналған. Менің
тақыптарды қайталауда қолданатын жұмыстарымның түрлері:
1. Қазақстан тарихы пәнінде кездесетін тарихи тұлғалармен жұмыс.
2. Қазақстан тарихы пәнінде кездесетін сандармен жұмыс (Жылдармен).
3. Декреттер мен қаулы қарарлармен жұмыс.
4. Жылдармен жұмыс.
5. Картамен жұмыс.
Мысалы, «иә, жоқ» жауабын жазу, не сызықша арқылы графикалық диктант
жүргізу бірнеше тақырып, бөлімді қайталау барысында қолдануға болады.
(сөйлемдегі оймен келіссе ___ түзу сызық, қате болса доғал сызық)
«Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру» тақырыбы бойынша
1. ЖӨС- жер өндейтін серіктестіктер
2. «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер
аудару туралы» декрет 1928 жылғы 27 тамызда жарияланды.
3. Компарияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын 1932 жылы
жариялады. Дұрыс жауабы -1927жыл
4. Ұжымдастыру қарсаңында мал саны-40,5 млн болды
5. 1қаңтарда 1932 жылы 4,5млн мал қалды
6. 1931-1933 жылдары 2,1 млн адам қырылды
7. Ауылды кеңестендіру ұранымен «жаңа революция» жүргізуге өлкелік партия
ұйымын басқарып отырған Л.Мирзоян бағыттады Ф.Голощекин
8. 1934 жылдың көктеміне дейін ұжымдастыруды аяқтау көзделді/1932 жылдың
көктемі
9. 1млн-нан астам қазақ республикадан көшіп кетті, 414 мыңы қайтып оралды.
10. Қазақтардың осы жылдардағы саны 10жылдан кейін қалпына келді.1969 жылы
40 жылдан кейін
Осы тақырып бойынша толықтыру тесті барысында мұғалім сөйлемді
аяқтауға тапсырма береді. Бұл тест барысында дайын жауап берілмегендіктен
оқушыға ойлануға тура келеді, келесі сабақта ауызша осы сұрақтарды «Миға
шабуыл» әдісімен тағы қайталауға болады
1. Жер өндейтін серіктестіктер қалай аталды? 1 ЖӨС
2. «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу
және жер аудару туралы» декрет қашан жарияланды ?1928 жылғы 27 тамызда
жарияланды.
3. Компарияның нешінші съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын
1927жылы жариялады. XV съезі
4. Ұжымдастыру қарсаңында мал саны қанша болды? 40,5 млн болды
5. 1қаңтарда 1932 жылы қанша мал қалды? 4,5млн
6. 1931-1933 жылдары қанша адам қырылды? 2,1 млн адам
7. Кім ауылды кеңестендіру ұранымен «жаңа революция» жүргізуге бағыттады.
Ф.Голощекин
8. Ұжымдастыруды аяқтау қашан көзделді/1932 жылдың көктемі
9. қанша қазақ республикадан көшіп кетті, қанша қайтып оралды? 1млн-нан
астам қазақ, 414 мыңы қайтып оралды.
10. Қазақтардың осы жылдардағы саны қай уақытта қалпына келді./1969 жылы
40 жылдан кейін
Сәйкестендіру тесті
1. Жер өндейтін серіктестіктер 1 ЖӨС.
2. «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және
жер аудару туралы» декрет жарияланды 1932 жылдың көктемі
3 Компарияның XV съезі съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын
жариялады. / 1928 жылғы 27 тамызда жарияланды.
4. Ұжымдастыру қарсаңында мал саны қанша болды 2,1 млн
5. 1қаңтарда 1932 жылы қанша мал қалды ? 40,5 млн болды
6. 1931-1933 жылдары қанша адам қырылды ? 1млн-нан астам қазақ
7. Кім ауылды кеңестендіру ұранымен «жаңа революция» жүргізуге бағыттады
Ф .Голощекин
8. Ұжымдастыруды аяқтау қашан көзделді? 1969 жылы 40 жылдан кейін.
9. Республикадан көшіп кеткен қазақтар саны 4,5млн.
10. Қазақтардың осы жылдардағы саны қалпына келді. 1927 жылы
Оқиға мен мерзімін оқу барысында сәйкестендіре отырып қайталау
нәтижесінде есте сақтау қабілеті артады. Әр түрлі тексеру жұмысын жүргізу
бір тақырыптың өзіне бірнеше тест жасау мұғалімнен көп дайындықты талап
етеді, есесіне өз сабағыңызға көңіліңіз толып, оқушылардың қызығушылығы
артады.
Дәстүрлі 5 жауапты тест
1. Торғай уезінде Орта жүздің ықпалды биі Нияздың немересін хан сайлады,
ол кім?
А.Ұзақ Саурықов
В.Жәмеңке Мамбетов
С.Бекболат Әшекеев
Д Амангелді Иманов
Е.Әбділғапар Жанбосыновты
Барлық аты аталған қайраткерлер көтеріліске қатысты , мұғалім тек бір
дұрыс жауапты жаттатумен айналыспай осы тест сұрағы бойынша бірнеше қосымша
сұрақтар қою керек
- Жетісудағы көтеріліс басшысы кім, қалай қаза болды? Бекболат Әшекеев 9
қыркүйекте Верный маңында Боралдай асуында дарға асылды.
- Торғай уезінде бас қолбасшы сардарбек болып сайланған кім және
Торғайдағы көтерілістің ерекшелігі? Амангелді Иманов, көтерілісінің
ерекшелігі: табанды болып ұзаққа созылды, басқарудың бір жүйесі болды,
әскери сап құрып колоннамен жүрді,тосқауыл қойып 25 шақырымнан астам жерге
шолғыншы жіберді.
-Қарқара аймағында көтеріліс басшысы кім, ол туралы не білесің?
Көтерілістің ірі ошағы Қарқара аймағында жетекші болған Жәмеңке Мамбетов
және Ұзақ Саурықов.
Ұялы телефон, жасырын кіргізген жазбаларымен емес тек білімімен жақсы
нәтижеге жетуге болатынына уақыт куә. Сондықтан бүгінгі өскелең ұрпақтың
үлкен өмірге білек сыбанып,белсене араласа алатын қабілетін көтеріп, танып
білу заман талабы. Олай болса оқушы бойына адамгершіліктің асыл қасиеттерін
сіңіру, сапалы білім беріп, оның болашағын, жеке басын сыйлау біздің
бірінші міндетіміз. Білімі күшті оқушы ҰБТ-ға өз-өзіне сенімді болып
кіреді, ал ол жеңістің алғы шарты, жартылай жеңіс
ҰБТ-ға дайындалу кезінде ыңғайлы әдістемені таңдау қажет. Таңдалған
әдістеме сізге сенімділік береді. Егер сіз тестілеуге дайындық әдістемесін
таңдамаған болсаңыз, психологтар ұсынған «үш қайтара оқу» әдісін қолдануға
болады.
1. «Үш қайтара оқу» әдісімен пән бойынша тест тапсырмаларын оқуға
кірісіңіз, дұрыс жауаптарын белгілеңіз, қиындық келтіретін
тапсырмаларға кідірмеңіз, келесі тапсырмаға көшіңіз. Солай таңдалған
пәннің соңғы сұрағына дейін жұмыс жүргізіңіз.
2. Өзіңіз таңдаған тізбекпен бес пән бойынша сұрақтарды оқып және дұрыс
жауаптарын белгілеп шыққаннан кейін, екінші қайтара оқуға көшіңіз.
3. Екінші қайтара оқып шыққаннан кейін таңдаған тізбекпен үшінші
қайтара оқуға кірісіңіз.
4. «үш қайтара оқу» әдісімен оқып шыққаннан кейін сізде қосымша уақыт
қалады. Осы уақыт ішінде қиындық келтірген тапсырмаларға қайта көз
жүгіртіңіз. Тәжіриебе көрсеткендей үш қайтар оқу барысында
орындалмаған тапсырмалар қалмайды, себебі жадтың негізгі қасиеті –
жұмысқа бірте-бірте қосылуы.
Оқу әдістемелік құрал Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ-ға дайындалу үшін
негізделген.

білімдерін қорта білуге үйрету. Ол үшін оқушылардыдың тест тапсырмаларымен

Сұрақтарға нақты жүйелі түрде жазбаша жауап бере білуге және қортынды жасай
білуі қажет. Тарихи оқиғалар бойынша айтылатын түрлі көз қарастарды

Мұғалімдер өз қалауларынша бағдарламаны шығармашылық түрде қолдана алады.
Оқушылардың білімін бағалауда мектепшілік, апталық, айлық, тоқсандық
алынған бақылау тестерін ҰБТ-ның бақылау нормасы бойынша бағалауда
оқушылардың дайындығына кедергі келтіреді. Себебі 25 сұрақтың 5 – 10
дейінгі сұраққа жауап берсек 3 аламыз деген ойда болады. ҰБТ бойынша
Қазақстан тарихы төмендегі балау шкаласымен бағаланады.
1-3 = «2», 4-13 = «3», 14-20 = «4», 21-25 = «5»,
16% - 52% 56%- 80% 84% - 100%
Білім және ғылым министірлігі бекіткен, мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандарты бойынша мектепшілік апталық, айлық, тоқсандық тестерді мен
былай бағалаймын.
1-12 = «2»; 13- 18 = «3», 19-21= «4», 22 – 25
= «5»
48% 52%-72% 76% - 84% 88%-
100%
Мемлекеттік стандарт – талабына сай тексеру – дұрыс жауаптары бар 50
пайыздан төмен болса «2»; 50 пайыздан асса – орташа «3»; 75 пайыздан асса
– жақсы - «4»; 80-90 пайыз болса білім дәрежесі – «5»;
Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға дайындауға қажетті оқу тапсырма түрлері
1. Тапсырма – Қазақстан аумағындағы тас дәуірі.
|Палеолит 2,6 млн. Мен 35 мың жыл – Хомо гоминис – епті адам – хомо |
|эректус б.з.б. 800-12 мың жыл – тік жүретін адам |
|Ерте |Орта |Кейінгі |Мезолит |Неолит |Энеолит |
|палеолит |палеолит |палеолит | | | |
|Ашель |Мустье |Б.з.б. |Б.з.б. |Б.з.б. 5-3|Б.з.б. |
|дәуірі |дәуірі |40-12 мың |12-5 мың |мың жыл |3000-2800 жыл|
| | |жыл |жыл | | |
|Б.з.б. |Б.з.б. |Краманьон- |Жебе, |Өнімді |Теселі |
|800-140 |140-40 мың |саналы адам|садақ, |еңбек |егіншілік, |
|мың жыл |жыл | |бумеранг | |еңбек |
| | | | | |бөлінісі |
2. Тапсырма – Қола дәуіріндегі Қазақстан
|Қазақстан қола дәуірінде б.з.б. 2800 жыл – б.з.б 900 жыл аралығында |
|қамтиды. |
|Андрон мәдениеті. Ачинск, Андронова, |Беғазы – Дәндібай мәдениеті |
|1914 ж. А. Я. Тургинов |б.з.б 12-8 ғасырларды қамтиды |
| |1946 Ә. Марғұлан Орт.Қаз. |
|Ерте қола дәуірі |Ортаңғы кезеңі |Кейінгі Қола дәуірі. Көшпелі мал|
|б.з.б. 18-16 ғ. |б.з.б. 15-12 ғ. |шаруашылығы. Меншік, мүлік |
| |Атасу кезеңі |теңсіздігі пайда болды. |
| Нұра кезеңі |Жартылай көшпелі мал|Үнді иран тілі, Европоид, |
|отырықшылық, |шаруашылық. Жерлеу |жертөле, сығалар мен алқалар, |
|бақташылық, мал |дәстүрі, өлген |Абыздар ру ішіндегі |
|шаруашылы теселі |адамдарды аяқ-қолын |салт-дәстүрлер мен |
|егіншілік. |бүгіп жерлеген. |әдет-ғұрыптардың орындалуын |
| | |қадағалап отырды. |
3 Тапсырма - Темір дәуіріндегі Қазақстан
|Темір дәуірі б.з.б. VIIIғ. – б.з.VI ғ. аралығын қамтиды |
|Ерте темір дәуірі б.з.б |Кейінгі темір дәуірі б.з.б |
|VIII – ІІІ ғ.ғ. |ІІІ ғ – VI ғ. аралығы. |
|Ерте темір дәуірінде мал басының |Жылдың төрт мезгіліне байлансты |
|көбеюіне байланысты көшпелі мал |малшылар малын, жазда – жайлауда, |
|шаруашылығы қалыптасты. |қыста – қыстауда, күзде – күзеуде, |
| |көктемде – көктеуде жаятын болған. |
4 Тапсырма – Қазақстан аумағындағы тайпаның аты мен мекен еткен жерлері
|Тайпалар, тайпа |Тұрғылықты аудандары |
|одақтары | |
|Сақтар |Бүкіл Қазақстан |
|Үйсіндер |Оңтүстік Шығыс Қазақстан |
|Қаңлылар |Оңтүстік Қазақстан, Сырдария |
|Сарматтар |өңірі |
|Ғұңдар |Батыс Қазақстан |
| |Шығыс Қазақстан |
5 Тапсырма – Басқарған мемлекеті мен мемлекеттің жоғары
билеушілері
|Басқарған мемлекеті |Мемлекеттің жоғарғы |
| |билеушісі |
|Сақтар |Патша |
|Ғұндар |Шанью |
|Үйсин |Ғұн |
|Қаңлылар, Қыпшақтар |Хан |
|Оғыздар |Жабғу |
|Қарақытай, Қидандар |Гурхан |
|Түріктер, Түркештер |Қаған |
|қарлұқтар | |
6 Тапсырма – Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттердің негізін салушы Қағандар
|Мемлекеттер |Қағандар |
|Түрік қағанаты 552-603 ж. |Бумын қаған |
|Батыс түрік қағанаты 603-704 ж. |Тардуш (Дато) қаған |
|Түркеш қағанаты 704-756 ж. |Үшлік қаған |
|Қарлұқ қағанаты 756-940 ж. |Білге Күл Қадырхан |
|Оғыз мемлекетті ІХ ғ.соңы- ХІ басы |Әли-Хан Жабғу |
|Қимақ қағанаты ІХ соңы – ХІ басы | |
|Қарахан мемлекетті 942-1212 ж. |Ибн Хақан Ал-Қимақи, Жанақ|
|Қарақытай мемлекетті 1125-1212 ж. |қаған |
| |Сатук Бұғра – Хан |
| |Елуй Даши |
7 Тапсырма – Х- ХІV ғ.ғ. сәулет ескерткіштерінің тұрғызылған жерлері
Кесене, мешіт бейіттер
|Сәулет ескерткіштері |Орналасқан жері |
|Айша Бибі – ХІ – ХІІ ғ. |Тараз |
|Бабаджа қатын кесенесі – Х – ХІ ғ. |Тараз |
|Қара хан кесенесі – ХІ – ХІІ ғ. |Жамбыл |
|Қожа Ахмет Яссауи кесенесі – ХІV - ХVғ |Түркістан |
|Көк Кесене – ХІ ғ |Сыр өзені бойында |
|Алаша хан кесенесі – ХІV - ХVғ |Қарағанды облысы Қара |
|Жошы хан кесенесі – ХІІ ғ |кеңгір өзені |
|Боран мұнарасы - Х ғ |Жезқазған облысы Кеңір |
|Ақыр тас - VІІ – VІІІ ғ |өзені |
|Дың – V – ІХ ғ |Жетісу |
|Ақыртас – VІІ – VІІІ ғ |Тараз |
| |Орталық Қазақстан Жетісісу|
| |Маңғыстау |
| |Тараз |
8 Тапсырма – Тарихи тұлғалардың кезеңдері
|Әбілқайыр хан 1680-1748 ж. |Анна Ивановна |
|Емельян Пугачев көтерілісі 1773-1775ж |ІІ Екатерина |
|Сырым Датыұлы көтерілісі 1783-1797 ж. |І Павел |
|Исатай Тайманұлы көтерілісі 1836-1838 ж.|Жәңгір хан |
|Кенесары Қасымұлы көтерілісі 1837-1847ж.|І Николай |
9 Тапсырма – Тарихи және әдеби шығармалар
|№ |Аты-жөні |Еңбегі |
| 1 |Махмұт Қашқали |«Диуани – лұғат – ат – түрік» |
| | |«Түрік тілдерінің сөздері» |
|2 |Жүсіп Баласағұн |«Құтты білік» |
|3 |Ахмет Йүгінеки |«Ақиқат сыйы» |
|4 |Қожа Ахмет Йассауи |«Диуани Хиқмет» |
|5 |Қадырғали Жалаири |«Жәмиғат тауарих», «Шежірелер жинағы», |
| | |«Жылнамалар» |
|6 |Әбу Райхан Бируни |«Асыл тастар», «Бұрынғы ұрпақтар |
| | |ескерткіші» |
|7 |Шах-Махмұд Шорас |«Тарих» |
|8 |Әбілғазы хан |«Оғызнама» |
|9 |М. Хайдар Дулати |«Тарихи Рашиди» |
|10 |Өтеміс Қажы |«Шығыснама» |
|11 |Хорезми |«Мухаббатнама» |
|12 |Кутб |«Хұсрау мен Шырын» |
|13 |Әбу Насыр Әл - Фараби |«Ғылымдардың шығуы» |
|14 |Усман Кухистани |«Кодекс кумманикус», «Тарихи |
| | |Абулхай-ырхани» |
|15 |Йоллық тегін |«Күлтегін» |
|16 |Әли ақын (Дурбек) |«Жүсіп – Зылиқа» |
|17 |С. Бақырғани |«Бақырғани хикметі» |
10 Тапсырма – Қыпшақтардың этникалық құрамы
|Қыпшақ бірлестігі |
|Батыс бірлестігі |Түркі тілдес |Шығыс бірлестігі 16 тайпа |
|11 тайпа |тайпалар | |
|Елбөрілі |Қимақ |Негізгі тайпа (8) |
| |Оғыз | |
|Тоқсоба |Құман | |
| |Башқұрт | |
|Йетиоба |Қаңлы |Ұсақ тайпалар (8) |
| |Қарлұқ | |
|Дурут |Жікіл | |
11 Тапсырма – Әскери басқару жүйесі
|Орда |
|Оң қанат |Сол қанат |
|Орталығы: Сарайшық |Орталығы: Сығанақ |
12 Тапсырма – XV – XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының басқару жүйесі
|Сатыла|Басқарудың |Бірігудің |Басшысы |
|ры |ұлттық жүйесі|түрлері | |
|1 |Ауыл |Туыстас, қандас |Ауыл басшысы |
|2 |Ата аймақ |Жеті атадан |Ақсақал |
| | |қосылатын | |
|3 |Ру |10 немесе 15 |Рубас |
| | |аймақтан | |
|4 |Арыс |Бірнеше рудан |Би |
|5 |Ұлыс |Бірнеше арыстан |Сұлтан |
|6 |Жүз |Бірнеше Ұлыстан |Хан |
|7 |Хандық |Үш жізден |Қаған, Ұлы |
| | | |хан |
13 Тапсырма – Дала заңы – Жеті жарғы
Дала заңдары «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолын» дамытып,
«Жеті жарғы» заңын қалыптастырған – Тәуке хан. «Жеті жарғы» жеті тараудан
тұрады. Қылмыс жасаған адамды қылм\ыскер деп танымайды, керісінше оларды
«күнәһар» деп атайды. Қылмыстық жауапқа тарту 13 жасқа толған мөлшерден
басталады.
Тәуке ханға «Жеті жарғыны» жасауға үш жүздің атақты үш биі көмектескен.
1. Ұлы жүздің биі – Төле Әлібекұлы (1663-1756жж.)
2. Орта жүздің биі – Қаздауысты Қазыбек Келдібекұлы (1667-1764..)
3. Кіші жүздің биі – Әйтеке Бәйдібекұлы (1682-1766жж.)
Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңы
1. Жер дауы
2. Жесір дауы
3. Құн дауы
4. Бала тәрбиесі және отбасы
5. Қылмыстық жауап кершілік
6. Рулар арасындағы жауапкершілік
7. Ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету
14 Тапсырма – Қазақ жеріндегі меншік қатынастары мен салық, жер иеленудің
түрлері
1. Меншік жер – Хан
2. Інжу – Хан тұқымдарынан жасау ретінде алынған жер
3. Вакф – Дін иелерінің қарамағындағы жерлер
4. Ихта – Шаруалардың мүлікттік жерлері
15 Тапсырма – Салық
1. Зекет – Мал басының ханға салығы
2. Харадж – Жер салығы өнімнің 3/2 бөлігі
3. Тағар – Әскерлерді Қамтамасыз етту
4. Баж – Саудаға салынады
5. Құшыр – Жан басы
6. Қалан – Жер көлеміне
16 Тапсырма – Декреттер, қаулы- қарарлар.
1921ж. қаңтар «Қазақ және орыс тілдерін қолдану тәртібі туралы» декрет
1923 ж. 22 қараша «Қазақ тілінде іс жүргізуді енгізу туралы»
1927 ж. мамыр «Қазақ уездік, округтік мекемелерде Қазақ тілінде іс
жүргізуге біржола көшу жөнінде»
1928 ж. 1 қаңтар «Аралас уездік мекемелерде қазақ және орыс тілдерінде
қосарлас іс жүргізуді енгізу»
1924 ж. 1 қаңтар Ақшалай салық енгізу
1921 ж. 24 мамыр «Айырбас туралы»
1921 ж. 14 маусым «Нақты ет салығы»
1918 ж. 17 май «Суландыру жұмыстарына 50-млн. сом қаржы бөлу туралы»
1928 ж. 27 тамыз «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды
кәмпескелеу туралы» т.с.с.
17 Тапсырма – Тарихи тұлғалар не жазды?
1. «Оңтүстік Қазақстанмен Жетісудің Х ғасырдағы қалаларында мешіттер көптеп
салына бастаған» Әл Макдиси.
2. «Қазақстанда ислам діні VІІІ ғ. тарай бастағанмен ХІХ ғ. аяғына дейін
бұл дін оның тұрғындарының жүрек түкпіріне толық жете қоймаған еді».
Ш. Уәлиханов «Ислам діні»
3. «Дешті уалаяты Берке ханға бағынған кезде дінсіздердің көп бөлігін ол
ислам дініне кіргізді» Өтеміс қажы «Шыңғыснама»
4. «Сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеттері андрондықтарға ұқсас
болған.» О. Смағұлов
5. «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды»
А. Байтұрсынов.
6. «Өзбек ұлысында үш халықтың болғандығы, оның ішінде ең көбі, ержүректері
қазақтар» екені жайлы жазған Рузбихан.
7. «Қазақ сөзі ХІІІ ғ. хорасан түрікмендері арасында этникалық сипатта
қолданылған тәрізді» Б. Е. Көмеков
8. «1899 жылдан кейін қазақтармен орыстар арасындағы жанжалдар даладағы
өмірдің сипатты белгісіне айналды»
Т. Рысқұлов.
9. «Қазақ жүздерінің құрылу себебі, олар көшіп-қонып жүрген жерлерінде өз
құқықтарын қорғау үшін одақтар құрған. Ол одақ – қазақ жүздері»
Ш. Уәлиханов.
18 Тапсырма – XVІІІ – ХІХ ғасырлардағы салынған бекіністер
1640 жылы Гурьев бекінісі (Атырау)
1716 жылы Жәміш (Ямышевск)
1716 жылы Омбы.
1717 жылы Железинск бекінісі.
1718 жылы Семей (Семипалатинск)
1720 жылы Павлодар, Өскемен, Обинск, Осморыжск, Черногорская және
Коряковски
1735 жылы Ор (Орск)
1743 жылы Орынбор.
1752 жылы Петропавл
1761 жылы Бұқтырма
1771-1772 жылдары Жайық, Кулагин
1824 жылы Көкшетау, Қарқаралы
1826 Баянауыл
1827 жылы Көкпекті
1831 жылы Аякөз (Сергиополь)
1832 жылы Ақмола
1833 жылы Үшбұлақ
1834 жылы Аманқарағай
1845 жылы Торғай
1846 жылы Атбасар
1847 жылы Қапал, Ақтау, Алатау
1853 жылы Перовск-Ақмешіт (Қызылорда)
1854 жылы Верный
1855 жылы Лепсі
1859 жылы Қастек
1866 жылы Зайсан
1869 жылы Ақтөбе.
19 Тапсырма – Тіл және жазу
XV ғасырда қазақ тілі өзіне тән ерекше белгілері бар, дербес тілге
айналды. Тіл ғылымын зерттеушілердің айтуына қарағанда
1. «Едіге», «Ер Сайын» жырлары Қазақ халқының арасына алшындар арқылы.
2. «Ер Көкше», «Базар Батыр» поэмалары керейлер тілінде тараған.
3. «Талас ескерткіштері» дулат-үйсін тілінде
4. «Наһжи әл Фарадис» кердері тілінде.
5. «Кодекс куманикус» қыпшақ тілінде жазылып тарапы
Осылардың ішінде басты рөл атқарғаны «Көне қыпшақ тілі» (көне қазақ тілі)
болды. XV – XVІІ ғасырларда – Алтын Орда, Ақ Орда дәуірінде көне қыпшақ
тілі ресми әдеби тіл ретінде қолданылды.
20 Тапсырма – Қазақ халқының этникалық құрамы.
XІV – XV ғасырларда Қазақстан жерін мекендейтін қазақ тайпалары Ертістен
Жайыққа, Алтайдан Каспий мен Аралға, Қараталдан Сырдарияға, Тянь - Шаньнан
Қаратауға дейінгі кең-байтақ, жазық даланы қоныстанған еді. XV ғасырда
Қазақ хандығының құрылуы қарсаңында қазақ тайпалары мынандай географиялық
аймақтарда мекендеген:
1. Наймандар – Ұлытаудан Есілге дейінгі жерлерде
2. Қоңыраттар – Түркістан мен Қаратау аралығында
3. Арғындар – Ертістен Батысқа қарай, Орталық Қазақстанда
4. Керейлер – Тарбағатай, Ертіс бойы, Зайсан көлі маңы мен Обь және Тобыл
өзендері аралығында
5. Дулаттар – Іле, Шу, Талас өзендері бойында, Ыстық көл маңы мен
Оңтүстік Қазақстан өңірінде.
6. Қаңлылар – Қаратау бауыры, Сырдария мен Жетісу өзендері бойында
7. Үйсіндер – Жетісуда.
8. Жалайырлар – Қаратауда, Сырдария бойында, Жетісуда қоныс тепті.
Қазақ хандары:
1. Керей мен Жәнібек – Қазақ хандығын құрушы 1465-1466 ж.
2. Бұрындық 1474 – 1511 ж.
3. Қасымхан 1511 – 1518 ж.
4. Хақназархан 1538 – 1580 ж.
5. Шығай хан 1580 – 1582 ж.
6. Тәуекел хан 1582 – 1598 ж.
7. Есім хан 1598 – 1628 ж.
8. Жәңгір хан 1628 – 1652 ж.
9. Тәуке хан 1680 – 1715 ж.
Түсіндіру – басты деректер мен теориялық материялдарды мазмұндаудың кең
таралған тәсілдерінің бірі.
Дәріс – тақырыптағы басты мәселені бөліп алып, конспект жазғызу.
Ұсынылып отырған әдістерді қолдана отырып мұғалім оқушының тақырыпты толық
меңгеруіне, есте сақтау қабілеттерінің артуына жол ашады, оқушының өзіне
деген психологиялық сенімділігін қалыптастырады.
Қазіргі уақытта заман талабына сай сапалы білім беруде және ҰБТ-ға
дайындауда жоғары нәтижеге жету үшін мұғалім өзіне тиімді әдіс-тәсілдерді
іздейді. Менің ұсынып отырған әдіс-тәсілдерім солардың бір ғана үлгісі. Бұл
әдісті қолданғанымызға он жыл болды Осыған орай оқушылардың білім сапасы
артып, ҰБТ- да жақсы көрсеткіштер көрсетуде.
Еліміздің білім беру саласына ҰБТ тамырын терең жайып барады. Президентіміз
де ҰБТ-ны қолдап отыр.
Өйткені, ҰБТ-ның құндылықты мақсаты Қазақстанның интеллектуалдық элитасын
қалыптастырып, білім беру жүйесін жетілдіру болып отыр. ҰБТ-ға оқушыларды
дайындау әдістемесін жетілдіру алдымызда тұрған мәселе.
Еліміздің тарихы Дүниежүзілік тарихтың соның ішінде Еуразиядағы түркі
халықтары тарихының құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстан тарихын оқып
білу, жоғарғы оқу орнына емтихан тапсыру үшін ғана қажеттілік еттіп қоймай,
өмірлік қажеттілік деп қарау керек. Ұсынылып отырған Әдістемелік қосымша
оқу құралы бүкіл өткен материалдарды қайталаумен қатар Ұлттық Біріңғай
тестке дайындалуға бағытталған. Дайындалған оқу құралы Қазақстан тарихы
пәні бойынша ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары деп білемін.
Қорыта келе оқушылармен кешенді жұмыс жүргізгенде ғана жоғарғы нәтижеге
жетуге болады. Мұндай тапсырмаларды құрау үшін мұғалім бүкіл тест
тапсырмаларын жатқа білуі тиіс.
Қорытынды сөз
Соңғы жылдары қоғамдық және әлеуметтік өмірде болып жатқан өзгерістер
ағарту саласының алдына көптеген міндеттер қойып отыр. Білім беру жүйесінде
әлемдік деңгейге жету үшін бұрынғы стандарттардан бас тартып, мектептерде
бітірушілерге ҰБТ жүргізіліп, оқушының білім деңгейі тест бойынша
бағаланатын болды.
Тест оқушылардың білімін салыстыруға, мұғалім әдістемесінде жіберілген
олқылықтарды ашып көрсетуге, білім беру жүйесінде оқушылармен бірге жеке
жұмыс жүргізуге, әр түрлі оқу әдісін салыстыруға мүмкіндік туғызады.
Тест формасындағы тапсырмалар ықтиярлы, ерікті сипатта қолданылуы
тиіс. Тест қолдану кезінде міндетті түрде этикалық нормалар сақталуы тиіс.
Тестілеу процесінің бастапқы кезеңінде өзін - өзі бақылауға, оқу процесін
ғылыми деңгейде ұйымдастыруға және қорытынды аттестациялауға байланысты
тақырыптар ендіріледі.
ХХІ ғасыр – интеллектуалдық бәсекенің ғасыры болмақ. Бұл орайда
тесттік үлгідегі тапсырмалардың аса жоғары мүмкіндігіне қай ел оңтайлы әрі
тиімді қолдана білсе, сол елдің бағы жанары даусыз. Бұл жасттардың жаңашыл,
творчестволықпен ойлайтын жаңа буынын қалыптастыру үшін де, жалпы білім
беру қызметінің шын мәніндегі прогресіне қол жеткізу үшін де аса қажет
нәрсе.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz