Сабақтың мақсаттары. Сабақтың түрі

Семей қаласы
№8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім мен тәрбие беру мектеп - кешені
Бастауыш сынып мұғалімі: Татыбаева Толкын Ануарбековна
Пәні: Математика
Сынып: 3 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: 5 - ке көбейту және бөлу кестесі.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты : 5 - ке көбейту кестесін және соған сәйкес бөлу
жағдайларын құрастыру. 5 - ке көбейтудің кестелік
жағдайлары туралы түсінікті, тапсырмаларды ойын
түрінде өткізу.
Дамытушылық мақсаты : Жаңа сабақтың мәнін аша отырып, есептерді,
теңдеулерді шешуде есептеу дағдыларын
жетілдіруге, көбейту және бөлу амалдары бар
есептерді шығару арқылы біліктілігін,
дамытушылық ойын қалыптастыру.
5-ке көбейту және бөлу кестесін слайдтар арқылы
баланың ой - өрісін, есте сақтау қабілетін, өз бетімен
жұмыс істеу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты : Жаңа білімді меңгере білуге, әдептілікке,
ұқыптылыққа, адамгершілікке,
ұйымшылдыққа, тәртіпті болуға тәрбиелеу.
Эстетикалық тәрбие беру.
Әдістемелік мақсаты: Ақпараттық - коммуникациялық технологияны
пайдалану арқылы оқушылардың білім - білік,
іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: . Интерактивті.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану.
Қолданылатын әдебиеттер: Т. Кучер. т. б. Математика. - Алматы:
«Атамұра», 2010
Т. Оспанов. Бастауыш сыныптарда математиканы
оқыту.
Сабақтың құрылымы:
- Ұйымдастыру бөлімі.
- Кіріспе бөлімі.
1. Үй жұмысын тексеру.
2. Жаңа сабақты жариялау.
3. Сергіту сәті.
III. Негізгі бөлімі.
- Жаңа сабақты түсіндіру
IV. Сабақты қорытындылау
V. Үйге тапсырма беру.
VI. Бағалау.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен сәлемдесу. Құрал - жабдықтарын дайындатып, назарларын сабаққа аударту.
II. Кіріспе бөлімі.
- Үй жұмысын тексеру.
- Балалар, біз өткен сабақта баға, сан, құн шамалары арасындағы тәуелділік жайлы есептер шығарған болатынбыз. Ал енді қазір оны қанша меңгергендеріңді байқау үшін сұрақтар қоямын.
- Балалар, заттардың құнын табу үшін не істейміз?
- Дұрыс айтасыңдар. Заттардың құнын табу үшін, бір заттың бағасын заттардың санына көбейту керек. Ал енді, заттың бағасын табу үшін қандай амал орындау керек?
- Дұрыс айтасыңдар балалар, заттың бағасын табу үшін, олардың құнын заттардың санына бөлу керек.
- Заттардың санын табу үшін қандай амал орындау керек екен?
- Әрине балалар, дұрыс айтасыңдар. Заттардың санын табу үшін, құнын бір заттың бағасына бөлу керек.
- Рахмет балалар, сендер өткен сабақты жақсы меңгерген екенсіңдер.
- Енді, үйге берілген тапсырманы тексерейік. Үйге қандай тапсырма берілді?
- № 9 есеп. Теңдеулерді шешу.
(Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы, үй тапсырмасын тексеру)
№ 9.
89+х=134
х=134-89
х=45
89+45=134
134=134
х-29=161 х+100=137
х=161+29 х=137-100
х=190 х=37
190-29=161 37+100=137
161=161 137=137
- Жаңа сабақты жариялау.
- Енді бүгінгі жаңа тақырыппен танысайық. Жаңа тақырыбымыз «5 - ке көбейту және бөлу кестесі. »
- Сергіту сәті.
Жасағанда жаттығу,
Керек емес аптығу.
1, 2, 3. 1, 2, 3.
Жинап алдық міне күш!
III. Негізгі бөлімі.
- Жаңа сабақты түсіндіру.
- Енді балалар, дәптерлеріңді ашып, күннің жадын жазып, бүгінгі жаңа тақырыпты жазып қойыңдар.
(тақтаға жаңа тақырыпты жазамын. )
- Балалар, бүгінгі біздің тақырыбымыз «5 - ке көбейту және бөлу кестесі. »
Кітаппен жұмыс.
- Балалар, №1 есепке қарайықшы. Мұнда 5-ке көбейтулерді қарастырайық. Көбейтінділердің мәндері қалай табылған?
- Иә, дұрыс айтасыңдар. Қосу амалдары арқылы табылған. Яғни, 5-ті 5-ке көбейту дегеніміз - 5-ті 5-ке 5 рет қосу.
- Теңдіктің оң және сол жақтарын салыстырайықшы. Қандай айырмашылығы бар екен?
- Дұрыс, оң жақта 5-ке көбейту кестесі, ал сол жақта сол көбейтулердің қосу амалдары берілген. Бірақ екеуінің мәндері бірдей. Себебі, сол жақ теңдіктегі амалдар, оң жақ теңдіктегі көбейтудің қалай орындалатынын көрсеткен.
- Ал енді, неге әрбір келесі жолдағы өрнектің мәні алдыңғы жолдағы өрнектің мәнінен 5-ке артық?
- Дұрыс айтасыңдар, себебі 5-ті 5-ке көбейту үшін, 5-ті 5-ке 5 рет қосу керек. 5-ті 6-ға көбейту үшін, 5-ті 5-ке 6 рет қосу қажет.
- Ал, енді №2 есепке назар аударайық. Мұнда 5-ке көбейту кестесі қалай құрылғанын қарайық.
6·5=5·6
7·5=5·7
8·5=5·8
9·5=5·9
- Дұрыс, мұнда тек қана орындары ауыстырылған. Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан, көбейтінділердің мәні өзгермейді.
- Ал енді балалар, №3 тапсырмада бізге 5-ке көбейту кестесін аяқта деп жазылған.
(Оқушылар тапсырмадағы 5-ке көбейту кестесін аяқтайды. )
Тақтамен жұмыс.
- Ал, енді бәріміз №4 қарастыру үшін тақтаға қарайық. Тақтада 5-ке көбейту кестесі мен 5-ке бөлу кестесі жазылған.
(№1 слайдқа назар аудару. )
- Балалар, неге 25:5=5 ?
- Дұрыс айтасыңдар. Себебі, 5·5=25. т. б.
- №5 орындаймыз.
5*6=30 5*5=25 30:5=6 35:7=5
- №6.
(«Алтын балық» ойынын ойнату арқылы орындау. №2 слайдқа назар аудару. )
Өрнектер құр және олардың мәндерін тап.
5·6=30 10:5=2
5·4=20 20:5=4
5·3=15 15:5=3
5·8=40 30:5=6
- №7 есепке назар аударайық.
- Қауынның массасы 5 кг. Осындай 7 қауынның массасы қанша?
Яғни, 5*7=35кг
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz