Біздің елбасы жайлы ақпарат

«Біздің Елбасы»

Мақсаты: Оқушыларды 1 - желтоқсан Президент күніне орай, Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың өмір дерегімен, балалық шағы мен, қызметімен таныстыру. Білімдерін, ақыл - ойларын, сөздік қорларын дамыту. Оқушыларды еңбекқорлыққа, елін, жерін сүюге, патриоттыққа, Елбасын үлгі тұтуға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәріс - саяхат сабақ

Көрнекілігі: Президент суреттері, жолдаулары, буклеттер, презентациялар

Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, талдау - жинақтау, әдеби монтаждар, музыкалық жолдама.

Барысы:

Құрметті оқушылар мен ұстаздар. Бүгін бізде ашық тәрбие сағаты өткелі тұр.

Биыл Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет Президент күні аталып өтілгелі тұрғаны белгілі. Сол Президент күніне байланысты бүгінгі сабағымыз "Балалық шаққа саяхат" деп аталады. Бүгін біз елбасымыздың балалық шақтағы өмірдерегімен танысамыз.

  • Әнұран орындау

1 - желтоқсан -Президент күні. Қазақстан күнтізбесінде бұл күннің пайда болуы кездейсоқтық емес, ол біздің еліміздің толағай табыстарын, халқымызбен мемлекетіміздің тарихындағы ұлы бетбұрыстарды әйгілейді.

Қазақстанның тарихи табыстарының басты себептерін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз тарихтың жолайрығы тұсында таңдап алған, содан бері бір сәтте айнымай ұстанып келе жатқан өзіміздің дербес жолымызбен, Қазақстанның даму жолымен келе жатырмыз. Әлемдік тәжірибені зерттеп, саралай отырып, біз эволюциялық даму жолын таңдағанбыз. Біз ешкімнің салған соқпағын көшіріп алғанымыз жоқ, өз елімізге, өз халқымызға қажетті жаңа жолды өз қолымызбен салып келе жатырмыз. Ең бастысы, бұл біздің қолымыздан келеді. » - деп нақты атап көрсеткен болатын.

Елбасы өмірінен:

Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кіндік қаны тамған жері Алматы облысы, Қаскелең ауданы, асқаралы Алатаудың баурайындағы Шамалған ауылы. Негізі қол бастаған көсемдерді, сөз бастаған шешендерді Табиғат - Ананың өзі ерекше жаратылыспен толғатып туады деген рас болса керек. Нұрсұлтан - анасы Әлжанның алдыңғы көтерген құрсақтары шетінен шетіней беріп, ері Әбіш екеуінің ұзақ уақыт бір перзентке зар болып жүргенде көрген тұла бойы тұңғышы.

Баласы мен келінінің сәби сүйе алмай жүргені әжесі Тетебаланың жанына қатты батады. Әжесі келіні Әлжанды қасиетті Райымбек бабаның басына апарып, тәу еткізгенді жөн санайды. Сөйтіп жолға аттанады. Ақ атанды әруақты батырдың басына зиярат етіп, шаңырағына оралған күні Әлжан ана түс көреді. Шалқып - тасыған, шет - шегі жоқ көлбеген көк теңіз екен дейді. Бір ғажайып кұштің жебеуімен суға түседі. Жып - жылы суда жүзіп келе жатса, су астынан бірдеңе қарауытқандай болады. Еңкейіп қолына алса, екі басы еңкейіпжерге тиген кәдуілгі мылтық. Қуанып кетіп еріне апарып бермек болып, асығып келе жатқанда оянып кетеді. Бұл таңғажайып түсті енесі: «Қарағым, Құдай ақ тілеуіңді беріп, ұлды болады екенсің. Ол тегін бала болмайды, елдің ұлы болады», - деп жақсылыққа жориды. Ақ әженің айтқаны айдай келіп, тоғыз ай, тоғыз күнде шекесі торсықтай сәби іңгәлап өмір есігін ашады. Назарбайдың шаңырағында той болады. Тетебала әже мойнына бұршақ салып, Құдайдан тілеп алған немересіне ырымдап «Нұрсұлтан» деген есімді өзі телиді. «Жақсы есім баланың жолын ашады» дейді, шынында да Алланың қалауымен, ананың ақ тілеуімен өмірге келген ақжолтай ұл - Нұрсұлтан әлемге ақ шуақты нұрын шашқан, ақыл - ойымен жаһан жұртын еріксіз баураған патша - сұлтан болды. Ақылына келбеті сай Елбасының ұлтының ұлы мұраты жолындағы асқақ та шапағатты істері әлем жұртын таң қалдырған үстіне таң қалдырып келеді.

(Елбасының балалық шақтағы суреттері мен таныстыру)

  • Хронологиялық кестемен таныстыру.
1940 жылы 6 шілде
Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.
1940 жылы 6 шілде: 1967 жылы
Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.: Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітірді. Экономика ғылымдарының докторы
1940 жылы 6 шілде: 1960 - 1969 жылдары
Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.: Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді
1940 жылы 6 шілде: 1969 - 1973 жылдары
Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.: Қарағанды облысы Теміртау қаласында партия - комсомол жұмыстарынжа жауапты қызметтер атқарды
1940 жылы 6 шілде: 1973 - 1977 жылдары
Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.: Қарметкомбинаттың партком хатшысы
1940 жылы 6 шілде: 1977 - 1979 жылдары
Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.: Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы
1940 жылы 6 шілде: 1979 - 1984 жылдар
Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.: Қазақстан КП Орталық Коммитетінің хатшысы
1940 жылы 6 шілде: 1984 - 1989 жылдары
Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.: Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы
1940 жылы 6 шілде: 1989 - 1991 жылдары
Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.: Бірінші хатшы, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.
1940 жылы 6 шілде: 1990 жылдың сәуірінен
Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.: Қазақстан Республикасының Президенті
1940 жылы 6 шілде:

1991 жылы

1 - желтоқсанда

Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.: Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Нәтижесінде Н. Назарбаев 98, 7% жеңіске жетті
1940 жылы 6 шілде:

1995 жылы

29 - сәуірде

Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.: Жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев өкілеттілігі 2000 жылға дейін ұзартылды.
1940 жылы 6 шілде:

1999 жылы

10 - қаңтарда

Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.: Сайлау нәтижесінде Н. Назарбаев 79, 78 % дауыс алып, ҚР Президенті болып қайта сайланды
1940 жылы 6 шілде:

2005 жылы

4 -желтоқсанда

Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.: Сайлауда 91, 5 % дауыс жиып, жеңіске жетті.
1940 жылы 6 шілде: 2006 - 2009 жылдары
Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.: Қазақстан Халықтар ассамблеясының төрағасы. Қазақстан Қарулы Күштертерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы. Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы.
1940 жылы 6 шілде: 2010 жылы
Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.: Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болды.
1940 жылы 6 шілде: 2011 жылы сәуірде
Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.: Сайлауда 95 % дауыс жинап, жеңіске жетті.

Н. Ә. Назарбаевтың жұбайы - сара Алпысқызы Назарбаева. Халықаралық «Бөбек» қайырымдылық қорын басқарады. Президенттің үш қызы бар: Дариға Назарбаева - саясаттану ғылымдарының докторы;

Динара Назарбаева - Н. Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады.

Әлия Назарбаева - бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.

Н. Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындар:

Елбасының бастамасы бойынша елімізде бірнеше оқу орны ашылды. Мысалы: Қазақстан менеджмент институты, Экономика және болжау институты, Қожа Ахмет Иасауи атындағы қазақ - түрік университеті, Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті, Ұлттық Мемлекеттік заң университеті, Назарбаев университеті, бірқатар лицейлер мен колледждер, «Назарбаев зияткерлік мектептері»

Президенттік «Болашақ» бағдарламасы іске асуда, ол бойынша жастар дүниежүзінің ірі оқу орындарында білім алып жатыр. Аса талантты балалар үшін президенттік «Дарын» сыйлығы тағайындалған.

Президент кітаптары : Н. Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік - экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық - саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы: «Ғасырлар тоғысында», «Тарих толқынында», «Бейбітшілік кіндігі», «Сындарлы он жыл», «В сердце Евразии», «Қазақстан жолы - Тәуелсіздік белестері», «Тарих тағылымдары және қазіргі заман», т. б.

Президент айналысатын спорт түрлері :үлкен теннис, тау шаңғы спорты, гольф ойнауды ұнатады. - Мен жұмасына екі рет теннис ойнаймын. Ол шамамен бір жарым сағатқа созылады. Таңертең қай жерде болсам да міндетті түрде 30 - 40 минут дене шынықтыру қимылдарын жасаймын - дейді Н. Назарбаев

Президент және музыка: Елбасы «Жерім менің», «Үшқоңыр», ҚР - ның әнұранының авторы


Ұқсас жұмыстар
Гүлдене бер, жайнай бер Қазақстан
Оқушылар сұрақтары
Презентациялар технологиясы
Компьютердің негізгі құрылғылары
Информатикада ұлттық салт-дәстүр элементтерін қолдану
Ата заңым
Президент суреті
Мен өз Отанымның азаматымын
Президент күні. даярлық тобы
Менің отаным Қазақстан жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz