Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мидағы қан тамырлардың жарылуы

|«Ауызша сабақ-1 » технологиялық картасы |
| |
|Сабақтың тақырыбы : Жүрек-қантамырлар жүйесінің аурулары. |
|Сабақтың мақсаты: |
|Оқу материалын оқушыларға 63% өз бетінше шығармашыл-ізденіс жұмысы арқылы меңгерту, оқу |
|техникасының көлемін,сапасын және шапшаңдығын арттыру,ойлау шапшаңдығын, жады мен |
|зейінді дамыту. |
|Міндеті: Технологиялық картаның регламентін орындау. |
|ұжымдық жағдайда ақпаратты жоғары жылдамдықпен меңгеруді ұйымдастыру; |
|есте сақтау және зейінді жаттықтыратын тапсырмалар орындау; |
|пәннің құндылықтарын сезінуге ықпал ету; |
|өз бетінше білім алуға үйрету,ең негізгіні бөліп алу, салыстыра білуге дағдыландыру; |
|өзін-өзі бақылау және бағалауға үйрету,өзін-өзі түзету біліктілігін дамыту. |
|Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету |
|Көрнекілігі ,дидактикалық материалдар:тірек-конспект,интерактивті тақта, |
|ООМ, |
|Сабақтың барысы: |
| |
|Сабақтың |
|құрылымы |
|Технологиялық картаның жұмыс тәртібі |
|Түсініктеме |
| |
|1кезең. |
|Ұйымдастыру |
|кезеңі. |
|Оқушылардың зейінін жинақтау: |
|ООМ |
|А |
|Б |
|В |
|С |
|Д |
|Е |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
|Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі |
| |
| |
| |
| |
| |
|2кезең. |
|Оқушылардың субъекті тәжірибесін өзектендіру. |
|Жетекші білім метод амалдарын өзектендіру кезеңі |
| |
|Үй тапсырмасы бойынша қарама –қарсы сұрақтар: |
|1.Адам денесінде қан тарататын тамырлардан қанша тұйық жүйе түзіледі. |
|(екі тұйық жүйе.) |
|2.Үлкен қан айналым шеңбері дегеніміз не. |
|(Жүректің сол жақ қарыншасынан басталып,дене жасушаларына қан таратады,жүректің оң жақ |
|жүрекшесімен аяқталады). |
|3.Оттекке қаныққан қан алдымен қайда жеткізіледі. |
|(қолқаға ) |
|4.Жасушалардан көмірқышқыл газын,қажетсіз өнімдерді жинақтайтын қан қалай аталады |
|(вена) |
|5.Вена қаны вена қан тамырларымен қандай жүрекшеге құяды. |
|(оң жақ жүрекше). |
|6. Жүректің оң жақ қарыншасынан басталып,өкпеге қан тарататын жүректің сол жақ |
|жүрекшесімен аяқталатын қан айналым щеңбері. |
|(Кіші .) |
|7.Кіші қан айналым шеңбері деп аталу себебі неде. |
|(Қан тек өкпеге барып оттегімен байытыладыда, қайта жүрекке келеді) |
|8.Кейде өкпелік шеңбер деп аталатын қан айналым шеңбері. |
|( Кіші қан айналым шеңбері) |
|9.Алқызыл түсті қан қандай қан(артерия) |
|10.Жүрек жұмысының ерекшелігін анықтау үшін қандай әдіс қолданылады. |
|(электрокардиография) |
|11.Электрокардиограф дегеніміз не. |
|(Жүрек бұлшық еттерінің жұмысын қисық сызық арқылы жазып алатын аспап ) |
|12.Электрокардиограф арқылы жүректің бұлшық еттерінің жұмысы жазылған қисық сызықтың |
|аталуы.(Электрокардиограмма) |
|13.Жүрек қан тамырларында қанның ұюынан жүрек бұлшықеттеріне қанның баруы әлсіреуінен |
|болатын аурудың аталуы (инфаркт миокарда) |
|14.Мидағы қан тамырлардың жарылуы. |
|(инсульт) |
|15.Қан қысымын өлшейтін аспап.(тонометр) |
|16.Қан ұйымайтын ауру (гемофиля) |
|.17.Қан қысымы жоғарылаған кезде болатын ауру(гипертония) |
|18.Гипотония дегніміз не (қан қысымы төмен ауру) |
|19.Артерия қан тамырларының ырғақты тербелісінің аталуы.(тамырдың соғуы) |
|20.Жүрек минутына неше рет соғады (70-80рет) |
|Жаңа тақырып тірек-конспект арқылы түсіндірілді |
| |
|ООМ бойынша бірінші реттік белгілеу |
|Кіріспе жасауға-5 мин |
| |
|3кезең. |
|Стандарттық |
|және өзгермелі жағдайларда білімді қолдану үлгісін құру |
| |
|Мәтінмен және тірек сөздермен жұмыс. |
|Оқушылар мәтінмен өз бетінше жұмыс жасап, тірек сөздерді табады: |
|Мұғалімнің тірек сөздерімен сәйкес келген сөздердің маңыздылығы анықталынып, тақтаға |
|жазылады. |
|Тақтадағы тірек сөздерді оқушылар есте сақтайды,уақыт біткен соң сөздер жабылып, есте |
|қалғандарын дәптерге жазады. |
|Сөздер ашылып, салыстырылады,ұмытып кеткен сөздермен толықтырады |
| |
|Мәтінді оқу жылдамдығы 1бетке 3мин.ООМ-да оқушылардың тапқан сөздері «+», «- » таңбамен|
|белгіленеді. |
|Тірек сөздерді дәптерге жазу.7 сөзге 30 сек уақыт беріледі.ООМ-да |
|Неше сөз жазғандығы тексеріліп. бормен сөз саны жазылады |
| |
|4кезең.Білімді өз бетінше қолдану |
| |
|Аталған тірек сөздердің мағынасын ашу мақсатында,қиылыс сұрақтар қойылады |
|1.Қан қысымының көтерілуі неге байланысты |
|(Бүйрек ауруларына,жүйке жүйесінің күйзелісіне,дененің аз қозғалуына байланысты) |
|2.Қан қысымы төмендегенде, сынап бағанасының көрсеткіші қанша болады .(70-80мм төмен) |
|3.Артерия қан тамырларындағы қан қысымы 200мм болса қалай аталады(Жоғары ) |
|4.Адамда қан қысымы жоғарылап не төмендесе қандай алдын алу шараларын жасау |
|керек(нәруызы бар тағамдарды аз пайдалану керек,8-9 сағат ұйықтау,ашуланбау,таза ауада |
|көбірек жүру) |
|5.Вена қан тамырлары қандай жағдайда кеңейеді (Ұзақ уақыт аяғынан тік тұрып жұмыс |
|істеген жағдайда) |
|6.Қанқатпа ауруы асқынбау үшін не істеу керек.(көбірек қозғалу қажет) |
|7. Жүрек кемістігі неден болады (Жүрек қақпақшаларының зақымдануынан) |
|8.Жүрек кемістігі қалай бөлінеді.(жүре, туа пайда болған) |
|9.Туа пайда болған жүрек кемістігі неден болады(іште жатқанда ұрық жүрегінің дұрыс |
|қалыптаспауынан) |
|10. Жүре пайда болған кемістік қалай пайда болады(жұқпалы аурулардың әсерінен) |
|11.Қанда эртроциттердің азайып ,гемоглобиннің кемуінен болатын ауру.(қаназдық,анемия) |
|12.Лейкоциттердің тез көбейіп,қан ағынын толтырып жіберуінен пайда болатын ауру |
|түрі.(аққандылық,лейкемия) |
|13.Қай қан тамырларынан қан кету өте қауіпті. (артерия) |
|14.Артерия қан тамырларынан қан кеткенде қандай көмек көрсетіледі(жоғарғы жағын |
|саусақпен қысып, жарақаттың бетін таза шүберекпен жауып,үстінен бұрау жіппен қатты |
|қысыпбайлайды) |
|15.Вена қан тамырлары жарақаттанса қандай шара жасалынады (қан аққан жердің төменгі |
|жағынан саусақпен басып тұрып қатты таңады) |
| |
|16.Мұрыннан қан кеткенде қандай көмек көрсетіледі(басты сәл көтеріп жатқызып,көз |
|аралығының қырына суық шүберек басады мақтаны сутектің асқын тотығымен дымқылдап танауға|
|тығады) |
|17.Ішкі қуыстарға қан кеткенде көрсетілетін жәрдем түрі қандай .(басты көтеріп жатқызып |
|,қан кетті деген жерлерге суық су басады) |
| |
|Әрбір оқушы ООМ бойынша сұралады.5баллдық шкаламен түрлі түсті бормен баға қойылады |
| |
|5кезең. |
|Бақылау және өзін-өзі бағалау |
| |
| |
|Оқушыларға сабақта өтілген жаңа тақырыптағы тірек сөздерге байланысты тақырып мазмұнын |
|ашатындай сыни сұрақтар қойылады. |
|1Вена қан тамырларында қан қысымы жоғарылайды ма.(жоқ, артерия қан тамырларында) |
|2.Артерия қан тамырлары қою,күңгірт түсті ме.( жоқ, алқызыл қызыл түсті ). |
|3.Миға қан құйылу қауіпсіз бе .(жоқ,қауіпті себебі ми жасушалары зақымданып,бұлшықеттер |
|жансызданады) |
|4.Егер қан қысымы төмендесе сынап бағанасының көрсеткіші 200 мм болама( жоқ,70-80мм ). |
|5.Бастың ауруы, құлақтың шуылдауы ,жүректің жиырылуының бірде жиілеп,бірде бәсеңдеуі қан|
|қысымының көтерілуіне байланысты ма.(жоқ ол қан қысымының төмендеуіне байланысты ). |
|6. Жүрекшелердің зақымдануына жүрек кемістігі болады ( жоқ жүрек қақпақшаларының |
|зақымдауынан болады ) |
|7.Ұрық жүрегінің дұрыс қалыптаспауынан болатын ауру жүре пайда болған жүрек кемістігі |
|(жоқ туа пайда болған кемістік ) |
|8.Жүрек қақпақшаларының жармаларының жиегі тегіс болуынан жүре пайда болған кемістік |
|ауруы болады .(жоқ, жүрек қақпақшаларының жармаларының жиегі тегіс болмай кедір бұдырлы|
|тыртық болған жағдайда). |
|9.Қанда эритроциттердің азайып гемоглобин кемуінен болатын ауру лейкемия, ақ қандылық |
|деп аталады .(жоқ қан аздық анемия деп аталады ) |
|10.Анемия ауруын рентген сәулесі, радиоактивті элементермен емдейді ( жоқ оны қан құю |
|арқала емдейді) |
|11.Тромбоциттер кеміктегі жілік майын ығыстырып, эритроциттердің түзілуіне кедергі |
|жасайды (жоқ, тромбоцитттер емес лейкоциттер ) |
| |
|12. Вена қантамырлары жарақаттанғанда қан аққан жердің жоғарғы жағын саусақпен қысады |
|(жоқ, бұндайкөмек артерия қантамырларынан қан кеткен жағдайда болады ) |
|13.Мақтаны сутектің асқын тотығымен дымқылдап танауға тығады, бұндай жәрдем ітен қан |
|кеткенде көрсетіледі ( жоқ, бұл жәрдем мұрыннан қан кеткенде көрсетіледі ) |
|14.Терінің бозаруы, суық тердің шығуы, тыныс алудың баяулауы, мұрыннан қан кеткен кезде |
|болады ( жоқ, ішкі қуыстарға қан кеткен кезде байқалады) |
|15. Қан бұлшық еттерді көмір қышқыл газымен, ыдырау өнімдермен байытады.( жоқ, қан |
|оттегімен және қоректі заттармен байытады) |
|16.Салауатты өмір салтын ұстанған, шыныққан адамның денесі ширақ, көнілі көтеріңкі |
|болады .( ия) |
|. Мұғалім оны ООМ-да көрсетеді. |
| |
| |
| |
|6кезең.Түзету және рефлексия |
| |
|Сабақ барысында жауап ала-алмаған сұрақтарға жауап іздестіру.Жіберілген қателерді |
|талдау.Өтілген тақырып бойынша ТСҚ негізінде эссе жазу. |
| |
|Жіберілген қателерді талдау. |
| |
|7кезең.Қорытындылау |
| |
|Тез және сапалы жұмыс жасаған ,толық жауап берген оқушыларды мадақтау.Сабаққа қатысып |
|отырған әр оқушыны назардан тыс қалдырмау,барлық оқушыларды еңбегіне қарай бағалау. |
|Барлық оқушы мадақталады.ООМ-да әр оқушының бүгінгі сабаққа қатысуы 5 баллдық шкаламен |
|бағаланады |
| |
| |

Ұқсас жұмыстар
Ұлпа сұйықтығы
Гипертониялық ауру
Қантамырлары. қанайналым шеңберлері
Қан кету түрлері
Жүрек құрылысы, жұмысы. Қантамырлар және олардың түрлері
Зиянды заттардың зардабы
Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері. Қанның тамырлардың бойымен қозғалуы
Ағзаның ішкі ортасы.Қанның құрамы. Плазма және формалы элементтер
Қаназдық ауруы
Кеуде жарақаттары
Пәндер