Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар: пәнаралық қорытынды интеллектуалдық сайыс

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» интеллектуалдық сайысы.

Бұл сайысты жалпылама-қорытынды сабақ ретінде, өткен материалды бекіту ретінде өткізуге болады. Тақтада 30 ұяшық беріледі. Әр ұяшықтағы ұпай саны жасырылған сұрақтың күрделілігіне қарай 100 ден 500 ге дейін жазылған. Мектеп бағдарламасының 4 пәні бойынша, сонымен қатар тәуелсіз Қазақстан тарихынан, танымдық қабілеттерін дамыту үшін «ең, ең» деген тақырыптар бойынша сұрақтар кездеседі.

1 тақырып «Тарих» пәні.

100 ұпай - Томирис патшайым басын қан толған ыдысқа салып «Енді тойғаныңша іш!» деген парсының патшасы кім еді? Жауабы: Кир.

200 ұпай - Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды? Жауабы: 1941-1945

300 ұпай - «Тарихтың атасы» атанған ежелгі грек ғалымы? Жауабы: Геродот

400 ұпай - Саналы адам осыдан неше мың жыл бұрын пайда болды? Жауабы: 40 мың жыл бұрын

500 ұпай - Ежелгі Грекияда пайда болған Олимпиялық ойындарға кімдерге қатысуға тыйым салынды? Жауабы: әйелдерге

2 тақырып «География» пәні.

100 ұпай - Жер көлемі бойынша дүние жүзіндегі ең үлкен мемлекет? Жауабы: Ресей

200 ұпай - Мына таулардың қайсысы биік - Эверест әлде Джомолунгма? Жауабы: бұл екі атау бір тауға тән

300 ұпай - Жер бетінде су көп пе, жоқ әлде құрлық па? Жауабы: 71% - су, 29% - құрлық

400 ұпай - 1867 жылы 30 наурызда АҚШ Ресейден сатып алған штат? Жауабы: Аляска

500 ұпай - Ең алғаш географиялық картаны жасаған? Жауабы: Эратосфен

3 тақырып «Биология» пәні.

100 ұпай - Қандай құстың қанаттары болмайды? Жауабы: Киви

200 ұпай - Ертегілердің кейіпкері, құйрығы айыр құс? Жауабы: Қарлығаш

300 ұпай - Ең кіші құс. Ұзындығы 5, 7 см, салмағы 1, 6 г.

400 ұпай - Көп елдерде бұл құсты-бейбітшілік нышаны, ал француздар оны «ұшатын тышқан» дейді? Жауабы: кептер

500 ұпай - 1928 жылы бірінші рет А. Флеминг табиғи саңырауқұлақты ашты. Бүгінгі күнге дейін медицинада қолданылып келеді. Жауабы: пенициллин.

4 тақырып «Қазақстан».

100 ұпай - Қазақстанда қанша облыс орталығы бар? Жауабы: 14

200 ұпай - Астана қаласының символы, елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі? Жауабы: Бәйтерек

300 ұпай - Қазақстан тәуелсіздік алған күнді ата. Жауабы: 1991 жыл, 16 желтоқсан.

400 ұпай - Еліміздің Конституциясы неше бап, неше бөлімнен тұрады? Жауабы: 9 бөлім, 98 бап.

500 ұпай - 1992 жылы, 2 наурызда қандай оқиға болды? Жауабы: Қазақстан БҰҰ-на мүше болып қабылданды.

5 тақырып «Ең, ең».

100 ұпай - дүние жүзіндегі халық ең көп шоғырланған ел? Жауабы: Қытай

200 ұпай - ең алғашқы ғарышкерді ата. Жауабы: Ю. Гагарин

300 ұпай - ең ірі су балығы? Жауабы: Кит

400 ұпай - ең кіші планета? Жауабы: Плутон, 2324 км

500 ұпай - аспандағы ең жарық жұлдыз? Жауабы: Сүмбіле (Сириус)

6 тақырып «Математика» пәні.

100 ұпай - қай екі санды қосқанда да, көбейткенде де бірдей нәтиже шығады? Жауабы: 2+2=4, 2*2=4

200 ұпай - Бір тонна мақта ауыр ма, әлде бір тонна темір ауыр ма? Жауабы: Бірдей

300 ұпай - Үстелдің төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? Жауабы: 5 бұрыш

400 ұпай - Үш түйеқұс ұшып келе жатыр . Аңшы олардың біреуін атып алады. Олардың қаншасы қалды? Жауабы: түйеқұс ұшпайды

500 ұпай - Егер тырна 1 аяғымен тұрса 3кг тартады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? Жауабы: 3 кг


Ұқсас жұмыстар
Мыңнан жүйрік, жүзден тұлпар: математикалық интеллектуалдық сайыс бағдарламасы мен өткізу тәртібі
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар зияткерлік сайыс сабақ жоспары
Сабақ жоспары: Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атты сыныптан тыс сайыс
8-сыныптар арасындағы экологиялық-танымдық сайыс Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар
3-сынып оқушыларына арналған Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар зияткерлік сайыс бағдарламасы
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар: балалардың тілдік құзыреттілігін дамытуға арналған сайыс жоспары
8-сыныпқа арналған физика пәнінен сайыс сабақ жоспары Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар эстафеталық ойынының оқу-тәрбиелік ұйымдастыру жоспары
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар: отбасы спорттық сайысын ұйымдастыру жоспары
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар: 7-сыныпқа арналған интеллектуалдық-танымдық ойынның сыныптан тыс жұмыс жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz