Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау

№54 жалпы білім беретін орта мектеп

«БАҚТТЫ СӘТ» ойыны

Өткізген: Исабекова Ж.Ө.

Қарағанды – 2011ж

Аты-жөні: Исабекова Жанагүл Өміртайқызы
Туған жылы, айы, күні: 1984 жыл, 13-тамыз
Бітірген оқу орны: ҚарМУ физика факультеті
Мамандығы: физика және информатика мұғалімі
Еңбек стажы: 7 жыл
Біліктілігін арттыру курсы:
1. Бейіндік оқытудың тұжырымдаманың негізі – 2006ж
2. Бағдарлы мектеп мұғалімінің методологиялық құзыреттілігі – 2007ж
3. «Компьютерлік графика Corel Draw» - 2007ж
4. «Сайт технологиясын құру» - 2008ж
5. «Кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» - 2008ж
6. «Компьютерлік видеоөңдеу технологиясы» - 2008ж
7. Интерактивного оборудования в учебных классах – 2008ж
8. «Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету
бағдарламасының шеңберінде компьютерлік сауаттылық технологиясы» - 2008ж

«Бақытты сәт» ойыны.

Мақсаты: 1. Білімділік. Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау.
2. Дамытушылық. Ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту
3. Тәрбиелік. Ұйымшыл болуға, жаңа терминдерді өз аттарымен атауға
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, таратпа қағаздар, сөзжұмбақ.
Жоспары: 1. «Тіліңмен жүгірме, Біліміңмен жүгір!»
2. Бой сергіту.
3. «Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні кәріп!
4. «Ақылдассаң шешерсің, Ақылдаспасаң кем көсерсің!»
5. Сен маған, мен саған.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. 7 сыныптар арасында өткен тақырыптар бойынша
3 топқа бөлінді.
Ойнайық, ойлайық та ойнайық!
Қатардан артта қылып қоймайық,
Белсенді болайық ортада
Уақытты тектен текке жоймайық!
Ойнайық, ойлайық та ойнайық!
Білімділік көрсетейік сынайық,
Жеңсе де, жеңбесе де ренішсіз болайық,
Қаймықпай көңілді боп тарайық!
Ойынымызды бастамас бұрын, әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1. Оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі: Жаймина Гауһартас Абиятқызы
2. Тәрбие ісінің меңгерушісі: Жұмағұлова Рымкүл Төлеуғазықызы
3. Тәрбие ісінің меңгерушісі: Исаханова Марал Шайкенқызы

1. «Тіліңмен жүгірме, Біліміңмен жүгір!»
1. Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)
2. Баспа құрылғысы (принтер).
3. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)
4. Компьютер теледидары (монитор).
5. Теңізде қандай тастар табылмайды? (құрғақ)
6. Көп пернелі құрылғы (пернетақта).
7. Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады, қар мен мұзды)
8. Аз батырмалы құрылғы (тышқан).
9. Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың? (көлеңке)
10. Дискет «жұтқыш» (дискіжетек).
11. Қандай ыдыстарға су құйылмайды? (су толы ыдысқа)
12. Үлкен темір жәшік (жүйелік блок).
13. Көрсеткі әйнек (монитор).
14. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (буланады)
15. Ақпараттың ең кіші бірлігі (бит).
16. Неліктен су отты сөндіреді? (су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)
17. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы (модем).
18. Файлдар жиыны (бума папка).

2. Бой сергіту. Бұл кезеңде оқушылар өткен тақырыптарының терезелерін
құрастырп, қорғау.
Ойын ойнап, ән салмай
Өсер бала болар ма?
Ойын –сауық жасамай
Жастар жолы болар ма?
Құпиялы сандықтың
Кілтін аша алар ма?
Білім мұхит кемесін
Мінер ұрпақ болар ма?
Барша адамдар жиылған,
Сіздерге әнім ұнай ма?
Компьютер заманы
әлде қатты қинай ма?
Білгің келсе ол жайлы
Дұрыс қара жарысты
Құстай ұшқан жаңа ойды
Қожынға сал көп қауым!

3. «Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні кәріп!
Бұл кезеңде әр топ үйге берген жұмбақтарын жасырып, қанша жұмбаққа жауап
берсе, сонша ұпай алады.

4. «Ақылдассаң шешерсің, Ақылдаспасаң кем көсерсің!»
Әр топ оқушылары ақылдасып, компьютер бөліктерінің негізгі қасиеттерін еске
ала отырып, 3 жауап айту керек.
Мысалы:
1. Үш отау аулдың шетінде орналасқан, олар сол ауылды басқарады.
2. Бірінші отаудың есігін қақсаң, ауыл түгел оранып жатып алады.
3. Екінші отаудың есігін қақсаң, жайылып қалпына келеді
4. Үшінші отаудың есігін қақсаң, есіктерін тіпті тас қылып жауып алады.

1- сұрақ. принтер.
1. Оның үш түрі бар.
2. Оның кейбілеулері инемен жұмыс істегенді ұнатады.
3. Оның істеген жұмысының нәтижесін тек қағаздан ғана көруге болады.

2-сұрақ. колонка.
1. Олар компьютердің қосымша бөліктері деп атайды.
2. Олар ағалы-інілі.
3.Олар сыбырлап та, айқайлап та сөйлейді.
3-сұрақ. монитор.
1. Ол компьютердің теледидары.
2. Оның кішкентайы да, үлкені де, түрлі-түсті де болады.
3. Жүйелік блоктың онсыз күні жоқ.

5. «Сен маған, мен саған».
Бұл кезеңде оқушылар үйде құрап әкелген сөзжұмбақ, ребустарын алмастырып,
шешімін табады.

Қорытынды әділқазылар алқасына беріледі.

Ұқсас жұмыстар
Информатиканы оқыту әдістемесі. САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
Информатиканы оқыту әдістемесі. Сабақтың тақырыбы
Тапқыр достар сайысы жайлы
Оқушылардың ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту
ДӘРІС МАТЕРИАЛЫ
Қай кездері қолданылған есептеу құралдары
Оқыту нәтижесін бақылау және бағалау
Информатика негіздері
Сабақты пысықтау
Атың кім
Пәндер