Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Махамбет оқуы

Сабақтың тақырыбы:Махамбет оқуы
Сабақтың мақсаты:
1/ ХІХ ғасырдың бірінші жартысында сұрапыл жырлармен халықты күреске
шақырып үндеген Махамбеттің ақындық дарынын өлеңдері арқылы оқушыларға
түсіндіре отырып, мектеп оқушылары арасында ақын өлеңдерін жатқа айтушылар
мен арнау өлең иесі ақындардың өлеңдерін сарапқа салу.
2/Өмірі мен өлеңдерінің ерекшелігін аша отырып, күйлері, термелері жөнінде
түсінік беру. Ерлікке, Отанды қастерлеуге шақыру.
3/ Өршіл жырлары арқылы ерлікті ту еткен Махамбеттің ерлігін қастерлеуге
баулу, елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: баяндау, ойды жинақтау,сайыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, видео, үнтаспаға
жазылған ән

Сабақтың эпиграфы:
Махамбет
Махамбет...
Білмеймін жел ме, сел ме
Жырда онымен бір тұлға теңесер ме?
Әділетсіз дүниенің қабырғасын
Махамбетше сөгер жан кездесер ме?
Сабақтың барысы
: 1. Ұйымдастыру. Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.
2. Жаңа сабақ.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Халықтың азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр,өр рухты ақын
М.Өтемісұлы
ерліктің символы,қасіреттің синонимі іспеттес.
От ауызды сөз шебері,батырлығы,даналығы мен адамгершілігі арқасында халық
арасында даңққа бөленген Махамбет өлеңдері ,күйлері,әндері,ерлігі мәңгі ел
есінде.
- Оқушылар бүгін бізде ерекше күн.
Ақын өлеңін тыңдату.
Жүргізушілерге сөз беру.
«Махамбет оқуы»байқауы ІІ кезеңнен тұрады
1. «Ерлік пен елдіктің ерен рухы»
2. Махамбет оқуы
3. Ақын өлеңін тыңдату.
1.«Ерлік пен елдіктің ерен рухы»
Жүргізушілер ақын өмірінен мағлұмат беріп өтеді.
Менің атым – Махамбет,
Жасқұстағы Жәңгір хан
Ісінен болдым құса - дерт.
Атасы өткен Айшуақ
Соны көзі көрді ғой:
Менің атам Өтеміс
Елдің қамын жеді ғой - деген жалынды отты сөздерін еске ала отырып мына
көрініске назарымызды салайық.
2.Махамбет оқуы
3.Әділ-қазыларға сөз беру
4.Мектеп оқушыларының ақын өлеңдерін сазбен айту
Қорытынды
Ақыры жетті күн бүгін,
Ақырып теңдік сұраған.
Түнектің түріп түндігін,
Ат міндің сұлу құладан.
Парызың бүгін өтелген,
Әр ізің жатыр жаңғырып.
Азаттық туын көтерген,
Ақынның жыры мәңгілік!

Ұқсас жұмыстар
Махамбет – күрескер ақын Махамбет Өтемісұлының өмірімен , халқына сіңірген қызметімен таныстыру
Махамбет Өтемісұлы Ереуіл атқа ер салмай , Жалғыздық , Мұнар күн
Ә.сәрсенбаев «халық кегінің күйшісі»
Күлпаш Б.Майлин
Баубек бұлқышев «шығыс ұлына хат»
Махамбет Өтемісұлы өмірі, шығармашылығы
М.өтемісұлы "атадан туған ардақты ер"
Бөкей хандығындағы Исатай - Махамбет бастаған қозғалыс
Махамбет Өтемісұлы туралы
М.өтемісовтің «соғыс» өлеңі
Пәндер