Заттың атын

Сабақтың тақырыбы: Зат есім.
Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларға зат есім жайлы түсінік бере отырып, сұрақтар қоя білуге үйрету.
- Түрлі ойын элементтерін пайдалана отырып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- Сауатты, көркем жазуға, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, ой қозғау, топтастыру
Пәнаралық байланыс: Дүниетану,
Көрнекі- құралдар: Интерактивті тақта
Сабақтың барысы: I . Ұйымдастыру кезеңі.
1. Психологиялық дайындық .
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн!Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз- білім алу,
Міндетіміз- еңбектену
Еңбектену арқылы
“5 “- ке қолды жеткізу!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1 . Мамандықтың бәрі жақсы. Сол маман иелерінің барлығы ұстаздан білім алған.
Олай болса, мұғалім мамандығының тапсырмасына назар аударайық .
Мұғалімнің тапсырмасы: «Кім тапқыр?»
ІІІ. Жаңа сабақ. Қызығушылығын ояту
- Балалар осы сөздерге қандай сұрақ қоямыз?
-Не?
-Осы сөздердің көпше түріне қандай сұрақ қоямыз?
-Нелер?
Ал, осы заттарды пайдаланатын адамдарға қандай сұрақ қоямыз?
-Кім? (Кімдер?)
-Олай болса, өткенді еске түсірейік. Кім? Не? деген сұрақтар қандай сөздерге қатысты қойылатын еді?
-Ендеше осы ережеге сүйене отырып, “Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім деп айтамыз” деген жаңа ережемен танысамыз. Сонымен бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы “Зат есім”. Сұрақтары: Кім? Кімдер? Не? Нелер?
Балықшы тапсырмасы
1. Сөзжұмбақ шешу.
2. Ережені түсіндіру жұмысы.
3. Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті:Зз әрпі.
Дәрігер мамандығының тапсырмасы : Мақалды көшіріп жаз. Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.
Тігіншінің тапсырмасы
377- жаттығу Суреттегі не? деген сұраққа жауап беретін сөздерді жазу.
ІV. Сергіту сәті:
Аппақ болып таң атты,
Түтін тік боп шығады.
Гүлге қонған көбелек,
Самғап биік ұшады.
Қоюланып қара бұлт,
Төкті жаңбыр себелеп.
Жапырақты жамылып,
Бұға қалды көбелекСазгердің тапсырмасы
379- жаттығу. Сөздерді оқып, зат есім екенін дәлелдеу.
Суретшінің тапсырмасы
Ойын «Биікті кім бағындырады?».
2, 3, 4, 5, 6, 7 әріптен тұратын заттың атын білдіретін сөздер тауып жазу.
V. Қорытындылау:
Құпия кестедегі сұрақтарға жауап беру.
1. Зат есім дегеніміз не?
2. Зат есімдерге қандай сұрақтар қойылады?
3. Зат есімге мысал келтіру.
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма:
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.
378 - жаттығу. Кім? сұрағына жауап беретін зат есімдерді бір бағанға, не? сұрағына жауап беретін зат есімдерді екінші бағанға бөліп жазу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz