Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Имандылық қасиеттер
Тақырыбы: Ибалы ұл, инабатты қыз -өмір көркі.
Мақсаты: 1. Оқушыларға адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір
заңдылықтарын білуге үйрету;
2. Адамгершілік қасиеттерге бағыттай отырып, оқушының
рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын
еркін,
дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу;
3. Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете
білуге
тәрбиелеу, имандылыққа, инабаттылыққа баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер, техникалық құралдар, гүл,
шарлар.
Түрі: өнеге сағаты
Әдісі: сұрақ-жауап,топтастыру, тренинг, жағдаяттық сұрақтар,үнтаспа
Жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Шаттық шеңбері. Музыка ойнап тұрады.
Мұғалім.
Қайырлы күн, балалар!
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,
Шуақ толған жанымыз жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Балалар, «адамгершілік амандасудан басталады»- дегендей ең алдымен
күлімдеп бас иіп қонақтармен, бір-бірімізбен амандасып алайық. Рахмет.
Енді әсем әуен сазымен бір-бірімізге тілегімізді айтайық.
Мысалы: Қайырлы күн! Сабағыңды жақсы оқы! Әрқашан жүзіңнен күлкі кетпесін!
Адал бол! Қайрымды бол! Жүрегің жақсылыққа толы болсын! Алланың нұры
жаусын!
Соңынан бір оқушы шоқ гүлді ұстазға ұсынады.
Бірге: Ал біз сізге бақыт тілейміз.
Мұғалім: Рахмет оқушылар, осы гүл шоғырлары біздің тәрбиелік шарамыздың
сәтті өтуіне көмектеседі деп ойлаймын.
Ұл мен қызды дәріптеу мақсатында өлең шумақтары оқылады.
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?!-деген Абай атамыздың өлең жолдарын
қыздарымызға,
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің соры болады- деген Қазбек бидің нақыл сөздерін ұл балаларға арнай
отырып, бүгінгі «Иманды ұл, инабатты қыз- өмір көркі» атты тәрбиелік
шарамызды бастаймыз.
Енді жұмысымызды әрі қарай жалғастыру үшін мына түстерді таңдауларыңызды
сұраймын. ( Оқушылар түстерді таңдар орындарына отырады)
ІІІ. Тренинг. Алдарыңдағы параққа адам бойындағы жаман қасиеттерді
жазыңыз. Болғасын жазған қағазды алдарыңызға бүктеп қойыңыз. Ал енді жақсы
қасиеттерді жазыңыз.
Топтастыру стратегиясы
І топ. (адамгершілік, имандылық, адалдық, әдептілік, әділдік)
ІІ топ ( әдептілік, ізеттілік, қайырымдылық, инабаттылық)
ІІІ топ ( қамқорлық, үлкенге ізет, кішіге қамқор болу, ұяттылық,
шыншылдық)
Балалар, қазақта мынадай тілек бар екен. Қыздарға ибалы, инабатты
болсын, ұлың иманды, жүректі болсын, адамгаршілігі мол болсын, қайырымды
болсын! Адам бойында жақсылық пен жамандық, имандылық пен имансыздық қатар
жүреді. Енді осы жаман қасиеттерден мүлде аулақ болу үшін манағы жазған
жаман қасиеттерді жазған парақтарды жыртып тастайық.
Бүгінгі тәрбие сағатымызда тек жақсы қасиеттерді сөз етіп, ұл мен қыздың
тәрбиесіндегі адамгершілік, имандылық қағидаларына тоқталамыз.
Осы өз пікірлерімізді ортаға салайық. Балалар пікірі тыңдалады.
ІҮ. Жаңа ақпарат
1- топ
Иман- араб тілінде сенім деген ұғымды білдіреді. Халық адамгершілігі
жоғары кісіні «иманды» деп құрметтейді, адамгершілік қалыпты бұзған адамды
«имансыз» деп жек көреді. Адамгершілігі, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі,
иман жүзділігі жарқын, биязы, парасатты болады. Ондай адамды халық
«иманжүзді кісі» деп бағалайды.
Абай атамыздың даналығы –адамдықты жақтайды.
Адам болам десеңіз...
Бес нәрседен қашық бол...,—
Бес нәрсеге асық бол, - деп Абай атамыз айтқандай, адамның ішкі рухани
казынасының молығуы өз қолында.
ІІ топ
Ата-бабаларымыз адамның ішкі дүниесіне зер сала отырып, өздерінің көз
жеткізген ой-пікірлерін өсиет етіп кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған. Қазақ
даналарының тұжырымдауынша, адамгершілік, имандылық мынадай 10 нәрседен
тұрады; біріншіден, адамдарға кішіпейіл және нәзік сезімталдықпен қараудан,
екіншіден, өзінің ісінің бұрыс екенін біліп, соған орай әрекет жасаудан;
үшіншіден, халқына қызмет етуден; төртіншіден, өз сырларын басқаға білдіру-
білдірмеуді білу; бесіншіден, өзінің және басқалардың сырын сақтаудан;
алтыншыдан, әр жағдайда сақ бола білуден; жетіншіден, тілге ие болып, артық
сөйлемеуден; сегізіншіден, әдеп сақтаудан, тоғызыншы, қатеңді бірден
мойындап, кешірім сұраудан; оныншы құлаққа жағымсыз сөзді айтпаудан.
ІІІ топ
Инабаттылық- әдептіліктің әсем көрінісі.
Инабаттылық рәсімдері: қарапайымдылық, сыпайылық, тіл алғыштық, адалдық,
әділдік, жауапкершілік. Инабатты, биязы мінезді қатардағы қарапайым
қамқоршы адамды халық нағыз перзентім деп үлгі тұтады. Ұлы ғұламалардың
еңбектерінің қайсысы болсын имандылық, инабаттылық, адамдық қасиет
қалыптастыруды көздеген. Сондай еңбектердің бірі – Қожа Ахмет Иассауидің
«Даналық кітабы». Онда 149 өсиеті аса қымбат тәлім-тәрбиелік тұжырымдар.
Халқымыз ежелден ұлдарын батырлыққа баулып, түзде өсірсе, қыздарын үй
шаруасына үйретіп, «қырық үйден тыйым салған»
Имандылық қасиеттер
● қарапайымдылық
● сыпайылық
● мейірімділік
● кішіпейілділік
● ізеттілік
● адалдық
Ү. Ойланайық пікірлесейік.
Ұлдарға сұрақ:
1. Қыздың көркі деп нені түсінесің? ( ең бірінші мінезі, әдептілігі, әрине
сыртқы
келбеті)
2. Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді? ( Гүл табиғаттың сәні, оны баптап,
бағып күтсең, әдемі, хош иісті болып өседі. Қыз бала да, солай кішкентай
кезінен бастап бағып, жақсы тәрбие беру керек. Отбасында берген тәрбие
қалай болса,өскенде солай қалыптасады.)
3. Қызға қандай қылық жараспайды? (ерсі күлгені, дөрекі сөйлегені,
өтірік айтқаны)
4. Қыздарға арнап мақал айт. ( Қыз өссе елдің көркі, Таудың көркі тас,
қыздың көркі шаш, Қызға қырық жерден тыю, Анаға қарап қыз өсер)
5. Өзіңе қыздардың қандай мінезі ұнайды? (қылықты , әдепті болса,
сыпайы, биязы болса )
Қыздарға сұрақ:
1. Ұлдарға қандай қылық жараспайды? ( бұзақылық, сотқарлығы, кісіні
сыйламайтыны)
2. Ұлдарға арнап мақал айт (Атадан жақсы ұл туса,
Қар үстінде от жанар,
Атадан жаман ұл туса,
Ат үстінде ит қабар
Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді, жаман бала әкесінің төрдегі
басын есікке сүйрейді , жақсы бала- сүйік, жаман бала күйік)
3. Саған ұлдардың қандай мінезі ұнайды? (салмақты, кішіпейіл,
адамгершілігі мол),
4. Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады дегенді қалай түсінесің?
( Отан үшін отқа түс, күймейсің дегендей, ұл бала еліне отанына қызмет
етуі тиіс.Ол үшін тәртіпті, саналы, адамгершілі мол болуы керек деп
ойлаймын)
5. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің?
(Ата-анасын сыйлау, өз елін қорғау)
ҮІ. Ситуациялық жағдаяттар.
1- топ
Елдостың қылығы.
Велосипедпен жарысып келе жатқан Елдос жолдың шетінде тұрған қарияны
көреді. Не істеу керек? Жол беріп, өткізіп жіберсе, жлдастарынан қалып
қояды. Жарыстың аты жарыс, Елдос қарияның жолын кесіп өтеді. Елдостың
қылығы дұрыс па, бұрыс па? Сен қайтер едің?
ІІ топ
1 сұрақ. Сіз автобуста отырсыз. Келесі аялдамадан қарт адам кірді. Бос
орын жоқ. Не істер едің?
2 сұрақ. Көшеде қарт әже құлап қалды. Сен не істер едің?
3 сұрақ. Сіз мектепте біреудің сөмкесін тауып алдыңыз? Қандай әрекет
жасар едіңіз.
ІІІ топ
1 сұрақ. Сіз дүкенде кезекте тұрсыз. Сізден кейін егде тартқан қарт
адам келіп тұрды. Қайтер едіңіз?
2 сұрақ. Сыныптас екі құрбың театрда отырып, қатты күліп, дөрекі сөйлеп,
басқалардың көңілін өздеріне аударып отыр. Құрбыларыңа не
айтар едің?
3 сұрақ. Көшеде, мектепте, үйде таныс адамдармен кездескенде не істеу
керек?
ҮІІ. «Жалғастыр» ойыны
Енді, балалар, біраз сергіп алайық.
|Не істеуге болмайды? | Не істеу керек? | Не істер едім? |
|Үлкендердің алдын кесіп |Үлкендерді сыйлап, |Адамдарға қамқор болар |
|өтуге болмайды |амандасып жүру керек. |едім. |
|Сабақтан кешігуге |Кішілерге қамқор болу |Туған жерімді көркейтер |
|болмайды |керек |едім. |
|Сыныпта жүгіруге, |Сабақты жақсы оқу керек |Өз Отанымның мақтанышы, |
|кішілерге тиісуге | |қорғаны болар едім. |
|болмайды | | |
|Үлкен кісілердің сөзін |Тәртіпті болу керек |Иманды ұл. |
|бөлуге болмайды | | |
|Тәртіпсіз болуға |Әдептілік қағидаларын |Инабатты қыз болар едім.|
|болмайды |сақтау керек | |
ҮІІІ. Қорытынды
Мұғалім. Сонымен балалар, бүгінгі тәрбие шрамыздан не түйдік?
Бүгін біз адамгершілік, имандылық туралы мағлұмат алдық. Сіздер қай жерде
болсаңдар да әдепті, тәртіпті, ақылды болып, жамандықты жақсылыққа баурап
жүрулеріңіз керек. Өмір сіздерден осыны талап етеді.
Сонымен, иманды ұл мен инабатты қыздың бойында қандай қасиеттер болу
керек?
Топтастыру
Иманды ұл Инабатты қыз
Тәртіпті
ибалы
қайырымды сыпайы
әдепті
биязы
адамгершілігі мол кішіпейіл
ІХ. Жүректен жүрекке.
–Балалар, енді бір –біріңе тілек жазып, қалаған адамдарыңа ұсына
қойыңыздар.
Аң жортар аяғымен, жер еркесі,
Құс ұшар қанатымен, көк еркесі.
Халқыңа қалаулы ұл боламын десең,
Адам бол! Болма адамның көлеңкесі – деп Абай атамыз айтқандай, Сіздерге
адамгершілігі мол, еліміздің иманды да инабатты ұл –қызы болып өсіңіздер
деп тілек айтамын.
Тәрбие сағатымыз аяқталды.
-----------------------
Адамның
асыл қасиеттері

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz