Викториналық сұрақтар

Тақырыбы: Жұлдызды сәт

Мақсаты:

Оқушылардың математика-жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылықтарын, әр пән бойынша алған білімдерін қорытындылауға, тәлім-тәрбиесін, танымдық қабілетін, белсенділігін арттыру. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивтік тақта, жұлдызшалар

Барысы:

Ойынға 6 оқушы қатысады.

Жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме оқушылар! Сәлеметсіздер ме ұстаздар!

Кел, балалар ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық!

Қандай сұрақ болса да,

Шешпей оны қоймайық!

«Жұлдызды сәт»- сын сабақ

Жұмбақты шешіп, ойна күл

Білімдіден мол талап,

Күтіледі оны біл!

Ал, ойыннан қалмайық,

Жұлдызсыз мүлде болмайық.

І. Викториналық сұрақтар. Кім тез жауап береді, соған жұлдызша беріледі .

1. Жер шарындағы ең үлкен мұхитты атаңыз. (Тынық мұхит)

2. NaCl қандай күрделі зат? (ас тұзы)

3. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы нешеге тең? (180 )

4. Ең тұзды мұхит (үнді мұхит)

5. Қан қандай ұлпа? (дәнекер)

6. Ең үлкен ғаламшар (Юпитер)

7. Өте ұсақ заттарды 100-ден 2000 есеге дейін үлкейтіп көрсететін күрделі құрал? (микроскоп)

8. Табиғи жарық көзі не? (күн)

9. Компьютердегі ақпаратты көрінетіндей етіп бейнелейтін құрылғыны қалай атайды? (монитор)

10. Өсімдіктің жасыл түсі неге байланысты? ( хлоропластарға)

11. Екі ғасырда неше жыл бар? (200 жыл)

12. Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)

13. Зиянкес программа (вирус)

14. Ең суық материк (Антарктида)

15. Қысым бірлігі ( Паскаль)

16. Сұйық металл (сынап)

17. денесінде қышқылы бар жәндік (құмырсқа)

18. Таудың ең биік нүктесі (шың)

19. Ең үлкен екі таңбалы сан (99)

20. Қанның құрамындағы химиялық элемент (темір)

21. Адамның хромосома саны (46)

ІІ. Жүргізуші: Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер- дей келе, «Жеті жұмбақ» деп аталатын ІІ бөлімде анаграммадан сөз құрастырып, сөзді орысша, ағылшынша атау керек.

  1. тапкі- кітап- книга-воок
  2. дама- адам- человек- man
  3. нақ- қан- кровь-blood
  4. мақал- қалам- ручка- pen
  5. қылсауден- денсаулық- здоровья- health
  6. тамақ- мақта- вата-cotton
  7. раужан- жануар- животное -animal

ІІІ. «Сиқырлы шырпылар»

1) . Шырпыдан құралған 5 шаршыдан 3 шырпыны алып тастап, дәл осындай өлшемдегі 3 шаршы қалдыру керек.

:
:
:

2) . 17 шырпы 6 шаршы құрайды. 5 шырпыны алып тастап, 3 шаршы қалдыр.

:
:
:

3) . 6 шаршы құрап тұрған 18 шырпының 2-уін алып тастағанда, 4 шаршы шығуы тиіс.

:
:
:
:

Сергіту сәті

Жүргізуші: Ойынның шартымен таныстырып өтейін. әр ойыншы мына әріптердің (Қ, С, Ж, Т, О, Б) ішінен өзіне ұнаған әріпті таңдайды. Қойылған сұраққа жауап сол әріптен басталу керек.

  1. Атың кім?
  2. Жасың нешеде?
  3. Сүйікті пәнің?
  4. Болашақта кім болуды армандайсың?
  5. Мінезіңдегі жағымды қасиетің?
  6. Сүйікті тамағың?

IV. «Ғажайып жетілік»

Жүргізуші: Бұл бөлімде оқушылар мына кестеден ұпай бойынша сұрақ таңдайды. Дұрыс жауапқа: 10 ұпай- 1 жұлдызша, 20 ұпай- 2 жұлдызша, 30 ұпай- 3 жұлдызша, 40 ұпай- 4 жұлдызша беріледі.

Математика- ғылымдар патшасы
10
20
30
40
Математика- ғылымдар патшасы: Биология әлемінде
10: 10
20: 20
30: 30
40: 40
Математика- ғылымдар патшасы: Информатика- ақпараттар ғылымы
10: 10
20: 20
30: 30
40: 40
Математика- ғылымдар патшасы: Қызықты физикалық құбылыстар
10: 10
20: 20
30: 30
40: 40

Математика- ғылымдар патшасы.

10 - Бір баланың жасы үш жылдан соң бұрынғы жасынан 2 есе артық болады. Ол қанша жаста? (үште)

20 - Екі адам 5 метрлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер бөлікті кесуге 1, 5 минут кетсе, бөренені кесуге қанша минут кетеді? (6 минут)

30 - Ұзындығы 135 см. Сымды біріншісі екінші бөлігінен екі есе етіп екі бөлікке бөлген, әр бөліктің ұзындығын тап. (45 см, 90 см. )

40 - Мәди мен Асхат екеуі 5 тоқаш сатып алды. Мәди бір тоқашты 6 минутта жесе, Асхат бір тоқашты 4 минутта жеді. Балалар тоқаштарын бірдей уақытта жеп болды. Мәди неше тоқаш жеді? Асхат неше тоқаш жеді? (Мәди- 2, Асхат-3)

Биология әлемінде.

10 - Нәруыздың мономері қалай аталады? (амин қышқылдары)

20 - Бұл ауру кезінде оң жақ бүйірден шаншу байқалады, науқас құсады, дене қызуы көтеріледі. Аяқ астынан іші ауырады. Жүруге халы келсе де, бойын жаза алмайды. Кіндігінің оң жағын қолмен басып қозғалады. Бұл ауру қалай аталады? (соқыршек)

30 - Оның ұзындығы 30 м, салмағы 15 кг. Оны тіпті 5 қабатты үймен салыстыруға болады. Ол дүние жүзіндегі алып жануар. (көк кит)

40 - Жасыл өсімдікті жерлерде зиянды микроорганизмдер неліктен тым аз болады? (өсімдіктен бөлінген фитоцидтер оларды жойып жібереді. )

Информатика- ақпараттар ғылымы.

10 - Компьютердің жанындағы өсімдік. (кактус)

20 - Төрт бөліктен тұратын, компьютердің негізгі құрылғыларына жататын құрылғы немесе ақпарат енгізу және оның жұмысын басқаратын құрылғы. (пернетақта)

30 - Интернетке шығу үшін міндетті түрде керек құрылғы. (модем)

40 - Қысылған және бір файлда сақталған файлдар, қалталар және басқа да мәліметтер жиынтығы. (мұрағат)

Қызықты физикалық құбылыстар.

10 - Судың таза немесе тұзды екенін қолды батырмай қалай анықтауға болады? (екі стакандағы суға екі картоп салып жібереміз. Тұзды судағы картоп батып кетеді)

20 - Кім бірінші ұзаққа кететін радиолық байланысты іске асырды? (Италия ғалымы Гульермр Марко; 1895 жылы 1, 6 шақырым қашықтыққа радиосигнал жіберді)

30 - ыдыста бірнеше піскен және шикі жұмыртқалар араласып жатыр, жұмыртқаның піскенін қалай анықтауға болады? (жұмыртқаларды айналдырған кезде піскен жұмыртқа тез айналады, ал шикі жұмыртқа баяу айналады)


Ұқсас жұмыстар
Брэйн ринг сабағы
Өнеге отбасынан басталады жайлы ақпарат
Командалардың амандасуы
Жылу құбылысына шолу
Есептер шығару сабағы
Жол тәртібін білейік, есен - аман жүрейік!
"қызықты калейдоскоп" физикалық ойыны
"көңілді тапқырлар" сайысы
Алтын күз мерекесі. Әділ қазы алқасы
«ғалымдар аты өлмейді» атты кеші
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz